Инфоурок Другое Другие методич. материалыЕртенгілік " Алтын күз,әсем айналам,береке сыйлаған"

Ертенгілік " Алтын күз,әсем айналам,береке сыйлаған"

Скачать материал

 

Көкшетау  қаласы  әкімдігінің  жанындағы
«Ю.А.Гагарин  атындағы №33 бала бақшасы» МКҚК

 

 

«Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған
»

 

(ортаңғы  №2 «Балдаурен» тобына арналған ертеңгілік)

 

 

күз6.jpg

Өткізген:   тәрбиешілер:

Исалина А. С.

Ералина Г.Е

 

 

Көкшетау  2015 - 16 ж.

 

 

№2 ортаңғы «Балдаурен» тобы

«Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған
»

 

Ертеңгілікті жүргізетіндер:
Жүргізуші:
    Исалина А.С

Алтын күз: Ералина Г.Е         
Би жетекшісі: Плетнюк Ю.А
Музыка жетекшісі:Сүндетов М.Е
 

Айтылатын әндер:
1."Күзгі әуен"

2."Жаңбыр"

  Орындалатын билер:

1."Жапырақтар"

2."Құстар"

 

Ойналатын ойындар:

1."Кім жылдам?" -( жүргізуш і)

2."Танып ал"-(  жүргізуші,Алтын күз)

 

 


 

« Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған»

 

Балалар мерекеге безендірілген залға көңілді әуенмен кіреді.

 

Жүргізуші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1 бала:
Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.  (  Влада)
2 бала:
Көрініп еліме,
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.  ( Алан )

3 бала:

Келді күз.

Санайбер 

Қарай  бер

Бояуы жүз

Келді  күзі            (Саша Р.)
4 бала:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.     (Каусар)

5 бала

Осень, осень, не спеши

И с дождями подожди.

Дай еще нам лета,

Солнышка и света             (Дарья)

 

Жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
 Би билейік, ойнайық.

Ән: « Күзгі әуен » қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Кім жылдам?»

Жүргізуші:  Жарайсындар бір тынығып алдық .Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше  Алтын күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

(Көңілді әуен ойналады, жел соққаны естіледі.)

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Жүргізуші: Жоғары шығыныз, Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз балалардың өнерін тамашалаңыз.

1 бала

Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала.       (Тимофей)

2 бала

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.   (Аружан)

3 бала
Миновало лето,
Осень наступила.
На полях и в рощах
Пусто и уныло.           
    Юля

4 бала

Птички улетели.

Стали дни короче.

Солнышка не видно.

Тёмны, тёмны ночи.     (Саша .Б)

5 бала

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.         (Алинур)

Күз : - Рахмет, балалар ! Мен сендерге бос келген жоқпын, ойын алып келдім

Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Ойын  "Танып ал"

Жүргізуші:: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші:  Енді Алтын күз өзіңе арналған «Жапырақтар» биін қабыл ал.

Би " Жапырақтар"

Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:
1 бала:
Сары алтындай сары күз

Бірге шырқар әніміз

Жаздай күткен бәріміз

Келді міне алтын күз             (Айшат)

 2 бала:

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі                 (Алиша)
3 бала:

Күз айлары тамаша, 
Сабан тойы жараса. 
Жемісін мол сыйлаған, 
Қыркүйек, қазан, қараша, 
.    (Арина)
4 бала:

Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.                    (Леон)
Жүргізуші:   Кезегімізді әнге берейік. «Жау-жау жаңбыр»  әнің қабыл алыңыздар!

Ән: «Жау-жау жаңбыр»  

Күз ханшайымы:  - Рахмет, балалар

Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді  өлең шумақтарға берейік.

1 бала

Күзім –ау, күзім-

Мінезің  бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!            (Руслан)

2 бала

Листопад, листопад,
Листья желтые летят.
Под ногой они шуршат,
Скоро голый будет сад.
    Володя

3 бала

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.    Алихан

 4 бала

Алтын күз, сары күз.

Бұл әсем әніміз,

Жинаулы дәніміз,

Әдемі даламыз.                Зоя

Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше 
 Би өнеріне кезегін.
 Би " Құстар"  бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

Жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2013» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз : Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүр: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертенгілік " Алтын күз,әсем айналам,береке сыйлаған""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.10.2016 1285
    • DOCX 146.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исалина Алия Сансызбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исалина Алия Сансызбаевна
    Исалина Алия Сансызбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7351
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой