Инфоурок Внеурочная деятельность Другие методич. материалыЭссе "Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады"

Эссе "Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады"

Скачать материал

Эссе

Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады

Осы тақырыпты алғаш оқыған кезімде, бірден 2020 жылы бітірткен оқушыларым ойыма оралды. Өйткені осы түлектеріме сіңірген еңбегім жоғары көрініс тапты. Әрине, осы 30 жылға жуық педагогикалық өтілімде алдымнан талай оқушы өтті. Олардың әрқайсысы бір бөлек әлем. Әрбірін зерттей, зерделей келе жеке кілттерін табуға тырыстым. Ең бастысы, «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген ұлы ақынымыз Абай айтқандай, олардың бойына адамгершілік қасиетін дарытуға күш салдым. Өзім де жәй мұғалім болып қалмай, заманмен бірге қадам басуға ұмтылдым, Сенека сөзімен айтсам, «үйрете жүріп үйрендім». «Өмір бойы оқу» принципін ұстанған жандардың бірімін.

Заманмен бірге аяқ басып, курстарға қатысып, дарынды тренерлердің дәрістерін тыңдау барысында әр адам бойында аналитикалық ой жүруі керек екенін ұғындым. Әсіресе менің ойымның тереңдеуіне 2011 жылы Алматы қаласында тыңдаған тренерлер Н.Ж.Бирибаеваның және Мәскеуден арнайы шақыртумен келіп, шеберлік сабағын өткізген  Н.В.Кулибинаның дәрістерінің әсері мол болды. Мен мұнда әр сөзді астарлап оқып, сол ойдан түйін түю керек екенін ұғындым, кез келген дерек, дәйекті назардан тыс қалдырмауды жете түсіне бастадым. 2014 жылы Алматы қаласында ІІ негізгі деңгей бойынша Н.К.Тайтанова тобында дәріс алған  курсым осы тұжырымдарымды санама бекітті десем болады. Мен үшін бұл курс Сократша ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды жетілдірген курс болды. Сондықтан мен осы тренерлерімді талантты ұстаздарым дер едім.

Талаптана жүріп, мен өз шәкірттерімнің бойына ізденімпаздық, креативтік, өз ойын дәлелдей алу қасиеттерін де дарытуға күш сала бастадым.  Ол үшін Шульман іліміндегі «үш көмекші» арқылы құзырлы мұғалім болып, табысты оқыту,  М. Чиксентмихайдың «ағынымен» бірге алға жылжи отырып «өзіндік мақсат» қою,  Л.С.Выготскийдің «көпіршелер тұрғызу» теориясы арқылы оқушыларымызды қолдау  әдістерін үнемі жадымда ұстауға тырыстым.

Нәтижесінде, менің шәкіртім деп мақтанатын оқушыларды көрдім.

Бәрін тізбектемей, жоғарыда аталған өз сыныбымды айтар болсам, оқушыларымның басым көпшілігі білім, спорт, өнерге қатысты сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанды, «Үздік сынып» номинациясын жеңіп алды. 2019-2020 жылы аудан бойынша ҰБТ көрсеткішінен 96,6 пайызбен алғашқы орынға табан тіреді.

Қазіргі таңда сыныбымдағы 26 оқушым өз таңдауларын жасап, қалаған оқу орындарына түсіп, 100 пайыз орнығып, оқуларын жалғастыруда. Мен осындай шәкірттеріммен мақтана аламын, өйткені олардың көздерінде от, жүректерінде жылулық бар!

Және бір қуантатыны – олардың ізін басып келе жатқан басқа да Абайша «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған», жүректері жылы, ақылдары толық, қайраттары жеткілікті шәкірттер де өрбіп келеді.

                2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, алдымыздағы шәкірттеріміз талапты болу үшін біз, мұғалімдер, «шәкіртінің бойына білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы» бола алуымыз керек. Ендеше, осыған ұмтылайық!

 

Әлихан Гүлмира Әбдіғаниқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

«№152 орта мектебі» КММ

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Осы тақырыпты алғаш оқыған кезімде, бірден 2020 жылы бітірткен оқушыларым ойыма оралды. Өйткені осы түлектеріме сіңірген еңбегім жоғары көрініс тапты. Әрине, осы 30 жылға жуық педагогикалық өтілімде алдымнан талай оқушы өтті. Олардың әрқайсысы бір бөлек әлем. Әрбірін зерттей, зерделей келе жеке кілттерін табуға тырыстым. Ең бастысы, «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген ұлы ақынымыз Абай айтқандай, олардың бойына адамгершілік қасиетін дарытуға күш салдым.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 259 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2021 444
    • DOCX 14.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алихан Гульмира Абдиганиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алихан Гульмира Абдиганиевна
    Алихан Гульмира Абдиганиевна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47085
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Легоконструирование и робототехника как средство разностороннего развития ребенка дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 871 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на баяне, аккордеоне

Преподаватель игры на баяне, аккордеоне

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека