Инфоурок Другое СтатьиЭссе "Ұлы Отан соғысы ұрпақтар көзқарасымен"

Эссе "Ұлы Отан соғысы ұрпақтар көзқарасымен"

Скачать материал

  Астана қаласы №56 мектеп- лицейдің

 9 сынып оқушысы   Байқоңырова Жанель,

  жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Какарманова Райгүл Ғалымқызы

 «Ұлы Отан соғысы- ұрпақтар көзқарасымен» тақырыбындағы эсселер байқауына

                        /Көк альбомдағы естеліктер/

      

Үш әріптен тұратын,

                                     Ата деген киеміз.

        Рухы риза болсын деп,

                                       Басымызды иеміз.

Бұл шығарманы шөберенің көзқарасымен жазылған деп қабылдауларыңызға болады. Мен атам мен әжемнің тәрбиесінде өстім. Олардың бізге айтқан әңгімесінен «Біз Байқоңыровтар әулетіміз»-деген мақтанышпен айтылған   сөзді  үнемі еститінмін. Кішірек кезімде мән бермеуші едім. «Кімнің баласысың?» деген үлкендердің сұрағына мен де «Мен Байқоңыровтар әулетімін!» -деп жауап беретінмін.  

 Менің атам  Серікқажы мен әжем Күлзия  отбасының өткен тарихын жинақтап, балаларына үлгі қылып айтып отыратын адамдар. Бірде   бастауыш сыныптарда оқып  жүрген кезімде отбасылық альбомды  парақтап отырып, Байқоңыр атамның Ұлы Отан соғысы ардагері екенін білдім. Әжем Күлзияның түскен әулетіне берілген адал келін болып, атамды қатты құрмет қылатынын сол альбомды қолына алған әрбір адам біледі.  Альбомның алғашқы парағы  әжемнің қолымен жазылған мынандай өлең жолдарымен басталған.

Асқар таудай алып едің жан ата,

Соғысқа да барып едің жан ата.

Нелер қиын белеңдерді өткеріп,

Аман есен келіп едің , жан ата.

 

Қатысқан бес жыл жүріп соғысқа да ,

Қан кешкен небір қиын ұрыстарда.

Қол –аяқ жараланып неше жерден,

Сауығып жатып шыққан госпитальда.

 

Мен жаздым 100-ден бірін қастерлімнің,

Әрине, таусылмайды дәстүрлі үлгім.

Атамның келінімін артындағы,

Өрбіткен ұрпақтарын , міне, бүгін.

 

 

Үлкен  атамыздың әулет үшін үлкен мәртебе екенін де, оның батыр тұлғасын да,  мінезін де , батырлық істерін де әжем осы көк альбомға жинақтаған. Ол альбом біздің үйдің ең қастерлі, қымбат затындай.

Осы көк альбомда үлкен атам туралы мынандай естелік бар.

Ниетбаев Байқоңыр 1917 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат өңірінде, Ойшілік ауылында туған. 1942 жылы 10 қаңтарда 257 гвардиялық полк, 65 гвардиялық дивизия құрамында  соғысқа  аттанған.  Бес жыл бойы оқ пен оттың ортасында жүріп, 1945 жылы 20 наурызда қатты жаралануына байланысты госпитальға жіберілген. Өзі көзі тірісіндегі әңгімелерінде Жеңіске бір ай қалғанында жараланғанына өкінішін білдіріп отыратын. Соғыста жүріп партия қатарына өткен. Жеңіс күнін госпитальда жатқанда естіген екен.

 65 гвардиялық дивизия 1944жылдың 23 қарашасында  Украинаны азат ету үшін Ближная Перековка, Большенабобский  шебіне шыққан.Сталинград шайқасына , т.б.  шайқастарға қатысқан. Ең соңғы Кенисбергтегі шайқас туралы айтқанда атам қатты тебіреніп кетеді екен. «Мен қатты жараланатын сол шайқаста дивизия жауынгерлерінің барлығы қайтыс болған еді. Мен траншеяның ішінде бір тәулік  шала-жансар жаттым. Ал полк комиссары  «257 полктен ешкім тірі қалған жоқ» деген мәлімет бойынша елге қара қағаз жіберген.  Жау басып алған жерді  кеңес әскерлері қайтарып алып, окоптарды жаудың өлген солдаттарынан тазалаған кезде   ,  біздің әскерлердің біреуі менің   жаным бар екенін байқаған.  Құжаттарымды  тексеріп, госпитальға жіберген. Сол кезде «Полк түгел жойылды» деген хабар орталыққа жетіп, өзімнің полктен жалғыз қалғанымды білдім.  Алдында бір жаралып келгенде госпитальдың бас дәрігері  Красивамен танысып, өлсем еліме хабар бер деп адресімді берген едім. Госпитальға келгенде сол дәрігер мені көріп, қатты қуанып: «Сен мәңгі өлмейсің, мен бірнеше сағат бұрын ғана сені ауылыңа  «Ерлікпен қаза тапты»деп хабарлап қойып едім» -деді. Содан аяғымды кеспекші болғанда да сол дәрігердің көмегі тиіп , аяғым кесілмей аман қалдым»-деп еске алатын .

Байқоңыр атамыздың әңгімелерінен көптеген  қиын тапсырмаларды ерлікпен орындағанын білуге болады. Бірде  ол кісі жалғыз өзі тұтқынға түскен 70 немісті бір өзі 3күн, 3 түн айдап отырып, белгіленген жерге апарып тапсырады.   Соғыстан қайтқанда дәрігердің анықтамасында мотоколяскамен жүруге анықтама беріп, жәрдемақы тағайындалған екен. Бірақ атамыз зейнеткерлікке шыққанша бұл жәрдемақыны алудан бас тартқан. «Мен Отаным үшін шайқастым, төгілген қанымды, дене мүшемді  төлетпеймін» -дейді екен.

Көк альбомды тағы бір парақтап қарағанда мына бір сурет пен апамның жазған өлең жолдарына қарап , мұндай аталардың ерліктері мен бейнелерін ұмыту мүмкін еместігін көңілге тоқыдым.

 

 

Бұл көк альбом жатқан бір соғыс шежіресі, әулет шежіресі сияқты. Әжем Күлзия өзі ақын, әнші, қолынан өнері тамған өте өнерлі адам. Осы альбомды қарап отырып, Жеңістің әрбір мерейлі, 30 жылдығы, 40 жылдығы, 50 жылдығы, 60 жылдығы біздің әулетте  атамыздың құрметіне үлкен той, мереке болып өтетінін көруге болады.

      

 

Осы суреттердің   қасына әжем былай деп өлең жолдарын жазған екен.

Жеңіс күнін жылда біз тойлайтынбыз,

Еске алмай оны жылда қоймайтынбыз.

Сол күні дәм татады ауылдастар,

Қысқы сүрі , тәттімен жалғайтынбыз.

Атамыз ерекше сол күні көрінеді,

Көңіліміз қатты оған бөлінеді.

Соғыстың кезеңдерін әңгіме қып,

Атамыздан небір шежіре төгіледі.

Бұл өлең жолдарына қарап, атамыздың өткен тарихты шебер әңгімелей білетін, көпке сыйлы  адам болғанын білеміз.

1999 жылы 83 жасында қайтыс болғанша сөзінен жаңылмаған, ақтық демі таусылғанша балалары мен немерелеріне өсиет сөздерін айтудан жалықпаған атамыздың әрбір сөзі ұрпақ есінде жатталып  қалғандай.

 

 

 

 

Әжемнің атамызға деген құрметінің арқасында мен атамның ерлік жолдарымен таныстым. «Ерлігі үшін медалы» , Кеңес Одағының Маршалы          Г.К. Жуков  медалімен, «Еңбек ардагері» медальдарымен,   Жеңістің 30,40,50,60 жылдығына арналған мерекелік    медальдарымен   марапатталған. Әрбір медальды алақаныммен сыйпай отырып, атамның ерлік істеріне  бас идім.  Елбасы Н.Назарбаевтың  Жеңістің 50  жылдығы мерекесінде атама жіберген   Құттықтау   хатының мазмұнымен таныса отырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету –ұрпақ парызы екенін түсіндім.

    Әжем Күлзияның мына өлең жолдары  соның  дәлелі болатындай.                                                                   

Қ ұ т т ы қ т а у

                      Содан бері болған екен 50 жыл,

    Ойлағанға –жарты ғасыр өмір бұл.

Елу рет көктем келіп ,қыс түсіп,

Елу рет құлпырыпты қырда гүл.

                 Сондықтан да Жеңіс тойын жырлаймыз,

                  Қуаныш қып айтудан біз тынбаймыз.

                  Көріп тұрып ардагерді үйдегі,

                Жақсылыққа құштар болған жандаймыз

 

                Сұм соғыстың зардабы бар бойында,

                Сондадағы берілмейді уайымға.

                80 жасқа толады өзі құрметпен,

                Құттықтаймыз Жеңістің

    50 жылдық тойында!

 

        

  

 

 Ұлы Отан соғысының ардагері марқұм атам  Байқоңыр Ниетбаевтың  ерлікке толы өмір жолдары мен өнегелі істері ұрпақтар есінде мәңгі сақталмақ.

Ата, сіз, жарқыраған күндейсіз,

Сәуле шашып мәңгілікке сөнбейсіз.

«Байқоңыровтар әулетіненбіз!» деп біздер,

Мақтанышпен биіктерге өрлейміз.

       

 

 

Жетекшінің тел. номері  8775 512 14 85   87471862909

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Ұлы Отан соғысы ұрпақтар көзқарасымен""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 850 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2017 1182
    • DOCX 3.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Какарманова Райгүл Ғалымқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Какарманова Райгүл Ғалымқызы
    Какарманова Райгүл Ғалымқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12014
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой