Инфоурок Внеурочная деятельность Другие методич. материалыЭссе на тему "Мұғалім – менің мамандығым"

Эссе на тему "Мұғалім – менің мамандығым"

Скачать материал

 

Мұғалім – менің мамандығым

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.  
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  
Ұстаз болу – адамның асылдығы.


         Ұстаз – ұлы есім, парасатты да, балаларды жанындай жақсы көретін жандарға берілген ұғым. Мен үшін осы сөз ерекше құдіретті. Мұғалім болу, білім алушылардың болашағына жауапты болу ғана емес, бүкіл бір елдің, ұлттың келешегіне жауапты болу. Ақ парақтай санасы таза балалардың сауатын ашып, өз болашағына керекті білімді өз қалауымен таңдай алатын және өзіндік пікірі, ұстанымы бар еліміздің болашағын қалыптастыратын ортаны тәрбиелейтін мамандық иесі – ол мұғалім.Осы ұстаздық мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өмірімді бір сәт те шәкірттерімсіз елестете алмаймын. Менің  өмірімнің бір бөлшегі ол - алдымдағы оқушыларым.

            Ұстаздықты таңдаған жол үлкен ізденімпаздықты, төзімділікті, жауапкершілікті, шығармашылықты талап ететін киелі жол. Себебі, білім алушылар үшін тез әрі қол жетімді интернет желісі жетілген заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан цифрлық дәуірде ұстаздардың мойнына артылатын жүк үлкен жауапкершілікті талап етеді. Елбасымыз ұстаздарға, яғни біздерге ұлт болашағын тапсыра отырып, мемлекеттің дамуына салмақты үлес қосады деп сенім артқаны белгілі. Осы сенімді іске асыру мақсатында  жаңартылған оқу бағдарламасына көшу және барлық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстарын айтуға болады. Дамыған елдердің қатарынан көріну үшін, ең алдымен білім саласына  жаңалықтар енгізе отырып, теориялық білімін практикада қолдана алатын ұрпақты тәрбиелеу негізгі мақсатқа айналды. Сол себептен жаңартылған білім беру мазмұнын іс- тәжірибемізге енгізудеміз. Біліктілікті арттыру курсында оқыған оқуымда көріп түйгенім: Мен бос жүргендерді емес, оқырмандарды көрдім, мұғалімдердің сенімділігін көрдім, мен бұл өзгерістердің бір бөлігі болдым. Бұл қандай сый.! Кәсіби дамуымыз бен күнделікті өмір сүру біздің тез қозғалатын әлеміміз үшін өте маңызды. Неге дейсіз ғой, себебі өткізетін сабағыңның құрастырушысы өзіңсің. Белгілі қатып қалған қағида жоқ. Коноржевский бойынша сабақтың құрылымын сақтау деген сияқты. Дегенмен дәстүрлі оқыту жүйесі негізінде де, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік қой. Дәстүрлі оқытудың бір кемшілігі, мұндай оқыту репродуктивті, яғни бір жақты оқыту болды. Қазіргі заман талабы  өзгеріске ұшырауда, сол себептен  заманыңа қарай бөркіңді ауыстыр деген мәтел бекер айтылмаған сияқты. Халқымыз не ексең, соны орасың деп тегін айтпағаны белгілі. Жоғарыда айтылғандай бәсекеге қабілетті ұрпақ болсын десек, аянбай шәкірттерімізді білімге қызықтыра отырырып, болашағын жоспарлауға көмектесіп, егемен еліме қажетті нағыз мамандардың иесі болуларына ат салысу менің де алдыма қойған мақсатым.

  Сондықтан да мен өз ісімді жоспарлауда ең алдымен «ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болуы керек?» — деген сұрақ тұрады. Осы сұрақтың жауабын табу жолындағы ізденіс жұмыстарым, бүгінгі заманауи жаңашыл мұғалім болып қалыптасуымдағы жаңа істеріме бастама болды. Бүгінгі заманауи ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені ойландырмай қоймайды. Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында биікке шығара алсақ, сонда ғана алдымызға қойған міндеттер іске асады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ ізбасарларымыз болатын мамандық иелерін жастар арасында жүйелі түрде насихаттап отырсақ, жақсы болар еді. Жақсы ұстаздың –шәкірті озар дегендей, ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Мен де бұл тұрғыда өзімнің жемісті еңбегімді мақтаныш сезіммен айта аламын. Соңғы үш жылда алдымнан ұшқан шәкірттерім «Алтын белгі» иегерлері атанып жоғарғы оқу орндарында оқып жатыр, облыстық, республикалық оқушыларға арналған ғылыми конференцияларда жүлделі орын алып мектеп мәртебесін көтеріп тастады.

        Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған арнайы қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтар болады емес пе?. Мен үшін сол сұрақтың бірі де бірегейі – Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы бір айқындап алайық. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет- баланы түсіну. Баланың адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің дүниетанымы мен үлкен жүрегінен шықса керек. Сонымен, нағыз ұстаз қандай болады? Әрине, нағыз ұстаз атағы өз ісінің майталманы, өз мақсатына барлық күш-жігерін салатын адамға ғана лайықты емес пе? Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың шешімін алдын-ала болжап, оның шешімін таба білуі тиіс.Сондықтан да болар ұстазды бала жанын танып білуші әрі оны тұлға ретінде қалыптастырушы және ел болашағының мүсіншісі деп атауы. Мысалға, баланың жан-дүниесінде болып жатқан өзгерістерді бақылап оған оң ықпалын тигізе алуы тиіс.  Көбіне, жасөспірім балалардың өмірге көзқарасы басқаша болады. Олар өз басындағы проблемаларды, ешкімге айтпай көп қиналады. Тұйықталып, тіпті ешкіммен сөйлеспей кететіндері де бар. Сондықтан, ұстаз баланың өмірге деген көзқарасын бақылап, оған психологиялық тұрғыдан көмек беруі керек. Нағыз ұстаз балаға білім берумен шектелмей, ол білімді өмірде қалай қолдану туралы бағдарлай білуі, баланың өмірде адаспай, өз орнын табуына жағдай жасайды.

       Қазіргі заманғы педагог- ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш. Сондықтан да ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа формацияның жаңашыл ұстазы болуы керек. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд

      Жай мұғалім хабарлайды,

      Жақсы мұғалім түсіндіреді,

       Керемет мұғалім көрсетеді,

        Ұлы мұғалім шабыттандырады – дейді.

     Жаhандану заманында өркениет көшінен қалмайтын, бойында бәсекеге қабілеттілік қасиеті бар, барынша жаңа технологиялармен қаруланған білім де, білікті ұстаз өз кәсібінің майталманы болары сөзсіз.

        Қорытындылай келе, менің жұмысым қуаныш сыйлайды маған. Күн сайын таңертең тұрып, өзімнің тағдырымды орындайтынымды  білемін. Мен оқығанды жақсы көремін, себебі өзіме ұнайтын нәрсені істеп жүрмін, балаларға тәлім беремін.  Егер оқуға деген сүйіспеншілігімді жалғастыра берсем, өзгелерге және олардың прогреске жетуін көруге мүмкіндік берсем, басқалардың жақсы оқырманға айналуына көмектесу үшін күресте үлкен жеңіске жеткенім- деп білемін.

      Ұстаз айтты: - Бұрынғылар өздерін жетілдіру үшін оқыды, ендігілер басқалардың алдында мақтану үшін оқиды. Бұл сөз қаншалықты шындыққа жанасады.  Ата-бабаларымыз «оқыған» дегенді көп айтушы еді. Тіпті үлкендер «Жер асты оқуын оқыған», «Молданың алдын көрген » деген сөздерді көп естігенін айтып отыратын. Бүгінгінің сөзі «Батыстың білімін алған,»  Еуропа көрген бола ма, жоқ өз елімнің білімін алып, өзін күнде жетілдіріп жүрген адамға бағыттала ма-оны болашақ көрсетер. Айтпағымыз сол оқығандар мен білімділердің hәм білімдіге жол көрсетер бүгінгі ұстаздардың жәй күйі. «ХХ ғасырдың аяғында біздің әлемімізде әрбір екінші адам ғылыми жұмыспен шұғылданады» бұл әйгілі академик Капицаның пікірі еді. Біз бұл жағдайды басымыздан өткеріп жатырмыз. Өйткені біз – жаңа заманның жаңашыл ұстаздарымыз!

    

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему "Мұғалім – менің мамандығым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2021 4107
    • DOCX 19.9 кбайт
    • 83 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Карлыгаш Елубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Карлыгаш Елубаевна
    Ахметова Карлыгаш Елубаевна
    • На сайте: 2 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9479
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации безопасной среды в дополнительном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Дополнительные общеобразовательные программы нового поколения: особенности проектирования, реализации и обновления в современных условиях

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс повышения квалификации

Методическая работа в детском онлайн-образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе