- 04.01.2021
- 1837
- 55
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Күні: 14.03.2016Сыныбы:7 «а»Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі. Қалып етістігінің жіктелуі. Достықты бағалай біл.Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, етістіктің жіктелуін түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрет, етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп аталатынын түсіндіру. ә) дамытушылық: Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеуді жаттығу, дағдыландыру тапсырмалары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру, іздене білім алуға дағдыландыру. б)тәрбиелік: Сабақ барысында ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс істей білуге, мәдени қарым- қатынасқа тәрбиелеу, өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға, достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмаларСабақтың көрнекілігі: кітап, карточкаларПәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиетКүтілетін нәтиже: етістіктің жіктелуін меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;Сабақтың барысы: 1. Карточкадағы сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасы сұралады.2. Жаңа сабақты екі топ венн диаграммасы арқылы және өрмекші сызбасы арқылы түсіндіреді.3. Деңгйлік тапсырмалар орындау арқылы бүгінгі тақырыпқа талдау жасаймыз4. Рефлексия. Тақырып бойынша не білеміз? не білдік? не білгіміз келетінін айтамыз5.Бекіту6. Үйге тапсырма7.Бағалау І. Ұйымдастыру бөлімі- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі. Шаттық шеңберін құрып, тілек айтып, топқа бөлінеді. (2 топқа). Топ басшысын сайлап аламын. Жауап парақшасын беремін. ІІ. Үй тапсырмасын тексеруЕтістіктің рай категориясын қайталау, сұрақтар арқылы1.Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады? 2.Бұйрық райдың мағыналары қандай және қалай жасалады? 3.Шартты райдың мағыналары қандай және қалай жасалады? 4.Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар? ІІІ. Жаңа сабақСабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау үшін оқушылармен «Доп қағу ойыны» ойнатылады. Сендерге бұл тақырып бастауыш сыныптан бері таныс, сондықтан бүгін сабақты өз беттеріңмен меңгересіңдер. Осы тақырыпты меңгеру барысында алдарына қандай мақсат қоясындар.Қазір жаңа сабағымызды 1 топ венн диаграммасы арқылы, 2 топ өрмекші сызбасы арқылы түсіндіретін болады. (1 топ венн диаграммасы зат есім мен етістіктің айырмашылығын, 2 топ етістіктің түрленуін көрсетеді.)1-топ Венн диаграммасыЕрежемен жұмысЗаттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Сұрақтары: не істеді? қайтті? Зат есім заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап береді Жіктік жалғауы ЖекешеІ жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін : оқушымын, дәрігермін, айтамынІІ жақ. –сың, -сің : оқушысың, дәрігерсің, айтасың- сыз, - сіз: оқушысыз, дәрігерсіз, айтасыз ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушы, дәрігер, айтады Көпше І жақ. –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз: оқушымыз, дәрігерміз, айтамыз ІІ жақ. – сыңдар, -сіңдер: оқушысыңдар, дәрігерсіңдер, айтасыңдар- сыздар, - сіздер: оқушысыздар, дәрігерсіздер, айтасыздар ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушылар, дәрігерлер, айтады 2-топ Деңгейлік тапсырмалар І деңгей.1. «Досыма мінездеме» тақырыбына 4 сөйлем құрап жазыңдар. ІІ деңгей.1. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру, жіктелген етістіктерді тап2. Етістіктерге атылай кешенді талдау (тақтамен жұмыс) Болмаған, оқып отыр, білген, сөйлей кірді ІІІ деңгей1.Берілген кеңестерді аударып, мағынасын түсіндіріп, етістіктердің түрленуін талда2. Досқа хат жазу 3. (Оқулықпен жұмыс) 190 жаттығу, 119 бет ІV. Бекіту бөліміНе білемін? не білдім? нені білгім келеді? Сұрақтар қою арқылы бекіту. V. Үйге тапсырмаТақырыптардың біріне эссе жазыңыз. •“Етістіктер әлемінде” •“Жалқау мен Етістік”. •“Етістік мен үшін ерекше сөз табы. VІ. Бағалау бөліміТоп басшысы бағалайды. Тапсырманы дұрыс орындағандарына байланысты әр топқа жұлдызша таратып отырамын
6 670 641 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Кочергина Елена Ивановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.