Инфоурок География Другие методич. материалыЕжелгі Қазақстан тарихы: Кесте бойынша

Ежелгі Қазақстан тарихы: Кесте бойынша

Скачать материал

                                                                                                  Ежелгі Қазақстан тарихы.

                                                                   6- класс. Алматы «Атамұра» -2006

                                                              §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы

          Алғашқы адамдар

     Алғашқы адамдар кәсібі

  Алғашқы адамның Қазақстандағы іздері

●Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атады, «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалыанан табылды,оның жасы 1 млн. 750 мың жыл.

Питекантроп Ява аралынан  1891 жылы табылды, 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген,

Синантроп – Солтүстік Қытайдан табылды,

«қытай адамы» деп те атайды,500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген, питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды

НеандертальГерманиядан табылды,бойы орташа, денесі мығым,белі еңкіш,маңдайы тайқы болып келген,олар 100 -35 мың жыл бұрын өмір сүрген,Неандерталь баланың қаңқасы 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылды,ағаштан,тастан,сүйектен құрал жасайбілген, от жағуды білген.

Краманьон (« саналы адам»)Франциядан табылды, 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан,яғни қазіргі адамдар

 

 

 

Алғашқы адамдардың алғашқы еңбек құралдары –қазғыш таяқ,үшкір тас, шоқпар

 

Әр түрлі жеміс –жидектерді,құс жұмыртқала-

рын жинады, бұл кәсіп терімшілік деп аталды

 

●Ертедегі адамдардың алғашқы ұжымы –тобыр деп талды

 

●Алғашқы адамдар аң аулады, мамонт,бизон,марал,жабайы жылқы,үңгір аюларын аулады

 

 

 

 

●Сібірге алғашқы адамдар Еуропадан және Азиядан қоныстанған.

●Қазақстан аумағында алғашқы адамдар 1 млн. жылдай бұрын пайда болған

●Қазақстанда алғашқы адамдардың алғаш мекендеген жері – Жамбыл облысы (Оңтүстік Қазақстан), Қаратау

Қазақстанда  өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары болды

●Адамдардың тұңғыш баспанасы үңгірлер болды

●Тастарды жарып, бөлшектеп, жүзін өткіреді, мұндай қаруды чоппер деп атады

●Қаратау үңгірінің тұрғындары чоппинг деп аталатын қару жасай білген

Чоппинг – домалақ малта тасты екі жағынан егеп,жүзі өткір,ирек ара секілді құрал

 

 

         

 

 

                                                                        § 2. Алғашқы адамдар өмірі.

                 Еңбек құралдары

             Отты пайдалану

        Жердің сууы

Сүйектен  ине мен біз дайындады

●Жамбыл облысынан табылған палеолит құралдарының бәрі –қашау мен үшкір заттар ( 5 мыңнан аса)

Неолит дәуірінде (жаңа тас ғасыры) тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге жетті, бұл кезеңде адамдар тасты жылтырату,тегістеуді үйренді,дәнүккіш, келі,балта,қайла жасады

●Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан айырмашылығыеңбек құралдарын жасай білуі

 

●ертедегі адамдар әуелі найзағайдан түскен отты өшірмей ұзақсақтады

 

●Кейін отты жағуды үйренді

 

●Оттың пайдасы шексіз болды

 

●Бұдан 100 мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады

●Еуропа мен Азияның солтүстігінде мұздық пайда болды

Жер бетін мұз басып жатты100 мың жылдан -13 мың жылға дейін

13 мың жыл бұрын мұздық ери бастады

Жіп орнына пайдаландыжануарлар сіңірлерін

●Қолдан баспана жасауды үйренді

●Саз балшықты күйдіріп, ыдыс –аяқ жасады

 

 

 

                                             §3,4,5,6. Палеолит, мезолит, неолит, энеолит дәуірлері

   Палеолит ( ерте тас  дәуірі)

  Мезолит ( орта тас  дәуірі)

    Неолит (жаңа тас   дәуірі)

 Энеолит ( мыс –тас дәуірі)

Палеолиттің уақыты – б.з.б. -2 млн.500 мың жылдан – 12 мың жыл аралығы

●Тас дәуірінде адамдар тас құралдарды пайдаланды,сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады

●Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері –Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында, Маңғыстауда Шақпақата ескерткіштері

 

 

●Бұл тұрақтардан табылған тас құралдар: жарғыш сынатас,бифас,пышақ,қырғыштар т.б.

Бифас – екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал

Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар жасау арқылы өңделген

●Жамбыл облысындағы Бөірқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 –ға жуық зат табылды

Жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақтар Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан табылды

Батпақ  тұрағы –Орталық Қазақстандағы  кейінгі палеолитке жататын ең көне тұрақ, 6 м. тереңдіктен табылған,жасы –б.з.б. 30- 25 мыңыншы жыл, бұл жерден 300 –ге таяу тас құрал табылды

●Адамдар тобы уақыт өте –рулық қауымға айналды

●Рклық қауым «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді

●Рулық қауымда ортақ меншік болды

●Ру ішіндегі барлық мәселе – жалпы жиналыста шешілді

 

 

 

 

Уақытыб.з.б. 12 -5 мыңыншы жылдар

●Қазақстанда мезолит ескерткіштері аз   кездеседі

●Жер бетін басқан мұз еріді,қазіргі-

ге ұқсас  өсімдіктер мен жануарлар қалыптасты

Микролит ұзындығы 1-2 см. ұсақ жаңқа тастардан жасалған  құралдар

●Тағы бір жаңалық – садақ пен жебенің шығуы

●Аңшылық негізгі кәсіпке айналды

●Мезолиттің тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтамады

 

●Қазақстанда 20- дан астам мезолиттік тұрақ белгілі

●Жануарларды қолға үйрету және дәнді дақылдар өсіруді бастады

 

Мезолиттегі басты жаңалықтар:

   1/ Ірі жануарлар жойылды

   2/ Жебелі садақ

  3/ Балта

  4/ Ұсақ аңдарды аулау

  5/ Ағашты құрал ретінде пайдалану

  6/ Қайық, сал жасау

 7/ Баспана тұрғызу,ағаш кесу

 8/ Өзен –көлді кешіп өту

 

●Ерлер мен  әйелдер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты

 

Бағыштау (инициация) – балалар тобынан ересектер тобына өту

 

●Егіншілік пайда болды – 10 мың жыл бұрын

 

●Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді

 

●Егінді тас орқапен орды

 

Уақыты – б.з.б. 5- 3мың жыл

●Мата тоқыды, киім тікті

●Керамикалық ыдыстарға өрнек салды

●Неолит дәуәрәнәң аңшыларының мекен –жайлары тұрақты болмау себебі –аңшылар аңдардың соңынан көшіп отырған

Неолит тұрақтары:

  1/ Усть –НарымШығыс Қазақстан

 2/ Қарағанды,Зеленая БалкаОрталық Қазақстан

  3/ Пеньки Солтүстік Қазақстан

 

 

●Жезқазған өңірінен 150 –ге жуық тұрақ табылды

 

●Табиғат осы заманғы табиғатқа ұқсас  болды

 

●Қазақстаннан 500- ден аса  неолиттік тұрақ табылды

 

●Адамдар қыш құмыра жасауды үйренді, сондықтан неолитті кейде «қыш құмыралар заманы» деп атайды

 

Көзе саздан жасалған ыдыс

 

●Арал маңындағы Сексеуіл тұрағынан  80% қой, сиыр сүйектері табылды

Уақыты б.з.б. 3000 -2800 жыл

●Адам баласы металдан құрал жасай бастаған дәуір

● Алғаш қолданған металл - мыс

● «Энео» - мыс,  «литос» - тас

Мыс өндіруді үйренді 7 мың жыл бұрын

Екі ірі өзгеріс болды:

  1/ еңбек бөлінісі

  2/ аталық ру үстемдігі қалыптасты

Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – егіншілік пен мал шаруашылығының бөлінуі

 

 

Ботай тұрағыб.з.б. 3-2 мың жылдықты қамтиды,аумағы 15 га жерді алады, 158 үй табылды, жылқы сүйектері көп табылды,яғни жылқыны көп өсірген

 

Шебір тұрағыМаңғыстау жерінде,ыдыстары саздан жасалған,тарақ тісі сияқты өрнек салған,теңіз моллюскаларын моншаққа пайдаланған, аң аулаумен айналысқан

Тас пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған кезең энеолит деп аталды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                  Археологиялық дәуірлеу

Прямоугольник: скругленные углы:                   Темір дәуірі
            Б.з.б. 8 ғ – б.з. 6 ғ
1.Ерте темір – б.з.б. 8- б.з.б 3 ғ.
2.Кейінгі темір –б.з.б. 3 ғ- б.з. 6 ғ.
Прямоугольник: скругленные углы:                  Қола дәуірі
      
         Б.з.б. 2800 -900 жыл

 

                                                               § 8. Қола дәуіріндегі Қазақстан

Металл құралдардың шығуы

Қола құралдар шығуы

Андрон мәдениеті

Андрондықтардың шаруашылығы

Андрондықтар баспанасы

 

Тотыққан мыс рудасы-

нан металл қорыту қола дәуірінде басталды

 

●Қола –мыс пен қалаайы-

ның қосспасы

 

●Метал кеніштер Зыряновск

Жезқазған маңы,Қарқаралы,

Ақшатау маңы болды

 

●Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша Жезқазғаннан 1 млн. тонна кен өндіріліп, 100 мың тонн мыс қорытылған

 

●Қола дәуірі уақыты – б.з.б. 2800 – 900 жыл

 

 

 

 

●Қоладан жасалған  бұйымдар тастан және мыстан жасалған  еңбек құралдарын ығыстырды

 

●Құю қалыбы ретінде саз балшықты,метал, тасты пайдаланды

 

 

 

 

 

 

 

Еуразия даласында қола дәуірінің  жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталды

●Бұл мәдениетескерткіштері  алғаш  рет Сібір,Ачинск қаласы, Андронов селосынан табылды (Селоның атымен Андрон мәдениеті деп аталды)

●Солтүстік,Батыс Қазақстаннан 80-нен астам Андрон қоныстары зерттелді

●Орталық Қазақстаннан қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелді

●Андрондықтар нәсілі –еуропоидтерге ұқсас болған

●Андрондықтардың бет-бейнесін академик В.П.Алексеев: «Андрондықтар мұрынды, көздері үлкен,келбетті адамдар болған» деп суреттеді

●Басты кәсібі –мал бағу,кетпенді –теселі егіншілік,балық аулау

●Мал өсіру бақташылық,отырықшылық негізде болды

●Сиыр,қой, ешкі, жылқы өсірген

●Сүт тағамдарын әзірлей білген

●Қыш ыдыстар жасап, тарақ өрнек салған

●Қола дәуірінде кең тараған ыдыс жасау –көзе құмыра жасау болды

●Табиғат күштеріне табынды

●Жерлеген адамның басын батысқа, оңтүстік –батысқа қаратқан

●Тасқа суретті жиі салған: Таңбалы,Жасыбай,Хантау жерлері

●Жиі салған суреттері –жабайы бұқа, қос өркешті түйе, билеген адамдар

 

 

 

●Баспаналары жартылай жертөле

 

●Ет, сүт өнімдерін шұңқырларда сақтаған

 

●Үй жанына мал қамайтын қора салған

 

●Андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспанасы қазақ киіз үйіне ұқсайды

 

●Малдың 4 түлкті де өсірген

 

 

 

                                                      § 9.Шаруашылық пен қоғамдағы өзгерістер

Климаттың өзгеруі

Беғазы –Дәндібай мәдениеті

Шаруашылығы

 Қоғамдық құрылысы

●Бұдан 3 мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ,қысы қатал әрі ұзақ, жазы ыстық болды

●Сондықтан ертедегі тұрғындар мал өсіруге көңіл бөлді

●Мал басы көбейді, жылқы мен қой өсірді

●Мал саны көбеюге байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырып отырды, осыдан жартылай көшпелі мал шар.шықты

Тебіндеп жайылатын қой мен жылқы саны көбейді

Ірі қара саны азайды

 

 

●Бұл атауОрталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обалар атынан шыққан

●Бұл мәдениеттің жерлеу орындарының көпшілігі -обалар

●Андрондықтардан ерекшелігі –қорғандары биік,ұсақ және қиыршық тастардан тұрғызылып,етегі   үлкен қақпатастармен бекітілген

●Қыш құмыраларының ернеуі тік, бүйірі шығыңқы,түбі тегіс

●Қола даәуірін зерттеу басталды 1946 жылы Әлкен Марғұлан бастаған экспедицидан.

 

●Қола дәуірінде түйені де қолға үйреткен

 

●Қоныстары көбіне өзен жағасы, көл жағалауында орналасты және 5-10, кейде 20 шақты үйден тұрды

 

Тұрғын үйлері екі топқа бөлінді:

   1/ Жартылай жертөле үйлер

   2/ Жер бетіне салынған үйлер

 

●Мыс ,қола орақтар көп пайдаланған

 

Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды

 

 

 

 

●Рулық –тайпалық құрылымда өмір сүрді

 

Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншікке әкелді

●Қола дәуірінде жоғары дінбасылар –абыздар шықты

 

●Жыртқыш аңдар тісі, тырнағынан мойындарын тіл-көзден сақтайды деп бойтұмар тақты

 

 

 

 

 

                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        § 10. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

                                                               § 11. Көшпелі бақташылық

       Темір дәуіріне шолу

            Көшпелілер шаруашылығы

Темір дәуірі б.з.б. 8 ғ мен б.з. 6 ғ. аралығын қамтиды

Темір дәуірі екі кезеңге бөлінеді:

  1/ Ерте темір – б.з.б. 8- б.з.б. 3 ғ

  2/ Кейінгі темір – б.з.б. 3 ғ- б.з. 6 ғ

●Б.з.б. 2 мың жылдықта табиғатта үлкен құрғақшылық болды, ададмар егінмен айналысудың тиімсіз екендігін білді

 

●Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін–көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты

Металл ауыздықтың шығуы жылқы  малын мінуге, үйретуге жағдай жасады

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы – өздері   өнім өндірді

●Жылқы тебіндеп жайылды

●Түйе жүк көлігі ретінде пайдаланды

●Батыс Қазақстанда шөлді аудандарында түйе өсірді

●Солтүстік аймақта сиырды көп өсірді

●Көшпелілер үзеңгі,ауыздық, ерді ойлап тапты

 

 

●Малшылар маусымдық жайылымды ойлап тапты.

Маусымдық жайылымның 4 түрі бар:

    1/ Жазда –жайлау

   2/ Күзде –күзеу

   3/ Қыста –қыстау

   4/ Көктемде - көктеу

Қыстау –   жылы қорлараы тұрақты орын

Көктеуқыстан қиналып шыққан  түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және төл алынып жатқанк ездегі мал бағылатын қора маңындағы жайылым

●Көктемде тойланатын ежелгі мерекенің бірі – Наурыз мейрамы, бұл мейрам 3000 жылдай бұрын шыққан

Жайлауең дарқан мезгіл, малды алысқа ұзатып жаятын жайылым,

Күзеу   - қыс жақындағанда қоныстанатын,қыстауға жақын жайылым

●Негізгі баспана – киіз үй болды, ағаш қаңқа үш бөліктен тұрды:

    1/ Кереге – киіз үйдің қабырғасы

    2/ Уық – керге мен шаңырақты байланыстырады

   3/ Шаңырақ –киіз үйдің төбесі

●Ошақты киелі санады

 

                                       

 

 

 

 

                                                                              . § 12- 19 Тайпалар.             Сақ,   үйсін,  қаңлы

Бағыттар

        Сақтар

    Үйсіндер

      Қаңлылар

 Уақыты

 

 Б.з.б. 7- б.з.б. 4 ғ.

    Б.з.б. 3 ғ- б.з.  4 ғ

   Б.з.б. 3-2 ғ. –б.з.  5 ғ

Территориясы

 

  Қазақстанның барлық жері

  Жетісу,Оңтүстік Қазақстан

 Сырдария бойы

Астанасы

 

 Шірік –Рабат – апасиактың астанасы

              Қызыл Аңғар  ( Чигу)

          Битянь

Билеушісі

 

                     

                     Патша

                      

                  Гуньмо

                

                   Хан

 

Тайпалар туралы деректер

●Парсы,грек авторларының шығармаларында айтылған,

 ●Геродот,Страбон жазған

●Геродот сақтарды массагет деп атаған

●Гректер сақтарды ең әділ, шыншыл халық деп есептеген

Страбонның айтуынша сақтар жақсы шабандоз болған

Грек Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыста ұрысқа араласады» деп жазған

Геродот б.з.б. 484- 425 ж. өмір сүрген

 

 

 

Қытай жазба деректерінде б.з.б. 2 ғ. бастап кездеседі,қытайлықтар: «аққұбаша,сары шашты» деп жазған

 

Сыма Цянь көп дерек қалдырған

 

Қытай деректерінде б.з.б. 2 ғ.бастап кездеседі

 

●Қытай деректерінде жазылған

 

●Қытайдың «Цянь Ханшу» атты тарихи дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болуы, шекарасы туралы айтылады

 

Сыма Цянь «Тарих жазбалары» атты кітабында жазған

 

 

 

 

 

Қоғамдық құрылысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық құрылысы

 

Сақтар

 

Үйсіндер

 

Қаңлы

Әскери демократиялық қоғам болды

●Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлады

●Халық жиналысы шақырылды

Сақ қоғамы 3 топтан тұрды:

   1/ Жауынгерлер ( қызыл түс киді)

  2/ Абыздар ( Ақ түс киді)

  3/ Малшылар,егіншілер ( сары, көк түс киді)

Абыздардың белгісі -  тостаған мен айрықша бас киімі болды

 

Жауынгерлерді үнді –иран тілінде «ратайштар», яғни «арбада тұрғандар» деп атады

Малшы, егіншілерді «сегізаяқты» деп те атаған, бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар

Сақтардың үйлену дәстүрі: сақ  жігіті қызға үйленгісі келсе,онымен күш сынасу қажет болған

●Мүлік теңсіздігі болды

Сақ  тайпалық одағы 3 –ке бөлінді:

 1/ Тиграхауда  ( «шошақ бөрікті сақтар») –Жетісуды мекендеді

2/ Парадарайя ( «теңіздің арғы жағындағы сақтар») – Арал бойы мен Сырдың төменгі ағысы

3/ Хаумаварга ( «хаома сусынын дайындаушылар) – Мұрғабты мекендеді

 

 

 

●Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрді

● «Усунго», «Синго» -көшпелі мемлекет деген ұғымды білдірді

●Бай үйсінде 4- 5 мың жылқы болды

●Байлар өз жылқыларына таңба салды

●Ауқатты үйсіндер мөрі алтын, мыстан жасалған

●Қарапайым адамдардың мөрі  - балшықтан, тастан жасалған

●Таңбалар жеке меншіктің болғанын білдірді

Жеке меншік малға, жерге болды

Бек – гуньмоға бағынған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ   ру басылары

●Жылжымалы мүлік –мал болып есептелді

●Жылжымайтын мүлік –жер болды

●Құлдар үй шаруашылығында пайдала-

нылды

●Дәулетті адамдардың киімі жібектен тігілді

●Мүлік теңсіздігінің болғаны –жерлеу орындарынан  да белгілі

●Қаңлы ханына елді басқаруға үш уәзірі көмектескен

 

Қаңлы елі бес иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған

 

●Ру,тайпаларды көсемдер басқарды

●Кіші хандар ұлы ханға бағынған

●Б.з.б. 3- 4 ғ. жасалған салмағы әр түрлі 1300 теңге табылды және көбі Сыр аймағынан табылды

 

 

 

 

Сауда жасаған елдері:Қытай, Иран, Кушан,Үндістан,Египет,Сирия,Балтық бойы

 

●Қытай теңгелері   Мардан қорымынан табылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқиғалар

 

Сақтар

 

Үйсіндер

 

Қаңлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениеті

 

 

Сақтар

 

Қаңлылар

Геродот сақтар туралы: «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас, сүт ішеді»деп жазған

●Көшпелі мал шар. айналысты

Жылқы,қой, сиыр, түйе өсірді

●Ірі   қараны  аз өсірді

●Шөлді,шөлейтті аймақты мекендеген сақтар түйе өсірді

●Сақтар ерте темір дәуірінде өмір сүрді

Парсылар –«құдіретті еркектер» деп атады

Ирандықтар –«жүйрік атты турлар» деді

Гректер – «Азиялық скифтер» деп атады

 

 

 

 

 

Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы патшасы сақтарға шабуыл жасады

● «Томирис әйел болса да жаудан қорыққан жоқ» деп жазды Помпей Трог.

●Кирмен соғысқан сақ патшасы Томирис,Кир жеңіліп, қаза табады

Кирдің қолына тұтқынға түсіп, қаза  тапқан Томиристің баласы - Спаргапис

Томирис өмір сүрдіб.з.б. 570 -520 жж

Бұл соғыс туралы жазған Геродот

Б.з.б. 519 жылы Дарий патша басқарған парсы лар тағы жорық жасайды

●Дарийге қарсы сақ әскерін Скунха басқарды

●Дариий әскеріне қарсы ерлік көрсеткен жауынгер – Шырақ болды

Шырақтың ерлігі туралы жазған грек тарихшысы  Полиэн

Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты

Б.з.б. 4 ғ. сақтарға А.Македонский қауіп төндірді ( Ескендір Зұлқарнайын)

●Грек –македон басқыншыларына қарсы күресті сақ Спитамен басқарды, ол 3 жыл бойы партизан  соғысын жүргізді

Македонскийге қарсы сақтардың күресі туралы жазған грек тарихшысы Арриан

Грек  гарнизоны  орналасып,сақтар қоршауға алған қалаМаракана ( Самарқан)

●А.Македонскийдің Сырдарияның арғы бетіндегі сақтарды бағындыру жорығы сәтсіз болды

 

 

 

 

●Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды:

Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендері бойы

Шірік-Рабат қаласы –Қызылордадан 300 км жерде,қыратта орналасқан,қаланың ортасында күзет мұнаралары бар қамал (цитадель) салынған ( б.з.б. 4- 2ғ)

Бәбіш-Молда қаласы –қамал қабырғалары болған,қыш күйдіретін пеш,қол диірмен тастары,тары қалдықтары табылған

Б.з.б. 7 ғ. бастап далалы аймақтарда аңдарды бейнелеу –аңдық стиль пайда болды

● «Аң стилі» өнерімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорықтар кезінде танысты

●Сақтар «өмір ағашы» деп арыстанды есептеді

                   «Алтын адам»

●Алматыдан 50 км жерде,Іле Алатауы баурайындағы Есік қорымынан табылды

40 обадан тұрады

●Есік қорымынан табылған сақ  адамын археологтар «Алтын адам» деп атады

●Қорымнан жалпы 4000 –нан астам алтын бұйымдар табылды

26 таңбасы бар  күміс тостаған табылды

● «Алтын адамды» тапқан  археолог К.Ақышев, 1969- 1970 жж

«Алтын адамның» жас мөлшері 17-18 жас шамасында

 

●Мал шаруашылығы маңызды болды

●Дәнді дақылдардан тары, арпа өсірген

●Егіс алқабын өзендер бойына салған

●Тау бөктерлеріндегі үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған,бір ауыл 45- үй болды

●Тері өңдеу кәсібі жақсы дамыды

●Сұйық тағамға арналған ыдыстарды былғарыдан жасады ( тері)

Үйсіндердің халық саны -630 мың

Жауынгерлер саны -188 800 адам болды

●Сыма Цянь айтқан аңыз бойынша үйсіндерді асыраған  қасқыр болған

Б.з.б. 107 жылы үйсін гуньмосы қытай  патшайымына үйленген

●Обаларының ең үлкенінің диаметрі 20 м, биіктігі 2 м

 

●Қайтқан адамды шалқасынан жатқызып,басын батысқа қаратқан

●Қыш заттар мен ыдыстарға Күннің суретін салған

●Жаратушы күшке сенген

Үйлерін шикі кірпіштен және тақтатастан салған

●Мата тоқу үшін өрмекке ұқсас тоқыма кермесін қолданған

●Жетісу жеріндегі үйсіндер антропологиялық жағыан еуропоидтер

●Үйсін мәдениеті ескерткіштері негізінен Жетісуда шоғырланған

Шығысындағұндармен көрші болды

Солтүстік-батысында -қаңлылармен

Батысында -Дауаниямен

Қытаймен туыстық және достық қарым-қатынаста болды

●1939 жылыалматы,Қарғалы сайынан үйсіндерге тән әшекей бұйымдар қоймасы табылды: алтын тәті ( диадема), тышқан тәрізді сырға, түйе тәрізді сақина т.б.

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Сақ мәдениетінің жалғасы:

 

                  Бесшатыр қорымы:

Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауында Желшалғыр тауы етегінде орналасқан

31 обадан тұрады

● Үлкен Бесшатыр қорымын ғалымдар «патша» қорғандар деп атайды

Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады:

    1/ Дәліз ( дромос)

   2/ қабір алдына кірер ауыз

   3/ жерлеу бөлмесі

●Сағананың қабырғасы 16 қатар бөренеден салынған

Уақытыб.з.б. 5-4 ғ

● Бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған  саркофаг табыт жасаған

Дромос  -сағанаға келетін жер асты  жолы

Менгирлер –ірі тас бағандар

●Сақ дәуірі  археологиялық ескерткіштері оба түрінде кездеседі

Жетісу обалары көлеміне қарай 3 –ке бөлінеді: үлкен, орташа, кіші

 

 

●Егіншілікпен айналысты

●Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 км. Зах каналын қазған

Астықты қыш көзелер мен ыдыстарға сақтаған

●Аэрофотосуреттер шағын арықтар қазылғанын көрсетті

●Тәлімді егіншілік болды

●Мал өсіру де болды

●Металл өндірісінің орталығы Шаш –Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды

●Кенді  балқыту үшін пештер пайдаланды

●Қаңлылар жерінен Ұлы Жібек жолы

Б.з.б. 46- 36 ж.қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен

 

Қаңлылардың адам саны -600 мың,немесе 120 мың отбасы

Жауынгерлер саны -120 мың

 

●Жазғы және қысқы екі астана болған

 

●Ұлы Жібек жолын бақылауда ұстаған

 

Солтүстіктегі көршісісарматтар мен аландар

 

Оңтүстіктеүйсіндер және Қытаймен көршілес болды

 

●Қытай деректерінде: «Қаңлылар өжет,өркөкірек келеді»деп жазған

 

Қаңлы қаласыАлтын-асар 16 га жерді алып жатыр,қабырағалары шикі кірпіштен қаланған,

 

 

Ән-күй,музыка,би өнері жақсы дамыды

 

●Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары,сыбызғы –сырнайлары болған

●Ай,күн,жұлдыздарға табынаған

Ата –бабалар аруағына сиынған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қаңлы мәдениеті:

Қаңлы мәдениеті 3 –ке бөлінеді:

1/ ҚауыншыТашкент төңірегінде

2/ Отырар –ҚаратауСырдың орта ағысы,Қаратаудан Таласқа дейін

3/ ЖетіасарҚуаңдария мен Жаңадария аралығы

 

Қауыншы мәдениеті тұрғындары қайтқан адамды киімімен жерлеген

 

Көк –Мардан қаласы –Арыс өзенінің сол жағалауында, 100 км аумақта,үйлерінің ортасында тік бұрышты жер ошақ болған

 

Қостөбе қонысы – Пұшық-Мардан қаласы маңында

 

●Қаңлы қалалары орта ғасырдағы қала құрылыстарының түп-бастауы болған

 

 

 

 

Изо 178.jpgИзо 179.jpg

           Сақ тайпалары картасы                                                                      Қарғалы диадемасы (алтын тәті). Үйсін.

                                             Изо 178.jpg

                                                             §20 -24 .Ғұндар. Сарматтар

Бағыттар

                Ғұндар

               Сарматтар

Уақыты

Б.з.б. 4 ғ- б.з. 3 ғасыры

 Б.з.б. 8 ғ – б.з.  5 ғасыры

Территориясы

 Алтай таулары

   Қазақстанның батысы

Билеушісі

  Шаньюй

   -----------------------------------

 

 

 

Деректер

●Қытай деректерінде «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғ.аяғында пайда болған

● «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен берілген.

●Қытай деректерінде ғұндардың билеушісі Мөденің дунхулармен соғысы  туралы жазған

●Ғалым Л.Н.Гумилевтің айтуынша бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған

●Қытайды алым-салық төлеуге мәжбүр еткен

●Ғұндар державасының негізін салған    Мөде

● Б.з.б. 4-3 ғ.Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықта мекендеген

● «Сармат» атауы б.з.б. 3 ғ.бастап кездеседі

●Б.з.б. 8 ғ. бастап савроматтар  деп атаған

Каспий теңізін ертеде Гиркан деп атаған

●Сарматтар ескерткіштері Жайық,Елек,Жем өзендері бойында орналасқан

●Сарматтар  б.з.б. 2 ғ.Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді жаулап ала бастады

Савромат жөнінде грек, Рим тарихшылары Диодор,Үлкен Плиний,Полибий жазып кеткен

●Геродоттың айтуынша савроматтар скиф тілдес болған

●Сарматтар дах –массагеттермен, исседондармен туыстас келген

 

 

 

 

Қоғамдық құрылысы

Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылды:

          1/ Сол қанат

          2/ Орталық қанат

         3/  Оң қанат

Шаньюйден кейінгі тұлғалартүменбасылар болды

Ғұн мемлекеті  24 рудан тұрды

24 руды    24 түменбасы басқарды

Әр түменбасыда 10 000 әскер болды

●Жылына үш рет жиналысқа жиналды

 

 

●Әлеуметтік теңсіздік болғанын археологиялық ескерткіштер дәлелдейді

●Әскери демократия  өзгеше болды, яғни сармат әйелдергеі  де қатысты болды

●Мүлік теңсіздігі болды

 

 

 

 

 

 

Тұрмысы,

Шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқиғалар

 

Ғұндар

 

Сарматтар

●Мал өсіру, егін егумен айналысқан

●Киіз үйде тұрған

●Қолөнер жақсы дамыған

●Аң аулаумен айналысты

●Сұйық тағамдар құятын ыдысты қыш пен ағаштан жасады

Аммиан Марцелин: «Ғұндар жақсы шыныққан,олар көшіп жүреді,шөлге, ыстыққа үйренген» деп жазды

 

Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды

●Б.з.б. 3 ғ. аяғында Цинь патшалығы өз шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды, ұзындығы 4000 км,биіктігі 10 м,

Ғұндардың бір мемлекет болып, күшейген кезі б.з.б. 2 ғ мен 1 ғ. аралығы, Мөденің кезінде

Б.з.б. 55 жылы  ғұндар екіге бөлінді:

    1/ Солтүстік ғұндар

    2/ Оңтүстік ғұндар

Солтүстік ғұндар б.з.б. І ғ.аяғында Чжи –чжи шаньюйдің бастауымен батысқа көшіп, Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпасының жеріне келіп,Талас өзенінің шығысында орналасқан

Оңтүстік ғұндар тәуелсіздігінен айырылып,Хань әулеті қол астына қарайды

Ғұндардың  шығыстан батысқа көшуі «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды

●Ғұндардың көшуі б.з.б. 2 ғ. басталып,б.з. 4 ғ. дейін созылды

●Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп төндірді

●5 ғ. 30- ж.ғұндар басшысы Еділ  (Аттила) Римнің Паннонния, Мезия аудандарын басып алып,Францияға өтті

●Ғұн империясы Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті

451 жылы Еділ мен рим,франктердің біріккен күші арасында Каталаун шайқасы болды

Еділ (Аттила) өмір сүрді400- 453 жылдар

448 жылы Еділ сарайында болған Прииск былай деп суреттеді: «Басы үлкен, орта бойлы,дауысы құлаққа жағымды» деп жазған

Италия композиторы Джузеппе Верди  «Аттила» операсын жазды

Волга өзені қазақша    «Еділ»  деп аталды

 

 

●Ыдыстарын қыштан, металдан жасады

Қыш құмыраларының түбі жайпақ әрі шұңғыл болды

Шыны ыдыстарды өздері жасамай,шығыс елдерінен алғызған

Торсық, саба, көнек,мес ыдыстарды теріден жасады

Көшпелі мал шаруашылығы (қой, жылқы)

●Батыс сарматтар отырықшылыққа көшті

●Зергерлік    өнер жоғары дамыды

Қосымша кәсіпаңшылық болды

 

 

 

 

 

 

Б.з.б. 248-247 ж.дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак)  бастаған көшпелілер Парфияның үлкен бөлігін басып алды

 

 

 

●Олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салды

 

 

●Үстіртте зерттелген сармат ескерткіштері –Бәйте,Терең ескерткіштері

 

 

●Дай –массагеттер отқа табынған

 

 

 

Алдыңғы  Азия,Солтүстік Кавказ,Парфияға жаулаушылық жорықтарын жасаған

 

 

 

Мәдениеті

 

 

 

Мәдениеті

 

Ғұндар

 

Сарматтар

●Өзіндің құқық қорғау жүйесі болды

●Ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарға өлім жазасы берілген

●Ұсақ қылмыс жасағандардың бетін тілген

●Зергерлік өнері өте жақсы дамыған

●Ғұндар стилі «полихромдық стиль» деп аталды

Бұйымдар бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеудізерлеу деп атады

Бұйымға сәндік үшін түрлі түсті заттар жапсыруды безендіру деп атады

●Жүннен түрлі киім киген, дәлелі мекенжайлардан ұршық бастарының  табылуы

 

 

Абыз әйелдер жерленген оба -Бесоба

Сармат обаларының ішкі құрылысы ағаштан салынған

Үш савромат жауынгері жерленген оба -Сынтас

Сармат көсемі табылған обаАтырау облысы,Жылыой ауданы,     Аралтөбе ескерткіші

Сынтас обасынан қасқыр мүсіні, киік,таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты

 

 

 

 

                                                          §25- 27. Ерте Темір дәуіріндегі Қазақстан өңірі

          Солтүстік Қазақстан

           Орталық Қазақстан

          Шығыс Қазақстан

Солтүстік Қазақстанға қазіргі Ақмола,

Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді

●Геродоттың айтуынша савроматтар «биік таулардың баурырында» тұрған аргиппейлер-

мен көрші болған.

●Аргиппейлердің шығысында исседондар болды

● «Аргиппей» сөзі  латын тіліндегі мағынасы «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деген

●Солтүстік Қазақстан тұрғындары б.з.б. 1 мың ж.көшпелі өмір салтына ауысқан

●Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды ( жылқы)

●Мәдениеті Ұлыбай –Тасмрла мәдениеті деп аталады

●Зерттелген обалар: Бірлік, Алыпқаш,Покровка

Бектеңіз.

●Ерте темір дәуірі қонысы –Бөркі,Қарлыға,

 

 

 

 

●Есіл өзені оң жағында орналасқан Ақтау бекініс қалашығын зерттелді

 

●Металл өндірумен айналысқан

●Орталық Қазақстанды Сарыарқа деп атайды

●Сарыарқаның орталығын  исседондар жайлаған

●Сарыарқаның  солтүстік батысын аргиппейлер мекендеді

●Сарыарқаның шығысын аримаспылар мекендеді

●Жылқы, қой өсірген

●Жазғы мал жаю 6 айдан 9 айға дейін созылды

●Орталық Қазақстанның ескерткіштері «мұртты» обалар деп аталады

●Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деп аталады

●Тасмола мәдениеті алғаш  Павлодар облысының  Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен  табылды

● «Мұртты» обалардың 4 түрі бар

 ●Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа -исседондар   

●Тасмола мәдениетінің ерекшелігі «мұртты» обалардың біріне адамды, біріне жылқыны жерленген.

●           Берел қорымы жалғасы:

●1998-1999 ж.№11 обаға қазба жұмыстарын жүргізген археолог –ғалым З.Самашев  13 жирен жылқы сүйектерін тапты, аттарды бальзамдап жерлеген

Жетісудағы үйсін мәдениетіне ұқсас ескерткіштер  Тарбағатайдан табылды

 

 

Шығыс Қазақстан   ертедегі металлургия орталығы болды

 

Шығыс Қазақстанды аримаспылар мекендеген.

Басты ескерткіштері Шілікті қорымы

Шілікті қорымы 51 обадан тұрады

Шілікті қорғанының биіктігі 8-10 м,қабірден 13 қола жебе табылды, қабірдің уақыты б.з.б. 7-6

Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орны б.з.б. 8 ғ.жатады,оны ашқан археолог-ғалым Ә.Төлеубаев және осы қорғаннан үшінші алтын адам табылды,обаның биіктігі 8м,   дм.100 м

●Обадан табылған алтын қаптырма-түймешіктердің саны 4325 дана

Ең қызықты  табылған зат –алтын бесжұлдыз,ол биліктің белгісі саналған

      

                 Берел қорымы

Уақыты        б.з.б. 5- 4ғ

Берел кезеңі деп аталу себебі- Қатонқарағаай ауданындағы Берел қорымына байланысты шыққан

40- тан астам обалар табылды

●Қабірге жерленген адамның қасынан 16 аттың қаңқасы шықты

Берел мәдениетінің ерекшелігіжайпақ түпті қыш ыдыстардың шығуы

 

 

                                                  §25-27.    Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ежелгі Қазақстан тарихы: Кесте бойынша"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша негізгі анықтамалар кесте түрінде жасалған. Бұл сызба-кестелер  тақырыптарды өту барысында, әсіресе  ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылардың тез меңгеруіне ықпалын тигізеді.Ежелгі  Қазақстан тарихы оқулығында археологиялық дәуірлер кестемен жеке-жеке беріліп,  әр дәуірдің негізгі оқиғалары жинақталып берілген. Сонымен қатар тайпалар да кестеге түсіріліп, оқушылардың тайпалар тарихын жақсы меңгеруіне септігін  тигізеді. Оқушылармен тақырыптарды жақсы меңгеруге қандай жолдары тиімді деген сауал қойылғанда көпшілігі сызба-кестені жақсы түсініп,еске сақтауға ыңғайлы деп лебіздерін білдірді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 784 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2015 3488
    • DOCX 312 кбайт
    • 72 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенбаева Саулет Жамаладиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 25216
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 431 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе