Инфоурок География Другие методич. материалы«ГЕОГРАФИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» Интеллектуалды сайыс сабақ

«ГЕОГРАФИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» Интеллектуалды сайыс сабақ

Скачать материал

«гЕОГРАФИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

 

Географиялық кештің тақырыбы: «География әлеміне саяхат».

1.Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау,сонымен қатар ойлау,топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

2.Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін,ғылыми көзқарастарын қалыптастырып,ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір-бірін сыйлауға  адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Кешті ұйымдастыру кезеңі мынадай ретпен жүргізіледі:

Оқушылармен амандасып кештің ұйымдастыру кезеңімен таныстырады.

1.Қатысушылар 8 сынып оқушылары.

2.қатысушылар өздерінің топтарының атын және капитандарын таныстырып өтеді.

3.Әділқазы мүшелерін таныстыру: Зигаева Снтуре, Қиянова Илаш, Махашева Ұлжалғас

Сонымен топ мүшелері бүгінгі «География әлеміне саяхат» атты географиялық кешімізді бастаймыз.Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңіз сынаққа салынып,күш сынасасыздар.

Ендеше бүгінгі «География әлеміне саяхат» атты географиялық кешіміз 6 кезеңнен тұрады.

I тур–Бәйге сайысы

ІІ тур - Не? Кайда? Қашан?

IIІ тур–  «Кім жылдам?»

IV тур– «Жорға» 

V тур– «Карталар әлеміне саяхат»

VI тур–«Қара жәшік»

 

      Әр тур сайын уақыт беріледі, әрине жылдамдық талап етіледі. Алдарыныздағы жалаушаларды көріп тұрсыздар тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса дереу алдырыныздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса 2-ші топ өз жалаушасын көтеріп жауапты түзетуіне болады.

Олай болса құрметті ұстаздар мен көрермендер таптарға сәттілік тілеп, кешімізді бастайық.

І тур «Бәйге»

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған күн? (1991,16 желтоқсан)

2. Қазақстан Республикасыны мемлекеттік басқару түрі? (парламенттік Республика)

3. Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)

4. Қазақстанның валютасы тенге қай жылдан бастап айналымға енді? (1993, 15 қараша)

5. ҚР БҰҰ қай жылы мүше болды? (1992 ж 2 наурыз)

6. Әр адамның шағын Отаны /отбасы/

7. Жылдан құр қалған жануар. /түйе/

8.Көкжиектің неше тұсы бар? /4/

9.Бес дұшпанды атаңыз. /өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/

10.Ақан серінің тұлпарының аты. /Құлагер

11.Жеті күн. /апта/

12.Абайдың әжесі /Зере/

13.Ақ сүт берген аналардың анасы кім? /әже/

14.Сөз басы не? / сәлем/

15.Қуанышты жаңалықты хабарлау /сүйінші/

16.Тауықтың түсіне кіретін дән. /тары/

17.Семіздікті көтеретін жануар. /қой/

18.Қара алтын. /мұнай/

19.Жігіттің үш жұрты. /Өз, нағашы, қайын жұрты/

20.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. / Т Әубәкіров/

 

  IІ тур–Не? Кайда? Қашан? Ұпай саны:5

1.Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)

2.Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не?(Панама каналы)

3.Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519-1522ж)

4.Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар(Орал)

5.Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді(Анд)

6.Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер(үндістер)

7.Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі (Лавразия)

8.Ұлы көлдер қайда орналасқан (Солтүстік Америкада)

9.Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз (Беринг)

10.Қай материк 2 дүние бөлігінен тұрады (Еуразия)

 11) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)
12) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)
13) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (шаш гигрометрі)
14) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)
15) Жердің тас қабаты (литосфера)
16) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)
17) Ең биік тау (Гималай)
18 Үндістан астанасы (Дели)
19) Васко – до – Гамма кім (саяхатшы)
20) Жер серігі (ай)

ІІІ  тур– « Кім жылдам?» Ұпай саны:5 ұпай.Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы: Анд –тау.

 

1.Сахара(Шөл)

2.АҚШ(мемлекет)

3.Гималай(Тау)

4.Танганика(Көл)

5.Амазонка(өзен)

6.Отты жер (Арал)

7.Гвинея (Шығанақ)

8.Скандинавия (Түбек)

9.Гибралтар (Бұғаз)

10.Суэц (Канал)

11.Сомали (Түбек)

12.Лондон (Қала)

13.Игуасу(Сарқырама)

14.Мадагаскар(Арал)

 

 

 

1-жүргізуші.

Сонымен  IV тур–«Жорға»,  Ұпай саны: әр ұяшық бойынша:15.20.30

 

15

 

20

 

30

15

20

30

15              20                 30

Ең, ең, ең 15 .Жер  шарындағы ең үлкен көл. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан.Ауданы 390 мың км2. Каспий теңізі

Ең, ең, ең  20 .Жер шарындағы ең терең көл. Еуразия материгінің Азиялық бөлігінде орналасқан.Тереңдігі 1620 м Байкал көлі

Ең, ең, ең  30. Дүние жүзіндегі ең улкен тау мұздығы. Ол Аляска жотасында орналасқан, ұзындығы 145 км. Хабборт мұздығы

Солтүстік Америка 15.Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесін ата. Оның биіктігі 6193 м Кордильер тауындағы Мак – Кинли шыңы.

Солтүстік Америка 20Солтүстік Америка материгінің ең биік тауы? Ең биік нүктесі Мак кинли, биіктігі?

Солтүстік Америка 30. Солтүстік Америкадағы жылдық жауын- шашын ең аз жауатын, яғни 100 мм – ден кем түсетін жер: Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап

 

Қазақстан 15. Қазақстан Республикасының жер көлемі, жер көлемі бойынша нешінші орында, елдерді ретімен атап картадан көрсету

Қазақстан 20. Қазақстан Республикасының жер бедерінің неше пайызы биік таулар алып жатыр? Оларды атап картадан көрсет, ең биік нүктесін айтыңыз

Қазақстан 30. Геохронолгиялық зерттеулер бойынша Қазақстанда көтерілген таулардың кезеңдерін ата,, қай эрада, қай дәуірде?

 

V тур– «Карталар әлеміне саяхат». Ұпай саны: 5 ұпай Әр топ берілген обьектілерді картадан тауып көрсету

1- топ

·         Батыс Сібір жазығы

·         Босфор бұғазы

·         Сары теңіз

·         Чукот түбегі

·         Гоби шөлі

·         Пиреней түбегі

·         Памир тауы

2 – топ

·         Ұлы Қытай жазығы

·         Малакка бұғазы

·         Жапон теңізі

·         Камчатка түбегі

·         Тар шөлі

·         Үндіқытай түбегі

·         Орал таулары

 

VІ тур «Қара жәшік»

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 10 ұпай шегеріліп отырады
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 50 ұпай,

І топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай

 

Осымен География әлеміне саяхат атты кешіміз аяқталды.Енді Әділ қазы мүшелері ойын қорытындысын айтып,жеңімпаздарды марапаттайды.

Осымен География әлеміне саяхат атты кешіміз аяқталды .Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«ГЕОГРАФИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» Интеллектуалды сайыс сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 412 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 1320
    • DOCX 30.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанжигитова Маусым Маданиеткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11090
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 764 человека

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 737 человек

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек