Инфоурок География ТестыГеография пәнінен PISA бағдарламасы бойынша тест 9-сынып

география пәнінен PISA бағдарламасы бойынша тест 9-сынып

Скачать материал

Облыс: Солтүстік Қазақстан облысы

Қала: Петропавл қаласы

Мектеп: Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей

Мұғалім: Жамулдинова Жибек Искенқызы

Тақырыбы: 9-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

 

География пәнінен  9-сыныпқа арналған деңгейлік тест тапсырмалары.

1-нұсқа

1.       Дүние жүзінің физикалық картасында қоңыр түс нені білдіреді?

2.       Қазақстан оңтүстік-батысында шектесетін мемлекет?

3.       Атмосфераның ең төменгі қабаты?

4.       Жер шарының жалпы ауданы?

5.       Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық?

6.   Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне жатады?

A) Алтай

B) Жетісу Алатауы

C) Іле Алатауы

D) Сарыарқа

E) Үстірт

F) Мұғалжар

G) Тарбағатай

H) Маңғыстау

      7.   Қазақстандағы теміржолдардың ішіндегі республикалық маңызы бар бойлық бағыттағы магистральдарды ата?

A) Орынбор-Ташкент

B) Оңтүстік Сібір

C) Орта Сібір

D) Түрксіб

E) Теджен-Мешхед

F) Трансқазақстан

G) Хромтау-Алтынсарин

H) Астана-Алматы

      8.   Қазақстанның сазды шөлдері:

A) Сарыесік-Атырау

B) Үстірт

C) Бетпақдала

D) Карақум          

E) Мойынқум

F) Кызылқум

G) Үлкен Борсық

H) Кіші Борсық

      9. Оңтүстік Америкаға тән табиғат зоналарын көрсетіңіз:

A) пампа

B) прерий

C) гевея

D) гилея

E) льянос

F) кампос

G) орманды дала

H) тундра

10. Ғалымдардың есімін географиялық ашулармен сәйкестендіріңіз:

1) М. Бехайм  A) Бірінші бүкіләлемдік саяхат

2) Х. Колумб  B) Антарктиданың зерттелуі

3) Ф. Магеллан            C) Американың ашылуы

                                  D) Бірінші глобусты ойлап табу

                                  E) Гольфстрим ағысының ашылуы

                                  F) Антарктиданың ашылуы

11. Қазақстанның ұлттық табиғи парктерін облыстар бойынша сәйкестендіріңіз:

1) Баянауыл                  A) Алматы облысы

2) Іле-Алатауы           B) Ақмола облысы

3) Көкшетау                C) Павлодар облысы

                                       D) Оңтүстік-Қазақстан облысы

                                       E) Маңғыстау облысы

                                  F) Қарағанды облысы

 

12. Қазақстанның өзендерінде орналасқан ірі бөгендерді сәйкестендіріңіз:

1) Ертіс                      A) Бұқтырма

2) Сырдария     B) Сергеев

3) Іле               C) Шардара

                                  D) Қаратомар

                                  E) Қапшағай

                                  F) Самарқан

 

13.  Қазақстанның табиғат зоналарын алып жатқан ауданы бойынша сәйкестендіріңіз:

1) орманды дала         A) 1 млн га

2) дала           B) 20 млн га

3) шөл           C) 77 млн га

                                D) 60 млн га

                                E) 117 млн га

                                F) 4 млн га

 

 

Ұлттық парктің атауы

Жер бедері

Баянауыл

Көлдер, қарағай, қайың ормандары

Іле Алатауы

Биіктік белдеу, шыршалар

Қарқаралы

Көлдер, қарағай, қайың ормандары

Алтынемел

Тасты, құмды шөлдер

Көкшетау

Орманды дала, дала, көлдер

  14. Кестедегі мәліметтерге сүйене отыра, қай ұлттық табиғи паркте таулы шаңғы туризмін дамытуға қолайлы болып саналады:

А) Баянауыл

В) Алтынемел

С) Іле-Алатау

D) Көкшетау

Е) Қарқаралы 

15. Сахарадағы тасты шөлдерді жергілікті халық айтады:

А) саванна

В) хамада

С) ломас

D) гуано

Е) криктер

 

Қазақстан облыстары

Жалпы жер көлемі млн га

Орманды көлемі

млн га

Солтүстік

56,6

1,8

Батыс

70,5

0,3

Оңтүстік

70,1

8,6

Шығыс

28,3

1,8

Орталық

35,6

0,1

 

16. Кестедегі мәліметтерге сүйене отыра, Қазақстанның қай аймағы ормандар көлемі аз екенін анықта:

А) Солтүстік

В) Батыс

С) Оңтүстік

D) Шығыс

Е) Орталық

 

Табиғат зонасы

Ерекшелігі

Ылғалды экваторлық ормандар

Жауын-шашын көп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай

Саванналар мен сирек ормандар

Ылғалды кезең 3-ке бөлінеді, шөптесін өсімдік басым

Тропиктік шөлдер

Жауын-шашын 100мм-ден аз, құмды шөлдер орын алады

Субтропиктік қатты жапырақты орман

Түйнекті, тамыржемісті өсімдіктер көп

 

17. Африканың табиғат зоналарының сипаттамасы бойынша самум желдері соғатын табиғат зонаны анықта:

А)  Ылғалды экваторлық ормандар

В)  Саванналар мен сирек ормандар

С)  Тропиктік шөлдер

D)  Субтропиктік қатты жапырақты орман

Е) биіктік белдеу

 

Мәтінді тиянақты оқып,төмендегі берілген сұрақтарға жауап бер

«Оңтүстік Американың биіктік белдеу зонасы»

Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында  қарастырайық. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25*-30*С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері, салқын, «соқыр» тұмандарды –гаруаны қалыптастырады.Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандықтан, климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы  құс базарына айналады. Құс саңғырықтарынан – қалыңдығы 30м-лік гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады.Бұл –Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі. Батыс Кордильера жотасының 2500м биіктігінде жағалық шөл  кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады.

18.Анд тауы белдеуіндегі гаруаның қалыптасу себебі:

А) климаттың қаталдығы

В) тәулік ішінде температураның ауытқуы

С) ең төменгі бөлікте шөлдің орналасуы

D) ксерофитті бұталардың болмауы

Е) шықтардың пайда болуы

 

19. Түйнекті өсімдіктердің биіктік белдеуде кездесуі:

А) бриз желдері әсерінен

В) тұманның тұрақты болуынан

С) температураның ауытқуынан

D) ылғалдың көп болуынан

Е) шықтың болуынан

 

20. Атакама жағалық шөлінде гуаноның жиналуы:

А) Чилидің басқа елдерге сататың негізгі тыңайтқышы

В) мұхит суы тіршілікке бай

С) құс базарының болуы

D) бағалы азотты тыңайтқыштың болуы

Е) климаттың қолайлығы

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "География пәнінен PISA бағдарламасы бойынша тест 9-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пәні: география.

Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның экономикалық аудандары

Сыныбы: 9

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың типі: қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.

Сабақ әдісі:түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың формасы:

«Қазақстанның экономикалық аудандарына саяхат» ойын сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Қазақстанның экономикалық аудандары туралы білімдерін бекіту және кейбір белгілеріне қарап экономикалық аудандарды айыра білу дағдыларын дамыту, білімдерін тексеру;

-Жеке және топтық жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру;

-Географиялық сауатты тұлғаны қалыптастыру;

Дамытушылық:

-карталар мен анықтамаларды пайдаланып, ой-өрісін кеңейту;

-экономикалық және әлеуметтік білімдерін арттыру;

-ойлау,есте сақтау, сөйлей білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік:

-оқушылардың өз өлкесінің , жалпы мемлекетінің экономикалық дамуына қызығушылығын ояту.

-өлкені тану, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;

-экологиялық, экономикалық тәрбие беру арқылы ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;

Сабақтың міндеттері:

  • 1.«Өндірісті аумақтық ұйымдастыру және экономикалық аудандастыру» сабағында алған білімдерін тексеру;
  • 2.Оқушының шығармашылық әлуетін ашу мен дамыту;
  • 3.Оқушының жеке даралық тұлғасын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізу;
  • 4.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың оқыту құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, атластық карталар, кескін карталар, трек-сызбалар, газет-журналдар, электронды оқулық.

Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, химия, математика

Сабақтың жоспары:

  • 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа көңілін аудару.
  • 2.«Экспресс-сұрақтар» Сұрақ-жауап.
  • 3.«Кім жылдам?» Номенклатура.
  • 4.«Бұл қай аудан?» бейнекөрініс, әдеби –саз.
  • 5.«Артығын тап!» дұрыс емес жауапты табу.
  • 6.«Мамандану –шаруашылықтың негізгі саласы» сәйкестендіру тесті.
  • 7.«Бұл әсем қала!» тарихи- мәдени ізденіс.
  • 8.«Пайдалы қазбалар шеруі» картамен жұмыс.
  • 9.Бағалау.
  • 10.Үйге тапсырма.
  • 11.Сабақты аяқтау.

Сабақтың барысы:

–Қазақстан жері кең байтақ, байлығымызда асып-тасып жатыр. Ата –бабамыздан бері сақталып келе жатқан өлкемізді тану және ондағы ресурстарды сақтау мақсатында біз, бүгін еліміздің экономикалық аудандарына саяхат жасайық!

Ойынымыздың негізгі мақсаты: Қазақстанның экономикалық аудандары туралы алған білімдерін жүйелеу мен бекіту.

Ойынның шарты: Ойын барысында жеке, топтық, жұптық, тест жұмыстарын орындаймыз. Әр ойын барысында әрқайсыңыздың алдарыңызда жатқан маршрут қағазына алған ұпайларыңызды топ басшысы жазып отырады.

І. Қызығушылықты ояту.

Топтастыру. Оқушыларға номенклатурасы бар үлестірмелер беріледі. Сол үлестірмелерді оқи отырып, қай ауданға тиісілі екендігін айырып, топтасады.

1 топ: «Орталық» 2- топ: «Батыс» 3- топ: «Шығыс»

Сарыарқа Каспий Алтай

Торғай Жайық Бұқтырма

Теміртау Қарашығанақ Ертіс

Жезқазған Ақтау Өскемен

Балқаш Ақтөбе Семей

4- топ: «Солтүстік» 5- топ: «Оңтүстік»

Соколов-Сарыбай Алматы

Қостанай Тянь-Шань

Петропавл Қапшағай

Ақмола Шымкент

Астана Сырдария

«Экспресс-сұрақтар». (флипчарттан штор пайдалану)(барлығы 10 ұпай)


1.Қазақстанның жер көлемі қанша?(2724,9 мың км2) 2.Қазақстан жерінде қанша халық тұрады? (17млн адам) 3.Еліміздің тұңғыш аудандастыруын жүргізген ғалым(Н.Н. Баранский) 4. 1997 жылға дейін елімізде қанша облыс болды?(19облыс) 5.Қазір Қазақстанда қанша облыс бар?(14 облыс) 6.Еуразия кіндігі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс Қазақстан облысының Жидебай шатқалында ) 7.Қазақстанда қанша экономикалық аудан бар? (5аудан) 8.Құрлықта Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен) 9.ҚР бес облысын тарату жөніндегі Жарлық қашан қабылданды? (1997ж сәуірде) 10.Қазақстан барланған пайдалы қазбалар құны жөнінен жер ғаламшарында нешінші орын алады? (8 орын)

№1.Тапсырма. «Кім жылдам?» Номенклатура.

(Электронды оқулықпен жұмыс)

Цифрлармен берілген экономикалық аудан мен облыстарын кескін картаға түсіріңдер.

1 –нұсқа А, В, С, Д, Е 1,3,5,7,9,11,13

2-нұсқа А, В, С, Д, Е 2,4,6,8,10,12,14

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай (барлығы 12 ұпай)

ІІ. Мағынаны тану.«Табиғаты аса көркем, Қазақстан туған өлкем!

Бұл қай аудан?»

Бейне көрініс және сипаттамасы арқылы қай экономикалық аудан екендігін анықтау. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай (барлығы5 ұпай)

Бұл өлкеде жерлерім аз баспаған

Су сапарын бұл өлкеден бастағам.

Бұл өлкенің ауасымен ұшсам да,

Көз қиығын көктен жерге тастағам... (Х. Ерғалиев)

1.Барлық экономикалық аудандармен шектеседі, көлік қатынасы жақсы дамыған, климаты шұғыл континентальды, минералды ресурстарға бай болғаны соншалық пайдалы қазбалардың көмбесі десе де болады. Алайда су ресурстарынан тапшылық көруде. Ауданда тау-кен металлургия кешені қалыптасқан.

(Орталық Қазақстан)

... Жоқ! Сарқылмас байлығыммен өлең тең,

Мен де соны келешекке жөнелтем.

Мен тынғанда , жер бетінде жарқылдап

Жез бен жырым бірге жүрсе жөн ертең... (Х. Ерғалиев)

2.Республикамыздағы маңызды түсті металлургия орталығы.Табиғаты алуан түрлі, ең алғашқы зерттеушілер осы аймақтың сұлулығына тәнті болып оны Швейцариямен салыстырады.Өлкесі қылқан жапырақты ормандарымен, өзен жағалауының көрікті табиғатымен адамдарды тәнті қылса, туристердің сүйікті демалыс зонасына айналған Марқакөл қорығы орналасқан. Экономикалық аудандардың ішінен аумағы жағынан ең кішісі. (Шығыс Қазақстан )

  • 3. Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі өлке.Теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан. Қызыл балықтың негізгі мекені, бірақ халық сирек қоныстанған, жазы ыстық, қысы суық, күшті жел соғып тұрады, ауыз су жеткіліксіз, мұнай мен газ шығаратын жалғыз аудан (Батыс Қазақстан)
  • Қалай сондай дей алам Сарыарқаны,
  • Сал Біржандай тірілген әні арқалы.
  • Көкжиекке соғылған алтын теңіз
  • Алтын мұртты бидай ғой әр алқабы. (Ж. Молдағалиев)

4.Жаздық бидайдың негізгі бөлігі егіледі, табиғаты көрікті, орманды дала біртіндеп құнарлы топырақты дала зонасына ауысады. Аумағы арқылы ірі теміржол магистралі өтеді,еліміздің үлкен астықты ауданы, Дүние жүзіндегі ең қуатты көмір кесіндісі «Богатыр» орналасқан.

(Солтүстік Қазақстан)

  • Байқоңыр бұл- екі сөз: бай да қоңыр,
  • Бай да қоңыр қанатты байтақ өңір.
  • Адамзаттың алдында жатқалы тұр
  • Сол баспалдақ арқылы Айдағы өмір.(Ж. Молдағалиев)
  • 5.Ұлы Жібек жолы басып өткен өлке.Ежелгі қалалардың мекені десе де борлады.Бұл ауданмен Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Йасауидің өмір жолдары тығыз байланысты.Негізінен суармалы егіншілік дамыған аудан, «валюталық» дақыл- мақта өсіріледі. Жайылымдық жерлері көп болғандықтан мал шаруашылығының тамаша базасы болып табылады.
  • (Оңтүстік Қазақстан)

№2.Тапсырма. «Артығын тап!»

Берілген мәтіннің ішінен әр экономикалық ауданға жататын ерекшеліктерін ажыратып, экономикалық ауданға жатпайтыны табу керек.

(Тапсырмаларды әр оқушы дәптерге орындайды,кейін слайд арқылы тексеріп,жұп оқушы бір бірін бағалайды.) барлығы 10ұпай.


  • 1.Экономикалық ауданды анықта:(Орталық Қазақстан, артығы 4)
  • 1) Су жетіспейтін аймақтың бірі.
  • 2)Металургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады.
  • 3) Күкірт қышқылын өндіруден Қазақстанда 2 орында
  • 4) Суармалы егіншілікті аудан
  • 2.Экономикалық ауданды анықта:( Батыс Қазақстан, артығы 3)
  • 1)Үш экономикалық ауданменшектеседі.
  • 2) Пайдалы қазбалардан мұнай, хром, никель қоры бар.
  • 3)Аумағында техникалық дақылдар көп өсіріледі.
  • 4) Халықтың жұмыспен қамтылуы жоғарғы деңгейде.
  • 3.Экономикалық ауданды анықта:( Солтүстік Қазақстан, артығы 1)
  • 1)Бал арасы және марал өсіру шаруашылықтары дамыған
  • 2) Топырағы мен климаттық жағдайы қолайлы болғандықтан егіншілікпен шұғылданады.
  • 3)Еңбек ресурсы жоғары аудан
  • 4) Жер ресурсының 90 пайызы ауыл шаруашылығына қолайлы.
  • 4.Экономикалық ауданды анықта:( Шығыс Қазақстан, артығы 3)
  • 1) Табиғи –климат жағдайы өсімдік шаруашылығындамытуға қолайлы.
  • 2) Мырыш балқыту бойынша ауданда 2-ші орында.
  • 3) ауданы 428мың км2.
  • 4)10 қала мен 3кент бар.
  • 5.Экономикалық ауданды анықта:(Оңтүстік Қазақстан, артығы 4)
  • 1) Қой, ешкі, мүйізді ірі қара өсіруден республикада 1-орын алады.
  • 2) Дайын өнім шығарудан ең жылдам дамып келе жатқан аудан.
  • 3) «Химфарм» зауыты барлық елдегі шығарылатын препараттардың 3/5 бөлігін береді.
  • 4)Ертіс мыс қорыту зауыты -Глубокое елді мекенін

№3Тапсырма. «Мамандану –шаруашылықтың негізгі саласы»

  • 1.

БАТЫС

ҚАЗАҚСТАН

А)көмір, металл, химия, машина жасау

Б)темір рудасы,тас көмір өндірісі.

В)мұнай-газ химиясы,балық өңдеу.

  • 2.

СОЛТҮСТІК

ҚАЗАҚСТАН

Г)тау-кен химия, машина жасау

Д) ферроқорытпа,алюминий өндірісі, мұнай өңдеу.

Е) ферроқорытпа және минералды тыңайтқыштар өндіру

  • 3.

ШЫҒЫС

ҚАЗАҚСТАН

Ж) мыс өндіру, электр қуаты

З)жеңіл, тамақ өнеркәсібі

  • 4.

ОРТАЛЫҚ

ҚАЗАҚСТАН

И) полиметалл және түсті металлургия өндірісі

К)арзан су электр энергиясы

  • 5.

ОҢТҮСТІК

ҚАЗАҚСТАН

Дұрыс жауаптары:

1В,Е 2Б,Д 3И,К 4 А,Ж 5Г, Ж


Экономикалық аудандар мен мамандану салаларының сәкестігін табу.

Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай ( барлығы10 ұпай)

ІІІ. Толғаныс: «Бұл әсем қала!» Бейне қөрініс арқылы қала туралы не білетінін айтып, тарихи-мәдени ескерткіштерін айту.(Барлығы 10ұпай)


  • 1.Қарағанды

Шахтерлер қаласы, халқының саны бойынша республикада 4-ші қала

  • 2.Теміртау

1945 жылы Самарқант кенті қала статусын алып, Теміртау атанады.қаланың негізгі тірегі- болат балқыту комбинаты.1960ж 3 шілдеде алғашқы Қазақстан шойыны алынды.

  • 3.Орал

17ғ. Жайық қалашығы деп аталды. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған. Орал атауы 1773-75жж Е.Пугачев бастаған көтерілісті халық санасынан шығау үшін Орал деп өзгертті

  • 4.Өскемен

Кенді Алтайдың қақпасы, Монғолия мен Қытай елдеріне сауда жолдары өткен.түсті металлургияның ірі орталығы.

  • 5.Петропавл

Республиканың солтүстік қақпасы, Транссібір және Трансқазақстан теміржолдарының қиылысында орналасқан.

  • 6.Тараз

Ұлы Жібек Жолында салынған ежелгі қаласы,1936ж.т дейін Әулиеата, 1936-1939жж.Мирзоян, 1938ж бері Жамбыл, 1998ж тарихи атауы қайтарылды.Айша-Бибі,Бабаджа қатын мазарлары бар.





«Пайдалы қазбалар шеруі» картамен жұмыс.

Кескін картаға минералдар коллекциясынан қай экономикалық ауданда қандай шикізат қоры бар екенін және қайда өңделетінін және өнндірілетінін, қайда тасымалданатынын түсіндіріп,картадан көрсету

Бағалау: бағалау парағы бойынша қорытынды шығарылып, қатысқан оқушылар бағаланады

Үйге тапсырма: «Өз таңдауың бойынша бір экономикалық аудан туралы шетелдік досыңа хат жазу».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 990 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 18777
    • DOCX 24.7 кбайт
    • 447 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сулеймбеков Мадияр Саятович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сулеймбеков Мадияр Саятович
    Сулеймбеков Мадияр Саятович
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30090
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 146 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек