Тақырыбы: Чехия
Сабақтың ақпараттық картасы:
Мақсаты:
1)
Білімділік: Чехия елінің басты ерекшелігі туралы білім беру;
2)
Дамытушылық: Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты
ерекшеліктері, елдің тарихи қалыптасу кезеңдері, халқының тұрмыс-салтының басты
ерекшеліктері, шаруашылығын дамытудың алғышарттары туралы білік-дағдыны
қалыптастыру;,
3)
Тәрбиелік : пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара
бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру.
Типі: жаңа
сабақ
Сабақ
түрі: ауызша журнал
Технология: Деңгейлік
дифференциалдық, сыни тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған және тестік
бақылау технологиясының элементтері
Әдісі: ізденушілік,
зерттеу, практикалық және өзіндік жұмыс
Бақылау
түрі: өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау
Көрнекі
құрал: Интерактивті құрылғы
Сабақтың
материалдық техникалық базасы:
·
компьютер
·
интерактивті тақта
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі- 2 мин
2. Жорға
сұрақтар, сабақтың тақырыбы, мақсаты ,міндеттерімен таныстыру.
3. Сабақта
одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру -5 мин
4. Берілетін
тапсырмаларды орындауда мазмұны мен жүйенің бірізділігі-20 мин
5. Мұғалімнің
бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 5мин
6. Орындалған
тапсырмаларды жалпылау және жүйелеу-3 мин
7. Сабақты
қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру- 5 мин
8. Резерв
тапсырмалары
Сабақтың моделі / барысы
1. Мотивация
кезеңі:
Уақыт
аралығы 3 мин
·
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сәлеметсіздерме!
Сабағымыздың
алғашқы кезеңі:
1. Жорға
сұрақтар: (мемлекеттерді анықтап, олардың туын
табады)Ағылшын тілінде айту
·
Айтыңдаршы ал енді,
Бостандық мүсіні бар елді (АҚШ)1 United
States of America
·
Полонез бен Мазурканың
Айт,
қай елде жазылғанын. (Польша)2 Poland
·
Айтыңдаршы ал енді,
Биг-Бені
бар елді (Ұлыбритания)3 England
·
Айта қойшы ал енді,
Атақты
банктер бар елді. (Швейцария)4 Switzerland
·
Әйгілі би әлемде,
«Чардаш»
шықты қай елде? (Венгрия)5 Hungary
·
Мұнараны ең алып,
Алған
қайсы ел салып. (Франция)6 France
·
Айтыңдаршы ал енді,
Акрополь
бар елді. (Греция)7 Creece
·
Әлемнің баршасы
Ұнатқан
сауна моншасын. (Финляндия)8 Finland
Мұғалім: мынау
артық қалған ту қай елдің туы? (Чехия) Czech
2. Бүгінгі
біздің сабағымыздың тақырыбы: « Чехия »
·
Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
Оқушылар:
-
Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерімен
танысу,
-
елдің тарихи қалыптасу кезеңдері танысу,
-
халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктерімен танысу,
-
шаруашылығының дамытудың алғышарттары туралы білім алу.
3. І.
Бірінші бет – «Елтану»
Мұғалім:
·
Жерінің ауданы – 78,9 мың км2, дүние жүзінде 114
орында.
·
Халқы – 10,3 млн адам (2004 ж.), халық тығыздығы 132 адам/ км2
·
Астанасы – Прага
·
Тәуелсіздік алған жылы – 01.01.1993
·
Мемлекеттік құрылымы – парламенттік республика
·
Мемлекет басшысы – президент
·
Үкімет басшысы – премьер-министр
·
Мемлекеттік тілі-чех тілі
·
Ұлттық валютасы – чех кронасы СZК
ІІ.
Екінші беті – «Аумақтың құрамы және экономикалық географиялық жағдайы»
Мұғалім:
·
Чехияның
экономикалық-географиялық жағдайынын ерекшеліктерін атаңдар.
Оқушыларға тапсырма: Шекаралас мемлекеттерді атаңыздар: (солтүстігіндеПольша, шығысында Словакия, оңтүстігінде Австрия, батысында Германия).
Оқушыларға тапсырма: Географиялық орнының қолайлы
және қолайсыз жақтарын атау.
Қолайлы:
- Чехия Еуропаның дәл ортасында орналасқан. Пльзень
қаласына таяу жерде «Еуропаның орталығы» деген жазуы бар гранитті ескерткіш орнатылған
- Чехия жері арқылы көптеген маңызды Еуропалық
көлік желілері өтеді.
Қолайсыз:
·
Теңізге шығатын тура жолдың
болмауы шаруашылықты дамытуға қолайсыздық туғызады. (карта бойынша көрсету.)
Мұғалім: - Чехия жері ежелден-ақ үш
тарихи-географиялық аймаққа жіктеледі: Чехия, Моравия, Силезия.
Оқушыларға тапсырма:
·
Атластағы физикалық карта
бойынша Чехияның теңізге шығуына мүмкіндік беретін өзендерін анықтаңдар. Ол
өзендер сағаларында қандай ірі порттар орналасқан?
Жауабы:
·
Лаба өзені ( Эльба
өзенінің саласы ) арқылы Солтүстік теңізге,
·
ал шығысындағы Морана
өзені (Дунайдың саласы) Қара теңізге шығуға болады.
·
Одра өзені арқылы Балттық
теңізге шығуға болады.
·
Ірі порттар: Прага, Брно,
Острава, Пльзень( Слайд № 13 карта бойынша көрсетіп, атау)

Оқушыларға тапсырма:
Кескін картамен жұмыс: Чехияның шекарасын,
астанасын, ірі қалаларын шекаралас мемлекеттерді кескін картаға ағылшын тілінде
түсіру.
ІІІ.
Үшінші беті - «Тарих».
Мұғалім: Кез
келген мемлекеттің бүгінін білу үшін оның өткеніне көз жіберу шарт деп
ойлаймын. Сол үшін Чехия мемлекетінің қалыптасу тарихына, геосаяси жағдайы
туралы алдын ала дайындалған хабарламалары бар. Тыңдайық.
Оқушы:
Х
ғасырда құрылған Прага князьдігі феодалдық Чехия мемлекетінің негізгі болып
саналады. ХІІ ғасырдың екінші жартысында Чехия Әулие Рим империясы құрамындағы
корольдік болып саналды. ХV ғасырдың бірінші жартысында Чехия жерінде феодалдық
езгіге қарсы Ян Гус басқарған халықтық көтеріліс басталды. Бірақ қатал дін
шырмауындағы халық жеңіске ұшырады. ХVІ ғасырдан бастап Чехия жері Австриялық
Габсбург әулетінің қол астына өтті. 1620 жылы Габсбургтерге қарсы көтеріліс
жеңіліске ұшырағаннан кейін, Чехия 1918 жылға дейін тәуелсіздігінен толық
айырылды. Осы жылы Австро-Венгрия ыдырағаннан кейін, Прагадағы Ұлттық кеңес
құрамы Чехия мен Словакиядан тұратын жаңа мемлекеттің құрылғанын жариялады. Тек
қана 1993 жылы 1 қаңтардағы федерациялық жиын шешімі бойынша Чехия жеке
егеменді ел болып, құрамындағы Словакиядан бейбіт жолмен бөлінді. Чехия 1993
жылдан БҰҰ-ның (Чехословакия 1945 жылдан мүше) мүшесі, 1990 жылдан ЕО-ға
мүшелікке үміткер болып, 01.05.2004 кірді, 1999 жылдан НАТО-ның мүшесі.
4.
Төртінші беті - «Табиғаты».
Мұғалім: Егер
Чехия елінің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстарының игеруі жайлы
білгіңіз келсе, сөз кезегін келесі оқушыға берейік.
Оқушы:
Чехия
жері түгелімен дерлік Орта Еуропаның аласа таулы бөліктерін алып жатыр. Олар:
солтүстігінде Рудный (Крушне) және Судет таулары; шығысында Орлик және оңтүстік-шығысында
Карпат таулары; оңтүстігінде Шумава және оңтүстік-батысында Чех орманы аласа
таулары.Чехияның климаттық жағдайы өте қолайлы. Жаз аса ыстық емес, ауаның
орташа температурасы 21 0С шамасында, күз қазан айынан
басталады. Қыс жылы, көбінесе қар жамылғысы тұрақты емес. Аса қатты аязды
күндері температура -15 0С-қа дейін төмендейді, бірақ мұндай
құбылыс 10 жылда бір рет қайталануы мүмкін. Қысқы орташа ауа температурасы
0 0С градус шамасында. Мұндай климаттық жағдайдың қалыптасуы
жан-жағынан аласа таулармен қоршалып жатуына байланысты. Жылдық орташа
жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 550 мм-ден таулы аудандарда 1400 мм-ге дейін
жетеді.
Чехия
жері қойнауында минералды ыстық сулар мен емдік батпақтар кең таралған. Ол
аудандарда емдеу-сауықтыру орындары көптен салынған. Олардың ішіндегі ең
маңыздысы Карлова Вара гейзері, ол тәулігіне 3 млн л минералды су береді, судың
температурасы 35-72 0С-қа жетеді. Бұл курортта жылына 100
мыңнан астам адам демалады.
Чехия
жері орман ресурстарымен де біршама жақсы қамтамасыз етілген. Елде жалпы ауданы
9270 км (жерінің 12 %) шамасында болатын 1351 қорық бар, оның 3 ірі ұлттық
саябақтар болып табылады. Оның ауданы 1111,2 км. Чехия мемлекеті – табиғат
қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану шараларын ежелден-ақ басты
назарда ұстап келе жатқан ел. Сондықтан да оның көпшілік жерінде тылсым табиғат
қаймағы бұзылмастан сақталған және халықаралық туризмнің көпшілікке танымал
ауданы болып саналады.
Оқушыларға
тапсырма: Карта бойынша Чехияның пайдалы қазбаларың анықта.
(Пайдалы
қазбалардан, әсіресе тас көмір мен қоңыр көмір шоғырланған Солтүстік Чехия және
Острава-Карвин бассейндері, каолин, графит, шыны дайындайтын жоғары сапалы
кварцті құм сияқты кен орындарымен ерекшеленеді)
(
картадан көрсету:

-тас
көмір - графит



- қоңыр көмір
- кварцті құм

-
каолин (ақ саз)
Мұғалім:
қандай қорытынды жасауға болады?
5.
Бесінші беті – «Халқы»
Оқушыларға
тапсырма: кесте толтыру.
(Ескертпе: оқулықтың
82 беттегі «Халқы» алдын ала мәтінің оқып, кесте толтыру, интерактивті тақтаға
жазу)
Халық саны
|
|
Табиғи өсі көрсеткіші
|
Урбанизация
|
Өмір жасының орташа ұзақтығы
|
Халық тығыздығы
|
10,3 млн адам
|
Бір ұлтты, 95% чехтар
|
0,1 ‰
|
77%
|
75 жас
|
1 км2 – 130 адам
|
Мұғалім: кесте
бойынша қандай қорытынды жасауға болады?
6. Алтыншы беті – «Шаруашылығы».
Мұғалім:
·
Отын-энергетика мен қара
металлургия – Острава, Орталық Чехия;
·
Машина жасау (прокат стандары,
ұста-пресс, кен өндіру мен энергетикаға қажетті жабдқтар): Прага, Пльзень,
Брно. Автокөлік «Шкода»;
·
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі:
чех шынысы – Яблонец , чех сырасы – Пльзень, қарындаш фабрикасы
«Кох-и-нор» Ческе-Будеевице ;
·
Ауыл шаруашылығы: қара
мал,бидай, арпа, қант қызылшасы, құлмақ, жүзім;
·
Мемлекет қазынасын толықтыруда туризмнің үлесі
күннен-күнге артуда. Чехияда туризмнің бірнеше түрі дамыған: Чехия
қалалары , минералды су курорттары, белсенді демалу тау шаңғы
курорттары , конгрестік туризм .
·
Конгрестік туризм дегенді
қалай түсінеміз?
(Оқушылар: Чехияның инфрақұрылымы жақсы дамыған және Чехия көптеген қонақүйлер
мен конгрестік кешендерге бай. Мысалы «Прага» атты конгрестік кешенді Әлемдік
банк пен Халықаралық валюттік қор өздерінің жылдағы жиынына таңдады. 2002 жылғы
НАТО саммиті Прагада өтті, осы жиынға 2500 ресми қонақтар мен 3000 тілшілер
қатысты.
7. жетінші беті – «Сыртқы экономикалық
байланыстары».
Оқушыларға тапсырма: 9 - сызбанұсқаға талдау жасау: басты сауда
әріптестері, сыртқа не шығаруы мүмкін.
(Оқушылар: Елдің басты сауда әріптестері көршілес елдер, яғни
Германия, Словакия, Австрия, Ресей. Сыртқа шығаратын өнімдері арасында
машиналар мен жабдықтар және халық тұтынатын өнеркәсіп тауарлары басым.)
Мұғалім: Соңғы
жылдары Чехия мен ҚР арасындағы экономикалық қатынастар жақсаруда. 1998 жылы
екі ел арасындағы тауар айналымы 93 млн АҚШ долларына жетті.
8.Сегізінші
соңғы бет – «Қорытынды»
Тест
орындау:
1. Чехиямен
шектесетін мемлекеттер:
А)
Польша, Словения, Австрия, Германия
В)
Германия, Польша, Словакия, Австрия
С)
Австрия, Болгария, Словакия, Германия
Д)
Германия, Албания, Венгрия, Польша
Е)
Польша, Венгрия, Австрия, Германия
2.
Тәуелсіздік жылы.
А)
1990 ж В) 1991 ж С) 1992 ж Д)
1993 ж
Е)
1994 ж
3.
Чехия жері қандай географиялық объектте орналасқан?
А)
Шығыс Еуропа жазығы
В)
Батыс Сібір жазығы
С)
Орта Сібір таулы қыраты
Д)
Орта Еуропа аласа таулары
Е)
Дунай бойы ойпаттары
4.
Чехияның қорықтар саны:
А) 1351 В)
1352 С) 1353
Д)
1354 Е) 1355
5.
Халық тығыздығы:
А)
1 км – 132 адам В) 1 км – 142 адам
С)
1 км – 152 адам
Д)
1 км – 162 адам Е) 1 км – 172 адам
6.
Чехия теңіз порты қай елде тіркелген:
А)
Германия В) Австрия
С)
Словакия Д) Польша Е) Венгрия
7.
Әйгілі «Кох- и -нор» қарындашын шығаратын қала:
А)
Прага В) Острава С) Яблонец
Д)
Пльзень Е) Ческе-Будеевице
8.
Прага қай өзеннің жағасында орналасқан:
А)
Эльба В) Лаба С) Влтава
Д)
Морана Е) Карвин
9.
Чехияның ең ірі сауда әріптесі:
А)
Германия В) Австрия С) Словакия
Д)
Польша Е) Венгрия
10.
Чех шынысының орталығы:
А)
Прага В) Острава С) Яблонец
Д)
Пльзень Е) Ческе-Будеевице
1.Чехиямен шектесетін мемлекеттер:
А) Польша, Словения, Австрия,
Германия
В) Германия, Польша, Словакия,
Австрия
С) Австрия, Болгария, Словакия,
Германия
Д) Германия, Албания, Венгрия,
Польша
Е) Польша, Венгрия, Австрия,
Германия
2. Тәуелсіздік жылы.
А) 1990 ж В) 1991 ж С)
1992 ж
Д) 1993 ж Е) 1994 ж
3. Чехия жері қандай географиялық
объектте орналасқан?
А) Шығыс Еуропа жазығы
В) Батыс Сібір жазығы
С) Орта Сібір таулы қыраты
Д) Орта Еуропа аласа таулары
Е) Дунай бойы ойпаттары
4. Чехияның қорықтар саны:
А) 1351 В) 1352 С)
1353 Д) 1354 Е) 1355
5. Халық тығыздығы:
А) 1 км – 132 адам В) 1 км – 142 адам
С) 1 км – 152 адам Д) 1 км – 162 адам
Е) 1 км – 172 адам
6. Чехия теңіз порты қай елде
тіркелген:
А) Германия В) Австрия С)
Словакия
Д) Польша Е) Венгрия
7. Әйгілі «Кох- и -нор» қарындашын
шығаратын қала:
А) Прага В) Острава С)
Яблонец
Д) Пльзень Е) Ческе-Будеевице
8. Прага қай өзеннің жағасында
орналасқан:
А) Эльба В) Лаба С)
Влтава Д) Морана Е) Карвин
9. Чехияның ең ірі сауда әріптесі:
А) Германия В) Австрия С)
Словакия
Д) Польша Е) Венгрия
10. Чех шынысының орталығы:
А) Прага В) Острава С)
Яблонец Д) Пльзень
Е) Ческе-Будеевице
1.Чехиямен шектесетін мемлекеттер:
А) Польша, Словения, Австрия,
Германия
В) Германия, Польша, Словакия,
Австрия
С) Австрия, Болгария, Словакия,
Германия
Д) Германия, Албания, Венгрия,
Польша
Е) Польша, Венгрия, Австрия,
Германия
2. Тәуелсіздік жылы.
А) 1990 ж В) 1991 ж С)
1992 ж
Д) 1993 ж Е) 1994 ж
3. Чехия жері қандай географиялық
объектте орналасқан?
А) Шығыс Еуропа жазығы
В) Батыс Сібір жазығы
С) Орта Сібір таулы қыраты
Д) Орта Еуропа аласа таулары
Е) Дунай бойы ойпаттары
4. Чехияның қорықтар саны:
А) 1351 В) 1352 С)
1353 Д) 1354 Е) 1355
5. Халық тығыздығы:
А) 1 км – 132 адам В) 1 км – 142 адам
С) 1 км – 152 адам Д) 1 км – 162 адам
Е) 1 км – 172 адам
6. Чехия теңіз порты қай елде
тіркелген:
А) Германия В) Австрия С)
Словакия
Д) Польша Е) Венгрия
7. Әйгілі «Кох- и -нор» қарындашын
шығаратын қала:
А) Прага В) Острава С)
Яблонец
Д) Пльзень Е) Ческе-Будеевице
8. Прага қай өзеннің жағасында
орналасқан:
А) Эльба В) Лаба С)
Влтава Д) Морана Е) Карвин
9. Чехияның ең ірі сауда әріптесі:
А) Германия В) Австрия С)
Словакия
Д) Польша Е) Венгрия
10. Чех шынысының орталығы:
А) Прага В) Острава С)
Яблонец Д) Пльзень
Е) Ческе-Будеевице
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.