Инфоурок Другое СтатьиХалық өнері - асыл қазына

Халық өнері - асыл қазына

Скачать материал

Халық өнері - асыл қазына

 

         Мақсаты: Ұмыт болған салт-дәстүрлерді дәріптеу. Оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

        

          Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, суреттер.

         Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру-әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

 

                       Біздер бұрын көрмеген,

Салт—дәстүрім өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымда өрлеген.

Егемен болмай-ел болмас,

Етек – жеңі кең болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас

демекші толып жатқан өнердің біразына тоқталып өтсек:

 

                              Қазақтың күй өнері

Домбыра мұнша  шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе

                                                                                            (Қ. Аманжолов)

 

      Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған.

Сайын далада, самал желмен жарысып, жүйрік баптап, табиғатпен еркін тілдесіп, төрттүлік малдың жайын күйіттеп қана қоймай, тұма өнерді қастерлеп өткен бабаларымыз, қажетсіз ақпараттармен лайланбаған саналарын сарабдал ұстап, сұлулыққа, өнерге деген құштарлықтарын төмендетпестен ғұмыр кешкен.

 

Бейнелеу өнері

 

       Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi. Неолит және қола дәуiрiнде тасқа бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды.

 

    Қазақ халқының би мәдениетi ежелден-ақ белгiлi болған. Би — ұлттық өнердiң басқа да түрi сияқты халық тұрмысына берiк енiп, олардың әдет-ғұрып ерекшелiгi мен iс-әрекетiн бейнелейтiн өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететiн халық биi “Өрмек би”, аңшылар өмiрiн бейнелейтiн “Қоян би”, әзiл-сықақ пен күлкiге құрылған “Аю биi”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билерi — ежелгi би мәдениетiнiң куәсi. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгiштiгiн жан-жақты аша түседi. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүрiп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткiзу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсiп, көрермендерге өздерiнiң бишiлiк шеберлiгiн көрсететiн болған.

 

Ұлттық театр өнерiнiң белгiлерi халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдiк, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шiлдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кiмдi қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнерiне, ақындар айтысы мен шешендiк өнерге саяды. Қазақ театр өнерiнiң тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсiби театрларының ашылуы ықпал жасады;

 

    Қазақ киносы Қазан төңкерiсiнен кейiн пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшiк кино залы жұмыс iстедi. Олар негiзiнен iрi қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бiрiншi киносеанстар 1910 жылдан көрсетiле бастады. Киноның алғашқы белсендi насихатшыларының бiрi — Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерiнде саяхатта болып, Испания, Үндiстан, Қытай, т.б. елдердiң өмiрiнен түсiрiлген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келдi. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерiнiң 5-съезiн Мәскеу киношежiрешiлерiнiң пленкаға түсiруi Қазақстандағы бiрiншi кино түсiру қадамы болып саналады. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн де қазақ киносы өзiнен бұрынғы дәстүрдi лайықты жалғастыра отырып, әлемдiк кино өнерi туындыларының байқауларында жүлделi орындарға ие болды.

           

Цирк

Қазақ цирк өнерi көшпендi тiршiлiктiң ыңғайымен бiте қайнаса дүниеге келдi. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен бiлдiрiп, түрлi дене қимылдарымен жұртты күлдiру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзiл-ажуа сөздермен көпшiлiктiң көңiлiн көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерiнiң алғашқы нышандары көрiнiс бердi.                                            

            Алты алаш деген кім?

-         Алты алаш –Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған.

-         Үш жүз деген кім?

-         Үш жүз-Қазақтың ағайынды үш баласы: Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс.

-         Балалар жеті ата деген кім?

                  Хормен: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

 

Төле би, Ер Қазыбек, тілді Әйтеке,

Асқар тау Қазығұрттай білімді еді.

Бірі  -күн,  бірі  туған    айдай   болып,

Заманға    сәйкесімен    келіп  еді.

 

  Біздің    ата – бабаларымыз   данышпан  ,  шешен   болған.  Олар    кез- келген   сұрақтарға,  жұмбақтарға    ойланбай   жауап  берген.

 

 

Қол  бастау    қиын  ба?

Жол   бастау   қиын  ба ?

Сөз  бастау    қиын  ба?

 

Қол  бастау   қиын  емес,

Көк   найзалы  ерің  болса.

Жол  бастау   қиын  емес

Соңыңа    ерген    елің  болса.

Бәрінен  де  сөз   бастау  қиын                     

Тауып  айтсаң    мереке  қылады, 

Таппай    айтсаң    мереке    қылады.

 

Әз- Жәнібек : « Дүниеде    не  өлмейді?»

 

  Би :

Ағын    су  өлмейді ,

Асқар  тау  өлмейді,

Аспанда   ай  мен    күн  өлмейді,

Әлемде    қара   жер  өлмейді .

 

   Сонда    Жиренше    шешен   бәріне   қарсы   шығыпты .

 (ЖиреншеJ

Ағын    судың    өлгені ,

Алты   ай  қыста    қатқаны .

Асқар    таудың    өлгені ,

Басын    бұлттың    жауғаны.

Ай  мен   күннің    өлгені,

Еңкейіп  барып   батқаны.

Қара  жердің   өлгені ,

Қар   астында    жатқаны.

Ажал   деген    атқан   оқ,

Бір  алланың   қақпаны.

Дүниеде   не  өлмейді?

Жақсының   аты  өлмейді.

Ғалымның   хаты   өлмейді.

 

:   Балалар  ,  сендерге    айтар    он  түрлі    жұмбағым  бар.  Соны  шешкенде   жаман   әдеттен    сақ  боласыңдар.

-Айтыңыз ,  шешеміз. (Оқушылар)

-:  Айтсам ,  он  түрлі   жұмбағым    мынау:  Бір ,  екі,  үш,  төрт ,  бес , алты ,  жеті,  сегіз, тоғыз, он . Он   жұмбақты   он  оқушы   шешеді.

 

- Бір  дегеніміз- бірлігі  кеткен   ел  жаман.

- Екі   дегеніміз- егесіп өткен   ер  жаман.

-  Үш  дегеніміз-  үш  бұтақты   шедірден   шалынған   ат  жаман.

- Төрт  дегеніміз – төсектен   безген    жас  жаман.

- Бес  дегеніміз – белдесіп   шапқан   жау  жаман.

- Алты  дегеніміз – асқынып   кеткен   дерт   жаман.

- Жеті   дегеніміз – жас  келіншек  жесір  қалса   сол  жаман.

- Сегіз   дегеніміз – серпілмеген    қайғы  жаман.

- Тоғыз  дегеніміз – торқалы  той ,  топырақты    өлімге  бас    көрсетпесе   сол  жаман.

-Он  дегеніміз – оңалмас   кәрілікке   дауа  болмас.

 

- Балалар   рахмет,   дәл  шештіңдер. Жақсы   адам   мақалшыл   келеді   дейді . 

 

                           ХОР «Ата дәстүрлері- ай».

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Халық өнері - асыл қазына"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2016 2779
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукей Айжан Мукей. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукей Айжан Мукей
    Мукей Айжан Мукей
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25820
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой