Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / ХХІ – ғасыр көшбасшысы.

ХХІ – ғасыр көшбасшысы.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: ХХІ – ғасыр көшбасшысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып , табандылықпен шешім қабылдауға , оны дәлелдеуге , пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қатысушылар арасынан лидерді анықтау.

Сабақтың көрнекілігі : Мультимедиа. Электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып ,тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары. Мектепте білімді сапалы ,тәрбиелі бала тәрбиелеу мәселесі – біздің еліміздің , ұлттық өрлеуіміздің , нұрлы болашағының мәселесі. Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов «Халықпен халықты , адаммен адамды теңестіретін нәрсе- білім » деген екен. Қазіргі таңда Қазақстанға білімді де білікті жастар қажет. Алдарыңызда тұрған ХХІ ғасырдың талапты да дарынды жастарымен таныс болыңыздар. Сайысқа қатысуға 9 оқушы іріктеліп алынды.

Ендеше осы алдарыңызда тұрған білімді жастарға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Жаны жайсаң, жүрегі толған нұрға

Шәкірт үшін биік тұлға зор тұлға .

Асқақтатқан абыройын мектептің

Ризамыз Култазина Миуа апайға.

2. Мектептің ыстығына күйетін

Шәкірттері қадірлейтін сүйетін

Асанбекова Аққыз ұстазым

Жүрекке жыр көңілге сыр түйетін.

3. Бүгінгі күн үш тілді де меңгерген ,

Өгейсітпей үш тілді де тең көрген.

Оразбек ұстаз шәкірттерге ұқтырар

Тіл білімін оқушыға ендірген.

Ал енді, құрметті көрермендер бүгінгі сайыста бақтарын сынамақ болып тұрған сайыскерлермен таныс болайық.

1 оқушы Мырзагелдіұлы Нұрсұлтан «Еңбек бәрін де жеңбек» деген қанатты сөзді үнемі

жадында ұстайды.

2 оқушы Ашимова Ақбаянның кредосы «Білімді мыңды жығады , білекті бірді жығады »

3 оқушы Сүлейменова Гүлзия «Халқыңа тырнақтай болса да пайдаң тисін» деген

Бауыржан Момышұлының сөзін ұстанады.

4 оқушы Сарбасова Ақмарал «Армансыз адам қанатсыз құс» деп ойлайды.

5 оқушы Сарбасов Ибрагим «Білімді ұрпақ- ел болашағы дей отырып » өзі де соған сай

болуға тырысып жүр.

6 оқушы Қанатбаева Фариза «Білімсіздің күні қаріп , білімдінің түні жарық» деген

кредоны мақсат еткен.

«Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар» - деген екен Жүсіп Баласағұн.

Олай болса , құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой ,терең біліммен пәндер бойынша алған білімдеріңізді көрсетіңіздер.

1 тур . «Бәйге»

«Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын

Қосатұғын күрең атын ,боз атын,

Басталады бәйге, атты жарысың

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын»

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

І.

1.Дүние жүзіндегі ең терең көл. / Байкал/.

2.Қандай геометриялық фигураларды білесіз. /Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер./

3.Ж.Жабаев биыл қанша жасқа толады? /161 жасқа/.

4. Зат табиғатта неше күйде болады? / қатты , сұйық , газ/.

5. Буын үндестігіне бағынбайтын септік. /көмектес/.

6. Ішкі секреция бездерінің қанға бөліп шығаратын заты. /гормон/.

7. Қарлұқ қағанатында кең тараған дін. /ислам/.

ІІ.

1. 2030 жылы еліміз экономикасы дамып, қандай деңгейге жетеді, еліміздің дамуын қандай аңға теңейді? /барысқа/.

2. Бір нүкте ,екі ортақ сәуледен тұратын фигура. / бұрыш/.

3. Махамбет қай облыста дүниеге келген? /Б. Қ. О/.

4. Кері итеруші күшті кім ашты? / Архимед/.

5. Грамматиканың сөз тіркесі мен сөйлем туралы саласы не деп аталады? /Синтаксис/.

6. Зақымданған жердің қайтадан қалпына келу құбылысы / регенерация/.

7. Шыңғыс хан қай баласына өз билігін мұрагерлікке берді? /Үгедей/.

ІІІ.

1. Қала халқының санының өсуі / урбандалу/.

2. Кернеуді қандай құралмен өлшейді? / вольтметр/.

3. Көксерек әңгімесіндегі баланы аты кім? /Құрмаш/

4. у х 3 функциясының графигі қалай аталады? /гипербола/.

5. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің . Қай шақ екенін табыңыз / келер шақ/.

6. Қан беруші адам. / донор/.

7. Қарахандар мемлекетінің астанасы. /Тараз/

Іv

1. Фонтан түрінде оқтын –оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар. / гейзер/.

2. у х 2 функциясының графигі қалай аталады? /парабола/.

3. Абайдың әжесінің аты кім? /Зере/.

4. Дене шеңбер бойымен қозғалғанда үдеу қалай бағытталады? /шеңбердің центріне/.

5. Зат есімнің жалғаулары. / төртеу/.

6. Күннің жарық энергиясынан болатын құбылыс. / фотосинтез/.

7. Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет. / Қарахан мемлекеті/.

v

1. Қанды қызыл түске бояйтын химиялық элемент. / темір/.

2. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі. / кесінді/.

3. Көшпенділер романының авторы кім? / І . Есенберлин/.

4. Бірінші ғарыштық жылдамдық / v ═ 7,9 км/ с /

5. Ажал айтып келмейді. Қимылдың шақ түрін айтыңыз. / ауыспалы осы шақ/.

6. Адамда қанша сүйек бар? /206/.

7. Қыпшақтардың негізгі шаруашылығы. / Мал шаруашылығы/.

vІ

1. Ең ұзын параллель. / экватор/.

2. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады? / пропорция/.

3. Атымды айта бастасам тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады. Повестің авторы мен атын атаңыз. / Б.Соқпақбаев. «Менің атым қожа»/.

4. Ньютон қай физикалық шаманың бірлігі? / күш/.

5.Сөздердің дұрыс айтылуын не дейміз? / орфоэпия/.

6. Асқазан сөлінің құрамында болатын қышқыл. / тұз қышқылы/.

7. vІ ғасырда Қазақстан жерінде пайда болған қандай мемлекет? / Түркі мемлекеті/.

2 –тур. Полиглот.

Қайсар да қатал , білімді де білікті батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт –санасының,мұрасының қай дәрежеде көрсететін сөзсіз дәлел мөлшері » деп айтқандай , біз келесі ойынымызда оқушылардың өз тілімен қатар орыс ағылшын тілдерін қалай білетінін көреміз.

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі

Ой қалдырған , сөз қалдырған еселі.

«Тіл» өнері сайысына қатысып,

Жұмбақтарды үш тілде кім шешеді?


1.Шаршап жүріп құдық қазсаң, Тынығып жатып не ішесің? / су вода, water /.

2. Мектеп кеме ,білім ............... /теңіз ,море, sea /.

3. Қорада малың болсын ,көшеде ...............болсын /тал, дерево tree , /

4. Біреуге мал қайғы , біреуге ...............қайғы. / жан , душа soul /

5. Бабалар еккен шынарды ..................саялар / балалары, дети , children/

6. Адам көркі шүберек, ағаш көркі ................. / жапырақ, лист , foliage/

7. Қыз өссе елдің көркі ................ өссе жердің көркі / гүл, цветок ,flower/

8. Құрғақ жерде сақтайсың , онсыз тамақ татпайсың. /тұз, соль, salt/

9. Көп сөз көмір ,азсөз ...................... / алтын, золото, gold/

10. Нан бар жерде ...................бар. / ән, песня, song/

11. Қасиетті сан. / жеті , семь, seven/

12. Кең әлемді кернейді , көзің бірақ көрмейді. / ауа, воздух, air/

2 турдан соң ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

3 тур. «Ғажайып жетілік»

Ал шәкірттер алдын артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтар қалмасын,

«Ғажайып жетілік» бөлімінде

Таблодан сұрақтар таңдасын.

20 балл . Қазақстанның астанасы неше рет ауысты? / 3 рет/.

20 балл. Ұйқы безі қандай гормон бөледі? / инсулин/.

20 балл. Мұнай қандай өлшеммен өлшенеді? / баррель/.

30 балл. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады?

/ Планиметрия/.

30 балл. Көкөністерді тұздағанда қандай физикалық құбылыстар әсер етеді? / диффузия/.

30 балл. Жанрдың түрлерін атаңыз. / Поэзия, драма, проза/.

40 балл. Салыстырмалы атомдық массасы 32-ге тең қай элемент? / күкірт/.

40 балл. Абылай ханның шөбересі, Уәлиханның немересі, Шыңғыстың баласы .Ол кім?

/ Ш. Уәлиханов/.

40 балл. Жанартау ең көп атқылайтын ел . / Исландия/.

4 тур. «Тікелей сұрақтар».

Тағы да келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз бойланып,

Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,

«Тікелей сұрақтар да күтіп тұр».


1. Бұл әңгімеде тау асып,тас басып,көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдыры баяндалады.

«О, туған жер. О, қасиетті атамекен . Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа ..... Ел шетіне бір жеткізсең,екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О, Алла , аманат жанымды бүгін алсаң да разымын»

Бұл қай әңгімеден алынған үзінді. Авторын атаңыз.

/Қабдеш Жұмаділов . «Қаздар қайтып барады».

  1. Кескінделген алғашқы екі фигура арасындағы байланыс соңғы екі фигурада да болуы үшін сұрақ белгінің орнына қандай фигураны орналастыру керек?


hello_html_1a8ee449.gif

А В С Д

3. Австралияның жануарлар және өсімдіктер дүниесі өте бай және ерекше екенін бәріміз білеміз . Бірақ Австралияда бірде-бір мәдени өсімдіктер болмаған . Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады ?

/ Австралия тұрғындары материк ашылғанға дейін жабайы өмір сүрген/.

4. Оңтүстік Қазақстан облысында алып адам бар екені барлығымызға белгілі . Бойы 2 метр 20 см . Бұл жігіт әскерге барғанда бойы кішкентай болған екен, әскерде жүргенде бірден өсіп кеткен . Келгенде тіпті туыстары таңқалды. Сұрақ: бұл жігіттің бойының бірден өсуіне не себеп болған ?

/ Гипофиз гормонының бірден көп бөлінуіне байланысты/.

Осы турдан кейін балы ең аз екі оқушы ойыннан шығады.

5 тур. «Жорға».

Басталады «жорға »деген сайысың,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың , алғырлығың сыналар

Кәне шәкірт көрінедіі қай ісің?

1.Өнеркәсіптің негізгі металы. /темір/.

2. Ең ыстық материк. / Африка/.

3. Фамилиясы екі әріптен тұратын неміс физигі. /Георг Ом/.

4. Жамбыл қай тауда дүниеге келген? /Жамбыл/.

5. Үш арсыз бар: ұйқы арсыз, тамақ арсыз және ............. / күлкі арсыз.

6. Палеозой эрасында қанша дәуір бар? / 6 дәуір/.

7. Жирафтың мойын омыртқа саны: / жетеу/.

8. Қан аздық ауруы. / анемия/.

9. Ең үлкен құс. / страус/.

10. Абай Құнанабаев қай жылы дүниеге келген? /1845 жылы/.

11 .Ең алғашқы қазақ мектебін кім ашты? / Ыбырай Алтынсарин/.

12. Заттың ең кіші химиялық бөлінбейтін бөлшегі. /атом/.

13. Түріктердің билеушісін кім деп атаған? / қаған/.

14. Басы бар аяғы жоқ түзу. /сәуле/.

15. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен мемлекет. / Бразилия/.

16. Қиылыспайтын екі түзу. / параллель/.

17. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? / шаңырақ/.

18. Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар? /7/.

19. Антропоген қай эраның дәуірі? / кайнозой/.

20. Қанның қызыл түсті жасушасы. / эритроцит/.

6 тур. «Дода».

Жақсы сөзге жүрегі жай табатын

Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын,

Білімді , шешен тілді оқушы бар ма?

«Додада» жеңемін деп шықсын алға.


Оқушылардан ұпайы көп оқушы таблодан сұрақты таңдайды.

Сұрақ: 1 Қазіргі заманның өзекті әрі шешімі табылмай отырған проблемаларының бірі –жасөспірімдердің есірткіге құмартуы болып тұр. БҰҰ –ның сараптамашылары берген бағасына сәйкес есірткіні қолданатын адамдардың саны Қазақстан бойынша 500 мыңға жеткен. Оның ішінде 400 мыңы жасөспірімдер мен жастар. Осы проблемадан шығу жолын ұсыныңыз.

Сұрақ 2: Адамның іс-әрекетінен табиғаттың өзгеріске ұшырауы.

Сұрақ 3: Қазақстан латын алфавитіне көшуі керек пе? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.


Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі мектеп директорының инновация істері жөніндегі орынбасары Култазина Миуа апайымызға беріледі. беріледі.

Жеңімпаз марапатталады.









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: ХХІ – ғасыр көшбасшысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып , табандылықпен шешім қабылдауға , оны дәлелдеуге , пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қатысушылар арасынан лидерді анықтау.

Сабақтың көрнекілігі : Мультимедиа. Электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып ,тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары. Мектепте білімді сапалы ,тәрбиелі бала тәрбиелеу мәселесі – біздің еліміздің , ұлттық өрлеуіміздің , нұрлы болашағының мәселесі. Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов «Халықпен халықты , адаммен адамды теңестіретін нәрсе- білім » деген екен. Қазіргі таңда Қазақстанға білімді де білікті жастар қажет. Алдарыңызда тұрған ХХІ ғасырдың талапты да дарынды жастарымен таныс болыңыздар. Сайысқа қатысуға 9 оқушы іріктеліп алынды.

Ендеше осы алдарыңызда тұрған білімді жастарға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Жаны жайсаң, жүрегі толған нұрға

Шәкірт үшін биік тұлға зор тұлға .

Асқақтатқан абыройын мектептің

Ризамыз Култазина Миуа апайға.

2. Мектептің ыстығына күйетін

Шәкірттері қадірлейтін сүйетін

Асанбекова Аққыз ұстазым

Жүрекке жыр көңілге сыр түйетін.

3. Бүгінгі күн үш тілді де меңгерген ,

Өгейсітпей үш тілді де тең көрген.

Оразбек ұстаз шәкірттерге ұқтырар

Тіл білімін оқушыға ендірген.

Ал енді, құрметті көрермендер бүгінгі сайыста бақтарын сынамақ болып тұрған сайыскерлермен таныс болайық.

1 оқушы Мырзагелдіұлы Нұрсұлтан «Еңбек бәрін де жеңбек» деген қанатты сөзді үнемі

жадында ұстайды.

2 оқушы Ашимова Ақбаянның кредосы «Білімді мыңды жығады , білекті бірді жығады »

3 оқушы Сүлейменова Гүлзия «Халқыңа тырнақтай болса да пайдаң тисін» деген

Бауыржан Момышұлының сөзін ұстанады.

4 оқушы Сарбасова Ақмарал «Армансыз адам қанатсыз құс» деп ойлайды.

5 оқушы Сарбасов Ибрагим «Білімді ұрпақ- ел болашағы дей отырып » өзі де соған сай

болуға тырысып жүр.

6 оқушы Қанатбаева Фариза «Білімсіздің күні қаріп , білімдінің түні жарық» деген

кредоны мақсат еткен.

«Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар» - деген екен Жүсіп Баласағұн.

Олай болса , құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой ,терең біліммен пәндер бойынша алған білімдеріңізді көрсетіңіздер.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров284
Номер материала 284423
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх