Описание презентации по отдельным слайдам:
ГРАФИКАЛЫҚ ТЕСТ. 1.Азот II периодтың V тобының негізгі топшасында орналасқан. 2.Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 7 электрон бар. 3.Бос күйіндегі азот ауаның 78,1 % - ін құрайды. 4. Азот ( IV ) оксиді негіздік оксид. 5.Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді. 6.Азот қышқылының тұздары сульфаттар деп аталады. 7. Азот сутекпен әрекеттесіп, аммиак түзеді. 8.Азот қышқылы түссіз, өзіне тән иісі бар газ. 9.Азот қосылыстарда -3 , +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді. 10.Нитраттар көбінесе азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады.
№ 2 тапсырма. ТОЛЫҚТЫРУ ТЕСТІ. Таза азот -------, иіссіз --------. ------- өткір иісті тұншықтырғыш газ. Азот ( IV) оксиді өткір иісті тұншықтырғыш, ------------ түсті, ------- газ. Азот қышқылы түссіз , өзіне тән иісі бар ---------. Азот ( II) оксиді түссіз, ------- өте аз еритін ------. Керекті сөздер: газ, улы, аммиак, газ, сұйықтық, суда, қоңыр, түссіз.
Қызықты әңгіме – жұмбақ: Біз негізі үш егіз жігітпіз: мен – Ақбаймын, Қарабай, Қызылбек деген ағайларым бар. Түріміз де, мінезіміз де ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келемін, өзім улы заттар қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын, Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді, ал Қызылбек сіріңке зауытының директоры. Мен және менің туыстарым кімдер?
Номер материала: ДВ-427434
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |