Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Құқық негіздері пәні бойынша сабақ жоспары "Неке және отбасы құқығы негіздері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Құқық негіздері пәні бойынша сабақ жоспары "Неке және отбасы құқығы негіздері"

библиотека
материалов

Сабақ жоспары / План занятия



Тобы / Группа: 5.13.31,32; 16.13.31,32; 4.13.31,32

Күні / Дата:

Пәні / Предмет: Құқық негіздері

Тақырыбы / Тема: Неке және отбасы құқығы негіздері

Сабақ түрі / Вид занятия: Жаңа білім мен дағдыны меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері / Методы и приемы занятия: Жаңа білімді меңгерту мақсатында тақырыпты түсіндіріп баяндау, өзара сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін сараптау. Сонымен қатар білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, видеороликті қорытындылау

Сабақтың мақсаты / Цель занятия:

Білімділік: Пән арқылы білім алушыларды ҚР-ның заңдарымен жан-жақты таныстыру, әр бап бойынша толық мағлұмат беру, ұғындыру

Дамытушылық: ҚР-ның Неке және отбасына арналған заңдарын толық меңгерту мақсатында заңдармен және оқулықтармен жұмыс жасауға дағдыландыру

Тәрбиелік: Пән арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра отырып, саналы да сапалы маман болуға тәрбиелеу

Көрнекі құралдар ОТҚ / Наглядные пособия ТСО: ҚР Конституциясы, ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексі, видеоролик

Сабақ құрылымы / Структура занятия

1.Сабақ ұйымдастыру / Организационный момент: Білім алушылармен амандасу, аудиторияның тазалығы мен дәріс өткізуге қолайлылығын тексеру, білім алушылардың сабаққа қатысын түгендеу, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақты бастау



2.Өткен материалды қайталау / Повторение пройденного материала: ҚР Конституциясын негізге алу арқылы білім алушылардың білімін тексеру және жаңа тақырып бойынша пікірлерін тыңдау



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру / Объяснение нового материала

1.Неке және отбасы ұғымы

2.Алименттік міндеттемелер

1.Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы. Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жеке бастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексі болып табылады (2011 жыл 27 желтоқсан № 518-ІV).

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1)еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;
2)отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
3)отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4)отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;
5)балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;
6)отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;
7)отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;
8)отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді.


Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1)отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;
2)некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
3)жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4)азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді;
5)азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.

Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет. Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.Неке мен отбасын қорғау. Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы. Екінші түрі — отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б. Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

Сонымен, отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.

2.Алименттік міндеттемелер. Алименттер (лат. alimentum — "тағам, асырап-бағу") — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді. Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

1.Бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінің өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

2.Олардың қатаң жеке бастық сипаты бар. Мұнын мәнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға көшпейді;

3.Алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

1.Субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

2.Заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушының мұқтаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын кәмелетке толмағандығы және басқалары);

3.Тараптардың алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндіріп алу жөніндегі шешімі.

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

1.Ата-аналардың балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

2.Балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

3.Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері;

4.Кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

Алименттерді есептеу тәртібі. Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен көмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалакысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға — үштен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін— тең жартысы мөлшерінде. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады. Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 1/4 бөлігінің орнына 1/6 бөлігін өндіріп алуды белгілейді. Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мысалы, балалардың ауыр науқасы, шипажайлық ем қажеттігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы. төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді. Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретіғіде алимент өндіріп алудан басқа — ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған. Сот бұл соманың мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларына орай әрбір нақты жағдайды жеке айқындайды. Алименттердің тұрақты ақша сомасы ретінде өндіріп алынуының мысалдары көп кездеседі: алимент төлеушінің табысының тұраксыздығы немесе жиі өзгеріп отыруы; жалакысын заттай алуы және т.б. Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланысты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананың жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мәжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден касақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар кәмелетке толғанда тоқтатылады. Алайда заң кәмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігін де қарастырады. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар еңбекке жарамсыз болып табылады. Сот балалардың мұктаждығын нақты жағдайларды ескере отырып аныктайды. Біріншіден, ешқандай табысы жоқ адам мұктаж деп танылады, екіншіден, егер тапкан табысы қалыпты тұрмыс құруға жеткіліксіз болса (өмір сұру минимумынан төмен). Сот жақтардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алиментін ол төленетін соттегі айлық есептік көрсеткішке (АЕК) қатысты еселеп белгілейді. АЕК 1000 теңге болса, сот 6 еселік көрсеткіш белгілейді, демек, айсайын өндіріліп алынатын сома 6000 тенге (1000x6=6000) болады. Еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырап-бағу міндеті ата-аналардың екеуіне де бірдей. Ата-аналарға қамқорлық. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамкорлық жасауға және оларға көмек көрсетуге міндетті. Ата-анаға қамкорлық дегеніміз — оларға моральдық қолдау көрсету, тиісті көңіл бөлу, құрметтеу және көмектесу. Олардың өмір сүруіне қажетті материалдық қаржы бөлу, ата-аналарға көрсетілетін көмектің айрықша түрі болып табылады. Әдетте, кәмелетке толған балалар тарапынан көмек көрсету ерікті болып табылады. Бірақ кәмелетке толған балалары тиісті көмек көрсетпеген жағдайда, ата-аналарының сот арқылы олардан алимент өндіріп алуға қақысы бар. Алименттер кәмелетке толған балалардың әрқайсысынан өндіріліп алынады. Алимент мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, айлық есептік көрсеткішке қатысты еселенген түрде сот айқындайды. Демек, сот балалардың әрқайсысына қатысты тең еселенген көрсеткіш не бұған керісінше көрсеткіш қолдана алады. Қызы 5 еселенген мөлшерде алимент төлеуге міндетті болса, ал ұлы — 7 еселенген мөлшерде, өйткені сот бұл арада қызының көмелетке толмаған өз балалары барын да ескерген. Сонымен айлық есептік көрсеткіш 1000 теңгені құрайтын болса, еңбекке жарамсыз ана ай сайын 12000 теңге (5х1000)+(7х1000) алып тұратын болады. лайда балаларынан алимент талап етуші ата-аналары бұрын оларды асырап-бағудан жалтарған болса, онда сот балаларды ата-аналарын асырап-бағу міндетінен босатуы мүмкін. Отбасылық заңнама сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде біріне-бірі материалдық қолдау көрсету міндеттерін де көздейді. Ерлі-зайыптылар арақатынастары қалыпты болған жағдайда бір-біріне ерікті түрде көмектесіп тұрады. Бірақ ерлі-зайыптылар біріне-бірі көмек көрсетпеген жағдайда, мұқтаж жұбайы алимент өндіріп алу жөнінде сотқа талап түсіруге қақысы бар. Сот тәртібімен алимент өндіріп алу үшін мынадай шарттардың болуы қажет: • тіркелген неке; • еңбекке жарамсыздығы және материалдық көмекке мұқтаждығы; • мұндай көмек көрсету үшін екінші жұбайының қажетті қаржысы болуы керек. Әйелінің жүкті кезінде және олардың ортақ балалары туған күннен бастап үш жыл бойына өз жұбайынан асырап-бағуға қаржы сұрауына құқығы бар. Әйел екіқабат кезінде жүктілігі мен тууына байланысты еңбек демалысына шыққанша жұмыс жасайды, бұл жағдай көбінесе осыған байланысты. Осы кезеңде, сондай-ақ бала туғаннан кейін ананың қосымша шығындары көбейіп кетеді: бала тағамы, нәрестенін киім-кешегі, медициналық көмек және басқалары. Бұлардан басқа, заңда мүгедек баласын бағып-күтетін жұбайдың алимент өндіріп алу құқығы да көзделген. Қажетті қаржысы бар бұрынғы жұбайынан сот тәртібімен алименттер төлеуді талап етуге мынадай қақысы бар: • бұрынғы әйелі жүкті кезінде және ортақ балаларын туған күннен бастап үш жыл бойына;

ортақ мүгедек балаларын бағып-күтетін мұқтаж, бұрынғы жұбайы;

некелерін бұзғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған мұқтаж, бұрынғы жұбайы.

Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы. Алименттік міндеттемелер мына жағдайларда тоқтатылады. Егер алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған болса, онда ол баланың кәмелетке толуына байланысты тоқтатылады. Егер кәмелетке толмаған бала некеге тұрса, онда алименттікке міндеттемелер де тоқтайды. Алименттер төлеу, сондай-ақ асырап-бағу үтттін сот тәртібімен алименттер өндіріліп алынған, бала асырап алынған жағдайда тоқтатылады. Бұрынғы жұбайлардың алименттік қатынастары алимент алатын жұбайының жаңадан некеге тұруына байланысты тоқтатылады. Бұрынғы жұбайының еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенде немесе оның алименттік көмекке мұқтаждығы тоқтаған жағдайда алименттік қатынастар тоқтатылады. Алименттік қатынастар алимент алушы адамның немесе оны төлеуге міндетті адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Егерде алименттік міндеттемелер тараптардың алименттер төлеу жөніндегі келісімімен белгіленген болса, онда ол тараптардың біреуі қайтыс болған жағдайда не келісім мерзімі өткен жағдайда, не алименттер төлеу жөніндегі келісімде көзделген негіздерге байланысты болады. Сонымен, алименттер дегеніміз — заңда белгіленген жағдайларда отбасының бір мүшелерінің оның екінші бір мүшелері пайдасына төлеуге тиісті белгілі бір ақшалай қаражаттары. Алименттік міндеттемелердің негізі — отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке жарамсыз және мұктаж мүшелерін асырап-бағу. Алименттер сот шешімі бойынша (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімі бойынша (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді. Алименттік міндеттеме — бұл сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын кұқықтық қатынастар. Оған байланысты алименттік міндеті бар адам (төлеуші) басқа адамға (алимент алушыға) оны асырап-бағуға қажетті қаржы төлеп тұруға міндеттенеді, ал алушының талап етуге қақысы бар.

Cабақты бекіту бөлімі:

  1. Неке және отбасы ұғымы

  2. «Неке және отбасы» Кодексінің қағидаттары

  3. Юрисдикциялық және бейюридикциялық қорғау негіздері

  4. Алимент ұғымы және белгілері

  5. Алиментті төлеу тәртібі мысалымен

  6. Алименттік міндеттемелердің түрлері және есептеу тәртібі

  7. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы жағдайлары



Cабақты қортындылау бөлімі:



Бағалау:



Үйге тапсырма: ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексін негізге ала отырып, ерлі-зайыптылар мен балалардың құқықтық мәртебелерін жазып, ауызша баяндауға дайындалып келу





Оқытушы: Шайдоллаева Айсулу Нургабыловнаhello_html_5cc8fa15.gifhello_html_5cc8fa15.gifhello_html_5cc8fa15.gifhello_html_5cc8fa15.gif

Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1492
Номер материала ДВ-231188
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх