Инфоурок География СтатьиҒылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Скачать материал

 

Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары

 

 

Дайындаған:

Көкшетау қаласындағы

№14 ОМ мұғалімі

Досанова С.А.

 

Аңдатпа

 

Жұмыстың мақсаты:        Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдарын анықтау.

 

 

Зерттеу кезеңдері:                   Ғылыми жұмыстың зерттелуі екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең— алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы.

 

Әдістемесі:                    бақылау,статистикалық мәліметтер     жинақтау

                                                           

 

Зерттеу жаңалығы:               Ғылыми–жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктер жөнінде ғылыми еңбектер мен статистикалық  мәліметтерге талдау жасалып,ол мәселелерді шешудің жолдары көрсетілді.

 

Қорытынды:                           Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі тұжырымдары баяндалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қарастырып отырған мәселенің зерделенетін бағыттары айтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

І.  Кіріспе бөлім

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

  • Жобаға қатысты ғылым негіздері;

·         Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктер;

·         Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары.

ІІІ. Қорытынды бөлім

 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        

Қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру саласында «білімді адам» (білім, білік, дағдыны меңгерген адам) парадигмасының «өмірлік іс-әрекеттерге дайындалған, құзыреттіліктер жүйесін меңгерген адам» (функционалдық сауаттылығы дамыған адам) парадигмасына ауысуы, яғни белсенді, шығармашылық ой-санасы қалыптасқан, өзін-өзі дамытатын, интеллектуалдық тұрғыда өзін жетілдіретін адамның қалыптасуын іске асыруға байланысты білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет етеді.

Мемлекет басшысы да 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «білім – тек білім беріп қана қоймай, алған білімін әлеуметтік бейімделу процесінде де пайдалануға икемделуі керек» деп тұжырымдаған болатын . Осыған орай, Елбасымыздың 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» бекітті.

Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Сонымен қатар аталмыш бағдарламадағы басымды бағыттарының бірі ретінде 2015 жылы 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісінде білім мазмұнының когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттерін кіріктіру арқылы білім беру деңгейлерінің жаңартылған мазмұндағы стандарттарын, оқу бағдарламаларын әзірлеу мен оларды оқу үдерісіне енгізу белгіленген .

Жаңартылған білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаға қатысты ғылым негіздері

 

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің мазмұнына қойылатын талаптар: қазіргі коэволюциялық, синергетикалық парадигманы және классикалық еместен кейінгі білімдерін есепке ала отырып, білім алушылардың білімін тереңдету; «табиғат–қоғам–адам–техносала» мегажүйесін тұрақты және үйлесімді дамытуды қамтамасыз етудің құндылықтары мен мақсаттарына жетуді көздеу; ноосфералық-гуманистік көзқарас және экология мәдениетін қалыптастыру; өндірістің жаңа ғылыми технологияларын Қазақстанның индустриялдық-жаңашылдық дамуына қолдану тұрғысынан меңгеруге бағыттау; әлемнің ғылыми суретін ғылыми жаратылыстану және әлем танудың басқа да компонентерінің жаһандану интеграциясы негізінде толық қалыптастыратын іргелі ғылыми жаратылыстану білімдері мен ғылыми танымдық әдіснамасын меңгеру .

Қазіргі заманғы қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі, оларға өмірге әсер ететін жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары салыстырылатын қоғамдық стратегияны (курсты, саясатты) қалыптастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беріп, ерекше маңызға ие болуда.  Сондықтан, PISA зерттеуі аясында 15-жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын зерттеу де маңызды болып табылады.

PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі. 

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:

·         ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);

·         қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің  негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);

·         ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);

·         ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.

PISA зерттеуінде бағаланатын ғылым жаратылыстану білімдері, машықтары мен дағдылары ғылыми жаратылыстану циклі пәндері – физиканы (астрономия элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қалыптасады. 

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы келесі компоненттерден тұрады: ғылыми жаратылыстану пәндері аясында қалыптасатын «жалпы пәндік» машықтары, ғылыми жаратылыстану білімдері қолданылатын жаратылыстану ұғымдары мен жағдайлар. Зерттеу мақсатына – белгіленген машықтар мен ұғымдарды кешенді тексеру жатады. Ұсынылған сұрақтардан жаратылыстану ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілей білу, берілген ақпараттың негізінде ғылыми негізделген қорытындылар жасай білу машықтарын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.

Жаратылыстану-математикалық бағытының білім мазмұны оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіруді қамтиды .

Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі  жан-жақты  таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру және қоғамға пайда келтіру (құзыретті болу) маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады.

2009 жылы PISA (Programme for International Student Assessment), халықаралық бағдарламасы зерттеулерінің нәтижесі  бойынша бағдарламаға қатысқан 65 елдің ішінен біздің оқушылар математикалық функционалдық сауаттылығынан 53-орын, жаратылыстану- ғылыми сауаттылығынан 58-орын, оқу сауаттылығынан 59-орын алды.

Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берді:

1)        оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің  жеткіліксіздігі;

2)        оқушылардың математикалық құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;

3)        күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану- ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз қөзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі жоғарыдағы кемшіліктердің себептері:

1)        мектептік білім берудің академиялық сипаты, тәжірибеге жеткілікті көңіл аудармау;

2)        қалалық, ауылдық мектептердің бастауыш, негізгі, жоғары буындарында оқу-тәрбие жұмысы қатаң түрде сыныптық-сабақтық жүйеде ұйымдастырылған;

3)        оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жеке қызығушылықтары ескерілмейді, сондықтан жеке тұлғаға бағытталған жұмыс жүргізілмейді;

4)        оқытудың вербалды-репродуктивті түрлері ғана көптеп қолданылады;

5)        мектептік әлеуметтендіру түрлерінің,  ержетудің жекелеме мәселелерін шешетін рухани-адамгершілік тәрбиенің, өзін-өзі ұйымдастырудың, оқушылардың өзіндік жекелеме және ұжымдық іс-әрекетінің жеткіліксіздігі;

6)        нәтижелерді бақылау жүйесі  әр оқушының жеке дамуына әсер ететін  қалыптастырушы бағалауға бағытталмаған;

7)        мұғалімдердің әлеуметтік практиканы қалыптастыратын жобалау іс- әрекетін, жекелеме білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын технологияларды жақсы меңгере алмауы.

Осыған байланысты отандық білім беру жүйесінің төмендегі бағыттарын жаңарту қажет:

1)        білім беру стандарттарын құзыретті оқытуға негіздей отырып, жетілдіру, өмірдегі мәселелерді шешуге араналған білік-дағдыларды қалыптастыру, оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәжірибелік- бағдарлық сипатты және оқытудағы бақылауды күшейту;

2)        құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалары бар мектеп оқулықтарын жетілдіру;

3)        оқушылардың негізгі және пәндік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтайтын жаңа буын тестілерін енгізу;

4)        12 жылдық мектепте жұмыс істеуге қабілетті педагогикалық және басқарушы кадрларды дайындау және қайта дайындауды, педагогикалық білім беру жүйесін жаңарту;

5)        оқушылардың білім сапасы мониторингін ұйымдастыру                              ( халықаралық және отандық зерттеулер нәтижелері);

6)        функционалдық сауаттылық немесе құзыреттілікті анықтайтын педагогикалық өлшем құралдарының, бақылау-бағалау жұмыстарының, бақылау формаларының бірыңғай талаптарын әзірлеу.

7)      Елбасының тапсырмасына сәйкес Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары  (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) әзірленді.

8)      Бүгінгі күні Ұлттық жоспарды әзірлеу аса өзекті. PISA зерттеулері біздің оқушыларымыздың  функциялық сауаттылық деңгейі тұрғысында әлемнің дамыған елдеріндегі өз құрбыларынан артта қалғандарын көрсетіп берді. Осыған байланысты PISA-да табысқа жеткен  елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея, т.б.) тәжірибесін ескере отырып,  Ұлттық жоспарда Қазақстан мектеп оқушыларының    функциялық сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалды.

 

Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктер

 

Зерттеудің басты мақсатын - 15астағы білімгерлердің өмірге дайындығын жүзеге асыру үшін тапсырмаларда қалай да болмасын жаратылыстану, немесе техникалық мәселелермен байланысты түрлі шынайы жағдайлар қолданылды. Осы мәселелер PISA-2012 тестінің келесі ситуациялық тобын қамтиды «Денсаулық», «Табиғи ресурстар», «Қоршаған орта», «Қауіп көздері, тәуекелдер» және «Жаратылыстану мен технологияның байланысы».

Құзыреттілік. PISA-2012 тест тапсырмаларын орындау барысында білімгерлердің ғылым жауап бере алатын сұрақтарды айқындауы, немесе тұжырымдауы талап етілді. Құбылыстардың ғылыми түсініктемесін беру, шешім қабылдау үшін және олар туралы ақпарат беру үшін ғылыми айғақтарды, мәліметтерді, немесе дәлелдерді қолдану қажет болды.

Жүйелі және сыни тұрғыдан ойлауды, шешім қабылдауды, ақпарат беруді, дәйектеу мен түсіндіруді қамтитын танымдық қабілетті қалыптастыруда басты болып табылатын үш құзыреттілік тобы халықаралық емтихан тестіне іріктеліп алынды.

Жаратылыстану құзыреттілігі/ PISA-2012 тапсырмалары

 

 

 

Құзыреттілік сипаттамасы

 

 

 

 

 

 

Ғылыми сұрақтарды тану мен қою

-  ғылыми тұрғыдан зерттелуі мүмкін мәселелерді айқындау;

-  ғылыми ақпаратты іздеуге қажетті басты сөздерді анықтау;

-  жаратылыстану зерттеуінің ипаттамасының) негізгі ерекшеліктерін айқындау.

 

 

Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру

-  берілген ситуацияда жаратылыстану білімін қолдану;

 

-  құбылыстарды ғылыми тұрғыдан негіздеп сипаттау, өзгерістерді болжау;

-  ғылыми дәлелденген сипаттамаларды, түсініктемелер мен болжамды тану.

 

 

 

 

Ғылыми дәлелдерді пайдалану

-  ғылыми айғақтарды, мәліметтер мен қорытынды

 

тұжырымдауды түсіндіру;

 

-  болжамдарды, айғақтарды, мәліметтерді, немесе қорытынды негізінде жатқан дәлелдемелерді айқындау;

-  қоғамда ғылым мен технология жетістіктерін қолдану салдарын бағалау.

 

 

Түйінді құзыреттіліктер барлық білім беру салаларының күтілетін нәтижелерінде көрініс табуы тиіс және ол «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында» көрсетілгендей мынадай түрлерге бөлінеді: тұлғалық құзыреттіліктер (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); әлеуметтік құзыреттіліктер (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); азаматтық құзыреттіліктер (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті); ақпараттық құзыреттіліктер (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі); басқарушылық құзыреттіліктері (проблеманы шешу қабілеті); коммуникативтік құзыреттіліктер (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті); технологиялық құзыреттіліктер (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті) .

Сонымен пәндер бойынша оқу бағдарламаларының жаңартылған білім мазмұны, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарлануды көздейді.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің дидактикалық негізіне оқытуды ұйымдастырудағы тұлғалық-бағдарлық және шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (қызығушылығына, әрекеттердің себептеріне, мақсаттарына т.б.) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық принциптер жатады. Осыған орай, жалпы орта білім беру деңгейіндегі жаңартылған білім мазмұнын жобалау бірнеше дидактикалық принциптермен жүзеге асырылуы тиіс, мысалы:

Ғылыми және жас ерекшелік принципі. Білім мазмұнына қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан айқындалған принциптер, ғылымда нақты қолданылатын ұғымдардың енгізілуі және олардың оқушылардың дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық үдерістерінің (зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) даму деңгейіне сәйкес келуі тиіс.

Кіріктіру принципі. Білім мазмұны оқушыларды болашақ мамандықтарына дайындауға байланысты жоғары мектептің мазмұнымен кіріктірілуі, яғни бірнеше жақын мазмұнды, оқу пәндерінің біреуінен берілетін білімді бірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмұндық жүйесінің кірігуі тиіс. Бұл жалпы орта білім беру мен жоғары білім берудің (бакалавриат) мазмұндарындағы сабақтастықты; 1-2 курс бакалавриатының жалпы білім беру циклі пәндерінің мазмұнын бейіндік мектепке көшіруді; бакалавриаттың жалпы білім беру пәндерінің (ЖБП) циклі азаюына байланысты базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша білім мазмұнын күшейтуді қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл сабақтас оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.

Осы және тағы басқадай білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жаңартылған білімнің барлық деңгейінде оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай туады. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінін, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т.б. дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті.

 

Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары

 

         Қазіргі уақытта «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің Қазақстан мектептерінде оқытылуы заманауи талаптардан кенже қалғанын және осыған орай бүкіл білім жүйесінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Кейбір фактілермен қатар оқушылардың жаратылыстану ғылымы бойынша білім деңгейлерінің жеткіліксіздігі пән мазмұнының тым теорияландырылып берілуімен, оқытудың практикалық өмірлік сұраныстары-мен және одан әрі кәсіби әрекеттерімен байланыстың әлсіздігімен негізделеді. Осының салдарынан оқушылар жобалаудың практикалық біліктері мен дағдыларын жеткіліксіз меңгеріп, химиялық үдерістерді моделдеу, химиялық өндірістегі тиімді және инновациялық технологияларды мен олардың өнімдерін пайдалану туралы ақпараттарды аз қабылдайды.

       Сондықтан «Жаратылыстану» білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім мазмұнын жаңартуды келесі жолдармен  жүзеге асырылуды ұсынамыз:


  • химия, биология және физика ғылымдарының, инновациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу;

  • қазақстандық компонентті кеңейту;

  • Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын негізге ала отырып, оқытудың өндірістік, технологиялық үдеріспен байланысын ірілендіру және жаратылыстану өндіріс саласындағы болашақ кәсіби кадрларды дайындау;

  • оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, олардың табиғат пен минералды ресурстарға, туған өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ұқыптылықпен қарау және өз елінің табиғи байлығын қорғау мен көбейту негізінде жаратылыстану саласында білім берудің экологиялық құраушысын кеңейту;

  • мектептегі жаратылыстану-ғылыми білімді жетілдіру сәйкесінше пәндердің оқу бағдарламаларын күрделендіру арқылы жүзеге аспауы тиіс, керісінше оқыту үдерісі оқушылардың практикалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын орындаудағы креативтілік ойлауын қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметтерінде қолдана білуге дайындауға бағытталуы тиіс;

  • өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан түрлі әдістер мен технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету;

  • жазбаша жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.


Осы айтылғандардан оқушылардың жаратылыстану саласы бойынша функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі жаратылыстану пәндерінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет :


  • химиялық элементтер мен заттардың, сонымен қатар химиялық реакцияларды қорыту және топтастыру;

  • күнделікті өмірде бізді қоршаған химиялық, физикалық, биологиялық құбылыстарды, әртүрлі заттар мен азықтарды қауіпсіз және тиімді пайдалану;

  • химиялық технология және полимерлер өндірісі, жаңа құрылыс және құрастыру материалдары, тұрмыстық химия, фармакология, ауыл шаруашылығы және биотехнология және т.б. облыстарындағы алғашқы практикалық дағдыларының болуы тиіс;

  • жаратылыстану пәні бойынша практикалық жұмыстарды жобалау, моделдеу және орындау, диаграммаларды, рекация теңдеулерінің схемаларын оқи білу;

  • байқау немесе өлшеу нәтижелерін кестелер, графиктер көмегімен көрсету;

  • моделдердің көмегімен қоршаған әлемдегі табиғи құбылыстарды түсіндіру, мәліметтерге талдау жасау негізінде қорытынды жасау;

  • жаратылыстану аймағындағы зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін түсіну;

  • алған білімдері негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру немесе суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау;

  • қорытынды шығару, оларды талдау және негіздемесін бағалау үшін ғылыми дәлелдеулерді және мәліметтерді пайдалану;

  • физикалық шамаларды анықтау (өлшеу), болжамдарды тексеру;

  • Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы арқылы қазіргі кездегі ұлттық саясаты және экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық, демократиялық дамуын; қазіргі әлемдегі орнын; мемлекеттік саяси және конституциялық дамуын; мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын; экономикасы, болашағы, қауіпсіздігі және қазіргі геосаяси жағдайын; ішкі және сыртқы саясатын; дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігі; әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын меңгеру;

  • жазылым бойынша глоссарий, эссе, кең көлемді зерттеу жұмысының нәтижесін жазу, есептер және шағын диссертациялар, әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып күрделі презентациялар құрастыру;

  • оқылым бойынша блиц-аударма, мәнерлеп оқу, презентация бойынша нақты сұрақтарға жауап беру; оқушылар Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ауызша презентация жасау;

  • тыңдалым бойынша дәріс, аудио жөне видеотаспаларды тыңдау (оқулықтарға қосымша ретінде авторлар түрлі аудиоматериалдар әзірлеу керек), сыныптастарының ауызша жүмыстарын тыңдау, диа­лог, монолог құрастыру, рөлдік ойындарға қатысу, тренинг, пікірсайыстарға қатысу.

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – ғылыми білім негізінде қоршаған әлемді танып білу және оларды жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіруде, бақылау мен тәжірибелерге негізделген қорытындылар алуда білімді қолдана білу қабілеті.

Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін құру қажет: 

1) әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім мазмұнының кіріктірілуін талап етеді;

2) әртүрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, графиктер) қажет;

3) шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануды арттыру керек. 

Сонымен оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының сабақтастығын жүзеге асырудың жолдарын тұжырымдаймыз:

оқушылардың бастауыш сыныпта қалыптасқан жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтар жүйесі келесі сыныптарда да қолданылатынын ескеріп, олардың өзара сабақтастығының сақталуын мұқият қадағалау қажет;


  • жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс;

  • оқу үдерісін ұйымдастыру, өздік жұмыстар мен іс-әрекеттік, практикалық жұмыстар орындату мұғалімдердің негізгі міндетіне айналуы тиіс;

  • қазіргі 11 жылдық мектептің мұғалімдері өз пәндерінің көмегімен жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарды біліктілікпен байланыстырып жалпылауға жауапты болуы тиіс;

  • пән мұғалімі жаңадан қосылған жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтардың бұрынғылармен арасындағы байланысын оқу үдерісі кезінде ескертіп отыруы тиіс;

  • сыныптан сыныпқа көшкен сайын жаңа пәндердегі молая әрі күрделене түсетін функционалдық сауаттылықтар жүйесін меңгеру және оларды тиімді қолдана білу оқушының мектептегі ең басты жетістігі ретінде қабылдануы заңды құбылысқа айналуы тиіс; молая әрі күрделене түсетін сауаттылықтар жүйесін оқушылардың жүйелі түрде жадында ұстауын қадағалап, ұмытылғандарды қайта есіне салып, осыған орай тапсырмаларды орындату ұстаздардың басты міндетіне айналуы тиіс.

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, жоғарыда көрсетілген ұстанымдарды ескере отырып, құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін жасау мектеп практикасына қажеттілік пен жаңа білім парадигмасы мен бағалау құралдарының арасындағы қарама-қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

 

Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына (БЕД) сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады (1-сурет). Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни олардың функционалдық сауаттылығы.

 

Функционалдық сауаттылық мазмұны.jpg

 

PISA халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей , оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруда еліміздің білім жүйесі атқарып отырған ісі әзірге жеткіліксіз.

Тұжырымдалған ойлардан байқағанымыздай, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзыреттіліктері мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖБС) метапәндік білім беру нәтижелері жаңа жалпыланған сапаны таза пәндік білімдер және біліктермен салыстыра сипаттайды, сондықтан жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуда қандай да бір ортақ тәсілдерді қолданғанда ғана бұл нәтижелерді күтуге болады. Өз кезегінде метапәндік жаратылыстану-ғылыми біліктерді (зерттеуші рәсімін қолдану, модельдердің көмегімен құбылыстарды түсіндіру, деректердің талдауы негізінде қорытындылар жасау) меңгеру – таза пәндік міндеттерді де ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

В.Н. Максимованың ұйғаруынша, пәнаралық біліктер – бұл «оқушының ұқсас пәндерден білім және біліктерді тасу және жалпылау процесінде байланыс орнату мен меңгеру қабілеті».

Оқушылардың практикаға бағдарланған оқытуын ұйымдастырудың дидактикалық шарты ретінде пәндердің өзара байланысының жүзеге асырылуын қарастыра отыра, пәнаралық байланыстар теория мен практиканы біріктіретінін, білімді қоршаған шынайылықта (табиғатта, тұрмыста, өндірісте) қолдануға ықпал ететінін атап өту керек.

 

Мұғалім оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру міндетін қойған кезде оның құзыреттілігіне де қойылатын талаптар туындайды.

Біріншіден, мұғалім өзі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты құрайтын құзыреттіліктерді игеруі тиіс, ал ол көп жағдайда орын ала бермейді. Тек осы жағдайда ғана ол жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты оқу процесінде мақсатты түрде қолданады, тіпті өздігімен осындай тапсырмаларды әзірлей алады.

Екіншіден, мұғалім оқушылардың жоғарыда аталған нәтижелі іс- әрекетінің ұйымдастырушысы (немесе үйлестірушісі) болуы тиіс. Бұл оның педагогикалық құзыреттіліктеріне белгілі бір талаптар қояды.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1.   Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012.

 

2.   Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген. – Астана, 2012.

 

3.   Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген. – Астана, 2010.

 

4.   Дуйсебек А.Т. Современные аспекты обновления содержания школьного образования //Сб.материалов Международной заочной научно-практической конференции «Педагогические и психологические науки: актуальные вопросы». – Новосибирск, 31 октября 2012 г.

 

5.   Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. – Астана, 2012.

 

6.   Дуйсебек А.Т. Совершенствование естественнонаучного образования в контексте современных требований //«Білім-Образование» спецвыпуск для
I съезда учителей химии и биологии РК «Школьное естественнонаучное образование: общество, наука и технология XXI века».
Усть-Каменогорск, июнь 2012 г.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми –жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 18054
    • DOCX 97 кбайт
    • 436 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досанова Салтанат Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досанова Салтанат Амантаевна
    Досанова Салтанат Амантаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 30419
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе