Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика пәнінен дәрістер жинағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Информатика пәнінен дәрістер жинағы

библиотека
материалов

Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы.

Информатика – жаңа технология жиындарын оқытады, яғни ақпаратты сақтайды және өңдейді. Оның дамуы ақпаратты сақтауға және өңдеуге арналған құрылғылар ЭЕМ-машиналардың шығуымен байланысты. Ал ЭЕМ– тенологияның негізгі құралы. Бұл ғылым- ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған.

Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:

  1. «Алгоритм», «программа» ұғымы.

  2. Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.

  3. Оқылған тілде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.

  4. Әр түрлі операторларды жазу, т.б.

  1. Ақпарат дегеніміз не?Осы ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу қажет. Мұнымен Информатика деп аталатын ғылым айналысады.

Информатика –ақпарат алу,т жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерімен шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

Информатика:

  • ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты- техникалық;

  • ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін- семантикалық;

  • ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;

  • ғылыми-ақпараттық іс -әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.

Информатика ұғым ретінде біздің өмірімізге берік енген, ғылыми-техникалық үдеудің синонимдердің біріне айналды. Бұл сөз ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында француз тілінде (information- ақпарат және automatioque- автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болады.

Ғылымның, техниканың және өндірістің көптеген салаларының одан ары дамуы ақпаратты өңдеудің сандық және сапалық мүмкіндіктерінің өсуін, адамның ақыл –ой әрекетінің артуын қажет етті.

Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі, оның нақты катализаторы- ЭЕМ мен қазіргі компьютерлік техниканы жасау негізгі рол атқарады.

Ғылым ретінде информатиканың құрылымында келесі салалар аталады:

  1. алгоритмдік,

  2. программалық

  3. техникалық

Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытттарын қамтитын ғылыми техникалық пәндер кешені болып табылады.

hello_html_m5b940eb2.gif











ЭЕМ-ны қолдану –тек ақпарат жинақтауға, сақтауға, өңдеуге ғана емес, жаңа ақпарат, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология (ЖАТ) жасауға негіз болады.

ЖАТ ақпаратпен жұмыс істеудің белгілі сатыларын ретімен орындау.

Қазіргі компьютердің ерекшелігі – олардың көпшілігі есеп шығару үшін емес, ақпаратты алуан түрде өңдеу үшін қолданылатынында. Бұл –мәтін өңдеу, графикалық жұмыс орындау, әр түрлі дерек жинау мен оны тез шығарып беру, компьютермен оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған түрде бақылау және т.б.

Ақпарат және оның түрлері

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында информация жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі қандай болмасын – информация алу, жинау және өңдеумен байланысты.Қазіргі уақытта әр түрлі ғылым саласында мысалы: философия, экономика, психология, физика, математика, т.б. салалрында информация өте кең тараған ұғым. Әр ғылымның өз саласында информация туралы түсініктері қалыптасқан. Біз өмір сүріп отырған ғасырға – автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника сияқты-ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән. Мысалы, кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан (ХУ ғасырдың ортасы) радиоқабылдағышқа (1895) дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал транзистор мен интрегралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл болды.

Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.

Ақпараттың қасиеттері:

  1. Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.

  2. Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.

  3. Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.

  4. Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.

  5. Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.

Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.

Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.

Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу

Ақпарат бағалы - егер ол толық, жаңа, обьективті болса. Ақпарат көлемі дегеніміз- хабар ұзындығы, яғни хабар жазудағы символдар саны.

8 Байт- 1 Битка

1 Кбайт – 1024 байт- 1000 байт

1 Мбайт – 1024 Кбайт – 1 миллион байт

1 Гбайт – 1024 Мбайт – 1 миллиард байт









Қоғамдағы ақпараттық үрдістер.

Қазіргі қоғамда үш дәстүр - бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде. Информациялық дәуірдің және оның коммуникативті сипаттамасының ерекшеліктері қарқындауда. Бүгінгі таңда информацияны екі деңгейде - әлеуметтік-мәдени жаңғырудың және әлеуметтік субъектілердің арақатынасының жүйелі тәсілі ретінде қабылдау қалыптасқан. Ал бұқаралық медиа саясаттың қуатты құралына, идеологияның кең таралған көрсеткішіне, әлеуметтік-мәдени практиканың жалпылама түріне айналуда. Қысқасы, ол адам іс-әрекеті мен өркениеттің барлық саласында шешуші стратегиялық факторға айналуда. Батыста тіпті «информацияны кім иемденсе, билік сонда» (3.Ж.-Ф. Лиотар) деген пікірде кең таралған.

Себебі БАҚ адамның өмірлік кеңістігінің қалыптасуына ықпалын арттыруда. Ал кезкелген адам қазіргі БАҚ-ң ықпалын күн санап тереңірек әрі саралап сезінуде. Сезімталдық қос заңдылықты айқындауда: 1. Адамның ұнату қабілеті жаңғырған, күшейген және кеңейген сайын БАҚ жүйесінің реттеуші және бақылаушы рөлі шектелінуде; 2. ¬Өзінің ішкі дүниесін ұйымдастыратын, үйлестіретін, ұстайтын адам ақпараттың шашыранды ықпалына ұрына бермейді. Содан әр әлеуметтік орта мен идеялық жүйеде басқа коммуникативті-мәдени жағдайдың қалыптасуы, сыртқы насихаттық ықпалдың күшеюі аңғарылады. Осыдан ХХ ғ. ортасында Г. Лассуэл: «бұқаралық коммуникацияның негізгі функциясы - ортаны бақылау, қоғамның түрлі бөліктерін реттеу және әлеуметтік-мәдени мұраны жеткізу» деген тоқтамды ұсынды.

Ұсынысқа халықаралық деңгейдегі ұлттық бірлестіктің және қоғамдық ұйымдасудың қарқынын жеделдету, өлкелік бетбұрыстардың адамдық өзгерістерін қалыптастыру және бағалау қажеттілігі себеп болды. Осы бағытта БАҚ-ң атқарар қызметі қыруар. Әсіресе жаһандану сарынында, әлемдік дағдарыс иірімінде БАҚ-а деген талап күшеюде.

Халық а) қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы объективті мәліметтерді дер кезінде есіткісі келеді; ә) БАҚ-н ендігі адресті кеңістікте жүйелі әрі тиімді қызмет етуін күтуде. Тіпті ақпарат жүйесіне, оның басты ұғымдары мен қағидаларына деген субъективті (қауымдастық, қоғамдық, партиялық, тіпті индивидуальды) көзқарастар мен талғамдар кең таралуда, әрқалай өрбуде.

Байланыстың қазіргі жаңа құралдары әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың мәдени құндылықтарын жан-жақты және жедел айырбастауға нақты мүмкіндіктерді кеңейтуде. Информациялық айырбастың салдары әрқалай. Байыбына барсақ, информациялық айырбас а) жеке адамның дүниеге деген өзіңдік түсінігің басқа дәуір мен халықтардың тәжірибесі арқылы тыңайтады; ә) индивид пен бұқаралық топтардың мәдени кескінін қалыптастырудың мүмкіндігін кеңейтеді; б) қоғамдық дамудың заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік тудырады, көмектеседі.

Информациялық жүйеде БАҚ функциясының жалпы сипатқа ие болып жатқаны, осы басты үш негізге орайлас екенін социологтар орынды атап өтуде. Социологтардың «бұқаралық қоғам теориясы» деген тұжырымдамасында билік институты мен бұқаралық коммуникацияның өзара тәуелділігіне және өзара байланысына ерекше мән берілуде. Әйтседе бұл теория үстем күштердің саяси және экономикалық мүддесіне қызмет ететінін де ескерелік.
БАҚ туралы қазіргі түсінік қандай? Оның қызметінде қандай бағыттар басымдық етуде? Бұқаралық ақпараттық құрал (БАҚ немесе бұқаралық-медиа) дегеніміз а) бұқараның мінез-құлқы үлгілерін іріктейтін және шектейтін, соған иландыратын күш; ә) сөздік, бейнелік және музыкалық информацияны жаппай көбейтетін, әрдайым тарататын, ақпаратқа жалпылама бұқаралық сипат енгізетін ұйымдық-техникалық комплекс. Негізінде, БАҚ-тың қоғамға қажетті көпжақтылы идеологиялық міндетті атқарудағы әрі рухы жоғары идеяны уағыздаудағы рөлі жетілуде. БАҚ-ң әлеуметтік-психологиялық сипаты ендігі еселеуде. Оның қоғамдық қарым-қатынаста атқаратын саяси-әлеуметтік рөлі де алуан. Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық, ұйымдастырушылық, топтастыру жұмыстарын атқарып келеді. Оған құлағымыз да, көзіміз де үйренгендей. Әйтседе ақпараттық жұмыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік жауапкершілігі қатар жетілмеуде. Осы қос өлшем бірдей, тең ұсталғанда, оны мәдениеттің маңызды бөлімі деп әрі әлеуметтік күштің күнделікті тиімділігі мен маңызын арттыранына күмәнданбаймыз. Содан БАҚ қоғамдық күшті жұмылдыратын, біріктіретін, шабыттандыратын әлеуметтік қуат деген түсінік күш алуда.

БАҚ-тың идеологиялық бағдарын жаңғырту – ұзақ та күрделі процесс. Жаңғырту үрдісі әлемдік және өлкелік өгерістерден туындайды. Көзқарасты жаңғырту күшпен немесе жарлықпен орнығатын жай емес. Ол көптеген мамандардың қалыптасуын және халықтың құндылық бағдарының қайта толастауын қажет етеді. Тарихи қажеттілік аясында әлеуметтік практикаға негізделген азаматтық идеологияны қалыптастыру және технологиялық коммуникацияның идеялық негізін толықтыру абзал.

Қазақстандағы тәуелсіздікке талпыныс БАҚ қызметін жаңа деңгейге көтерді. БАҚ қызметінің заңды, пайдалы, тиянақты, нәтижелі болуы жаңа кезең өлшемдерін құрастыруда. Жүйелі БАҚ арқылы халықтың түрлі топтарының пікірлері мен көңіл-күйлерін біліп жатамыз. Билік БАҚ арқылы қоғамдық пікірге ықпал ете отырып, бұқараның көңіл-күйін аулайды, қажет дегенде оны өз саясатына икемдейді. Ал БАҚ-ң қызметін реттеу немесе көтермелеу, ақпараттық қызметтің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеттеріне жатады. Бүгінгі таңда «БАҚ-ң қоғамдағы, экономика мен бизнестегі күштерді теңестірудегі қызметі артуда. Газеттерді жеке тұлғалар мен корпорациялар иемденсе де, баспаның бостандығы халыққа қызмет етуі керек». (2). Мұндай іргелі тұғырнама басты постулаттарға сүйенеді. Олар:
- сөз еркіндігі, БАҚ тәуелсіздігі мен басылым еркіндігі – азаматтық қоғамның негізі;
- БАҚ өз қоғамы мен мемлекетінің игілігіне қызмет етуі керек;
- информациялық кеңістік өзін-өзі реттейтін негізде болуы шарт;
- информациялық басқару – этносаралық қатынастарға тиімді ықпал ететін құрал. Осы тектес түбегейлі постулаттарды сақтамаған немесе орындамаған кезде, қоғамда ақпараттық қақтығыс немесе әлеуметтік-психологиялық шиеленіс күшеймек.



Дербес компьютердің құрылғысы

Жоспар
1. Аппараттық жабдықтар Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы

2. ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары

3. Микропроцессер

4. ЭЕМ-нің жедел жады

5. Графиктік адаптерлер

6. Дискідегі информация жинақтауыш

7. Принтерлер мен плоттерлер

8. Компьютерге информация енгізу құрылғылары

Аппараттық жабдықтар

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1.Орталық процессор;

2.Енгізу құрылғысы;

3.Есте сақтау құрылғысы;

4.Шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

Дербес ЭЕМ

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу,  дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар.
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау-барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.
Бұл схемалардың интегралдық деп аталу себебі олардың бір кристалы күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады.ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

-микропроцессор;

-оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;

-тұрақты есте сақтаушы құрылғы;

-қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

-информация енгізу құрылғылары;

-информация шығару құрылғылары;

-информация жинақтауыштар.



Операциялық жүйе және оның түрлері.

Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,

hello_html_m5c7998d.gif



Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.

Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.

Операциялық жүйелерді жіктеу

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:

  • Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

  • Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі
бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін.

hello_html_m3c61d801.gif



Аhello_html_1e480253.gifнығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады.



Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.

Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп

hello_html_m5075f149.gif

Әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.

hello_html_m378c315d.gif





Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.

Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады.

Whello_html_m10e1f5ba.gifINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР



Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады.

Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар.

Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз больш шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады,

Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар:

1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.

Бұл - операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows -тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару - мұның барлыған Windows-тан шақырып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows-қа кері қайтаруға болады.

Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows-та орындалатынның барлығы не таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезелер құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік программаларға арналған менюдің қүрылымы, сондай-ақ маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша орындалған.

2. Windows графикалық жүйе болып табылады.

Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады.

UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын

hello_html_7cd3edb0.gif



ОЖ. Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бүрын жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін арналған.

Windows пен UNIX типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердін көп түрлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді американдық Аррlе компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rапк Хеrох компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске асырғандығында.

WINDOWS -ТЫ БАПТАУ

Windows 98 операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаданушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows –тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар:

Пуск - Настройка - Панель Управления Баскару панелі қапшығын іске қосу.

Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң “Күміс қақпаның” есігі ашылады.



Стандартты программалар: Блокнот,Калькулятор, Word Pad, Графикалық редактор Paint

Windows жүйесінің стандртты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамсыз етеді мысалы:

- мәтіндік құжаттар дайындау;

- графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

-жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

- математикалық есептеулерді орындау және т.б.

Әдетте, бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады.

Word Pad мәтіндік редакторы.

Word Pad, Write – редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан маман дандырылған мәтіндік редакторға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу болып келеді.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты мүмкіншілігі мол деп тынылып жүрген мәтіндік редактордың жаңа түрлерімен кейінірек жұмыс жүргізетін боламыз. Windows 3Х жүйесінде редакторы іске қосу үшін «Реквизиттер» тобындағы «Write редакторы» белгісін таңдаймыз. Word Pad және Write редакторлары мәтіндік құжатты пернелерде теріп, дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу және ауыстыру әдістерін іске сыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

Блокнот (Windows 3x)

Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды.

Күнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға мерзімдік жоспар жасауға, кездесулер мен телефон жоспар жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрстыруға арналған шағын программа. Нақты айтқанда, календарь күнделіктің компьютерлік варианты болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобынан «Күнтізбе белгісін» таңдау қажет.
Калькулятор - программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік клькулятор болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында «Калькулятор» шарт-белгісін таңдау керек. Программа екі режимде жұмыс істейді:

- стандартты (жады бар қарапайым калькулятор)

- ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған калькулятор) режимі болып табылады.


Місrosoft Office –программалары: MS Word мәтіндік редакторы туралы жалпы түсінік

Жоспары :
Кіріспе : 
1. Жалпы мағлұматтар.
2. WORD редакторын тағайндау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді  
  аяқтау.
Негізгі бөлім : 
3. Word редакторына тән қосымша элементтер.
4. Жаңа құжатты даярлау.
5. «Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері. 
6. Бос құжатты даярлау.
7. Басқа форматтардағы файлдарды ашу.
8.
Құжатты сақтау. 
Қорытынды
9. Қортынды информация. 

 Жалпы мағлұматтар.

    MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
  Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.  
   
WORD редакторын тағайндау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау.
  WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
  Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б. 
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
- Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау; 
- редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
  Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Word редакторына тән қосымша элементтер.
  Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. 
  Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар:
  ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;
  ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
  ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады;
  ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі.
  Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс.
  Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.  
  Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен: 
  - абзац алдындағы жаңа жол басын;
  - беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар ( поле) аумағын;
  - мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;
  - көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.
  Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.
  Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.
  Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
  - кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.
  - беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.
  - құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.
  Аспаптар тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады.
Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі.
  Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы (рабочая область) болып саналады.

Жаңа құжатты даярлау.
  Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді.
  Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
- мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);
- кестелер (таблицалар);
- төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
- графикалық бейнелер;
- кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.
  Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.
   
«Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері. 

  «Құжат ашу» терезесінің тек бір функциясы ғана - файлдың аты мен орны белгілі болғанда оны ашу жолын қарастырады. Бірақ бұл сұхбаттасу терезісінің әрбір адамға берер біраз мүмкіндігі баршалық .
  Сонымен, «Құжат ашу» терезесінің (немесе оның Аспаптар тақтасы) қосымша мүмкіндіктері :
- файл іздеуді жүзеге асыр ;
- мәтіндік құжат ашу ;  
- файлды басқа орынға орналастыру;
- файлды қиып алу ( алмасу буфері арқылы ) ; 
- файлдың көшірмесін алу;
- жарлықты дйындау ;
- файылды жою;
- файл атын өзгерту ;
- файл қасиеттерін қарап шығу;
- файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу;
- файылдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;
- файлды қағазға басып шығару;
- бумадағы файлдарды реттеу.  
  Негізінен алғанда, «Құжат ашу» сұхбат терезесі кішігірім информациялық іздеу жүйесінің функциясын атқара алады. Жоғарыда көрсетілген барлық іс - әрекеттер «Құжат ашу» сұхбат терезесінің басқару тақтасы мен тышқанның оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстік жанама менюлер жүйесі көмегімен орындалады. «Құжат ашусұхбат» терезесінің басқару тақтасы көрсетілген, ал төменде батырмалардың атқаратын қызметтері көрсетілген.
  «Құжат ашу» терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтерін былай суреттеуге болады (солдан оңға қарай):
  Бір деңгей жоғары өту - бумалар сатысымен жоғары бір деңгейге өтуді жүзеге асырады.
  Өз буманды ашу - өзіңнің пайдалануына арналған буманы ашады.
  Өз бумаңа орналастыру - құжатты өз бумаңа орналастырады.
  Майда белгілер - бумалар тізімін олардың шартбелгілері (пиктограммалары) мен атын жазу арқылы бейнелейді.
  Кесте - бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзіммен бірге бейнеленіледі.
  Қасиеттерін шыару - экранға осы құжат туралы мағлұматтар 
  шығару : дайындалған, не өзгертулер енгізілген уақыты, көлемі және 
  т.б.  
  Ішкі мазмұнын шығару - құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады .
  Командалар мен режимдер - оқу, қағазға басу, іздеу, сұрыптау командаларының тізімін ашады .
  Егер файл туралы кесте көмегімен информация берілген мәліметтер жеткіліксіз деп санасаңыз, Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет . Сол кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файылыңыз осы екенін (немесе осы емес екенін) анықтай аламыз. Алдыңғы сабақта файл туралы қосымша информация енгізу керектігі айтылып еді, енді «Құжат ашу» сұхбат терезесі арқылы файл іздегенде сондай информацияның қажеттілігіне көзіңіз толық жетеді.
  Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай - ақ, оның бас жағынын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады. Табылған файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасы арқылы табылған файлдар мәтінінің бас жағын қарап алып барып, тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады. 

Бос құжатты даярлау.
  Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ.
  «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:
1. Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады. 
2. Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.
3. Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.

Басқа форматтардағы файлдарды ашу.
  Word редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOC-қа арналған Word және т.б. форматтарда даярланған файлдарды ашуға болады. Ол үшін Файл → Ашу ( Файл → Открыть) командаларының Файл типі жолындағы керекті типті таңдау керек, әйтпесе барлық файлдарды қарап шығуға рұқсат беретін «Барлық файлдар» деген жолды таңдап, солардың ішінен қажеттісін таңдау керек. 

Құжатты сақтау. 
  Даярланып жатқан құжитты жиі – жиі дискіге жазып қою керектігін түсінген шығарсыздар. Мәтін терліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток не компьютер өшіріліп қалса, бірден жойылып кетеді.Сондықтан дискіге жазып сақтап отырған абзал. Ол көп уақыт алмайды. Ол үшін тышқан курсорын дискеттің суреті салынған батырмаға жеткізіп, оны бір рет шертсе болғаны. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсүз күйде ұзақ уақыт сақталады.
  Құжатты дискіге алғашқы рет жазып сақтау үшін оған белгілі бір ат қойып, қай дискінің қандай бумасына орналастыратыныңызды білгеніңіз жөн. Егер жұмыс нәтежесін бірнеше вариантта сақтау керек болса, олардың әрқайсысына бөлек - бөлек ат қойып сақтау қажет. 
  Файлды сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Файл → … деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу.
2. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-тың ұсынған атын (мысалы, Документ2) қабылдау. 
3. Буманың ашылатын тізімінің көмегімен, алдымен дискіні таңдап ал. Оның аты жоғарғы кішкене терезеге шығады, ал төменгі негізгі терезеде сол дискідегі бумалар тізімі көрінеді. Бұл ж мысты орындағанда, А:, В: таңбалары мен иілгіш диск, яғни дискет белгіленетіні есіңізде болсын, сондықтан көбінесе С:, D: сияқты қатты дискілерді таңдауған жөн, оны Диск деген өрісте белгілейміз, мысалы, Д: дискісін таңдап алайық.
4. Бумалар тізімінен файлды орналастыратын бума атын белгілеу керек, мысалы BOOK атын таңдап алайық. Белгіленген бума аты жоғарғы терезеде, ал негізгі терезеде – сол буманың (ВООК) ішіне кіретін басқа бумалар мен файлдар тізімі тұрады.
5. Қабаттасқан ішкі бумалардан да керектісін таңдап ал, бізге керектісі, мысалы, PROSPECT ішкі бумасы болсын.
6. Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін таңдап алған соң, «Сақтау» (Сохранить) батырмасын басу қажет. Осылай сақталған құжатты кейіннен тауып алу қиынға соқпайды.
7. Мәтінің құрамына кіретін және оны сипаттай алатын сөз тіркестерін де енгіземіз, оларды «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесіне енгізіп, кейіннен өзгертіп немесе толықтырып қоюға болады. «Сервис» менюінің ішкі «Статистика» парағы өздігінен толтырылып отырады, онда мәлімет көлемі неше беттен, абзацтан және жолдан тұратыны көрсетіледі. 


MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері

MS Word – та кестемен жұмыс, формула енгізу, диаграмма құру.

«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өндеуге жататын іс-әрекеттер:

1. функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

2. түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

3. тиімді ету мәселелерін шешу.

4. белгілі бір критеилерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын тандап алу.

5. графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

6. мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің құндылығы, олардағы мәліметтерді өндеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Мicrosoft фирмасының Excel программасы-кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті женілдеті ушін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б қамтамасыз ете алады. Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан пиктограмманы тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Экрандағы Excel терезесінде мынадай обьектілер орналасқан: Жоғарғы жол-басқару батырмалары бар терезе тақырыбы. Еаінші жол- Excel менюі. Үшінші және төртінші жолдар-Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы. Меню жүйесін екпінділеу WinWord программасындағыдай стандартты тәсілмен жүргізіледі: яғни AIt не Ғ10 пернесін басу қажет. Сол сәтте менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен тандалынады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелерімен ауыстырады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басу керек. Менюден шығу үшін Esс пернесін басады. Электрондық кестенің негізігі ұғымдарымен танысайық. Жол нөмірі-электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген. Бағана әрпі-электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А-Х,содан соң АА-АZ, одан кейін BA-BZ және т.с.с. Ұяшық- электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды. Ұяшық көрсеткіш-ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады. Ағымдағы ұяшық- көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады. Блок (ұялар жиыны, аймағы)-тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама –қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан тұрады. Экранда тек бір парақ –кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады. Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы обьектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді: - бағананы белгілеу- бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет шерту; - бірнеше бағананы ерекшелеу- алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды оңға не солға жылжыту - жолды ерекшелеу- жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту; - бірнеше жолды ерекшелеу- алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу; - блокты ерекшелеу- тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткіземіз; Мәтін – кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады. Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды = , +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына ### символдарын қояды.



MS Excel электрондық кестені есептеулерге қолдану.

Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула « =» таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1+ Ғ5 формуласын енгізу үшін оны = С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа. Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады. EXCEL программасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «Microsoft Excel» таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel: 1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б. 2- Стандартты аспаптар тақтасы 3- Форматтау аспаптар тақтасы Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады. 4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады. Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді. Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар: 1. Сан 2. Текст 3. Дата (мерзім) 4. Формула 1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады. 2. Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді. 3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі. 4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері: + (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз. Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз.
СУММ (С1:С100) С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы мәліметтер жиыны. СУММ (С1,С4,С6) бұл осы нақты көрсетілген клеткалардағы сандардың ғана қосындысы. Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін ¬ ® ¯ курсорды басқару клавишалары (клавиши управления курсором) қолданылады, немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады. Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, «Данные» ®«Форма» командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады. Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис»®«защита» командасы арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады. Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі. Клетканың адресін түсіндіру үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына (5%)көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*B6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет. Клеткалардың адресін (атын)өзгертуге болады. Мысалы В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, «Вставка»®«Имя»®«присвоить» командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз. Excel—де функция қолдану. Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка»®«функция» командасын таңдаңыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз. Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады. Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы. Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б. Excel-де кейбір сұрақтарыңызға жауап алу үшін аспаптар тақтасындағы «помошник» кнопкасын басыңыз немесе F1 клавишасын басыңыз. Анықтама бөлімінің бүкіл бөлімін қарап шығуыңызға мүмкіндік бар. Төменде көрсетілгендей анықтама бөлімі ашылады. Қажетті бөлімді ерекшелеп алып, Enter клавишасын басыңыз. Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілегн мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді. Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең сонында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны. Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға ауыстырғанда Қайдан және Қайда орналастыратынымызды айқындап көрсету қажет. Орын ауыстыруды орындау үшін ұяшықты немесе блокты (Қайдан) ерекшелп аламыз да оған тышқан курсорын алып барамыз, сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Сонан соң ерекшелнген блокты не ұяшықты тышқанмен іліп алып, мәліметтерді Қайда орналастыру керек болса сол орынға алып барамыз.

MS PowerPoint программасы туралы жалпы түсінік.

Microsoft Power Point программасы презентациялық материалдар дайындауға арналған. Оның көмегімен мекеменің ашылу салтанаты, конференцияға, жиналысқа және семинарларға түрлі есептер мен баяндамаларды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып дайындауға болады. Power Point файлы слайдтардан құралған. Слайдтарды мөлдір таспада, қағазда, 35-миллиметрлік слайдта бастырып алуға немесе монитордың экранында не болмаса проектордың көмегімен тақтада көрсетуге болады. Сонымен қатар конспектілерді әзірлеп, материалдарды тыңдаушығаларға таратуға мүмкіндік береді.

Power Point программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Іске қосу® Программалар®Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Officе бумасындағы Microsoft Power Point жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

Power Рoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады .

Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.

Презентациялар шаблоны ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.

Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.

Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойылған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.

Автомазмұн шебері көмегімен:

Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;

Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;

Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады.

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет;

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл®Құру командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

Презентацияны шаблондар көмегімен кұру. Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы®Презентациялар дизайндары®Презентациялар®Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл®Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.

Бос презентация құру. Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация опциясын таңдау арқылы;

Файл®Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы астарлы бетінде Жаңа презентацияны шарт белгісін тандау арқылы;

Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын тандау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

Power Point программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін тандаған соң ОК батырмасын шертеміз.

Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу. Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы тандап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып еңгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни пішімдеуге болады. Пішімделетін мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Пішім®Қаріп командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе пішімдеу саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Пішімдеу әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Пішім®Маркер командасын орындаймыз. Маркерлер сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімдерден кез келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы маркер ретінде қолдануға болады.

Маркерленген тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос маркерден кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасыңдағы Маркерленген тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.

Кірістіру®Сурет командасын орындап:

Картинкалар®Microsoft Clip Gallery объектілерін; Файлдан файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді; Автофигуралар - әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма, Word Art объектілерін, сканерден көшірме, Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар. Кірістіру®Объект командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с. Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге де болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманы ерекшелеп, Түзету® Көшіру командасын орындау арқылы, буферге аламыз. Power Point программасына оралып, Түзету® Кірістіру немесе жанама менюдегі Кірістіру командасын орындаймыз.

Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Кірістіру®Диаграмма командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады. Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма®Диаграмманың типі командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма®Параметрлер командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз(түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т.с.с). Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

Презентация үғымы өзінің толық мағынасында (лат. ргаеяепіо тапсырамын немесе ағыл. ргезепі — үсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені үсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін үсыну — бүл әрдайым презентация.

Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпка байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі қосақтаса жүретін материалдар — презентация жоспары, баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.

Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның қүрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, үйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бүл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бүл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін жөне оған катысты жағдайларды фиксациялау кезінде колданылады.

Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады.

Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы қүралдар — графикалык. пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі — МS Оffice құрамдасы windows-тың қосымшасы PowerPoint программасы.

PowerPoint косымшасының неше түрлі объекттерді (мөтін, кесте, графика жасау т.б.) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Microsoft Оffiсе дестесінің басқа да қүрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмккіндігіне ие болады. Мысалы:

Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;

Формулалар – Microsoft Eguatuon қосымшасында;

Кестелер – Місrosoft Ехсеl кестелік процесссорында;

Бағаналар (диаграммы) – Місгrosoft Graph қосымшасында;

Әдеби тақырыптар – Місгоsoft WordArt қосымшасында жәнс т.с.с.

Презентация материалдарын дайындау үшін кейбір басқа да мамандандырылған қосымшаларды колдануға болады: Adobe photishop, CorelDraw. Алайда дәл Місгоsoft Оffiсе қүрамына кіретін косымшаларда мәліметтермен алмасу ешқандай бұзылусыз жөне жоғалмай өтеді.

Роwer Роіnt презентация түрлеріне үлкен таңдау жасауды және екі және үшөлшемді график қүрастыруды барлық объекттерді басқаруды: өлшемдерді өзгерту, айналдыру, жоғары дәлдікті орын ауыстыру және т.б. Бүдан басқа бұл қосымшаға дыбыс пен бейне жат емес.

РоwerPoint әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:

компьютер экранында автономды көрсету үшін;

компьютерлі проектор аркылы көрсетуге;

оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;

оптикалык. слайд-проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;

дәл осы шақта жортада көрсету үшін;

кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;

хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;

қызыққандарга тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.

Бірқатар объективті (қолданылатын дестенің мүмкіндіктері: презентацияның мақсаты және басқалары) жөне субъективті (аудиторияның физиологиялық және психологиялык ерекшеліктері) факторларды есепке алу керек болғандықтан, презентацияны дайындау процесі айтарлықтай қиын. Сондықтан презентацияны ойлап шығару кезінде мынадай кеңеске сүйену керек:

презентацияны алдын-ала жоспарлау, оның мақсаты мсн мазмұнын нақты түсіну;

презентацияның әрбір слайды мазмұнды жөне есте қаларлықтай болуы керек;

слайдтағы хабар сығыңқы және қарапайым болуы керек;

импортацияланатын суреттің форматын таңдаған кезде демонстрацияның мүмкіндіктерін есепке алу;

суреттегі объект фоннан түсі жағынан ерекшеленуі керек;

фотобейнені тузеу үшін арнайы прграммаларды қолдану;

Слайдты керкемдеу үшін контрастты және келіскен түстерді тандау керек;

Аудитория көңілін лрезентацияның жеке бір бөлігіне аудару үшін анимациялық өтулерді, бейне, дыбыс және басқа да қүралдарды қолдану артық болмайды;

Кейбір жағдайларда, дайын материалды да ақылмен қолдануға болады, себебі: бейнені шығару және анимациялық клип жасау қиын, әрі кымбатқа түседі.

MS Access мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік.

MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). Үлкен көлемді мәліметтермен жұмыс жасағанда негізгі операциялар мәліметтерді қарап шығу, өңдеу, жинау, баспаға шығару болып табылады.Microsoft Access Деректер базасын басқару жүйесі (СУБД) Microsoft Office программалық өнімнің құрамына кіреді және осы барлық функцияларды қамтамасыз етеді. Access белгілі бір форматта үлкен көлемді мәліметтерді сақтауға, оларды өңдеуге (талап етілетін мәліметтерді іздеу, сорттау және т.б), жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға (мысалы, еңбекақыны есептеу), мәліметтерді енгізу мен қарап шығудың ыңғайлы формаларын жасауға, күрделі есептер жасауға мүмкіндік береді. Access Windows – тың қосымшасы болып табылады, ал Windows – тың барлық қосымшалары бір- бірімен өзара жақсы қарым-қатынаста болады (мысалы, Word-тан мәліметтерді қиып алып, Access-ке енгізуге болады). Access-те мәліметтердің көпшілігі кесте түрінде берілген. Осындай кестенің әрбір өрісі мәліметтердің тек бір ғана типінен – мәтін, сандар, мерзімдер және т.б., ал әрбір жазба бір элемент туралы ақпараттан (мысалы, студент немесе оқу курсы туралы мәліметтен ) тұрады. Access –реляциялық деректер базасын басқару жүйесі деректер тақырыптары мен міндеттеріне қарай бөлек кестелерде сақталады, бірақ олар барлығы байланысқан және олар әртүрлі тәсілдермен біріктірілуі мүмкін. Байланысқан кестелерде мәліметтерді сақтаудың мынадай бірқатар артықшылықтары бар:

Уақытты үнемдеу, өйткені тек сол бір мәліметтерді бірнеше кестелерге қайта-қайта енгізуге тура келмейді;

Деректер базасының өлшемін кішірейту компьютердегі дискіліккеңістікті үнемдейді;

Қателер санын біршама деңгейде қысқарту (егер қайталанатын мәліметтер байланысқан кестеде сақталса, онда ақпаратты барлығы бір рет енгізу жеткілікті; одан кейін бастапқы кестеде қайталанатын мәліметтер үшін тек код енгізіледі. Өрісті тізімнен кодты таңдап алып, мәтінді термей-ақ, реттеуге болады).

Access өрістер үшін берілетін мәліметтер типтеріне қатысты алғанда, өте икемді. Access-те жазбаға Windows – тың басқа программаларынан алынған кез келген обьектер – бейнелер, дыбыстар, анимация және видеоклиптер қоятын арнайы өріс типі (OLE обьектісі) бар.Access-те көптеген қосымша сервистік мүмкіншіліктер қарастырылған, мысалы, Мастер (кестелер , формалар, есептер жасауға көмектеседі)сияқты; Макростар(программалаусыз көптеген процесстерді автоматтандыруға мүмкіндік береді) сияқты; іштестірілген тіл- VBA – Visual Basic for Applications (тәжірибелі программистке мәліметтерді өңдеудің күрделі процедураларын жасауға мүмкіндік береді) сияқты.

Бұл тарауды оқып, мынаны үйренуге болады:

Бір кестелі мәліметтер құрылымын жасау;

мәліметтерді енгізу және редакциялау;

реляциялық деректер базасы құрылымын жасау;

мәліметтерді таңдау мен іздеу үшін сұраныстар жасау;

мәліметтермен жұмыс үшін формалар жасау;

мәліметтерді баспаға шығару үшін және қорытындысын шығару үшін есептер дайындау.

Access деректер базасы құрылымы

Деректер базаларына қызмет етуші программалар көмегімен (мысалы, ACCESS ) деректерді арнайы түрде сақтауға, олардан керекті деректерді таңдауға және берілген критерийлер бойынша деректерді іздеуді орындауға болады.

Access обьектілері

Кесте – мәліметтерді жазбалар(жолдар) және өрістер(бағандар) түрінде сақтауға арналған обьект. Әдетте әрбір кесте нақты бір сұрақ бойыншамәліметтерді сақтауға арналған. Сұраныс – бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.

Форма– негізінен деректерді енгізуге арналған обьект. Формада деректердің басқару элементтерін кестелер өрістеріне орналастыруға болады.

Есеп – Microsoft Access деректер қорының деректерді баспаға шығаруға арналған обьектісі.

Макростар – бұл макрокомандалар. Макрокоманда – бірнеше командалардың бір командаға біріктірілуі және оған клавиштар комбинациясы белгіленген.

Модульдар – бұл Visual Basic тілінде жазылған бағдарламалық процедуралар.

Кестелер Барлық деректер қоры бір немесе бірнеше кестелерден тұрады. Кесте- жазбалар жиынтығы. Кестедегі бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазбалар деп аталады. Кестедегі жазбалар саны қатты диск сиымдылығымен шектеледі. Жазбадағы бар өрістер саны – 255 болады. Әрбір кестенің бірден-бір аты болады. Деректер базасындада әрбір үлкен элементтер жиынтығы үшін бөлек кесте болуы керек, мысалы, қызметкерлер туралы, клиент

сұраныстары туралы жазбалар үшін. Бірнеше кестелерде мәліметтерді қайталауға болмайды.

Кестелерді үш түрлі тәсілмен жасауға болады:

Мастер көмегімен;

Конструктор режимінде;

Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және өрістерді анықтау.

Өрістер Өріс- берілген обьектінің белгілі бір атрибутының мәні, мысалы клиент фамилиясы, кітап аты, оқиға мерзімі және т.б. Өріс параметрлері:

өріс аты 64 символға дейін болады (әріптер, цифрлар,пробелдар);

мәліметтер типі (стандартты немесе қолданушыменанықталған);

өріс қасиеттері;

өріс мазмұны.

Мәліметтер құрылымының көпшілігі кестелік құрылымды болып келеді. Өріс – бұл кестенің элементі. Әрбір өрістің аты болады. Өрістің типі болады.

Өрістер типтері :

Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі;

Сандық (Числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;

Мерзімі/Уақыты (Дата/Время) – күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі

Ақшалық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;

OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE ) әртүрлі обьектілерді (картинкалар, клиптер және т.б) сақтауға арналған мәліметтер типі;

MEMO өрісі (Поле MEMO) – (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі;

Санауыш (Счетчик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;

Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.

Жазбалар.

Жазба – белгілі бір обьект туралы толық мәліметтер жиынтығы. Жазба- кестенің жолы. Әрбір жазба бөлек өрістерден тұрады. Бір жазбаны екіншісінен айыру үшін кестеге бірінші кілт өрісін қосамыз.Бірінші кілт - әрбір жазба үшін бірден-бір идентификатор (мысалы, компонент шифры, тауар коды). Бірінші кілт ұқсас деректерді айыру үшін қызмет етеді. Сонымен бірге деректерді біріктіру үшін қызмет етеді. Және оның көмегімен бір кестені екіншісмен байланыстыруға болады.

Деректер базасын жасау.

Деректер базасын РФК301А атпен жасау үшін Access СУБД (Деректер базасын басқару жүйесі) ортасына кіру керек: ПУСК/ПРОГРАММЫ/МSAccess. Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.

Бұл терезеден Жаңа деректер базасы пунктін таңдап, OK батырмасын басу керек. Тағы бір терезе ашылады.

Бұл терезеде жаңа базаның атын РФК301А енгізу керек. Деректер базасы терезесі ашылады. Деректер базасы.

Екінші тәсіл: Саймандар панеліндегі Жасау (Создать) батырмасын басыңыз немесе Файл менюіндегі Жасау (Создать) командасын таңдаңыз.

Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.Онда деректер базасының аты енгізіледі және деректер базасын сақтайтын каталог таңдалады. Деректер базасының аты сегіз символға дейін болады.

Сұраныстар

Сұраныс – бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуғамүмкіндік беретін обьект.

Таңдама сұраныс

Түпкі кестеден әртүрлі критерийлер бойынша мәліметтерді таңдапалуға болады. Бұны сұраныстар көмегімен орындауға болады. Сұраныстарнәтижесінде нәтижелік кесте жасалады, яғни оны таңдау деп атайды. Ол жалпы бастапқы базадан алынған жалпы ақпараттан тұрады және сұранысқа сәйкес келеді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Параметрлік сұраныс Көп жағдайда қолданушыға құрылған сұраныс бойынша жұмыс істеуге

тура келеді, бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама өзгешеліктер болады. Осы кезде қайта- қайта сұранысты баса бермес үшін, сұранысты параметрмен құру керек.

Қорытынды сұраныс

Бұл сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестедегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде қатты дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез келген кезде қатынау көп уақыт алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, оған қатынау тез уақытта жүзеге асады. Нәтижелік кестені жасауда ақпаратты тағы да өңдеуге болады (мысалы, мәліметтерді алфавиттік ретпен және өсуі бойынша орналастыруға болады және т.б) Сұраныс үлгі бойынша сұраныс бланкісі негізінде құрылады.

Есептеулері бар сұраныстар

Кестеге сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу есептеулері бар сұраныстар құру деп аталады 14 3-ші сурет. Сұранысқа мысал.

Таңдамаға сұранысты құру

Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 6000$ -дан төмен барлық автомобильдерді көрсететіндей сұраныс жасау керек. Ол үшін:

Сұраныстар жапсырмасын қосып, Жасау батырмасын басу керек.

Кестелерді қосу терезесінде Автосалон кестесін таңдап, Қосу батырмасын басу керек.

Жабу батырмасын басу керек. Экранда тек қана Автосалон кестесінің аты бар, осы кестенің өрістері көрсетілген үлгі бойынша сұраныс бланкісі бар терезе қалады.

Модель өрісін таңдаймыз және тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, Өріс жолына бланкінің төменгі жағына көшіреміз. Өріс аты жолында автосалон кестесінің аты пайда болады.

Баға өрісін де осылайша көшіреміз.

Сосын Баға бағанында, таңдау шарты жолында «<6000»-ны тереміз.

Терезені жабамыз, пайда болған терезеде сұраныс атын береміз, мысалы,Баға. Қарау режимінде сұранысты ашамыз және бағасы 6000$-дан төмен автомобильдер тізімін көреміз.

Таңдамаға сұранысты жасау(екі шартпен)

Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 3000$-дан жоғары және жүрген жолы 80 мың .км болатын барлық автомобильдерге сұраныс жасау. Бұл сұраныс та алдыңғы сияқты жасалады, тек Таңдау шарты(Условие выбора) жолында шарт Құн бағанында (>3000) және Жүрген жолы бағанында (<80) беріледі.

Параметрлік сұранысты жасау

Чемпионат кестесін жасау және осы кесте бойынша қай жылы қандай команда жүлделі орынды жеңіп алғанын көрсететін сұраныс жасау, мұнда команданы таңдау – қолданушының жеке өз ісі. Ол үшін кесте жасағаннан кейін:

Сұраныс жапсырмасында тышқанды сырт еткізіп, Жасау(Создать) командасын таңдау керек.

Сұраныс конструктор режимінде жасалады. Кестені қосу(Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Чемпионат кестесінде тышқанды сырт еткізіп, Қосу(Добавление) батырмасын басамыз және жабамыз.

Сұранысты Жылы және Жүлделі орын өрісіне көшіреміз. Жүлделі орын өрісіне таңдау шарты жолына Like [елдің атын енгізіңіз] деп енгіземіз.

Сұранысты жасау(Создать запрос) терезесін жабамыз. Сұранысты жасап болғаннан кейін, Ашу(Открыть) батырмасын басамыз, сонда пайда болған сұхбат терезеде ел сұралады: атын енгізіңіз және ол нәтижесін шығарып береді: дүние жүзі чемпионатында бұл ел қай жылы, қашан жүлделі орын алғанын.

Компьютерлік графика

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.

Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.

Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

компьютерлік вирус

Компьютерлік вирус – „көбейтілуге” және басқа програмаларға „жұғуға” қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200 ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге „зақымдалған” дискета немесе „зақымдалған” файл арқылы түседі. Ішінде вирусы бар программа „зақымдалған” деп аталады. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Олармен күресу үшін арнайы зерттейтін программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А. Данилов, Н.Безруков және т.б бар. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS, BAT кеңейтулері бар файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графикалық файлдарға сирек жұғады.

Қазіргі кезде 50-мыңнан астам вирус бар. Олар мынадай кластарға бөлінеді:

Мекендеу ортасы бойынша: Желілік, файлдық, жүктейтін.

Зақымдау әдісі бойынша: Резиденттік, резиденттік емес.

Мүмкіндігі бойынша: Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті болып бөлінеді.

антивирустық құралдар

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады.

Белгілі антивирустық программаларды бірнеше топтарға бөлуге болады.

Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вирус пен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды “емдейді” де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалыпты келтіре отырып , файлдардан вирус программаласының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды “емдеуге” кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор-программалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы – Д.Лозинский, Skan, Norton AntiVirus және Doctor Wep жасаушысы- И.Данилов программалары болып табылады.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есінде сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. Ресейде Д.Мостов жасаған ADinf ревизор-программесы кең таралған бұл программаны барлық оқу орындарындағы компьютерлерге орнату ұсынылған. Ол тек вирустардың активтілігін ғана емес, кейбір оқушылардың зиянды әрекеттерін де (оқушылардың тиісуіне болмайтын файлдар мен қапшықтарды жылжытуын, өшіруін, жазуын) бақылауға мүмкіндік береді.

Фильтр-программалар немесе күзетшілер – ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекеттерді орындамақшы болғанда, “күзетші” хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді немесе тыйым салады. Вирустардан қорғайтын программалық құралдардан басқа винчестердің белгілі бөлімдерін сенімді қорғауды қамтамасыздандыратын тағы арнайы қосымша құрылғылар болады.

Мұндай құрылғыға Ю.Фомин жасаған Sheriff палатасы мысал болып табылады.

Тағы комплексті алдын алу (профилактикалық) қорғау шараларын қолдану керек, мысалы, төмендегідей:

  1. резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;

  2. зақымдалуы ықтимал кездейсоқ “заңды өнім болып табылмайтын” ұрлық программаларды қолданбау;

  3. дисктерден файлды шығарып оқымай тұрып, оларды вирусқа тексеру;

  4. антивирустық программа дискетте сақталуы керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдалуы мүмкін;

  5. компьютерді үнемі вирусқа тексертіп отырыңдар!

Архивтеу программалары. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер

Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.

Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан тұрады.

Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Архиваторлардың (немесе архивтеушілер) жұмысының принципі файлда “артық” (“асып төгілген”) ақпарат іздеуге және сондан кейін ең кіші (минимал) көлемге келтіру үшін соны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі – бірдей символдар тізбегін сығу. Мысалы, файлдарыңның жиі қайталанатын байттар тізбегі бар делік. Әрбір байтты сақтаудың орнына қайталанатын символдардың саны және олардың орны (позициясы) белгіленеді. Көрнекілік үшін келесі мысалды көрсетейік.

Кең тараған ARJ, RAR, PKPAK, PAK, WINZIP архивтеушілері Лемпел-Зивтің алгоритмінің негізінде жұмыс істейді. Бұл архивтеушілер адаптивті сөздік кодтаушылар ретінде жіктеледі, олар ұқсас жолдарға нұсқаушымен ауыстырылады.

Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептәуір жеңілдетеді.

Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілірде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көп томды деп аталады. Том – бұл көп томды архивтің құраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.

Бір архивтеу немесе қаптаудың – алғашқы файлдарды сығылған түрде архивтік файлға орналастыру екенін айтқан болатынбыз. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болу керек.

Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.

Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.



HTML (HyperTextMarkupLanguage) -гипертекстік белгілеу тілі.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.

HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,

тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.

Құжаттың структурасы

HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:

HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:

Менің бірінші бетім - бұл жерде - тег, face – атрибут, arial – атрибуттың мәні.

Кез келген HTML құжат тегімен басталып, тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым ASCII кодындағы мәтіндік файл. , тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.

, тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі тегімен басталынатын және тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.

Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.

, тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.

Мысалы:

Моя первая страница

бөліміне тағы тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.

- сайт тілі

- сайт авторы

- іздеу қызметіне арналған сөздер

- қай программада жасалынды

тегімен Web-беттің негізгі бөлімі басталады. Бұл бөлімге мәтін, графика, кесте, аудио және видео ақпараттар енгізіледі.

Мәтінді форматтау тегтері

Құжатта тақырыптар , тегтерімен жасалынады, бұл жерде і=1 болғанда ең үлкен тақырып жазылады, і=6 болғанда – ең кіші.

Мысалы,

Көрінетін мәтін

HTML де жазылуы

Заголовок1

Заголовок1

Заголовок2

Заголовок2

Заголовок3

Заголовок3

Заголовок4

Заголовок4

Заголовок5

Заголовок5

Заголовок6

Заголовок6

Абзац енгізу үшін

,

тегтерін қолданады, мәтіннің сол жақ, ортада, оң жақта орнату үшін align атрибуты пайдалынады.

Мысалы:

Менің бірінші бетім

«Менің бірінші бетім» сөйлемі беттің ортасына орналасады.

Align дің мәні тағыда left (сол жақ), right (оң жақ) болуы мүмкін.

тегінің көмегімен біз мәтіннің шрифтің, көлемін, түсін белгілейміз. Ол үшін атрибуттарды пайдаланамыз.

Мысалы:

Менің бірінші бетім

Осындай жол жазғанда Web бетімізде arial шрифтімен, 5-көлемде, көк түсті «Менің бірінші бетім» деген сөйлем шығады.

Жолды бөлү үшін
тегін қолданса болады, мысалы:

Ана тілін – арың бұл,

Ұятын боп тұр бетте

Қаратырылған әріптерді пайдалану үшін мәтінді , тегтерінің ортасына аламыз, қиғаш әріптер үшін - ,.

Мысалы:

Көрінетін мәтін

HTML де жазылуы

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

Менің бірінші бетім

, 
тегтері мәтін редакторда қандай жазылған болса, сол бойынша браузерге шығарады, мысалы:

 

Ана тілін – арың бұл,

Ұятын боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте

Тізім

Нөмірленген тізімді ұйымдастыру үшін

  1. және тегтері қолданылады.

  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Полонская Е.П. Самоучитель HTML

Мержевич В. Создание Web страниц

Егер тізім номерін керекті бір номермен бастау керек болса онда start атрибутын пайдалынамыз, мысалы:

  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Полонская Е.П. Самоучитель HTML

Мержевич В. Создание Web страниц

Тізімдің түрін өзгерту үшін type атрибуты көмектеседі, мысалы номерлерді латын цифрларымен жазу үшін төмендігідей жазамыз

  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Полонская Е.П. Самоучитель HTML

Мержевич В. Создание Web страниц

Маркерлік тізімді жазғанда

  • тегін пайдаланады, маркердің түрін өзгерту үшін type атрибутын. Оный мәні кестеде көрсетілген

disc

дөңгелек

circle

шеңбер

square

квадрат

дөңгелек

шеңбер

квадрат

Web беттегі графика

Бұл бөлімде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:

width және heigth атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуға болады, биіктігі және ені.

alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады.

Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.

Сілтеме

HTML дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтемеу жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін тегі қолданылады.

Мысалы,

Пенжим сайтына сілтеме

Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сылтеме жасадық.

Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін тегтерінің ортасына суретті тегімен орнату керек.

HTML-де кесте жасау

Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады:

кесте тақырыбы;

бағаналар тақырыптары;

ұяшықтар.

Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Боя ұяшық жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.

Қарапайын 2*3 кестесін жасау үшін төменгі тегтер жиынын қолдануға болады:

мәтін

мәтін

мәтін

мәтін

мәтін

мәтін

Бұл жерде border кесте сызықтарының ені.

Кестенің ұяшықтарының енін пайз арқылы өзгерту үшін width атрибутн қолданса болады, мысалы:

Программалық жабдықтау

HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кезкелген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.

Практикады әдетте Web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.

Бірінші үлкен топтың Web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі программалар кіреді:

HTML генератор 1.3 ;

Magic HTML Studio 2.0;

Macromedia Dreamweaver;

Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.

Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы махсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Кәзірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, Web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек.
























Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров1221
Номер материала ДВ-223801
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх