Инфоурок Информатика Статьи" Информатика сабағында оқушылардың ізденіс қабілетін дамыту" (Баяндама)

" Информатика сабағында оқушылардың ізденіс қабілетін дамыту" (Баяндама)

Скачать материал

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

І санатты информатика пәні мұғалімі

Қуанаева Сандуғаш Шарапқызы

Еліміздің тәуелсіз мемлекет болғалы білім беру саласында толымды өзгерістері  аз  емес.  Күн  өткен  сайын  ғылым  мен техника    дамып,  адамзат   қиял жетпес ғажаптарға жол салып, білім беру саласындағы бағдарламалар, оқулықтар  мен   оқу   құралдарының   мазмұндары   қайта  қаралып   жаңашыл әдістерді іздеу, олардың  өмірге енуі кеңінен жүргізіліп келеді.

 Үздіксіз іздену – бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім  шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің  бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру, оларды өзінің қызметіне пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен байланысты.  Демек,  сапалы  тиімді,  нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Әр  мұғалімнің  алдына қойған мақсаты:  сабақ сапасын арттырып,  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,  белсенділігін дамытып, жүйелі тәрбие беру арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, өз бетінше шығармашылық және ғылыми жұмыстарға жұмылдыра білу болып табылады.  Қазіргі  таңда мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін-өзі қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.
Оқушылардың  бойында  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту –  тәрбиенің құрамдас  бөлігі.  Адамның  шығармашылық  қабілеттері  жоғары  ойлаудың, арнаулы саладағы терең білімнің, практикалық тәжірибелі іске деген ынтаның негізінде дамиды.  Оқушылардың  бойында шығармашылық қабілетті дамыту – жалпы білім беретін пәндерді оқып-үйрену кезінде және алған білімдерінің шеберліктері мен дағдыларының ұштасу негізінде жүзеге асады.
Оқушының  ізденіс  қабілетін дамытудың маңызды шарты – оның табандылығы мен инициативасы болып табылады. Табандылық  болмай,  ізденістің  болуы мүмкін  емес. Мектеп  оқушыларының  бойында  осы қасиеттерді  дамыт у қажет. Солардың  негізінде  еңбекке шығармашылықпен  қарау ойдағыдай  қалыптасатын болады.

 Қазіргі технологиялар ерекше дамыған уақытта оқушыға білім мен тәрбие беріп отырған мұғалімге қойылатын талап та жоғары деңгейге көтерілуде. Әрбір мұғалім өз білім, біліктілігін жетілдіріп отыруы тиіс. Сондықтан, оқыту барысында сабақтың түрлерін, әдіс-тәсілдерін өзгертіп отырған тиімді. Осы бағытта өз ізденіс-тәжірибемнен оқушыларды ғылымға баулитын, олардың ынта-ықыласын зерттеуге тәрбиелейтін және оқушының бойындағы шығармашылық қабілетті дамытуға бағыттылған– интерактивті оқыту технологиясын пайдалануды ұсынамын.

Осыған орай информатика пәнінен оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру, өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу – менің басты мақсатым.

Оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді интерактивті деп атайды. Бұл әдістердің ерекшелігі біздің бұрынғы сабақта пайдаланып жүрген әдістерімізді бір жүйеге келтіретіндігі және мұғалімнің ізденуімен қатар оқушыға да көптеген талаптар қойылатындығы және шығармашылығын оятуды көздейді

Оқушы шығармашылығы: ізденуі, білгісі келіп ұмтылуы, пікір таластыра білуі, өлең, эссе құрастыруы, қиялдауы, ойын жүйелі түрде жеткізе алуы.

Зерттеулерге сүйенсек, адам жасаған әрекетінің 80%, оқығанымыздың 20%, ал естігеніміздің 10% есте сақтайды екенбіз. Интерактивті оқыту әдістерін алып қарасақ, онда оқушы тапсырмаларын өз бетінше орындайды. Демек, есте сақтау мүмкіндігі мол деуге болады. Мысалы, қолданбалы бағдарламаларды пайдалану әдісінде оқушы шығармашылығында осы алты бағыт бойынша жұмыс істейді: MS PowerPoint бағдарламасында бір тақырып бойынша әр оқушы өз шығармашылық жұмысын тарау соңында қорғайды. Осы жұмыстарында олар ізденіп, білгісі келіп ұмтылады, қиялдау арқылы оны безендіріп, құрастырады, соңында ойын жүйелі жеткізуге тырысады. Дәл осылай, қалған әдістерді басқа пәндерге қарағанда информатика сабағында пайдалану мүмкіндігі мол.

Әр пәнді оқытуда жаңа әдістерді, амалдарды тауып, сабақты оқушы ұғымына қолайлы, түсінікті етіп өткізу – бүгінгі күннің басты талабы. Жан-жақты түрлендіре өткізілген әрбір сабақтың оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыруға, өз ойларын дұрыс жеткізуге, логикалық ойлауын жетілдіруге ықпалы зор.

Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі орта мектепте информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.   «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.  

Мектеп әрқашанда оқушыларға терең де, нақты білім беруге тырысады. Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық қабілеттерін қалыптастыру мәселесі – қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Оқушы бойындағы шығармашылық қабілет әрдайым қолдау тауып, ынталандырылып отыруы керек. Сондықтан менің өзіндік тақырыбым – информатика сабақтарында топтық жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық – бұл адамның өзіндік ұмтылуы, ізденісі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай топпен бірлесе жұмыс жасай білуге үйренуі қажет. Адам өз бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың жоғалып кетуіне жол бермеуі керек, себебі бұл қабілеттер өмірден өз орнын табуға септігін тигізеді.

Шығармашылық қабілетті дер кезінде дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда ол шектеліп, тоқырап қалуы мүмкін.

Осыған байланысты шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі – өзіне өзі сенбеу, екіншісі – өз ісіне риза болмау, ал үшіншісі - жалқаулық. Осындай жағдайға жол бермеу үшін мына шарттарды орындау керек.
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру)
2.
Қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

3. Оқушы қабілеті мен жас ерекшелігіне сай әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды орындау.
4. Кездесетін қиындықтар мен сұрақтарды шешуге көмек көрсету.
5. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу кезінде теория мен практика әрдайым кезектесіп жүру керек.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың ізденіс қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:
1. Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;

2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар, әр түрлі сайыстар т.б.;

3.Өткізілген шаралардың сапасының жақсаруы.

Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту - басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.



 


                         Пайдаланған  әдебиеттер:

 

 
1. «Информатика негіздері», №4, 2008ж.
2. «Білім берудегі менеджмент», 2009ж.
3. Интернет материалдары.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" Информатика сабағында оқушылардың ізденіс қабілетін дамыту" (Баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 361 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 834
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанаева Сандугаш Шараповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куанаева Сандугаш Шараповна
    Куанаева Сандугаш Шараповна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26061
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 193 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 974 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Искусственный интеллект как помощник в поиске работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе