Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері" авторлық бағдарламасы

"Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері" авторлық бағдарламасы

Скачать материал

51 гимназия
5 - сыныбына арналған \2013-2014 оқу жылы\
(мектеп компоненті)



Авторы: Куздибаева Г.Ж.. 
ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі

"Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері" авторлық бағдарламасы


Түсінік хат
Қазіргі ақпараттар заманында ақпарат (информация) ағымын компьютерсіз қабылдау, өңдеу және қолдану мүмкін емес. Компьютер ақпаратты жеделдетіп өңдеудің негізгі құралы болып табылады. Инженерлік – техникалық, экономикалық есептерді шешу және логикалық есептерді компьютер арқылы шешу мықты программаларды талап етеді.
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында біздің мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Ұсынылып отырған курс информатиканың бағдарламалау бөлімі бойынша негізгі білімдерін меңгеруге жәрдемдеседі және тереңдетеді. Сонымен қатар математика пәніне бейімі бар 5 сыныптардың оқушыларына және логикалық есептер шығаруға қызығатын оқушыларға арналған.
Курсты оқып – үйрену интеллектуалдық мектеп түлегінің, оның арғы оқуын және кәсіби қызмет бағытының мақсатқа лайықтылығын тексеруге көмектеседі.
Тап осы білім беру курсын меңгерудің маңызды ерекшелігі – ол кәсіптік жоғары білім бастауын қайталамайды. Оның міндеті – алгоритмдік ойлауын математикалық құрамында дамыту. 
Курс оқушылардың информатика негіздері курсынан алынған білімдеріне және іскерліктеріне сүйенеді. Оқу барысында оқушылардың өздігінен білім алуға, ұсынылып отырған сұрақтарға қажетті хабар іздеу қабілеттерін дамыту көзделеді.
Жұмыстардың негізгі нысаны - тәжірибелік іс – әрекет болып табылады. Бағдарлама 34-сағаттық курсқа негізделген. 








Мақсаты:
Курстың басты мақсаты – ақпаратық әлем туралы түсінікті қалыптастыру, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, логикалық есептер шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту, компьютерді қызметтік құрал ретінде пайдалануды үйрету. 
Ақпараттық қоғамға бейнелеу,
Ақпараттық, логикалық ойлау қабілетін дамыту,
Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында оларды әлемдік ақпараттық білімділік кеңістікке даярлау,
Күрделі логикалық есептерді шешуде ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Әрбір оқушының қызығушылығын ескере оқыту,
Мамандық таңдауға дейіңгі дайындау деңгейлерін ұлғайту,
Оқушыларды практикалық еңбекке баулу,
Компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,
Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілетін, оларды ғылыми мәліметтерде түсіну, ғылыми білімді өз бетінше игеру және қолдану.


Міндеті:
Оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын және компьютерлік біліктілігін дамыту
Компьютерлік сауаттылықтың басты міндеті - казіргі қоғамның ең негізгі құралы екенін, адам құқығын құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ оны ластауға, бүлдіруге қарсы белсенді күресуге, туған өлкені сүйе білуге тәрбиелеу.
Қазіргі заманға сай компьютерлік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, ақпараттық материалдарда өздігінше жұмыс істей білетін, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қортынды жасай алатын адам тәрбиелеу.
Шығармашылық жұмыспен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу.
Курс сабақтарында шешілетін негізгі міндеттер - бұл өткенмен тақырыптарға талдау жасай білу, қазіргіні біртұтас етіп қабылдауды қалыптастыру. 

Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар:

Оқушы нені білуі керек:
Сан және санның шығу тарихын;
Санау жүйесі, олардың түрлерін;
Логика және пікір, логика алгебрасын;
Логикалық операцияларды.


Оқушы нені үйрену керек:
Санау жүйелерімен есептеулер жүргізуді;
Сандардыбір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;
Логика түрлерін;
Логикалық операциялармен есеп шығаруды;
Ақиқат кестелерін тұрғызуды;


Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Санның шығу тарихы;
2. Санау жүйелері және олардың түрлері;
3. Логика және Пікір ұғымдары;
4. Логикалық операциялар;
5. Логикалық ақиқат кестелері.







«Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері»
оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар



Тақырыптар
Сағат
саны Оның ішінде Оқушылардың өздік жұмысына бөлінген сағат саны

Зертханалық жұмыстар
Бақылау жұмыстары
1 Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесімен танысу
1

Сан. Санау жүйелері (16 сағат)
2 Санның шығу тарихы 1
3 Санау жүйелері 1
4 Екілік санау жүйесі 1
5 Практикалық тапсырмалар 1 1
6 Сегіздік санау жүйесі 1
7 Практикалық тапсырмалар 1 1
8 Ондық санау жүйелері 1
9 Практикалық тапсырмалар 1 1
10 Он алтылық санау жүйелері 1
11 Практикалық тапсырмалар 1 1
12-13 Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тәсілдері 2
14 Бақылау жұмысы №1 1 1
15 Бақылау жұмысы №2 1 1
16 Бақылау жұмысы №3 1 1
17 Тест 1 1
Логика. Логикалық операциялар(17 сағат)
18 Логика. Пікір ұғымдары 1
19 Логика алгебрасы 1
20 Логикалық операциялар 1
21 Логикалық көбейту. Конъюкция. 1
22 ЖӘНЕ логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
23 Практикалық тапсырмалар 1 1
24 Логикалық қосу. Дизъюнкция. 1
25 НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
26 Практикалық тапсырмалар 1 1
27 Логикалық терістеу. Инверсия. 1
28 ЕМЕС логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
29 Практикалық тапсырмалар 1 1
30 Бақылау жұмысы №1 1 1
31 Бақылау жұмысы №2 1 1
32 Бақылау жұмысы №3 1 1
33 Тест 1 1
34 Курс бойынша қайталау 1
БАРЛЫҒЫ: 34

Оқушыларды курс бойынша бағалау

Бағалау түрі: әрбір практикалық сабақ белгілі баллдар өлшемімен бағаланады (сабақ тақырыбымен ұштастырылған жазбаша, ауызша жұмыстар). 
Қорытынды бағалау оқыту курсының соңында өткізіледі. Сабақтың теориялық бөлімінің меңгерілуін тексеру-байқау түрі – тест. 

Қорытынды бағаны шығару үшін келесі факторлар ескеріледі: 
оқушының практикалық жұмысы және семинар сабаққа қатысуының баллдары, 
қорытынды сабақта алған тест баллдары, 
оқушылардың курс басында және соңындағы салыстырмалы даму қабілетінің нәтижесі


Бағалау түрі Қойылатын
бағалаудың ең үлкен мәні (балл)
1 Сабаққа қатысуы 2
2 Сыныптағы жұмыс (дәріс кезіндегі және зертханалық сабақтағы белсенділік):
- зертханалық жұмысқа дайындық деңгейі;
- зертханалық жұмысты орындау сапасы;
- зертханалық жұмысты қорғау.

3
3 Өзіндік жұмысты орындау сапасы:
- үй тапсырмасын орындау;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- есептеу-графикалық жұмыстарды орындау;
- тест тапсыру ;

4


4 Аралық бақылау (коллоквиум) 3
Бағалаудың ең үлкен мәні (балл бойынша)
100
Бағалаудың ең кіші мәні (балл бойынша)
40

Қорытынды баға: 
«5» - 75 - 100 балл – оқу материалын өте жақсы меңгерді, 
«4» - 60 - 74 балл – жақсы дәрежеде меңгерді, 
«3» - 40 - 59 балл – орташа, 
«2» - 40-тан төмен балл – нашар дәрежеде меңгергенін көрсетеді





Қолданылған әдебиеттер

1. Н.Ермеков «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Жазушы, 2002 ж.
2. Б.Бөрібаев «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Мектеп, 2006 ж.
3. С.Симонович «Специальная информатика», Санкт-Петербург , AST-пресс, 1998 ж.
4. О.Камардинов «Информатика» Шымкент 2000 ж
5. Б.Бөрібаев «Информатика»
6. Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б, Дәулетқұлов А. Информатикадан 30 сабақ.
7. Алматы: «ЖТИ», 2003ж.
8. Бөрібаев Б, Нақысбеков Б, Мадиярова Г. 9 сынып. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: «Мектеп», 2005ж.
9. Газет – журнал «ИФМ» Шекербекова Ш, «Дәуір», 2000ж.
10. «Жаңа ақпараттық технологиялар» Бастапқы курс. Омаров А.Ж, Тараз – 2000ж.
11. «Информатика негіздері» 2003 – 2009 жылдардағы журналдар.
12. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. 1997 
13. «SinKaz» Электронды оқулық.
14. 7 сыныпқа арналған электронды оқулық
15. KazInform электронды оқулық


Интернет ақпарат көздері

1. http://www.uroki.net/docinf.htm
2. http://www.informatik.kz/uchprog.htm
3. http://www.internet.ru/
4. http://mektep260.forever.kz
5. http://mukhanov.ucoz.kz

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесімен танысу

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқа кіріп, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ауызша, сұрақ - жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.

III. Жаңа материады хабарлау: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3. Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т. б. өрт сөндiргiш құрал - жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;

Жұмыс орнын ретке келтiру;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
1. Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2. Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына
байланысты көмек көрсету.


Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар
Бас жаттығуларын жасау:
1. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
2. Басты жан-жаққа, жоғары - төмен, оңға - солға бұру.
3. Саусақтарды жұмып - ашу және қолдың білезігін босаңсыту.
4. Денені босаңсытып және оны кетіріп ширықтыру.
5. Көз жаттығуларын жасау:

Көзге арналған жаттығулар:
1. 1 - 4 - ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап,
1 - 6 - ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4 - 5 рет қайталау қажет
2. 1 - 4 - ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр - бiрiне қаратып, соңында 1 - 6 - ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4 - 5 рет қайталау керек.
3. 1 - 4 - ке дейiн санап, басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1 - 6 - ға дейiн санап, алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
4. 1 - 6 - ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан - сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан - оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4 - 5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтедi.

IV. Жаңа материалды бекіту
Сұрақ - жауап
V. Үй тапсырмасы 
Қауіпсіздік ережелерін жаттау
VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!













Сабақтың тақырыбы: Санның шығу тарихы

Сабақтың міндеті:
1. Санның шығу тарихымен таныстыру
2. Оқушыларды сыни ойлану, нақты жауап беруге дағдыландыру
3. Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

І. Сабақтың барысы: 

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ауызша, сұрақ – жауап.

III. Жаңа материады хабарлау: 

Сан ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Өлшеулер жүргізу қажеттілігі оң рационал сандарға әкеп соқтырды.Теңдеулерді шешу теріс сандардың шығуына алып келді. Теріс сандар ұзақ уақыт бойы “жалған” сандар деп есептеліп, “қарыз” (“борыш”), “жеткіліксіздік” (“жетімсіздік”) ретінде түсіндіріліп келген. Оң және теріс сандарға амалдар қолдану ережесі ұзақ уақыт бойы тек қосу және азайту жағдайлары үшін ғана ғарастырылып отырған. Мысалы, бұл ережені үнді математиктері 15 ғасырда былай тұжырымдаған: “Екі мүліктің қосындысы мүлік болады, екі қарыздың қосындысы қарыз болады, мүлік пен қарыздың қосындысы бұлардың айырмасына тең болады”. Тек 17 ғасырда ғана Декарт пен Ферма енгізген координаттар әдісі пайдаланыла бастағаннан бері теріс сандар оң сандар мен тең праволы сандар ретінде қабылданады.Бүтін және бөлшек сандар рационал жиынын құрайды. Бұл сандар есептеуге қолайлы: екі рационал санның қосындысы, айырмасы, көбейтіндісі және бөліндісі (бөлгіш нөлден басқа сан болғанда) рационал сандар болып табылады. Рационал сандардың тығыздық қасиетібар, мұның арқасында кез келген кесіндісі бірлік өлшем ретінде қабылданған кесіндімін кез келген дәлдік дәрежесі бойынша өлшеуге және де өлшеу нәтижесін рационал санмен өрнектеуге болады. Сондықтан рационал сандар ұзақ уақыт бойы адамзаттың іс жүзінде қажеттіктерін толық қамтамасыз етіп келді (және де қазіргі кезге дейін қамтамасыз етуде). Соған қарамастан шамаларды өлшеу мәселесі жаңа сан, иррационал санның шығуына әкеп тіреді. Ежелгі Грецияда Пифагордың (біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырда) мектебінде, егер өлшеу бірлігі ретінде квадраттың қабырғасы алынатын болса, онда квадраттың диагоналын рационал санмен өрнектеуге болмайтыны дәлелденген болатын. Квадраттың диагоналы және оның қабырғасы секілді кесінділерді өлшенбейтін кесінділер деп атаған. Бұдан кейінгі уақытта (біздің заманымызға дейінгі 5-4 ғасырларда) ежелгі грек математиктері толық квадрат болмайтын кез келген натурал n саны үшін n санының иррационалдығын дәлелдеді.
Үндістаннаң , Таяу және Орта шығыстың, ал кейініректе Европаның математиктері иррационал шамаларды пайдаланды. Бірақ ұзақ уақыт бұларды тең праволы сан ретінде қабылдамай келген. Оларды қабылдауға Декарттың “Геометриясының” шығуы ықпал жасады. Әрбір рационал немесе иррационал сан координаттық түзудің бойында нүктемен кескінделеді, және керісінше, координаттық түзудің бойындағы әрбір нүктеге белгілі бір рационал немесе иррационал, яғни нақты сан сәйкес келеді. Иррационал сандар ендірілгеннен кейін координаттық түзудің бойындағы барлық “бос орындар” толтырылды. Осы қасиетке сүйеніп, нақты сандар жиыны (рационал сандар жиынынан айырмашылығы) үздіксіз болып табылады делінеді.

IV. Жаңа материалды бекіту
Сұрақ - жауап

V. Үй тапсырмасы 
Санның шығу тарихы

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері.
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды санау жүйесімен, кодалау әдістерімен, екілік, он алтылық кодалау түрлерімен таныстыру;
дамытушылық: сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне көшіру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ЖИГСО, INSERT, ВЕНН диаграммасы.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ
Қазір біз сандардың тарихы және санау жүйелері туралы мақала оқимыз. Алдымен не білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар (3 минут). Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұбыңызбен сандардың тарихы және санау жүйелері туралы не білетініңізді немесе не білемін деп ойлайтыныңыз туралы тізім жасаңыз.
Барлық жұптар өздерінің тізімдерін жасап болған соң оны топта талқылайды. Сонан соң топтағы талқылау нәтижесінде пайда болған жалпы тізімді оқушылармен бірге (оның ішінде дау туғызған сұрақтарды қоса) қағазға жазамыз.

МАҒЫНАНЫ ТАНИ БІЛУ САТЫСЫ
Санау жүйелері туралы мақаламен жұмыс
Мақаланы оқу алдында тапсырма беру:
- егер оқып отырған ақпарат сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса, мәтіннің шетіне «υ» (қанат) белгісін қоясыз;
- егер оқып отырған ақпарат сіздің білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, мәтіннің шетіне « –» (алу) белгісін қоясыз;
- егер оқып отырған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, мәтіннің шетіне «+» (қосу) белгісін қоясыз;
- егер оқып отырған ақпарат сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе, мәтіннің шетіне «?» (сұрақ) белгісін қоясыз.
Санау жүйесі дегеніміз – арнайы белгілер (цифрлар) жиынтығының көмегімен сандарды атау мен белгілеу тәсілі. Қазіргі кезде пайдаланылатын санау жүйелерінің позициялық және позициялық емес болып бөлінетін екі түрі бар.
Позициялық санау жүйесінде – санға енген ірбір цифрдың мәні, оның санда тұрған орнына (позициясына) байланысты. Мысалы, 757,7 санында бірінші 1-лік цифры 7 жүзді, екіншісі бірлікті, үшіншісі – бірдің оннан жетілік үлесін білдіреді, яғни мына өрнектің қысқартылған жазбасын білдіреді:
700+50+7+0,7=7*102+5*101+7*100+7*10-1=757,7.
Позициялық емес санау жүйесінде – санды құраған әрбір цифрдың мәні, оның санда тұрған позициясына байланысты емес. Ондай санау жүйенің мысалы ретінде римдік санау жүйесін келтіруге болады. Римдік жүйеде цифр ретінде латын әріптері қолданылады:

ОЙТОЛҒАНЫС САТЫСЫ
ВЕНН диаграммасымен жұмыс.

Бағалау
Үйге тапсырма беру. Санау жүйелері
Сабақтың тақырыбы: Екілік санау жүйесі.
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды екілік санау жүйесімен таныстыру;
дамытушылық: сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне көшіру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жұптық жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Адам баласы негізінен ондық (1,55,26,35,8) және әріптермен (F,a,c,y) жұмыс істей алады. Шын мәнісінде компьютер бұл таңбаларды оқи алмайды. Операциялық жүйелер (Windows XP, Windows 7,Vista, Linux, Solaris, Unix) таңбаларды АЛҚ-ға (Арифметикалық Логикалық Құрылғы немесе процессор деп атайды) екілік санау жүйесіне өзгертіп береді.
Процессор екелік санау жүйесінде жұмыс істейді. Екілік санау жүйесі 0 және 1санынан ғана тұрады.
Мысалы А әрпінің Ascii коды 65-ге тең, екілік санау жүйесінде былай 1000001 болып көрсетеледі.
Екілік санау жүйесіндегі қосу кестесі
0 + 0 = 0
0 + 1 = 1
1 + 1 = 10
Екелік санау жүйесін ондық санау жүйесі келтірудің ең қарапайым жолы:
64(1 немесе 0*26)+32(1 немесе 0*25)+16(1 немесе 0*24)+8(1 немесе 0*23)+4(1 немесе 0*22)+2(1 немесе 0*21)+1(1 немесе 0*20) осы сандарды косындысы бизге ондық сандар нәтижесі шыгады.

Мысалдар:
01(екілік) ондыққа ауыстырғанда 1*20=1
10(екілік) ондыққа ауыстырғанда 1*21=2
11(екілік) ондыққа ауыстырғанда 1*2*1+1*2*0=3
100(екілік) ондыққа ауыстырғанда 1*2*2=4
101 (екілік) ондыққа ауыстырғанда 1*22+0*21+1*20=5
Екілік санау жүйесін ондық ауыстырганда кағаз немесе жаттап алныздар.
64 32 16 8 4 2 1
1 0 0 0 0 0 1 65-ке , 0 болган катарларды қоспайбыз, 1 болган катарларды қосамыз.
1 1 0 1 0 0 0 106-ға тең, 0 болган катарларды қоспайбыз, 1 болган катарларды қосамыз.

Келеси сандар оздерин есептеп кориндер:
111111, 10100110, 1010110, 111001, 101101, 101010

IV. Жаңа материалды бекіту
Сұрақ - жауап

V. Үй тапсырмасы. Екілік санау жүйесі.

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: Практикалық тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды екілік санау жүйесінде есептер шығаруды үйрету;
дамытушылық: есептерді өз еркімен, нақты шығаруға дағдыландыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жұптық жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Екiлiк санау жүйесi 
Екiлiк жүйеде кез келген сан екi 0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады және екiлiк сан деп аталады. Екiлiк санның әрбiр разрядын (цифрын) бит деп атайды. Кез келген санау жүйесiнiң негiзiн осы санау жүйесiнде қолданылатын цифрлар санын анықтап ЭЕМ-де ақпаратты өрнектеу үшiн екiлiк жүйе қолданылады. Екiлiк жүйеде қосындыда негiздеушi ретiнде 2 санын қолданады. Мысалы, 1001,11 екiлiк сан үшiн қосынды мына түрде болады: 
1*23+0*22+0*21+1*20+1*2-1+1*2-2 
Бұл қосынды ондық сан үшiн жазылған қосындының ережесi бойынша жазылады. 

Екiлiк жүйенiң маңыздғы құндылығы – цифрды ұсыну ыңғайлылығы және компьютер аппаратурасының қарапайымдылығы. 

Екiлiк жүйенiң кемшiлiгi – мұнда санды жазу үшiн 0 мен 1 цифрлары көп қажет болады. Бұл адамның екiлiк санды қабылдауын қиындатады. Мысалы 156 ондық санының екiлiк жүйедегi түрi мынадай:10011100. Сондықтан екiлiк жүйе әдетте компьютердiң “iшкi қажеттiлiгi” үшiн қолданылады, ол адамның компьютермен жұмыс iстеуi үшiн үлкен негiздеуiшi санау жүйесi таңдалды. Бұл сегiздiк және он алтылық жүйелер. Осы екi жүйелердiң және екiлiк жүйенiң арасында санды бiр жүйеден басқаға ауыстыруды жеңiлдететiн қарапайым байланыс бар.

Тапсырма:

1. Санды негізгі дѕрежесінің қосындысы тџрінде көрсетіңіз:
а) 1001,0122;ѕ) 1,100012;
б) 0,0001012;в) 1000, 00012

2. Сандарды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
а) 101000112; в) 11010112;
ѕ) 110110012; г) 111012;
б) 10010012; д) 11101112.

IV. Жаңа материалды бекіту


V. Үй тапсырмасы. Есептер шығару

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!




Сабақтың тақырыбы: Сегіздік санау жүйесі
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды сегіздік санау жүйесімен таныстыру;
дамытушылық: сандарды сегіздік санау жүйесінен екілік жүйесіне көшіру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жұптық жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Сегiздiк санау жүйесi
Сегiздiк санау жүйесi, яғни сегiздiк негiздеушi санау жүйесi, сегiз цифрдың көмегiмен санды көрсетедi: 0,1,2,3,4,5,6,7. 
Мысалы, 356 санын негiздеушi 8 қосындысы түрiнде жазайық:
356=3*82+5*81+6*80

Сегіздік санау жүйесі

Сегіздік санау жүйесі, яғни негізі 8 болатын санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен өрнектеледі: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7. Мысалы, 357 сегіздік санында жеті бірлік, бес сегіз жѕне џш сегіздің квадраты бар, яғни 3578=3*82+5*8'+7*8°, мұнда 357 санының индексі "8" санау жџйесін білдіреді. Жазылған қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық ѕрекеттерді орындай отырып, 3578=23910 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239 ондық санға сәйкес келеді.



IV. Жаңа материалды бекіту


V. Үй тапсырмасы. Сегіздік санау жүйесі

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!










Сабақтың тақырыбы: Практикалық тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды сегіздік санау жүйесінде есептер шығаруды үйрету;
дамытушылық: есептерді өз еркімен, нақты шығаруға дағдыландыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жұптық жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру

Екілік санды сегіздік түрлендіру процесі өте қарапайым.

Кез келген цифрды сегіздік сан тџрінде жазу џшін џш екілік цифрлар қажет. Сондықтан тџрленетін екілік санды оңнан солға қарай екілік цифрлар тобына џштен бљледі, сол жақтағы цифрлар тобы ең аз болуы тиіс. Мысалы, 011 екілік цифры сегіздік санау жџйесіндегі џш цифры болып табылады. Содан кейін екілік цифрдың әрбір тобын кестеде көрсетілген цифр түрінде көрсетеді. 

Мысалы, 110111101 екілік саны екілік цифр бойынша џштен топқа бөлінгенде, 1 101 111 011 деп жазуға болады жѕне содан кейін әрбір топты кестедегі сегіздік цифpдың біреуімен жазып болғаннан кейін, 1573 санын аламыз.

Тапсырма:

Екілік санды сегіздік санау жџйесіне ауыстырыңыз.

а) 111101100112; в) 11Q111.110.112; 

ѕ) 11011010010012; г) 10101110111012;

б) 1001101010012; ғ) 11101111010112.

Тапсырма:

1. Кестенің кљмегімен сегіздік санды екілік санау жџйесіне ауыстырыңыз.

а) 3248; в) 1368;

ѕ) 15768; r) 30507S;

б) 176528; ғ) 4068.

IV. Жаңа материалды бекіту


V. Үй тапсырмасы. Есептер шығару

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: Ондық санау жүйесі
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды ондық санау жүйесімен таныстыру;
дамытушылық: сандарды ондық санау жүйесінен екілік жүйесіне, сонымен қатар сегіздік санау жүйесіне көшіру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сыныппен жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшiн 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Мыс: 234=200+30+4
2 жүздiктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан тұрады.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткенi ондық санды жазуда цифрдың мәнi оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бөлiнетiн позицияны разряд деп атайды.
Егер 234 санын қосынды түрiнде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*100 Бұл жазбадағы 10-саны санау жүйесiн негiздеушi. Санның әрбiр цифры үшiн 10 негiздеушi цифрлың орнына байланысты дәрежеленедi және осы цифрға көбейтiледi. 
Бiрлiктер үшiн – 0; ондықтар үшiн – 1, жүздiктер үшiн – 2-ге тең негiздеушi дәреже және т.с.с
Егер сан ондық бөлшек болса, ол терiс дәрежеде жазылады. Мыс: 38,956=3*101+8*100+9*10-1+5*10-2+6*10-3
Компьютерде ондық емес екiлiк санау жүйесi, яғни екi негiздеушiсi бар санау жүйесi қолданылады.

Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1) 12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)

IV. Жаңа материалды бекіту

V. Үй тапсырмасы. Ондық санау жүйесі

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: Практикалық тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды ондық санау жүйесінде есептер шығаруды үйрету;
дамытушылық: есептерді өз еркімен, нақты шығаруға дағдыландыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жұптық жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:
1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Мысалы: 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыру керек.
Шешуі: 98110
981 2
1 445 2
1 222 2
0 111 2
1 55 2
1 27 2
1 13 2
1 6 2
0 3 2
1 1 (екілік санның ең үлкен цифры) Жауабы: 89110=11011110112
2. Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.
оны екіге көбейтіп, бүтін бөліктерді табудан тұрады.
Мысалы: 0,62510 ондық бөлшегін екілік санау жүйесіне ауыстырайық.
Шешуі: 0,625*2=1,250; бүтін бөлігі 1-ге тең.
0,250*2=0,500; бүтін бөлігі 0-ге тең.
0,500*2=1,000; бүтін бөлігі 1-ге тең. Жауабы: 0,62510=0,1012
3. Ондық санды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
Мысалы. 891 санын ондық жүйеден сегіздіксанау жүйесіне ауыстырайық.
Шешуі:
891 8
3 111 8
7 13 8
5 1 Жауабы: 98110=15738

Мысал: ондық жүйедегі 891 санын сегіздік санау жүйесіне келтірейік. Шешуі:

891:8=111, қалдық 3-ке тең;
111:8=13, қалдық 7-ге тең;
13:8=1, қалдық 5-ке тең;
1:8=0, қалдық 1-ге тең (сегіздік санның џлкен цифры).

Жауап: 89110=15738.

Тапсырма:
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз.
а) 322; ѕ) 150; б) 283,245; в) 428;
г) 315,075; ғ) 181,369; д) 176,526; е) 7006

IV. Жаңа материалды бекіту

V. Үй тапсырмасы. Есептер шығару

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Он алтылық санау жүйесі
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушыларды он алтылық санау жүйесімен таныстыру;
дамытушылық: сандарды он алтылық санау жүйесін екілік жүйесіне, сонымен қатар сегіздік санау жүйесіне көшіру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сыныппен жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Оналтылық санау жүйесiнде санды жазу үшiн ондық санау жүйесiнiң цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтiн алты цифрды белгiлеу үшiн ондық сандарының мәнi 10,11,12,13,14,15 болатын сәйкес латын алфавитiнiң алғашқы үлкен әрiптерi: A,B,C,D,E,F қолданылады. Сондықтан оналтылың сандарда, мысалы, 3Е5А түрi болуы мүмкiн. Осы санды негiздеушi 16 қосындысы түрiнде жазайық:
3Е5А=3*163+Е*162+5*161+А*160
Сандардың қандай сандық жүйеде тұрғанын бiлу үшiн, оның төменгi жағына индекс жазылады және индекске қандай жүйеде екенi көрсетiледi.
Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару: 
8116=8*161+1*160=128+1=12910
Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Мысалы:1101111011 екілік санды төрт екілік цифрдан тұратын топтарға бөлгеннен кейін, 11 0111 1011, әр топты оналтылық цифрмен ауыстырғанда 37В оналтылық санын алуға болады.
Мысалы: 10112= 1*23 + 0*22+1*21+1*20=1110=В16

Сандарды сегіздік және онатылық санау жүйелерінен екілік жүйеге ауыстыру
Мысалы: 1238=001 010 011 = 10100112
А1716 = 1010 0001 0111 = 1010000101112

IV. Жаңа материалды бекіту

V. Үй тапсырмасы. Он алтылық санау жүйесі

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!












Сабақтың тақырыбы: Практикалық тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: оқушылардыон алтылық санау жүйесінде есептер шығаруды үйрету;
дамытушылық: есептерді өз еркімен, нақты шығаруға дағдыландыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жұптық жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Он алтылық позициялы санау жџйесінде санды жазу џшін ондық санау жџйесінің цифрлары 0, 1,2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9 жѕне жетпейтін алты цифрды белгілеу џшін ондық сандарының мәні 10, 11, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы џлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Осылайша ондық жүйенің барлық цифрлары жѕне сонымен қатар, латынның алты әріптері он алтылық жџйенің -"цифрлары" болып табылады.

Он алтылық жџйенің барлық цифрларын келтірейік: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B C, D, E, F. Он алтылық санау жүйесінде F санынан кейін F+1 саны келеді, ал ондық санау жүйесіндегі 15 санынан кейін 15+1=16 саны келеді деген жазуға сәйкес келеді.

Сондықтан, он алтылық санның тџрі, мысалы, 3E5A1 болуы мџмкін. Осы санды негізі 16 болатынын ескеріп, қосындысы түрінде есептеп жазсақ, мынаны аламыз:

ЗЕ5А116=3*164+E*163 +5*162 +A*161+1*16°

Ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық амалдарды орындай отырып жѕне А=10, Е=14 ескерсек, ЗЕ5А116=25539310 санын аламыз. Ондық жүйеге қарағанда он алтылық жүйедегі санның ықшамды екендігін байқауға болады.


1 Тапсырма:
Сандарды он алтылық санау жџйесінен ондық санау жџйесіне ауыстырыңыз:

а) 9116; в) 23516; 
ѕ) 4016; г) 7С3116;
б) 5А16; д) Ғ54І6;

2 Тапсырма:
Ондық бөлшектерді екілік санау жџйесіне ауыстырыңыз.

а) 0,322; ѕ) 150,7006; б) 283,245;
в) 315,075; г) 181,369; ғ) 176,526.

IV. Жаңа материалды бекіту

V. Үй тапсырмасы. Есептер шығару

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері" авторлық бағдарламасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

51 гимназия
5 - сыныбына арналған \2013-2014 оқу жылы\
(мектеп компоненті)



Авторы: Куздибаева Г.Ж.. 
ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі

"Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері" авторлық бағдарламасы

 


Түсінік хат
Қазіргі ақпараттар заманында ақпарат (информация) ағымын компьютерсіз қабылдау, өңдеу және қолдану мүмкін емес. Компьютер ақпаратты жеделдетіп өңдеудің негізгі құралы болып табылады. Инженерлік – техникалық, экономикалық есептерді шешу және логикалық есептерді компьютер арқылы шешу мықты программаларды талап етеді.
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында біздің мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Ұсынылып отырған курс информатиканың бағдарламалау бөлімі бойынша негізгі білімдерін меңгеруге жәрдемдеседі және тереңдетеді. Сонымен қатар математика пәніне бейімі бар 5 сыныптардың оқушыларына және логикалық есептер шығаруға қызығатын оқушыларға арналған.
Курсты оқып – үйрену интеллектуалдық мектеп түлегінің, оның арғы оқуын және кәсіби қызмет бағытының мақсатқа лайықтылығын тексеруге көмектеседі.
Тап осы білім беру курсын меңгерудің маңызды ерекшелігі – ол кәсіптік жоғары білім бастауын қайталамайды. Оның міндеті – алгоритмдік ойлауын математикалық құрамында дамыту. 
Курс оқушылардың информатика негіздері курсынан алынған білімдеріне және іскерліктеріне сүйенеді. Оқу барысында оқушылардың өздігінен білім алуға, ұсынылып отырған сұрақтарға қажетті хабар іздеу қабілеттерін дамыту көзделеді.
Жұмыстардың негізгі нысаны - тәжірибелік іс – әрекет болып табылады. Бағдарлама 34-сағаттық курсқа негізделген. 








Мақсаты:
Курстың басты мақсаты – ақпаратық әлем туралы түсінікті қалыптастыру, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, логикалық есептер шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту, компьютерді қызметтік құрал ретінде пайдалануды үйрету. 
Ақпараттық қоғамға бейнелеу,
Ақпараттық, логикалық ойлау қабілетін дамыту,
Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында оларды әлемдік ақпараттық білімділік кеңістікке даярлау,
Күрделі логикалық есептерді шешуде ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Әрбір оқушының қызығушылығын ескере оқыту,
Мамандық таңдауға дейіңгі дайындау деңгейлерін ұлғайту,
Оқушыларды практикалық еңбекке баулу,
Компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,
Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілетін, оларды ғылыми мәліметтерде түсіну, ғылыми білімді өз бетінше игеру және қолдану.


Міндеті:
Оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын және компьютерлік біліктілігін дамыту
Компьютерлік сауаттылықтың басты міндеті - казіргі қоғамның ең негізгі құралы екенін, адам құқығын құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ оны ластауға, бүлдіруге қарсы белсенді күресуге, туған өлкені сүйе білуге тәрбиелеу.
Қазіргі заманға сай компьютерлік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, ақпараттық материалдарда өздігінше жұмыс істей білетін, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қортынды жасай алатын адам тәрбиелеу.
Шығармашылық жұмыспен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу.
Курс сабақтарында шешілетін негізгі міндеттер - бұл өткенмен тақырыптарға талдау жасай білу, қазіргіні біртұтас етіп қабылдауды қалыптастыру. 

Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар:

Оқушы нені білуі керек:
Сан және санның шығу тарихын;
Санау жүйесі, олардың түрлерін;
Логика және пікір, логика алгебрасын;
Логикалық операцияларды.


Оқушы нені үйрену керек:
Санау жүйелерімен есептеулер жүргізуді;
Сандардыбір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;
Логика түрлерін;
Логикалық операциялармен есеп шығаруды;
Ақиқат кестелерін тұрғызуды;


Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Санның шығу тарихы;
2. Санау жүйелері және олардың түрлері;
3. Логика және Пікір ұғымдары;
4. Логикалық операциялар;
5. Логикалық ақиқат кестелері.







«Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері»
оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар



Тақырыптар
Сағат
саны Оның ішінде Оқушылардың өздік жұмысына бөлінген сағат саны

Зертханалық жұмыстар
Бақылау жұмыстары
1 Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесімен танысу
1

Сан. Санау жүйелері (16 сағат)
2 Санның шығу тарихы 1
3 Санау жүйелері 1
4 Екілік санау жүйесі 1
5 Практикалық тапсырмалар 1 1
6 Сегіздік санау жүйесі 1
7 Практикалық тапсырмалар 1 1
8 Ондық санау жүйелері 1
9 Практикалық тапсырмалар 1 1
10 Он алтылық санау жүйелері 1
11 Практикалық тапсырмалар 1 1
12-13 Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тәсілдері 2
14 Бақылау жұмысы №1 1 1
15 Бақылау жұмысы №2 1 1
16 Бақылау жұмысы №3 1 1
17 Тест 1 1
Логика. Логикалық операциялар(17 сағат)
18 Логика. Пікір ұғымдары 1
19 Логика алгебрасы 1
20 Логикалық операциялар 1
21 Логикалық көбейту. Конъюкция. 1
22 ЖӘНЕ логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
23 Практикалық тапсырмалар 1 1
24 Логикалық қосу. Дизъюнкция. 1
25 НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
26 Практикалық тапсырмалар 1 1
27 Логикалық терістеу. Инверсия. 1
28 ЕМЕС логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
29 Практикалық тапсырмалар 1 1
30 Бақылау жұмысы №1 1 1
31 Бақылау жұмысы №2 1 1
32 Бақылау жұмысы №3 1 1
33 Тест 1 1
34 Курс бойынша қайталау 1
БАРЛЫҒЫ: 34

Оқушыларды курс бойынша бағалау

Бағалау түрі: әрбір практикалық сабақ белгілі баллдар өлшемімен бағаланады (сабақ тақырыбымен ұштастырылған жазбаша, ауызша жұмыстар). 
Қорытынды бағалау оқыту курсының соңында өткізіледі. Сабақтың теориялық бөлімінің меңгерілуін тексеру-байқау түрі – тест. 

Қорытынды бағаны шығару үшін келесі факторлар ескеріледі: 
оқушының практикалық жұмысы және семинар сабаққа қатысуының баллдары, 
қорытынды сабақта алған тест баллдары, 
оқушылардың курс басында және соңындағы салыстырмалы даму қабілетінің нәтижесі


Бағалау түрі Қойылатын
бағалаудың ең үлкен мәні (балл)
1 Сабаққа қатысуы 2
2 Сыныптағы жұмыс (дәріс кезіндегі және зертханалық сабақтағы белсенділік):
- зертханалық жұмысқа дайындық деңгейі;
- зертханалық жұмысты орындау сапасы;
- зертханалық жұмысты қорғау.

3
3 Өзіндік жұмысты орындау сапасы:
- үй тапсырмасын орындау;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- есептеу-графикалық жұмыстарды орындау;
- тест тапсыру ;

4


4 Аралық бақылау (коллоквиум) 3
Бағалаудың ең үлкен мәні (балл бойынша)
100
Бағалаудың ең кіші мәні (балл бойынша)
40

Қорытынды баға: 
«5» - 75 - 100 балл – оқу материалын өте жақсы меңгерді, 
«4» - 60 - 74 балл – жақсы дәрежеде меңгерді, 
«3» - 40 - 59 балл – орташа, 
«2» - 40-тан төмен балл – нашар дәрежеде меңгергенін көрсетеді





Қолданылған әдебиеттер

1. Н.Ермеков «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Жазушы, 2002 ж.
2. Б.Бөрібаев «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Мектеп, 2006 ж.
3. С.Симонович «Специальная информатика», Санкт-Петербург , AST-пресс, 1998 ж.
4. О.Камардинов «Информатика» Шымкент 2000 ж
5. Б.Бөрібаев «Информатика»
6. Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б, Дәулетқұлов А. Информатикадан 30 сабақ.
7. Алматы: «ЖТИ», 2003ж.
8. Бөрібаев Б, Нақысбеков Б, Мадиярова Г. 9 сынып. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: «Мектеп», 2005ж.
9. Газет – журнал «ИФМ» Шекербекова Ш, «Дәуір», 2000ж.
10. «Жаңа ақпараттық технологиялар» Бастапқы курс. Омаров А.Ж, Тараз – 2000ж.
11. «Информатика негіздері» 2003 – 2009 жылдардағы журналдар.
12. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. 1997 
13. «SinKaz» Электронды оқулық.
14. 7 сыныпқа арналған электронды оқулық
15. KazInform электронды оқулық


Интернет ақпарат көздері

1. http://www.uroki.net/docinf.htm
2. http://www.informatik.kz/uchprog.htm
3. http://www.internet.ru/
4. http://mektep260.forever.kz
5. http://mukhanov.ucoz.kz

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесімен танысу

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқа кіріп, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ауызша, сұрақ - жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.

III. Жаңа материады хабарлау: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3. Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т. б. өрт сөндiргiш құрал - жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;

Жұмыс орнын ретке келтiру;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2015 9232
    • DOCX 122 кбайт
    • 85 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куздибаева Гульжамал Жанабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40365
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 190 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 973 человека

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе