Инфоурок Директору, завучу КонспектыИнновациялық жұмыс баяндама :"Шығармашылық өмір талабы"

Инновациялық жұмыс баяндама :"Шығармашылық өмір талабы"

Скачать материал

М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

«Шығармашылық -өмір талабы»

 

 

 

 

 

 

Оқу-тәрбие ісі меңгерушісі:

Қалиева Гүлмира Ғайсақызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау 2012

 

 

 

Жоспары:

 

 

1.    Жаңа педагогикалық технологияның теориялық негіздері.

 

 

2.    Инновациялық үрдіс-білім беру жүйесін жаңарту және дамыту.

 

 

3.    Мектеп мұғалімдерінің инновациялық даярлығын қалыптастыру кезеңдері.

 

 

4.    Қолданған инновациялық технология әдістерінің тиімділігі.

 

 

5.    Мұғалім мен оқушы еңбегінің нәтижесі мен жетістіктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық-өмір талабы.

 

 

Инновациялық іс-әрекет арқылы педагогикалық еңбектің сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру.

 

 

   Мектептің негізгі түйінді мәселесі: «Оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, қоғамның белсенді азаматтарын, бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру».

 

   Әдістемелік кеңестің түйінді тақырыбы. « Ұстаздардың жаңашылдық, зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын арттыра отырып, инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру».

 

 

   Мақсаты:

-         Жаңаша білім беру мазмұнына «әркімге таңдау бойынша білім беруге» көшуге қабілетті және нақты іс-әрекет жүргізуге икемді, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші мұғалім тәрбиелеу, қалыптастыру.

-         Оқу үрдісіндегі жаңалықтарды мұғалімдерге жеткізу, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.

-         Жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа жолдар табу.

 

 

Міндеті:

-         Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың құрылымымен, ерекшелігімен, түрлерімен, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру жолдарымен таныстыру.

-         Жаңа технологияны оқу-тәрбие үрдісіне практика жүзінде үйрену, енгізу.

-         Қолданған жаңа технология әдістерінің нәтижесі, оның тиімділігі, мұғалім мен оқушы еңбегінің нәтижесі мен жетістіктерін талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің басты мақсаты- білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

   ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың қарқынды дамуы дәлел. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр:

-         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;

-         Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік білім бағдарламасы;

-         Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

-         Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

Үшінші мыңжылдық-құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формацияның мұғалімінің инновациялық іс-әрекет кезеңі.

    Инновациялық үрдіс-білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, қоғамның, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңа мұғалімі қажеттілігінен туындаған үрдіс. Құзіреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үрдіс-нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс, педагогикалық қауымдастықтың сұранысын қанағаттандыратын, қоғамдық педагогикалық құндылықтарына сәйкес жаңаны меңгеру, қолдану, талдау, салыстырмалы бағалау.

    Қоғамдағы, білім беру саласындағы инновациялық үрдістер мен реформалар педагогика ғылымына «инновациялық білім», «инновациялық даярлық», «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық технология», « мұғалімнің инновациялық даярлығы» және т.б. жаңа ұғымдарды өмірге алып келді.

   Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет. Мұғалімнің инновациялық даярлығы –мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі және оның өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуына қажетті жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруі.

   Мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті-оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру.

   Мұғалімдерге инновациялық білім берудің формаларына: арнайы инновациялық курстар, семинар-конференциялар, педагогикалық тренингтер, инновациялық педагогикалық оқулар мен форумдар, ғылыми жобаны қорғауға арналған әр түрлі байқаулар мен сайыстар және т.б. жатады. Инновациялық білім беру әдістеріне: әңгімелесу, пікірлесу, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап, миға шабуыл және т.б. эвристикалық әдістер кіреді.

   Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер-мультимедиялық құралдар, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық веб-сайт және т.б.

    Мектеп мұғалімдерінің инновациялық даярлығын қалыптастыру оларға жүйелі инновациялық білім беру арқылы жүзеге асады.

   Бірінші кезеңде мұғалімнің инновациялық білімді қайдан, қандай көлемде алатындығы айқындалады, қойылған мәселе шешіледі, оны шешудің тиімді жолдары қарастырылады.

   Мұғалімдердің кәсіби білімдерін ұдайы жетілдіруді, жаңартуды қажет ететіндіктен, екінші кезеңде мектеп мұғалімдерін инновациялық дайындау мазмұны анықталады.

    Инновациялық білімді меңгерген мұғалім өзінің теориялық алған білімін өз іс-тәжірибесіне енгізуге алғашқы қадамын жасауы тиіс. Бұл мәселе мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың үшінші кезеңінде шешімін табады.

    Төртінші кезеңде мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы педагогикалық инновация мен инновациялық іс-тәжірибелердің мазмұны ашылады.

    Бесінші кезеңде мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы инновациялық авторлық курстар, педагогикалық оқулар мен арнайы семинарлар, теориялық-тәжірибелік ғылыми конференциялар, педагогикалық тренингтердің мазмұны сараланады және жүзеге асырылады.

  Алтыншы кезеңде мұғалімнің инновациялық технологияны меңгеруі бойынша әдістемелік жұмыстар жаңа бағытта жүргізіледі.

   Жетінші кезеңде мұғалімнің инновациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бойынша инновациялық-технологиялық жұмыстардың мазмұны айқындалады.

    Сегізінші кезеңде мұғалімнің инновациялық технологияны әдістемелік жетілдіруі бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты айқындалады.

    Тоғызыншы кезеңде инновациялық біліммен қаруланған, инновациялық технологияның ерекшеліктерін диагностикалық саралаған, өз мектебі мен өз сыныбы жағдайында өзгертулер енгізе алатын, жоғары нәтижеге қол жеткізетін қазіргі заманғы педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мұғалім даяр болады.

    Мектебіміздегі әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері төмендегідей:

-         мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру. Ол педагогикалық ұжым қызметінде озық педагогтік тәрбиені енгізу, жалпылау, тарату және жүйелі зерттеу мен үйрену барысында айқындалады;

-         мұғалімдердің теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру;

-         тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдай-игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

-         оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиямен байыту;

-         жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселеде қиналатын мұғалімдерге жеке бас ерекшелігін ескере диагностикаланған, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету;

-         мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;

-         оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өңдеуге әдістемелік ұсыныстар беру;

-         оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен күндер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі рөлін арттыру;

-         басқа білім беру мекемелерімен кәсіби байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

-         педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау;

-         мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.

  Мектебіміз мұғалімдері әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау мақсатында Ж.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемдік әдістемелік жүйесі», М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту», Н.Оразақынованың СКТ технологиялары арқылы білім сапасын арттыру бағытында жұмыс істейді.

    Оқытудың үш өлшемдік әдістемелік жүйесі дегеніміз-деңгейлеп,саралап оқыту.

    Бірінші деңгейде оқушы өзінің алған білімдері арқылы нәтижеге жетуге тырысады. Бұрынғы алған білімдерін пайдаланады.

    Екінші деңгейде мақсатпен шешілуге тиісті жағдаят анық, оқушы мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

    Үшінші деңгейде мақсат анық, жағдаят түсініксіз әрі күрделі. Оқушы оны өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұл деңгей-өнімді деңгей.

     Шығармашылық деңгей-мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Мысалы: шығарма жазу, өлең жазу, т.б.

    Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясын мектебіміздегі математика пәні мұғалімдері Құрманова Г.З, Кереева А.У. өз сабақтарында тиімді пайдалануда.

    Модульдік оқыту технологиясын қазақ тілі пәні мұғалімі Дайрабаева С.С, орыс тілі пәні мұғалімі Избасарова Б.Г, география пәнә мұғалімі Қалиева Г.Ғ.т.б. мұғалімдер өз сабақтарында жүйелі түрде қолданып жүр.

   Сатылай-кешенді талдау-оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалап, қолдана білуге машықтандырып оқыту. Сабақ барысында мұғалім мынадай қағидаларды есте ұстауы қажет:

-         баланың бойындағы құштарлығын, ынтасын жойып алмай оның алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждықтарын ескеріп, шығармашылығын жетілдіру;

-         білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

-         өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

 Мұғалімдер әр сабақта жаңа тақырыптың тірек сызбасын құрып, сол сызба бойынша сабақты түсіндіріп, қорытындылап отырады.СКТ технологиясын тиімді пайдаланып жүрген ұстаздар қатары артып келеді. Мәселен, қазақ тілі пәні мұғалімдері Құрақбаева К.Қ, Қарымсақова Б.А, Өмірханова Л.А.

СКТТ ерекшелігі: оқушыларды жақсы, жаман орта деп бөлмей, тек материалды жылдам, орта, төменгі деңгейде қабылдауына қарай барлық баланың дамуына, білім алуына қолайлы жағдай туғызады.

    Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясында мұғалімнің ролі бағыт беру, қадағалау, ол оқушының ойлау қабілетін арттырып, белсенділігін дамыта түседі. Мұғалім сабақ өткізу үшін көп ізденеді, сабақ үстінде көп сөйлемейді, яғни оқушыларды көп сөйлетіп, бағыт беріп отырады. Бастауыш сынып мұғалімдері Көптілеуова К.Т, Қабдолова Ә, Бимұханова Г.Ж, орыс тілі пәні мұғалімі Кошемкулова М.Б, математика пәні мұғалімі Исабаева А.М. осы технологияны қолдануда өз біліктілігі мен шеберліктерін көрсете білуде. 

   Сапалы білім беру қызметін көрсету-білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет.Сондықтан педагог кадрлардың білім сапасын арттырып, инновациялық әрекеттерге дайындаудың маңызы ерекше.

   Білімнің сапасы, ең алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін «сапалы» мұғалімдер шығармашыл болуы керек.

   Мұғалімдердің әдістемелік инновациялық қызметке қатысуы оның соңында жеке педагогикалық жүйенің, өзіндік педагогикалық стилдің қалыптасуына ықпал етеді. Инновациялар біліктіліктің қалыптасқан жағдайын дамытуды талап ететіндіктен, инновация жағдайында біліктілікті жаппай арттыру деп кадрларды қайта даярлау ісі қажетті сипатқа ие болады.Осы мақсатта мектеп әкімшілігі облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен тығыз байланыста болып, мұғалімдер біліктілігін арттыруға көңіл бөліп келеді.2005-2009 жылдары мектеп мұғалімдерінің білім жетілдіру курстарынан өту көрсеткіші:

 

 

Жылдар

Мұғалім саны

Пән бойынша

Жаңа технология

12 ж. білім беру

саны

сапа

саны

сапа

саны

сапа

2005

47

9

19%

9

19%

39

83%

2006

47

2

4%

6

13%

14

30%

2007

48

8

17%

9

19%

3

6%

2008

50

9

18%

5

10%

3

6%

2009

51

5

10%

48

94%

3

6%

 

Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды. Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағдарлауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мқғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады. Осыған орай мектепте мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

1.     Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.

2.     Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа технологияларды, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.

3.     Мұғалімнің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастары мен құндылықтарының қалыптасуы, әрі оның тұрақтылығына жету.

4.     Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

5.     Оқушы табысын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу.

6.     Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру, жан-жақты қолдау көрсету.

7.     Педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.

   Мектептегі әр мұғалімнің нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жауапкершілігін арттырып, кәсіби мәдениетін көтеруде әрбір ұстаз өз пәнінің аясында қалып қоймай, қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуге баулуда мектеп әкімшілігі атқарған жұмыс аз емес. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі өте маңызды. Оқушыға деген көзқарас пен қарым-қатынаста, оқушыны объект деп қарамай, оны дамытушы тұлға ретінде қабылдап, олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы осыған лайықты өзгерістерге ұшырап, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туындап отыр.

Жұмыс мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

1)    Жаңа педагогикалық технологияның теориялық негіздері;

2)    Әдістемелік апталық, іскерлік ойын, тренинг, семинар практикум, конференция;

3)    Шеберлік сынып.

  І бөлімнің негізгі міндеті-білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар құрылымымен, ерекшеліктерімен, түрлерімен, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру жолдарымен таныстыру. Осы мақсатта баяндама, хабарламалар педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте, пән бірлестіктерінің отырыстарында тыңдалды.

    Биылғы оқу жылының жоспарына сәйкес « Оқу-тәрбие үрдісіне жаңашылдық керек» тақырыбында жаңа технологиялар СТО, Ж.Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту», Н.Оразақынованың СКТТ байланысты баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

   ІІ бөлімнің мақсаты осы технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде практика жүзінде үйрену, енгізу жолдары: әдістемелік апталықтар, іскерлік ойындар, семинар-кеңес, практикумдар өткізу.

   Оқу жылы ішінде І жарты жылдықта «Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүзеге асырудағы мұғалімнің ролі» тақырыбында 6 семинар,

ІІ жарты жылдықта «Интерактивті оқыту әдісі-белсенді тұлға қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді әдіс» тақырыбында 6 мектепішілік семинарлар өткізілді.

  «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» тақырыбында пән апталықтары ұйымдастырылды.

    Проблемалық семинар, практикум, педагогикалық оқулар барысында мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығының біртұтастығы көрінді, мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетін ынталандырып, оны педагогикалық инновацияға ұмтылдырады. 

   Жаңа педагогикалық технологияларды жүзеге асырудың 3-бөлімі-шеберлік сыныптар. Шеберлік сынып сабақтарында қолданған жаңа технология әдістерінің нәтижесі, оның тиімділігі, мұғалім мен оқушы еңбегінің нәтижесі мен жетістіктері айқын көрінеді.

  Биылғы оқу жылында «Сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында жас мұғалімдерге үлгі, көрсеткіш сабақтар ұйымдастырып, көмек беру, мұғалімдердің оқытудың инновациялық тәсілдерін қолдану жайын насихаттау мақсатында мектепішілік тәжірибе үйрену семинары өткізілді.

  Мектебімізде оқушылардың ойлау қабілетін, дарындылығын анықтау мақсатында пәндер бойынша интеллектуалдық марафондар өткізудәстүрге айналған.

     Мектептің соңғы 3 жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштері:

 

Оқу жылдары

2007-2008

2008-2009

2009-2010

 

Мұғалімдер сапасы

40%

38%

41%

Білім сапасы

41%

44%

45%

 

Таңдаулы мектеп

ІІІ орын

 

 

Пед.оқу

ІІІ орын-1

ІІІ орын-2

І орын-2,

ІІІ орын-4

Жыл мұғалімі

 

ІІІ орын

 

 

Жас мұғалім

 

 

ІІІ орын-1

Пән мұғ-ң олимп,

түрлі сайыстар

І орын-1

І орын-1

ІІІ орын-1

 

Пән олимпиад.

ІІІ орын-1

 

І орын-1

ІІІ орын-8

Ғылыми жоба

ІІІ орын-1

 

 

 

Интеллект. сайыстар

І орын-1

ІІІ орын-1

ІІІ орын-2

І орын-1

ІІІ орын-1

 

Мектеп оқушылары түрлі ән байқаулары және спорттық сайыстарда үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүр.

   Мұғалім- өте нәзік инструмент, ол барлық адами қасиеттерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.

     Мұғалімнің эмоциялық жағдайы, оның дайындық дәрежесі баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылығын қалыптастыруда жан-жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Инновациялық жұмыс баяндама :"Шығармашылық өмір талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Инновациялық іс-әрекет арқылы педагогикалық еңбектің сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру.

 

 

   Мектептің негізгі түйінді мәселесі: «Оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, қоғамның белсенді азаматтарын, бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру».

 

   Әдістемелік кеңестің түйінді тақырыбы. « Ұстаздардың жаңашылдық, зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын арттыра отырып, инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру».

 

 

   Мақсаты:

  • Жаңаша білім беру мазмұнына «әркімге таңдау бойынша білім беруге» көшуге қабілетті және нақты іс-әрекет жүргізуге икемді, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші мұғалім тәрбиелеу, қалыптастыру.

  • Оқу үрдісіндегі жаңалықтарды мұғалімдерге жеткізу, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.

  • Жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа жолдар табу.

     

     

    Міндеті:

  • Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың құрылымымен, ерекшелігімен, түрлерімен, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру жолдарымен таныстыру.

  • Жаңа технологияны оқу-тәрбие үрдісіне практика жүзінде үйрену, енгізу.

  • Қолданған жаңа технология әдістерінің нәтижесі, оның тиімділігі, мұғалім мен оқушы еңбегінің нәтижесі мен жетістіктерін талдау.

     

     

     

     

     

     

     

     

       Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің басты мақсаты- білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

       ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың қарқынды дамуы дәлел. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;

  • Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік білім бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

    Үшінші мыңжылдық-құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формацияның мұғалімінің инновациялық іс-әрекет кезеңі.

        Инновациялық үрдіс-білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, қоғамның, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңа мұғалімі қажеттілігінен туындаған үрдіс. Құзіреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үрдіс-нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс, педагогикалық қауымдастықтың сұранысын қанағаттандыратын, қоғамдық педагогикалық құндылықтарына сәйкес жаңаны меңгеру, қолдану, талдау, салыстырмалы бағалау.

        Қоғамдағы, білім беру саласындағы инновациялық үрдістер мен реформалар педагогика ғылымына «инновациялық білім», «инновациялық даярлық», «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық технология», « мұғалімнің инновациялық даярлығы» және т.б. жаңа ұғымдарды өмірге алып келді.

       Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет. Мұғалімнің инновациялық даярлығы –мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі және оның өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуына қажетті жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруі.

       Мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті-оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру.

       Мұғалімдерге инновациялық білім берудің формаларына: арнайы инновациялық курстар, семинар-конференциялар, педагогикалық тренингтер, инновациялық педагогикалық оқулар мен форумдар, ғылыми жобаны қорғауға арналған әр түрлі байқаулар мен сайыстар және т.б. жатады. Инновациялық білім беру әдістеріне: әңгімелесу, пікірлесу, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап, миға шабуыл және т.б. эвристикалық әдістер кіреді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2015 6769
    • DOCX 102.5 кбайт
    • 202 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Гульмира Гайсаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Гульмира Гайсаевна
    Калиева Гульмира Гайсаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20365
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Обработка соапстока: технологические процессы и устройства

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Управление выставочной деятельностью

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 172 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек