Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "1 қыркүйек -Білім күні" сценарий

"1 қыркүйек -Білім күні" сценарий



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

2015-2016 оқу жылы

Қайырлы күн бүгінгі салтанатымызға жиылған қауым!

Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы!

Бармысыздар, қымбатты мектеп оқушылары!

Қош келдіңіздер, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!

Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.

Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз- 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.

1 «а» сыныбы- сынып жетекшісі Смағұлова Ұлмекен Сұңғатқызы

1 «ә» сыныбы- сынып жетекшісі Самалихова Айман Шахидоллақызы

1 «б» сыныбы- сынып жетекшісі Айтпанова Зина Тілегенқызы

1 «в» сыныбы- сынып жетекшісі Адиева Жаңылсын Саламатқызы

1 «г» сыныбы-сынып жетекшісі Ермекова Самал Сатыбалдықызы

Біреулер енші ап өмірден

Түлеп ұшты асып қыр.

Бүлдіршін балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр.

Сондықтан да назарды

Солар жаққа бұрайық

Балдырғанды кішкентай

Қарсы алып қол соғайық!

(Музыка ойнап тұрады, 1 сынып оқушылары кіреді.)


Қуаныш бүгін, мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы

Бүлдіршінге бір сәлем!

Қымбатты 1 сынып оқушылары!

Білім ордасы-мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын!

Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

Білім күніне және 2015-2016 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. )


Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй тілейміз.

Ұстаздар мен шәкірттер!

Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш-жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!


Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін

Құтты болсын білім күні- мерекең!


Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!

Бүгінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты ту еткен Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі әлеуметтік күйзелістер мен үдемелі ғаламдық тұрақсыздық аясында Қазақстан тұрақты және сенімді түрде дамуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы-біздің тұтастығымыздың сарқылмас қут көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

«Мәңгілік Ел»- Отанға деген сүйіспеншіліктің бейнесі, қазақстандық патриотизмнің жоғарғы деңгейі.


Қымбатты оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар мен мереке қонақтары!

Бүгінгі күні Қазақстан- саяси және қоғамдық тұрақтылықтың және 100 этнос пен 17 конфессияның мүдделерін сақтау мен нығайтудың үлгісі. Өйткені, бүгінгі Қазақстан- бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.


Республикамызды мекендеген ұлт пен ұлыстардың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен 1995 жылы еліміздің басты құжаты болып Ата Заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын.

Міне, биыл еліміздің басты құжатына 20 жыл толып отыр.

Бұл күн Қазақстан Республикасының Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси- экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың жарқын бастауына айналды. Бүгінде демократиялық, зайырлы құқықтық мемлекет ретінде орнығу талаптарының бәрі Конституция қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблея жылы деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені, Ассамблея 20 жылдың ішінде еліміздің конституциялық органына, жалпыадамзаттың әне жалпыхалықтың институтына айналып, тұрақтылықтың сенімді факторы, қоғамдық келісімнің берік іргетасы, тұрақты дамудың кепілі бола ббілді.


Құрметті Білім мерекесіне жиылған қауым!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұлт болашағы үшін реформалық жүйелі жоспар құрып, «Нақты 100 қадам» бағдарламасын белгілеген болатын. Еліміздің өркендеуі мен дамуына бағытталған бұл реформа ұлттық мәнге ие болып тұр. Осы бағытта елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Педагогика мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты білім берудің принципі өзгеріп, мазмұны жаңаруда.


Осындай елеулі сәттің жетегімен шәкірт бойына білім нәрін егіп, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз деп есептейтін педагогикалық ұжымның басшысы мектеп директоры Темірбек Зинекенұлына сөз кезегін ұсынамыз.


Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағына құттықтау сөз кезегін жолдаймыз.

..................................................................................................................................


Қасиетті қазақ халқы «Бала-бауыр еті» деп баласын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 жасқа толып, мектептің 1-ші сыныбына қабылданып «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- бүлдіршіннің білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Олай болса, толқу үстінде тұрған ата-аналарға сөз кезегін ұсынамыз.


Ізбасарова Эльмираға беріледі.




Жаңа өмірге аттағалы тұрған біздің бүлдіршін шәкірттеріміздің алғашқы ұстаздары да бүгін үлкен қуаныш үстінде. Олардың да жүректері толқулы. Заман талабына сай жаңа үрдіспен оқыту оларға үлкен міндеттер жүктейді.

Осы ұстаздардың атынан сөз кезегі Смағұлова Ұлмекен Сұңғатқызына беріледі.


Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.

Адам жанын тәрбиелеп, аялар

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.

6-ға енді келсең де,

Санап, жаза аласың

Келдің, міне, мектепке,

Құтты болсын қадамың.

Шаттанасың, ойнайсың

Білімді де ойлайсың.

Тәуелсіз елдің мейрамын

Сен де бірге тойлайсың.

Сөз кезегі 1 сынып оқушыларына.

  1. оқушы

Қуаныш бүгін-мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

  1. оқушы

Биыл мен де мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

  1. оқушы

Мектеп-қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз!

  1. оқушы

Бірінші қыркүйек күімен,

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем, қарсы алар мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

  1. оқушы

Еркесі едім әжемнің,

Еркесі едім анамның.

Толып биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

  1. оқушы

Еркелік жоқ кешегі

Оқушымын көшелі

Білім алып ойыммен,

Бойым енді өседі.

  1. оқушы

Қуантуға елімді

Қуантуға жерімді

Қуантуға жүректі

Мен мектепке барамын.

  1. оқушы

Таудай болсын талабың!

Құтты босын қадамың!

Деп құттықтап ағайым,

Сыйладым өз қаламын.

  1. оқушы

Себер мейір шуағын,

Айың блып туамын

Шоқан, Қаныш атадай

Ғалым жолын қуамын.

10-оқушы

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау

Ұмытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.

1 қыркүйек-Білім күні барлық білім беру мекемелерінде «Менің Отаным-Қазақстан» атты алғашқы білім сабағы өткізіледі.

Ал мектеп табалддырығын алғаш аттаған әрбір 1 сынып оқушысына сыйлық ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным-Қазақстан» кітабы оқу құралы ретінде ескерткішке ұсынылады. Бұл кітап білім беру саласындағы Елбасы ұсынған 5 реформа мен «нақты 100 қадамды» жүзеге асырудағы алғашқы жоба және балаға туған елінің мәдени құндылықтарын ашады. Қазақстан халқының тұтастығын түсінуіне, азаматтық көзқарас қалыптасуына көмектеседі. Сондай-ақ 2,3,4 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» білім сабақтары, 5,6,7,8 сыныптарда «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік сабақтары өтеді. Бұл сабақтар халқымыздың ерлік істеріне арналады. 9,10,11 сыныптар «Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр» атты бейбітшілік және келісім сабағын өткізеді.

Жиынымыздың ең бір ерекше сәтіне де келіп жеткендейміз. Ол- алғашқы қоңырау соғу салтанаты. Бұл құрметке тұңғыш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып оқушылары Темірланова Ақбота,Маратов Расул мен 11 сынып оқушылары Чапай Мирхат,Сағынова Арайлым ие болғалы тұр.

(Музыка ойнап тұрады.)


Күмбірлеп кеудесінде асқақ әні,

Ұстазды қадірлейді жас та, кәрі.

Білімнің биігіне басқан қадам

Алғашқы қоңыраудан басталады.


Әрқашан ата берсін күліп таңдар

Ойларың болсын дәйім тұнық, заңғар.

Атамыз Ыбырайдан бастау алған,

Алғашқы қоңырауды ұмытпаңдар!

Алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын!


Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектеп атын құрметтеп.

Білім көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп,- деп «Білім күніне» арналған

салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.


Шәкірттерімізді алғашқы білім сабағына шақырамыз.

(Музыка ойнап тұрады)


Ыбырай атамыздың мына бір өлең жолдары өмірлеріңізге серік болсын.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

Сәт сапар!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров807
Номер материала ДВ-486092
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх