Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚызға кырық үйден тыйым

Қызға кырық үйден тыйым

Скачать материал

Ф-БЕ-10/9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫ

 

 

ЖОЛ – КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА

«Қызға қырық үйден тыйым»

 

 

 

 

                                                                    Орындаған:  Ходжаева Г.Т.

                                    

 

 

 

 

 

 

Шымкент  2017 ж.

Жоспары

1

Кіріспе ................................................................................................

3

2

Негізгі бөлім ......................................................................................

4

2.1

Қызға қырық үйден тыйым салу.......................................................

4

3

Қорытынды...............................................................................................

7

4

Пайдаланған әдебиеттер ....................................................................

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi»,  «Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды.

Қыз тәрбиесіне жалпы қатал болуымыз керек. Өйткені болашақ ана атағына ие қыздар тәрбиесі нәзіктікпен қоса қаталдықты талап ететін өзекті мәселе. Ата-бабамыз қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дұрыс жағдайда тәрбие алып, болашақта ата-анасының бетіне салық түсірмеуін қадағалаған.

 

 

 

 

 

 

Қызға қырық үйден тыйым салу

 

«Қызға қырық үйден тыйым салу» мәтелінің мағынасы неде? Осы орайда Уикипедия ашық энциклопедиясы мынадай анықтама беріпті: «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Жарыса сөйлеуге; жалғыз қыдыруға; жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; орынсыз ұрынуға; басқаларға қол тигізуге; өтірік; өсекке; суық жүріс; сумаң қылыққа; кісіге қарай керіліп есінеуге; талтайып отыруға; шалқайып жатуға; тамақты обырлана асауға; ұрлық-қарлыққа; ұятты мүшелерін ашып жүруге; бұраңдап қылымсуға; қызыл іңірде жатуға; түске дейін ұйықтауға; кісі алдында киім ауыстыруға; салт-дәстүрден аттауға; елді ғайбаттауға; үлкендердің жолын кесіп; атын атауға; ішімдік ішу пен шылым шегуге; ұрыс-керіске; беттен алып, бет жыртысуға; қараулыққа, ысырапқа; рахымсыздық пен қатыгездікке; түнде суға жалғыз баруға; жат жыныстылармен араласып жатуға; күйеуге қашып тиюге; әдепсіз сөзге; тарс-тұрс етуге; адам мен жануарларды тебуге; кісіні қорлап жәбірлеуге; тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; айқай-сүреңге; шектен тыс сыланып жасануға; қызғаншақтық пен күншілдікке; менмендік пен өзімшілдікке; алдап-арбауға; көрсеқызарлыққа; нәпсі құмарлыққа тыйым деп мұнда жалпы түсініктен гөрі тыйымдарды атап көрсеткен екен.

 

«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Бірақ соңғы кездері кәмелетке толмай ана атанушылар қатары артып отыр. Сондықтан болар «нәрестелерін қоқыс жәшігіне немесе көпқабатты үйлердің кіреберісіне тастап кетті» деген жаңалықтарды жиі еститін болдық. Мұндай жағдайлардың белең алуына не себеп немесе кім кінәлі?

Расымен де, көше кезген қызды кінәлаймыз ба, тым еркінсіп кеткен қоғам ба, болмаса әлі санасы толық қалыптаспаған албырт жастықтың кесірі ме? Мүмкін ата-анасы, әлде ойнап-күлген ортасы кінәлі шығар? Ерте есейгісі кеп, киноларда көрген махаббатты бастан көшіруге асық болып, сезімнің жетегінде кетеді де, салдарынан опық жейді. Бар қадір-қасиетінен айрылған қыз ертеңгі күнінен күмәнмен қарап, әр түрлі ойлар арасында адасады. 

Бала тәрбиесіне келгенде, бірінші орында ата-ана жауапты дегенмен толық келісемін. Ата-ананың берген кішкене болса ақылы оның бойында жиырма төрт сағат емес, бүкіл ғұмыры бойында тәлім болып қалады. «Шешеге қарап қыз өсер» дейді. Біріншіден, ана қызымен сырлас болуы керек. «Титімдей қызымен ол тақырыпта қалай сөйлесемін, біздің кезімізде ондай болмаған, ұят нәрсе» деп жататындар да бар, бірақ қазір ол  заман емес.

Тағы бір маңызды фактор бар, ол – бейнероликтер. Интернетте ғана емес, қарапайым теледидарда да осы күндері көретін де, көрмейтін де дүниелерді экраннан жарыққа шығара беретін болған. Осыны бірзаң жүзінде ретке келтірсе деп ойлаймын, мысалы ютубты көруге тыйым салған бірнеше мемлекет жайлы білеміз.

Ерте жүктіліктің немесе ерте жыныстық қатынастың алдын алатын бірегей әдіс жоқ, дегенмен солай екен деп  аталмыш  мәселені айналып кете алмайсың. Бұл жерде тек қыздың ерте ана болғаны емес, болашақ ұлттың тағдыры  сөз етіліп жатыр. Бір нәрсе анық, ерте жастан жүкті болу мәселесіне бір жақты қарамау керек.

Аяғының ауырлағанын білгеннен соң психологиялық зардап шегетіні тағы бар. Айтайын десе, анасынан артық сөз естігісі келмейді. Әдемі сөздерімен кезінде «сүйген, күйген» жігіт ізін суытып кетті. Сосын өзінше шешім қабылдайды. «Тағдырыма жазылғаны осы шығар» деп әр түрлі қатыгездікке барады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтеріне сәйкес соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында  33051 жүктілік фактісі тіркелген.

Қыз балалардың дене мүшелері 18 жасқа дейін қалыптасып, өседі. Ағза толық жетілмеген кезде жыныстық қатынасқа түсу де, жүкті болып қалып, босануы да өтеауыр болады. Денсаулығына зиянын түсіреді. Ерте жүкті болып қалған қыздарда жиі кездесетін аурулар: аяқтың күп болып ісінуі, қан қысымының көтерілуі, ашуланғыштық, жүйке күйзелісі, ұйқысыздық.

Бүгінгі қазақ қоғамының тағы бір дерті – жасанды түсік. Әсіресе, бұл дерттің жыл сайын «жасарып» бара жатқаны ішіңді удай ашытады. Бір­не­ше жыл бұрын мектеп бітірген бой­жеткендердің аяғы ауыр дегенді естісек, жағамызды ұстаушы едік. Ал қазір…

Ал қазір «14-15 жастағы мектеп оқушысы жүкті болып, түсік жасатыпты» десе де селт етпейтін болдық. Себебі – бұл үйреншікті құбылысқа айналып барады. Ең қорқыныштысы да – осы. Қарға тамырлы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп, өмірге ұлы тұлғалар әкелетін болашақ аналарымыз өзінің ертеңгі тағдырына бүгін балта шауып жатыр. Кей мәліметтерге сүйенсек, еліміз бойынша жылына 200 мыңдай жасанды түсік жасалып, 1643 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалады екен. Ал алғашқы шаранасын жасанды түсік арқылы алдырған қыздың ертең ана атанары екіталай. Бұл жайында дәрігерлер де дабыл қағып айтуда. Бірақ, онымен жасанды түсік «дерті» азаяр емес.

Адамзат тарихында ең жас ана Перуде тіркелген. Лина Медина есімді қыз 5 жасында бала туған. Ғылымға кішкентай қыздың қалай жүкті болғаны, оны қалай көтеріп, сау баланы дүниеге әкелуі әлі күнге белгісіз күйінде қалып отыр. Қыз 5-ке толғанда, ата-анасы оның ауруханаға әкеледі. Олар қыздың асқазанында ісік бар деп ойлаған. Алайда тексеру барысында баланың дені сау екені, оның 7 айлық жүкті екені анықталған. 5 жасар қыз 1939 жылы 14 мамырда кесар тілігі көмегімен босанады. Жас анадан ер бала туып, Жерардо деген есім беріледі. Лина Медина бойжетіп, тұрмысқа шығып, тағы да бірнеше баланы дүниеге әкеледі. Лина 2015 жылғы 8 қарашада 82 жасында өмірден озды.  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қызға кырық үйден тыйым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2017 3424
    • DOCX 112.9 кбайт
    • 138 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ходжаева Гульнур Тураровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ходжаева Гульнур Тураровна
    Ходжаева Гульнур Тураровна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 120699
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой