Инфоурок Другое СтатьиКАЗАК ЭДЕБИЕТІ ПЭНДЕРІН ОКЫТУ МЕН ТЭРБИЕ УРДІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ

КАЗАК ЭДЕБИЕТІ ПЭНДЕРІН ОКЫТУ МЕН ТЭРБИЕ УРДІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ

Скачать материал

 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ

Елшинбекова Тамаша Бөрібайқызы

Гуманитарлық ғылым магистрі

А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің әдіскері

ХІХ ғасырда білімнің ең негізгі  рөл  атқаруы  өмірдің қай саласынан  болса да көрініс таба бастады. Мемлекеттік экономикалық күшін  немесе  сол елдегі адамдар өмірінің сапасын бұрынғыдай материалдық немесе адам ресурстарынан емес, сол кездегі қандай да бір технологиялардың, оның ішінде алдымен ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен өлшеуге болады.

Эдисон: «Цивилизацияның басты міндеті – адамдарды ойлай білуге үйрету»,-дейді. Бүгінде адамдардың қиялы жеткен жерге қолы жетіп отыр деп айтуға болады. Небір қиял-ғажайып дүниелер қазір шындыққа айналып барады. Қазір қоғамдағы өзгерістер тез алмасуда. Сондықтан адамдар теориялық немесе өмірлік білім алып қоймай, өз бетімен ізденіп, білімін шыңдауы керек. Жаңа ақпараттық жүйе бізге таныс үлгісін өзгертіп жіберіп отыр. Бұрындары білім алу адамның жас кезінде ғана тән кезең болып келсе, енді оның не уақыт, не кеңістік тіпті жасына қарамай өмір бойы үйрену, білу үрдісіне айналып отыр. Өйткені бүгінгі ғылым жетістіктерін меңгермесеңіз өмір керуеніне ере алмайсыз деген сөз. «Білім беру мектептің ғана ісі емес. Мектеп білім алудың кілтін ғана ұстатады. Ал мектептен тыс білім алу дегеніміз – бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруға тиіс»,-дейді Луначарский. Олай болса адам баласы ағаш бесіктен жер бесікке түскенге дейін үйренуі қажет. Осыған дейін әр адам бір мамандық шеңберінде ғана білім алып келсе, енді көптеген мамандықтардың негізінде жатқан фундаментальдық ұстамдарды игеруі қажет.

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің  жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы  мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр [1; 7]

Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі оқыту үдерісін технологияландыру әр сыныптың өзінде-ақ туындайтын ерекшеліктерге байланысты. Егер мұғалім өзінің сабағында жаңашыл технолгияларды берік тірек ретінде қолданбаса, оны өскен, ұдайы ізденуші мұғалім деп айту жаңсақтық. Қазіргі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында  жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Ал әдебиет пәні мұғалімдерінің алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе, сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізгені  абзал. Қазақ әдебиеті пәні – жан-жақты ойлантудың, терең пікірдің пәні. Бұл пәннің ерекшелігі  өзіндік ойлау мен өзіндік пікірді айта білуде жатыр. Сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу – әр түрлі писхологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді [2;66].

Қазақ әдебиеті сабағы – оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, адамды құрметтеуге бағдарлайтын оқу пәні. Бұл үрдісте тәрбие  мәселесі ақын-жазушылардың саналы дәрежедегі логикалық ой қорытындысын қамтитын әдеби мұрасы және тәжірибелі ұстаздың кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейдегі сапалы іс-әрекеті арқылы беріледі немесе шығармаға материал ретінде тек әдеби туынды емес, сөйлеуші адамның жеке өмірінің тәжірбесі, оқушының қоғамдағы және оқырмандық тәжірибесі де қызмет етеді.

Мектеп шығармасының тәрбиелік мәні ғалым А.А. Курундышевтің тұжырымында төмендегідей сипатта бейнеленген: «Работа над сочинением учит развивать мысли на избранную тему, воспитывает, формирует литературные взгляды и вкусы, дает  возможность высказать то,  что волнует и тревожит» [3;3].

Технология дегеніміз – қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»,-деп, түсіндіреді В.Кларин. Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде 50-ден астам педагогикалық технологиялар қолданылып жүр. Солардың ішінде біздің елімізде тәжірибеде қолданылып жүрген басым түрлеріне тоқталайық:

1.                 Білім беруді ізгілендіру технологиясы: иллюстрациялы түсіндірмелі оқыту; дәріс-семинар-сынақ жүйесі; ірі блогпен оқыту (Эрдниев); перспективті дамыта оқыту; сабақтың тиімділігі негізінде оқыту; ділгірлік оқыту; ойын арқылы оқыту; тірек конспектілері мен белгілері арқылы оқыту; ізгілікті-тұлғалы оқыту; ынтымақтастық пен педагогика, Вальдорф педагогикасы.

2.                 Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы: міндетті нәтижелер негізінде саралап оқыту, саралап-деңгейлеп оқыту; дамыта оқыту; Л.Заньковтың дамыта оқыту жүйесі; Д.Эльконин-В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы; техникалық шығармашылық технологиясы; шығармашылықпен дамыта білім беру технологиясы; қоғамдық шығармашылықты қалыптастыру технологиясы; коммуникативтік оқыту технологиясы; М.Монтессори технологиясы; Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

3.                 Дербес оқыту технологиясы: оқыту бейімдеу жүйесі, дербес оқыту, жеке оқу жоспары негізінде оқыту, жобалап оқыту, бағдарламалап (программалық) оқыту; ақпараттық оқыту; ұжымдық тәсілмен оқыту; модульдік оқыту; мәселелік-модульдік оқыту; В.Монаховтың технологиясы; өздігінен даму технологиясы.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытуды ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдану кезінде мұғалім нені білуі қажет?

1)    Жаңа тенология көмегімен шешілетін мәселені анықтау;

2)    Жаңа технологияда қолданылатын әдіс-тәсілдерді;

3)    Оқушылардың жұмыс әдісін;

4)    Жаңа технологияның жұмыс түрлерін;

5)    Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.

Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту технологиясы – оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі. Ол дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, оқушының ойдауын, елестетуі мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігі мен білім сапасының дамуына көмектеседі.

Қазақ әдебиеті пәнінде көркем шығармамен жұмыс жүргізуде деңгейлік тапсырмалардың орны ерекше. Шығарма жазу жұмысы – шығармашылық өнер туындысы. Себебі, ол оқушылардың әдебиетті терең түсініп, сол арқылы қоршаған дүние, адамзат, тибағаттың сан қилы сырына енудің, өз бойына эстетикалық талғамды қалыптастырудың тиімді бір тәсілі. Шығарма шәкірттің өмір, өнер және табиғат туындысы жайлы өзіндік көзқарасы мен ішкі тебіренісі арқылы жазылады [4;9-11].

Оқушыларды білім, білігіне қарай шығармашылық жұмысқа баулуда оқулық материалдарынан тыс, көркем әдебиеттерді талдап, оқып үйрену мақсатында жұмыс жасалады. Нәтижесінде, оқушы мәнжазба, тест құрау, топтастыру стратегиясы, мақал-мәтел, жаңылтпаш, мақала жазуға дағдыланады.

Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар, жедел ақпараттандыру, экономикалық саладағы түбегейлі өзгерістер адамзат қоғамы алдындағы білім сапасын арттыру қажеттігін туындатаны анық. ХХІ ғасыр – білім ғасыры болса, жас жеткіншектердің ой-өрісінің даму тенденциясы – сын заман талабына сай дамыту бүгінгі мектептің білім беру үдерісіне түбегейлі өзгеріс әдебиеттен басталады.

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;

2.     Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. А., 2014;

3.     Курундышев. А.А. Как написать сочинение. М., «Просвещение», 1991;

4.     Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл ғылыми-әдістемелік журнал., №4(28) көкек 2011;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіркеу формасы

1

Мақала тақырыбы

Қазақ әдебиеті пәндерін оқыту мен тәрбие үрдісін технологияландыру

2

Автордың толық аты-жөні, қызметі, ғылыми атағы және дәрежесі

Елшинбекова Тамаша Бөрібайқызы

мектеп әдіскері

гумантарлық ғылым магистрі

3

Жұмыс орны

А.С.Пушкин атындағы орта мектебі

4

Секция атауы

Жоғары мектепте және орта мектепте  әдебиет пәндерін оқытуды ұйымдастыру

5

Байланыс телефон нөмірлері, e-mail

8701-230-25-89

tamasha_1989@mail.ru

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КАЗАК ЭДЕБИЕТІ ПЭНДЕРІН ОКЫТУ МЕН ТЭРБИЕ УРДІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2017 1249
    • DOCX 48.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Медеуова Айшат Бекбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Медеуова Айшат Бекбулатовна
    Медеуова Айшат Бекбулатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26985
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой