Инфоурок Технология КонспектыКілемге қолданатын ою-өрнек әуендері мен ерекшеліктері

Кілемге қолданатын ою-өрнек әуендері мен ерекшеліктері

Скачать материал

Кілемге қолданатын ою-өрнек әуендері  мен ерекшеліктері

                                 Жамбыл орта мектебі

                                         технология пәнінің мұғалімі 

                            Қазбекқызы Ардақ

 

      Қазақ ежелден-ақ ұлттық бұйымдарды өз нақышына келтіріп әсемдеумен бірге, өзіндік қайталанбас мәнеріне және жоғарғы сапада өңделуіне аса мән берген. Қазақ халқының құпиялы сырға толы және ерекше тоқу мәнерімен құнды саналатын қолөнерінің бірі - кілем тоқу өнері.

       Өнер тарихында кілем тоқу өнері, біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда қалыптасқан. Дәлірек айтқанда, казан төңкерісіне дейінгі және екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдары археологиялық қазба-экспедиция ұйымдары қайта құрылып, Таулы Алтай өңіріндегі 2-ші және 5-ші Пазырық, Нойын-Ұлы қорғанында (1929 жылы М.П.Грязнов, 1949 жылы С.И.Руденко) зерттеу, қазба жұмыстары жүргізілген. Қорғаннан табылған түкті және тақыр кілемдер (Эрмитаж, Санкт-Петербург) қазақ халқының қалыптасып, дамыған, өркендеген қолөнерінің мәңгі жалғасымына бірден-бір тірек болған.

        Қалыптасу кезеңінен бастап  кілем өрнектері сюжетті болып келеді. Кілем өрнектерінде ислам діні енгенге дейін тірі жандыларды бейнелеген. Адам, аң, құс бейнелері шынайы түрде кілемге тоқылды. Орта ғасырларда қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін жалпы қолөнер бұйымдарында бейнеленген сюжеттік композициялар схемеланған өрнек мотивтеріне ауысты.

        Тамырын тереңнен жайған кілем тоқу өнерінің қазақ халқында құнды саналу себебі: біріншіден, тұрғын үйдің сәні болса, екіншіден, ұзатылатын қыздың жасауының бас бұйымы.  Қазақ кілемдері жергілікті, рулық, тайпалық белгілерге байланысты ерекшеленіп, әртүрлі атпен аталынды. Олар: "адай кілем", "қоңырат кілем", "торғай тұр", "талас кілем", "керей түр", "найман кілем", "жібек кілем", "масаты кілем", "қалы кілем", "қараман кілем", "ақтаңлақ кілем", "түкті кілем", "тақыр кілем", "орда кілем" (бұрынғы хандык заманда хан сарайына арналып тоқылатын кілем түрі, оның көлемі шамамен 10х4м.), "алтыауыл кілем', "шигул кілем" (Торғай облысының үлгісі), кейін XX ғасырдың екінші жартысынан бастап жаңа түрлері пайда бола бастайды, олар "түрікмен түр", "парыс кілем", "арабы кілем" "пәтүнүсгүл", "мәскеугүл", "самаурынгүл" (күмбезгүл табақшасы тәріздес), "шешенгүл" кілемдері. Бұл аталған кілем түрлері Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын баяндай отырып, әрбір жердің әлеуметтік шындығын және өзара байланыстылығын көрсетеді.

       Түкті кілем көркемдеуде халық шеберлері ою-өрнектерді орынсыз қолданбай, оларды нышанына қарай байланыс мотивтеріне мағыналық түрғыда сәйкес келетін өрнектерді бір-біріне қауыштырып отырған. Бұған қазақ халқының аңыз әңгімелері дәлел бола алады. Мәселен, бір ғана оюмен немесе бірнеше өрнектердің жанасуымен келтірілген нұсқаларда болған, я болатын жағдайды аңғарған, яғни қошқармүйіз, төртқүлақ (шаршы) тәріздес болып бейнеленсе, сол жердегі байқуаттылықты, байлықты, молшылықты, тоқшылықты білдіреді.

       Кілемге көркемдеп тоқылатын зооморфтық, космогендік, геометриялық  және өсімдік тектес мотивтегі ою-өрнектер кеңінен қолданылады. Мәселен: ''мүйіз', "қошқармүйіз"', "түйетабан", "бота мойын", '"құсқанат", "қарғатұяқ'", "ботакөз", "итқұйрық", "құстұмсық", "сыңармүйіз", "өркеш', "омыртқа", "қаңқа", "тышқан із", "иттабан'', "сыңарөкше", "жіліншек", "құстаңдай", "табан"', "қазмойын"', "қоянқұлақ", "үшгүл", "теріс бұтақ", "балықкөз, "жұлдыз", "аштархан", "түндік ою", 'түркімен теңру", "сұлама", ''тұмар тарақ", ''қармақ' "өрмекші", "сырға теру", "тікмүйіз", "тұмар", "тұмар балдақ", "'балдақ", "бестаңба", және т.б.

        Түкті кілем көркемдеуде шеберлер бұл аталмыш өрнектерді басқа да ою - өрнектер мотивтері мен классификацияларын өзара қауыштырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай байланыстырып композициялаған. Сонымен қатар сол ою-өрнектердің классификациясынан өрнектерге белгілі бір нұсқалы ат қойып, топтастырған, Яғни космогендік, өсімдік тектес, зооморфтық (жан-жануарлар тектес), геометриялық ою-өрнектер. Жер, су атауларына байланысты өрнектерден кұралған композицияны кілем көркемдеуде '"табақша" немесе ‘гүл" деп атаған. Мұндай композициямен құралып топтасқан табақшалар өзіндік ерекшеліктерімен таныла отырып, өрнектеріне қарай әртүрлі аталымдары ажыратылады. Атап айтсақ:

"Жұлдыз гүл" табақшасы;

"Күмбез гүл" табақшасы;

"Өрмекші орда" табақшасы;

"Сегізбұрышты гүл" табақшасы;

"Шигүл'" табақшасы:

'Пәтнүсгүл"   табақшасы;

"'Шатыр   гүл" табақшасы;

"Шет ою".

        Бұл аталынған көрсетілген өрнек табақшалар түкті кілемдердің тек ортаңғы шеруіне ғана әшекейленіп көркемделеді. Сондай - ақ, түкті кілемнің орта бөлігін айнала қоршалып тоқылатын шет қаймалары да өрнектеліп көркемделеді. Олар да кілемдердің орта табақшалары сияқты шет ою деп аталады. Бірақ кілемнің шетіне өрнектелінетін оюлар табақшаланбай жалғасымда үйлесетін ою-өрнек мотивтік классификацияларынан кұралып, қауыштасып көркемделе комозицияланады. Яғни: "сырға теру", "шынжара", "балық кез", "теріс бұтақ", "қаңқа", "омыртқа", "қосмүйіз", "төрт үшкіл", "төртқұлақ", "қажары", "кереге"'. "сырға", "сырға тұмар", "тұмарша", "балдақ сырға", "балдақ", "орамал балдақ", "өрмекші", "иттабан", "жүлдызша", "аштарха"', "тұмар балдақ", "құстаңдай", "тікмүйіз", "құманбау", "теңіз",

"бестаңба", "ботамойын", "өркеш", "жіліншік", "кұсқанат", "түндік ою", "сұлама", "ирек", "тұмартарақша балдақ", "тұмар тарақ", "түркімен теру", "ботакөз", "қармақ" өрнектері тоқылады.

        

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кілемге қолданатын ою-өрнек әуендері мен ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 401 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.12.2016 1822
    • DOCX 17 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Расул Дана Расул. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Расул Дана Расул
    Расул Дана Расул
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3594
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 073 человека

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 985 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 582 человека

Мини-курс

Реализация ФОП: содержание, внеурочная деятельность и оценка качества образования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Понимание психологических феноменов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе