Инфоурок / Другое / Конспекты / Классный час " Наурыз келді ! " Начальные классы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Классный час " Наурыз келді ! " Начальные классы

библиотека
материалов

БҚО. Теректі ауданы. Қандық ауылы.

Қандық бастауыш мектебі.

А.А.Кстаубаева

Наурыз жыл басы!

Кіріспе сөз. Көктем мен еңбектің мерекесі – Наурыз. Қазақ халқының тұрмыс – тірлігінде, әдет – ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі. «Наурыз» парсы тілінде «ноу»- жаңа, «руз»-күн. Деген мағынаны білдіреді. Қазақтың Наурызы – діни мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы. Сондықтан, Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – Ұлыстың ұлы күні деп есептеген. Жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт ел аралап үй – үйлерге кіріп, наурыз көже ішіп, ойын сауықпен өткізген. «Құтты болсын Наурыз, атадан қалған базарым»,- деп ақын жырлағандай ұрпақтан –ұрпаққа ән жырымен, ырыс – дәмімен жеткізіп келген.

Жүргізуші: Армысыздар, ардақты әлеумет! Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын!

Өлең өрлеп, жыр самғай, Үйлесті әсем сәніміз, Болады екен жыл сондай, Қандай болса, Наурыз! Жан қалмасын жай тұрған, Мәз болсын жас –кәріміз. Күй шертілсін, ән айтып, Би билейік бәріміз,- дей келе бастауыш сыныптардың әдеби және музыкалық өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші: Қазақтың салт дәстүрлеріне байланысты сұрақтар ата-аналарға беріледі. Сұрақтары: 1. Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт дәстүрлерді білесіңдер? (шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсаукесер) 2. Ұлттық аспаптарды ата. (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, адырна, сазсырнай) 3. Ұлттық бас киімдер… (сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ) 4. Ұлттық ойындарды ата. (ақсүйек, алтыбақан, көрші –көрші, сақина салу, орамал тастау, қыз қуу, бәйге, көкпар) 5. «Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім? (ағайынды адамдардың әйелі) 6. Наурыз көже қалай қанша дәмнен жасалады? (соғымнан қалған сүр ет, су, сүт, езілген құрт, бидай, тары, күріш, пияз және сәбіз) (7) 7. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей бұйым (шолпы). 8. Айт мейрамында айтылатын ән (жарапазан) 9. Жеті қазына дегеніміз не? (Ер жігіт, сұлу әйел, оқу – білім, жүйрік ат, құмай таз, берен мылтық, ақыл)

10. Наурызда үлкендер не береді? 11. Биыл қай жыл? 12 .22-наурызда табиғатта болатын өзгеріс?

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй, -деп Абай атамыз айтқандай ортамызға 1-3сынып оқушылары әнге айтуға шақырамыз.

Әнім де,саған биім де Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлап еліме, Күлімде,Наурыз,күлімде.

Наурызға арнаған жыр шумақтарын Алмаз,Бағдаулет,Айшолпан, Ералы, Баймағамбет оқып береді.

Ерітіп қарын даланың, Алмас

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!


Құт – береке молшылық Бағдаулет

Дари берсін жеріме

Би билейміз ән салып,

Наурыз таңын қарсы алып.

Тәтті әнді таңырқап,

Тыңдайды ел тамсанып.

Айшолпан: Салт-дәстүрмен жараса, Қайта құрып жаңаша. Наурызды қарсы алып, Той тойлаймыз тамаша.

Жыл басы – Наурыз мереке, Ералы Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Кіршіксіз көгілдір көгіміз, Баймағамбет Гүлдері құлпырған жеріміз. Армысың,Наурыз, аңсаған, Қуанып қарсы алдық сені біз. Адамдар ақ сүттей ар үшін, Жігерін намысқа жанысын! Наурызда абырой биіктеп, Қыдыр кеп халқыма дарысын

Уа, ағайын халайық, Жалғас

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.
Ән: «Дастархан» 2-4 сынып оқушылары

«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Қызыр аралайтын түн.Қазақ халқының ежелгі наным-сенімі бойынша,Ұлыс келер түні әр үйді Қызыр (Қыдыр) ата келіп аралайды. Ол өте көп жасаған жан болғандықтан, оны Бақ жетелеп жүреді. Ұлыстың ұлы күнінің таңын көзімен атыру үшін Қызыр ата түн ортасы ауа дала кезеді. Сол түні Қызыр жолыққан адам өте бақытты болады. Адам баласының өмірінде оған Қызыр ата қарапайым адам түрінде үш рет жолығады. Ешкім де оны білмейді. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді. «Қызыр Ата» келеді бата береді. Қош келдіңіз, Қыдыр ата! Төрлетіңіз, Қыдыр ата! Бізге батаңызды беріңіз.

Наурыз бата

Наурыз айы оң болсын,

Ақ пен астық мол болсын!

Баршаңызды аруақ жебеп,

Қайда барсаң жол болсын!


Айдан аман сақта,

Жылдан есен сақта!

Алла қолдап халқымды,

Жүздеген қатерден сақта!


Ұлыс күнi береке берсiн,

Дұшпандарың жерге енсiн!

Бақ пен дәулет қабат қонып,

Ұрпақтарың өсiп-өнсiн!


Абыройлы беделдi болып,

Ризық, несебелерiң арта берсiн!

Аллаһу Акбар!

Жүргізуші: Наурыз күні күн мен түн теңеліп, бұдан былай күн түннен ұзара береді,олар жылына бір рет келмейді, күн мен түн ,әрдайымда күндіз–түні қасымызда!Ортаға күн мен түнді шақырайық
Әйгерім Күн: Салем саған, жас Наурыз!
Аспаннан төгіп күн нұрын,
Жарыққа кенелтем жердің жүзін.
Қызу еңбек қайнатам,
Асыр салып баланы да ойнатам.
Адамдардың атқаратын қызметін
Қадағалап отыру – менің міндетім.
Әр күніміз сәтті болсын демекпін!
Қыдыр ата қолдасың,
Жақсылыққа, табыстарға жолдасын!

Ертілеу түн: Сәлем бердік жыл басы, Наурыз, саған!
Қызметім менің Күннен кім емес.
Ұйқысын елдің күзетем,
Куә болам небір қызық сәттерге.
Түсім қара болса да, тілеуім ақ!
Айымыз тусын оңынан,
Жұлдыздар тусын соңынан.
Ұлыс оң болсын!
Әр үйіміз тыныш болсын!
Бейбітшілік болсын!
4 сынып қыздары қазақ биін билейді.

Жүргізуші: Жақсылыққа қашанда
Жан баласы тоймаған
Жаңа жылдың басы деп,
Жақсылықты асы деп,
Көже жасап көл–көсір
Наурыз тойын тойлаған. Жаңа жыл – Наурыз құтты болсын!
Молшылық жылы болсын!
Бізде қонақта ауылымыздың кітапханашы апайға сөз береміз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
4 сынып оқушылары жыр шумақтарын арнайды.

Қош келіпсің, Наурыз! Аружан Арман тойы ананың, Қуанышы ғаламның Құтты болсын қадамың! Сені тойлап, қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Бейбітшілік тойы деп Қол соғады барша жұрт. Арайы бар даланың Амансың ба, жаңа күн! Сәлем, халқым, тірегім. Сендермен бірге жүрегім! Орындалды ойларың! Құтты болсын тойларың!

Ән: «Қазақы дастарханым» орындайтындар 2-4 сынып оқушылары

- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
- Ал, енді 2-сынып оқушыларының жыр шумақтарын тыңдайық

Сәлем Анам алтын күн, Арсен

Нұр шуаға халқымның.

Ашық болсын аспаным

Аман болсын жас – кәрің.

Жыл иесі тышқаным,

Құт иесі тышқаным,

Бақыт әкел еліме



Наурыз, Наурыз наз үнді, Думан Жер жасыл, жаз үлгі Жақсылықты жаранға, Жайып келші бар ізгі. Наурыз, Наурыз наз бөлек, Наурыздағы саз да елек. Жанарыңда, жаңында Жарқырайды жаз кенет.

Жүргізуші: Қасиет еткен халқымыз Жаңғырар дәстүр – салтымыз. Сән салтымен ел көрікті, Салтты, дәстүрлі сыйлау – үлкен міндет! Бауырласқа тәнтіміз, Бұзылмаған антымыз. Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз

«Аяз бен Қыдыр айтысы» (Айтыс) А.Шаяхмет орындайтындар ұлдар мен қыздар

Аяз: - Қабағыма қар қатып,

Кірпігіме мұз қатып,

Қатал қыстың әмірін

Жүрмін жұртқа тыңдатып.


Малың ықса боранда,

Төлің өлсе қораңда,

Ол да менің ашуым,

Ерегескен оңар ма?!


Айтшы кімнің күші кем?

Суық сөздің сұсы –мен

Бұлақ суын қатырдым

Таяғымның ұшымен.


Қыдыр: - Жерді көріп тебірендім,

Елді көріп емірендім.

Суытушы сен болсаң,

Жылытқалы мен келдім.


Сен отырсаң күрсініп,

Менің қаным-тіршілік.

Сен шыршаны қиғызсаң,

Мен еккізем бір шыбық.


Тал суындай тасамын,

Бұлақ көзін ашамын.

Ақ ниетті адамға

Жақсылықты тосамын ...


Аяз: - Бала да,жас,кәрі де,

Мені сыйлар әлі де.

Сескенбейтін жан болса,

Ұшырайды кәріме.


Қыдыр: - Мен шығыппын Шығыстан,

Сен келіпсің Батыстан.

Күндер болды ұғысқан,

Күндер болды қағысқан.


Қарың суға айналды,

Мұзың буға айналды.

Барлық сұсың ақыры

Сескенсең де жай қалды.


Аяз: - Мен суықтың ұлымын,

Қаталдықтың пірімін.

Сенің жылы сөзіңнен

Босап кетті буыным.


Қыдыр: -Аяз бауырым,өжетсің,

Мейлі,күнің тез өтсін.

Он екі айда бір келер

Мезгілге сен қажетсің.


Аяз: -Сен де өмірге керексің,

Өзгелерден ерексің.

Алма-кезек кеп тұрсақ,

Татулыққа не жетсің?!

Құттықтау сөз: Мектеп меңгеруші Гулзада Урынбековнаға

Мерекемізді қортындылай келдік енді Қызыр бабамыздан бата сұраймыз!

Ақ жаулықты әжелеріміз Наурыз көжелерінен дәм ұсынады.

Бата беру. Қызыр бабаның батасы. Ұлыс оң болсын, Бестік баға мол болсын. Денсаулықтарың зор болсын. Көйлектеріңіз көк болсын, Қарындарың тоқ болсын, Қуаныш,шаттық көп болсын. Қайғы,уайым жоқ  болсын. Ыстық ұя мектебім, Келешегі елімнің, Көкжиегі көгімнің Биіктерден көрінсін, Әумин

Осымен Наурыз мейрамына арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын! 










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-518722

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"