Сабақтың тақырыбы: «Композициялық көзқараспен натюрморт
заттарын
орналастыру»
Машықтық
жұмыс: 1. Әртүрлі реңді, қыртысты мата
өрістегі, 3 тұрмыстық заттан
құралған ұзақ мерзімді натюрморт.
2. Орналастыру және натюрморт заттарының орналасуы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушылардың сурет пәнінен
білімдерін жетілдіру,
натюрмортты қағаз бетіне орналастырып үйрету.
2.Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа,
жұмыстарын тиянақты аяқтауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың сурет пәнінен ойлау
қаблеттерін, ой-өрістерін дамыту, арттыру.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақ
әдісі: а)
теориялық
б) машықтық
Сабаққа қажетті құралдар
мен көрнекіліктер: ватман, қарандаш, плакат, буклет,
муляждар т.б
Сабақтың
жоспары: I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III
Жаңа сабақ
а) теориялық
б) машықтық
IV Қорытындылау
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
VII Сыныпты жинақтау
Сабақтың жүрісі:
I.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау,
оқушыларды орындарына отырғызу, жоқ оқушыны журналға
белгілеу.
II.Үй тапсырмасын
тексеру
Әр түрлі
заттардан 10 нобай салу керек.
1 Үйге қандай
тапсырма берілді ?
2. Нобай дегеніміз
не? (негізгі көрініс бейнеленген сызықпен салынған сурет)
3. Нобай не үшін қажет
? (нобайлар үйрену, танып білу, қолды жаттықтыру үшін қажет)
III.Жаңа сабақ. « Композициялық көзқараспен натюрморт заттарын орналастыру.»
а) теориялық
Натюрморт – бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр
алғаш рет XVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. XVII ғасырда
голланд тілінде бұл жанр «stillever» (қозғалмайтын табиғат) деп аталады.Ал
қазіргі өнердегі «натюрморт» (өлі табиғат)термині XVIII ғасырда француз
сөзінен алынған. Натюрморт тақырптық сәндік және оқу натюрморты болып бөлінеді.
Натюрморт 2 немесе оданда көп заттардан құралады. Натюрморт жеке жанр ретінде
танылғанға дейін, ол белгілі бір туындыларда қосымша бөлшек ретінде
бейнеленіп келеді.Мысалға, XV-XVI ғ.ғ. Венециялық суретшілер шығармаларын
алуға болады.
Бейнелеу өнерінде натюрморт – тақырыптық натюрморт, сәндік натюрморт, және
оқу натюрморты болып үш топқа бөлінеді.
Тақырыптық натюрморттардың композициясы қарапайым, шынайы, яғни ол заттарды
иесі жаңа ғана пайдаланып, белгілі бір уақытта ғана тастап кеткендей, ол
заттар арқылы туындыдан тыс болып жатқан уақиғаны немесе сол заттардың
иесінің мамандығын, мінез-құлқын, әлеуметтік жағдайын білуге болатындай әсер
қалдырады.
Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес.Олар тақырыбына,
мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады.Натюрморттың тақырыбы:«Ғасыр
үні», «Күз сайын», « Өнер мәңгі жасайды», «Молшылық» т.б.
б) машықтық Әртүрлі реңді, қыртысты мата өрістегі, 3 тұрмыстық заттан
құралған ұзақ мерзімді натюрморт.
2. Орналастыру
және натюрморт заттарының құрылымы.
Натюрморт салу үшін
оны алдымен өлшеп қағаз бетіне дұрыс орналастыру қажет.
Бірінші кезеңде есте
сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан – жағынан өте көп орын
алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек.
Екінші кезеңде қағаз
бетіне белгіленген заттардың орындарының ішіне жекеленген заттардың өздеріне
тән бөліктерінің пропорциялық қатынастарын (өлшемдік қатынас) салыстыра отырып
геометриялық денелер пішінінде бейнелейді. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның
тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар
арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейді.
Бейнелеуші заттар
көлемін симметриялы болса, бейнелеу барысында ортаңғы (ось) сызықты пайдаланып
тең бүйірлерді дәл көрсетуге болады.
Заттар бейнесінің
дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтар кетіріп тастайды.
IV.Қорытындылау
Бүгінгі өткен
тқырыбымыз бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөз жұмбақ шешу арқылы
қорытындылаймыз.
|
Н
|
о
|
б
|
а
|
й
|
|
|
|
|
|
Г
|
о
|
л
|
л
|
А
|
н
|
д
|
и
|
я
|
|
|
|
|
|
Т
|
ұ
|
р
|
м
|
ы
|
с
|
т
|
ы
|
қ
|
|
|
о
|
Ю
|
|
|
ж
|
а
|
н
|
Р
|
|
|
к
|
ө
|
М
|
е
|
к
|
ш
|
і
|
|
|
|
О
|
р
|
н
|
а
|
л
|
а
|
с
|
т
|
ы
|
р
|
у
|
|
Д
|
а
|
с
|
т
|
а
|
Р
|
х
|
а
|
н
|
|
|
|
|
|
з
|
а
|
Т
|
т
|
а
|
р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Тез, сызықпен салынатын сурет ?
2.Натюрморт жанры
ең алғаш қай қалада пайда болды ?
3.Күнделікті қолданатын заттардан
құралған наюрморт қалай аталады ?
4.Халық қолөнерінің қол таңбасы ?
5.Әр түрлі көркем шығармалардың мазмұны
мен тұтастығын білдіретін не ?
6.Натюрморт заттарын бейнелегенде
қандай сызықтар пайдаланамыз ?
7.Натюрморт бейнелеудің бірінші кезеңі
?
8.Қазақ бейнелеу өнерінің шебері
А.Ғалымбайованың ұлттық нақышта салынған натюрморты ?
9.Натюрморт жансыз нелерден құралады ?
Сонымен сөз жұмбақтың
жауабы «Натюрморт» деген сөз шықты.
1. Натюрморт
дегеніміз не ?
2. Натюрморт неше
заттан құралады ?
3. Натюрморттың
орналастыру заңдылықтары ?
V.Үйге тапсырма
Үйден 3 заттан
құралған тұрмыстық натюрморт салып, штрихтап келу.
VI.Бағалау
VII.Сыныпты
жинақтау
Бейнеу
аудандық әкімдігінің
«Құлшар
Бақтыбайұлы атындағы
Бейнеу
өнер мектебі» МКҚК
Көркемсурет
пәнінің мұғалімі
А.
Джолдасбаева
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.