Инфоурок Другое КонспектыКонспект "Тәуелсіз елім-өз елім"

Конспект "Тәуелсіз елім-өз елім"

Скачать материал

Тәуелсіз-елім,өз елім.

1 –жүргізуші.Құрметті қонақтар,ата-аналар,ұстаздар және оқушылар.Сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке ,біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.Олай болса еңсесі биік еліміздің сіздердей азаматары мен азаматшаларын мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

2-жүргіуші.Бүгін сіздердің алдарыңызда Қараой мектеп бала бақшасының,тарихи өлкетану үйірмесінің оқушылары,болашағынан зор үміт күттіретін,қазақ елінің ұландары,өз өнерлерін көрсетеді.

1- жүргізуші. Сіздерге әдеби-музыкалық кешті қызықтап,шат сезіммен шарықтап,көтеріңкі көңіл күй тілейміз.

2-жүргіуші

Қазақ десем қаным қызып денемде

Қайнап кетем ғажап күйге енемде

Қазақ десем Абай болып елестеп

Абай мені шақырады өлеңге.

Қазақ десем айдарымнан жел есіп

Кетем ойша Мұқаңменен кеңесіп

Қазақ маған Әлиядай айбынды

Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп.

1-жүргіуші

Қазақ десем қаламымнан жыр тамып

Өткенді еске ап, отырамын бұрқанып

Қазақ деген Тәуелсіз ел бүгінгі

Түп-тамыры жатқан сонау тереңде

Қазақ бүгін тәуелсіз ел, біл мұны

Ақиқатқа айналғандай шындығы

Әрбір түні ақ тілеумен жабылып

Атар таңға айқара ашық түндігі.

 2-жүргіуші

Біздер бүгін Отан жайлы жырлаймыз

Мерекенің қарсаңында  текке қарап тұрмаймыз

Бәріңізді,бәріңізді  құттықтап

«Жаса Қазақстан» деген әнді сыйлаймыз.

Ортаға Азамат пен Нұрғанаттты қол соғып,қошеметпен шақырайық.

1-жүргіуші

Қырмызы қыздар,

Қызғалдақ қыздар құлпырған

Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнған

Қазақтың биін билеңдер қане  майысып

Отырған халқым сүйсініп тұрсын сыртыңнан.

Меруерт пен Аянаны «Қазақ биімен»ортаға шақырайық.

2-жүргіуші

Құдірет бар батырлықта,ерлікте

Тіршілік бар бұзылмаған елдікте

Жауларменен жағаласып сынға түскен сәттерде

Елімізді,жерімізді сірә қолдан бердік пе?

Ендігі кезекті жыр жолдарына береміз « Елім менің»Оқитын Дәрібайұлы Нұрқасым

1-жүргіуші

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.Хор «Туған ел»

 

2-жүргіуші

Өнер деп соққан жүрегі

Өнерлі өрге жүзеді -дегендей ортаға «Жұмыр қылыш»биімен биші қыздарды шақырамыз.

1-жүргіуші

Мен сенің сарқылмайтын ақ бұлағың

Мен сенің секілдімін бақ-құрағың

Кең байтақ өлкем маған қуат берер

Келеді құлының боп шапқылағым

Ортаға Нұрсәулені «Балалық шақ»әнімен шақырамыз

 

 

2-жүргіуші

Ұлтарақтай болса да

Ата қоныс жер қымбат

Ат төбеліндей болса да

Туып-өскен ел қымбат .Поэзия «Сүйемін өскен- Отанымды»оқитын Дауылбай қызы Зарина

 

1-жүргіуші

Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы,тауы,өзені,көлі бар

Қазағымның жерін,елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар ,елі бар

Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира,ұлан байтақ жеріміз

Туған елін,туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз ,еріміз

Хор «Жетікөл вальсі»

2-жүргіуші

«қыз өссе, елдің көркі»дегендей қыздардың биін тамашалаймыз.7-сынып қыздары

1-жүргіуші

Кең далалы ,кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз, еркін жанбыз азатпыз

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз

«Алға,Қазақстан»орындайтын Құмар Мержан

2-жүргіуші

Поэзия оқу.Оқитын Ақылбек

1-жүргіуші

Сұңқарың боп келеді қалықтағым

Тұлпарың боп келеді шарықтағым

Отансыз адам болмас бұл фәниде

Отансыз жан –мақұлық бар ұққаным

«Ойылым» әнімен қыздарды ортаға шақырайық.

2-жүргіуші

Тәуелсіздік ұранымыз

Тәуелсіздік жыр әніміз

Желтоқсанда бастау алған

Тәуелсіз ел ұланымыз.

Ән «Батырлар ұраны» орындайтын Бегалы Данабек, Қалыбекұлы Ғани

1-жүргіуші

Қуаныштан қалай кеуде кермеспін

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін

Ақ түйенің қарны міне жарылды.

Тәуелсізбін,егеменмін,дербеспін

2-жүргіуші

Көк байрағын көтеріп желбіреткен қазақпыз

Түбі бірге бауырды,елжіреткен қазақпыз

Бостандықты сағынып қолына алған қазақпыз

Жолы болған қазақпыз-- би«Достық »

1-жүргіуші

Кешті талай қазағым азапты күн

Болмастан далаңда кең азаттығың

Құтты болсын тәуелсіздік,құтты болсын

Дүр сілкініп түлеші қазақ бүгін-дей келе Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына арналған  «Тәуелсіз елім-өз елім» атты  кешімізді аяқтаймыз.Алтын уақыттарыңды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет

 

 

1.Жаса Қазақстан--- Азамат, Нұрқанат

 

2.Қазақ биі-------- Аяна, Меруерт

 

3.Нұрқасым        поэзия

 

4.Хор      Туған ел

 

5.Жумыр Қылыш би  Зарина, Ақбөпе,Гүлмира

 

6.Балалық шақ Нұрсәуле

 

7.Сүйемін өскен Отанымды Дауылбайқызы

Зарина

 

8.Хор Жетікөл вальсі

 

9.  7-сынып қыздары

 

10 .   Алға Қазақстан Мержан11.Поэзия Ақылбек12.Ойылым13.Батырлар ҰраныДанабек Ғани

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект "Тәуелсіз елім-өз елім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 399
    • DOCX 37 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдраемова Гульжанар Жалгасбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11337
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой