Инфоурок Технология Конспекты"Көркем еңбек" пәні бойынша ҚБ жинағы

"Көркем еңбек" пәні бойынша ҚБ жинағы

Скачать материал

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Көркем еңбек

1-сынып

Астана, 2016


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған  тапсырмалар жинағы

 

Көркем еңбек

 

1-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады. 

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.   

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.  

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.   

  

   

Қолданылған шартты белгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.  

 

** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

Мазмұны

1-тоқсан............................................................................................................................................ 5

Ортақ тақырып «Өзім туралы»................................................................................................. 6

Ортақ тақырып «Мен және менің мектебім»...................................................................... 15

2-тоқсан.......................................................................................................................................... 21

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»........................................................... 22

Ортақ тақырып «Қоршаған әлем»......................................................................................... 30

3-тоқсан.......................................................................................................................................... 41

Ортақ тақырып «Саяхат»........................................................................................................ 42

Ортақ тақырып «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»........................................................ 50

4-тоқсан.......................................................................................................................................... 59

Ортақ тақырып «Көкөністер мен жемістер»....................................................................... 60

Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау».......................................................................... 70

 


 

4

1-тоқсан


Ортақ тақырып «Өзім туралы»

Бөлімше 1.1 «Қоршаған ортаны білу және түсіну»

Бөлім:                                       1. Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:                             1.1.1.1.Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін,

таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура,

пішін және т.б.).

Ойлау дағдыларының       Білу және түсіну

деңгейі:                                    Қолдану

Бағалау критерийі:              Білім алушы

      Қоршаған ортадағы таныс бейнелерді атайды.

      Қоршаған           ортадағы      пішіндердің түсін,

фактурасын, материалын айқындайды.

1-тапсырма 

Суреттерге мұқият қараңыз. Олар неге ұқсайды? Қандай материалдардан жасалған? Қандай түстер қолданылған? Жұпта талқылаңыз. 

      Әр суретті сипаттап айтыңыз.

Дескриптор:         Білім алушы

-  суреттегі бейнелерді атайды; 

-  қолданылған материалдарды анықтайды;

-  түстерді ажыратып айтады;   

-  бейнелердің фактурасын анықтайды;     - суреттерді сипаттайды.

2-тапсырма

Суреттердегі бұлттарға мұқият қараңыз. Бұлттардың пішіндері қандай заттарға ұқсайды? Бұлттарды сол заттарға ұқсатып салыңыз және бояңыз.

      Салған суретіңіз туралы айтып беріңіз.

Дескриптор:         Білім алушы

- суретті толықтырып салады; 

- бейнені пішіні мен түсіне келтіреді; - өз жұмысы туралы баяндайды.

Бөлімше 1.3 «Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту» Бөлім:             Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:                            1.1.3.1. Нақты материалдар мен техникалардың

негізінде    өз        идеялары     мен     сезімдерін шығармашылық  деңгейде ұсыну. Ойлау дағдыларының         Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:            Білім алушы

      Идеяны шығармашылық жолмен ұсынады.

      Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы  көрсетеді.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Олар неге ұқсайды? Қалай орындалған деп ойлайсыз?  Жұпта талқылаңыз. 

      Алақаныңыздың көмегімен кез келген сурет салыңыз.

Ол үшін:

1)     Керекті құралдарды (бояулар, қағаз, су құйылған ыдыстар) дайындап алыңыз.

2)     Алақаныңызды суға езілген бояуға батырып алып, қағаздың бетіне басыңыз.

3)     Алақаныңыздың ізін түрлі сызықтармен толықтырып, бөлшектер қосып, суретке айналдырыңыз.

4)     Салған суретіңіз туралы досыңызға айтып беріңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

-     суреттердегі бейнелерді атайды;

-     суреттің орындалу тәсілі туралы ойын айтады;

-     алақан арқылы композиция құрастырады;

-     бейнені қосымша элементтермен толықтырады; - түстердің үйлесімділігін сақтайды; - өз жұмысын сипаттайды. 

2-тапсырма

Суреттерге мұқият           қараңыз.       Жұмыстың   орындалу     техникасына            назар аударыңыз. 

      Осы техниканың негізінде саусақтарыңызбен кез келген сурет салыңыз.

Ол үшін:

1)    Қажетті материалдарды (ақ қағаз, бояу, су құйылған ыдыс және майлық қағаздар) дайындап алыңыз.

2)    Салатын суретіңізді көз алдыңызға елестетіңіз.

3)    Саусағыңызды бояуға батыра отырып, суреттің нобайын салыңыз. 4) Суреттің қажетті бөліктерін сызықтармен толықтырыңыз.

Дескриптор:        Білім алушы

- жұмыстың орындалу техникасын сипаттайды; 

- саусақ арқылы сурет салады;

- бейнені қосымша элементтермен толықтырады; - түстердің үйлесімділігін сақтайды; - өз жұмысын сипаттайды. 


Бөлімше 2.2 «Материалдар және шығармашылық жұмыс техникалары»

                                                      Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:        1.2.2.1.  Қарапайым әдістер мен тәсілдерді  пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және  жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент  жүргізу. Ойлау дағдыларының        Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:            Білім алушы

      Жұмыс барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттайды.

      Идеясын іске асыру барысында материалдар мен құралдарды пайдаланады.

      Құралдар мен материалдар арқылы эксперимент өткізеді.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Бұл суреттер қандай әдіспен салынған деп ойлайсыз?

Жұптық жұмыс. Көпіршікпен сурет салып көріңіз.

Ол үшін:

1)     Сұйық сабын мен су араластырылған бірнеше ыдыс дайындаңыз.

2)     Әр ыдысқа түрлі бояу қосып, араластырыңыз.

3)     Әр ыдыстағы суды шырын ішетін түтікпен үрлеп, көпіршіктер жасаңыз.

4)     Қағаз бетіне әр түсті көпіршіктерді төгіңіз.

5)     Көпіршіктерді кептіріп қойыңыз.

6)     Кепкен көпіршіктердің үстіне қылқаламмен кез келген элементтер салыңыз.

7)     Салған суретіңіз туралы басқаларға айтып беріңіз.

Дескриптор:    Білім алушы

-          берілген суреттің орындалу әдісін сипаттайды;

-          көпіршікпен сурет салып, эксперимент жүргізеді;

-          жұмысты кезеңдерін сақтай отырып орындайды; - көпіршіктерді элементтермен толықтырып, бейне салады; - өз жұмысын түсіндіреді.

2-тапсырма

Түрлі-түсті тұздың көмегімен сурет салып көріңіз.

Ол үшін:

1)  Қағаз бетіне қалаған суретіңізді салыңыз.

2)  Түрлі-түсті бормен үйкелей отырып, әр түсті тұз дайындап алыңыз.

3)  Суреті бар қағаздың бетіне желім жағыңыз.

4)  Суреттің әр бөлігіне түсіне қарай тұз сеуіп шығыңыз.

5)  Артық тұзды қағып тастаңыз.

6)  Өз жұмысыңызды таныстырыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-     өз идеясын бейнелеп салады;

-     түрлі түсті тұз дайындайды;

-     нұсқаулық бойынша жқмысты ұқыпты орындайды; - өз жұмысын таныстырады.

Бөлімше 2.1 «Қоршаған ортаның бейнелері»

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:                             1.2.1.1. Өз идеялары мен сезімдерін қарапайым

тәсілдермен көрсету үшін қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қолдану.

Ойлау           дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі:              Білім алушы

      Өз сезімдерін сипаттау үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін пайдаланады.

      Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады.

1-тапсырма

Сызықтарға мұқият қараңыз. Сызықтар неге ұқсайды? Олар қандай сезімдер туғызады? Сызықтарды сипаттап көріңіз. 

      Өзіңіздің көңіл күйіңізді сызықпен бейнелеп көрсетіңіз және түсіндіріңіз.

Дескриптор:        Білім алушы

- сызықтарға қатысты ойын айтады, сипаттайды;

- туындаған сезімі туралы ой бөліседі;

- сурет салуда сызықтардың бірнеше түрін қолданады;  - әр сызықты айқын бейнелейді;   - өз жұмысын түсіндіреді.

2-тапсырма

В.В.Кандинскийдің «ҮІІІ композиция» суретіне мұқият қараңыз. Суретші өз ойын бейнелеп көрсету үшін қандай визуалды элементтерді қолданған? Жұпта талқылаңыз. 

      Өз ойыңызды «коллаж» жасау арқылы көрсетіңіз.

Ол үшін:

1)     Түрлі-түсті қағаздан әр түрлі пішіндер қиып алыңыз.

2)     Пішіндерді қағаздың бетіне ретсіз орналастырыңыз.

3)     Бөлшектерін желімдеңіз.

      Өз жұмысыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

Ескерту: қайшымен және желіммен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтаңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-  суретшінің қолданған визуалды элементтерін атайды;

-  түрлі пішіндерден коллаж құрастырады;

-  жұмысты мазмұнды және ұқыпты орындайды;

-  өз жұмысын ұсыну барысында негізгі идеясын сипаттайды.

Бөлімше 3.2 «Өнердегі тәсілдерді талдау»

Презентация, талдау және бағалау.

Оқу мақсаты:

1.3.2.1. Орындалатын шығармалардың материалдардың тақырыбын талқылау.

және

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Анализ

 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Шығарманың тақырыбын атайды.

 

Қолданылған материалдарын анықтайды.

1-тапсырма

Суреттегі заттар қандай материалдардан және қалай жасалған? Жұпта талқылаңыз. 

      Әр суретке ат қойыңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

- жұмысты жасауда қолданылған материалдарды анықтайды; - әр суретке ат қояды және сипаттайды.

2-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Олар қалай орындалған деп ойлайсыз? Қандай материалдар қолданылған? Қандай түстер қолданылған? Жұпта талқылаңыз.

      Берілген жұмыстарды сипаттап айтыңыз және ат қойыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-  суреттегі бейнелерді атайды;

-  жасалу жолын анықтайды;

-  қолданылған түстерді атайды;

-  жұмысқа ат қойып, сипаттап айтады.

Ортақ тақырып «Мен және менің мектебім»

Бөлімше 1.1 «Қоршаған ортаны білу және түсіну»

Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.1.1.  Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.).   

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қоршаған     ортадағы      таныс             бейнелерді атайды.

      Қоршаған ортадағы пішіндердің түсін, фактурасын, материалын айқындайды.

1-тапсырма

Суреттегі заттардың фактурасын сипаттаңыз.

      Қоршаған ортадан фактурасы ұқсас тағы қандай заттарды атауға болады?

Мысал келтіріңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

-     суреттердің фактурасын анықтайды және сипаттайды; - фактурасы ұқсас заттарға мысал келтіреді.

2-тапсырма

Суреттердің бедерін сипаттаңыз.

      Өзіңізге ұнайтын кез келген заттың пішінін, бедері мен фактурасын әр түрлі материалдар мен әдістерді қолдана отырып көрсетіңіз.

Дескриптор:      Білім алушы

-     суреттегі бедерлерді анықтап,сипаттайды; 

-     өзіне ұнайтын бейнені анықтайды;

-     затты бейнелеу үшін әр түрлі материалдар мен әдістерді қолданады.

Бөлімше 2.1 «Қоршаған ортаның бейнелері»

 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.1.1. Өз идеялары мен сезімдерін қарапайым тәсілдермен көрсету үшін қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Өз сезімдерін сипаттау үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін пайдаланады.

      Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады.

1-тапсырма

Суреттерде нелер бейнеленген? Бұл заттарды қайдан көруге болады? Жұмысты орындауда қандай визуалды элементтер қолданылған? Жұпта талқылаңыз.

      Өзіңіздің көңіл күйіңізді бейнелеп көрсетіңіз.

      Жұмысыңызда пайдаланылған элементтерді атаңыз.

Дескриптор:      Білім алушы

-     суретте бейнеленген заттарды атайды;

-     суреттерде қолданылған элементтерді анықтайды; - өзінің көңіл күйін визуалды элементтер арқылы бейнелейді; - өз жұмысын сипаттайды.

2-тапсырма Еркін тақырыпқа сурет салыңыз.

     Ол үшін:

1)     Акварель  бояуына арналған А4 парағына қарындашты ақырын баса отырып, суреттің эскизін  салыңыз.

2)     Қағаздың бетіне үлкен қылқаламмен таза су жағып шығыңыз.

3)     Қағаздағы су кеппей тұрғанда акварель бояуымен суретті түсіне қарай бояп, сала бастаңыз.

4)     Жұмысты кептіріңіз.

5)     Өз жұмысыңызды жұбыңызға сипаттап беріңіз.

Дескриптор:   Білім алушы

-     суреттің эскизін салады; 

-     жұмысты кезеңдерін сақтай отырып орындайды;  - бейнеленген нысандардың түсін, пішінін дұрыс көрсетеді; - өз идеясын сипаттап айтады.

Бөлімше 2.2 «Материалдар және шығармашылық жұмыс техникалары»

Бөлім:

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.2.1. Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Жұмыс барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттайды.

      Идеясын іске асыру барысында материалдар мен құралдарды пайдаланады.

      Құралдар мен материалдар арқылы эксперимент өткізеді.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Суретте нелер бейнеленген? Оң жақтағы төменгі дақтарды неге ұқсатасыз? Бұл суреттерді салу үшін қандай материалдар қолданылған деп ойлайсыз?

Топтық жұмыс. 

Бояу дақтарымен сурет салуға бола ма? Эксперимент жасап көріңіз.

Ол үшін:

1)  Мұғалімнің көмегімен еденге үлкен қағаз жолақша төсеңіз.

2)  Сыныптастарыңызбен бірге оның бетіне әр түсті бояу дақтарын түсіріңіз.

3)  Шырын ішетін түтікпен бояу дақтарын жан-жағынан үрлеңіз.

4)  Араласып кеткен бояу дақтарының арасынан жеке пішіндерді анықтаңыз.

5)  Оларды сызықтармен толықтырып, суретке айналдырыңыз.

6)  Салған суреттеріңізді қабырғаға іліп қойып, пайда болған бейнелерді атаңыз.


Дескриптор:         Білім алушы

-  суретте бейнеленген пішіндерді сипаттайды;

-  қолданылған материалдарды атайды; 

-  жұмысты кезеңдерін сақтай отырып, эксперимент жасайды;

-  бояу дақтарының арасынан пішіндерді анықтап, толықтырып салады; 

-  пайда болған бейнелерді атайды.

2-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз және қалай салынғанын түсіндіріңіз.

Үйкелеу, ысқылау арқылы сурет салыңыз.

Ол үшін:

1)          Беткі жағы бедерлі кез келген зат таңдап алыңыз.

2)          Қағазды беті кедір-бұдыр жазықтықтың үстіне қойыңыз.

3)          Бедердің бетін қарындашпен бастыра отырып, ысқылап сызыңыз.

4)          Суреттің бедерінен артық жерлерін өшіріңіз. 5) Суретті түсіне келтіріп бояңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

- жұмыстың орындалу тәсілін сипаттайды; - жұмысты нұсқауға сәйкес орындайды; - түстердің  үйлесімділігін сақтайды.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

Бөлім:

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.3.1. Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді  өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Берілген материалдар мен компонентерді өлшейді, белгілейді, қияды.

      Материалдар мен компонентерді формасына келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру арқылы жұмысын аяқтайды.

Қағаздан суреттегі жұлдызқұртты жасап көріңіз.

Ол үшін:

1)  Түрлі-түсті қағаз, картон, қайшы, желім, қарындаш дайындап алыңыз.

2)  Шаблонның көмегімен қағаздан үлкендеу дөңгелек қиып алып, оған жұлдызқұрттың көзін, аузын, мұртшасын желімдеп, басын жасаңыз.

3)  Әр түсті қағаздан 8 орташа және  1 кіші дөңгелек қиып алыңыз. Бұлар жұлдызқұрттың денесі болады.

4)  Дөңгелектерді картон қағаздың бетіне суреттегідей етіп біріктіріп, желімдеңіз.

5)  Өз жұмысыңызды сипаттаңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-  шаблонға сәйкес бөлшектерді белгілейді;

-  бөліктерді тиісті өлшемдерін сақтай отырып қияды; 

-  бөліктерді бейненің формасына келтіріп жинақтайды.

2-тапсырма

Майлық қағаздармен сурет салып көріңіз.

Үлгі: 

Ол үшін:

1)     Түсі  әр түрлі майлық қағаздар, желім, қайшы, қарындаш, қағаз дайындап алыңыз.

2)     А4 қағазына жасайтын жұмыстың эскизін салып, қиып алыңыз.

3)     Қажетті түстегі майлық қағаздарды бірдей бөліктерге бөліп, біркелкі етіп домалақтап умаждаңыз.

4)     Қиып алған шаблонның бетіне тегістеп желім жағыңыз.

5)     Үстіне умаждалған қағаз бөлшектерін бір-біріне тығыз орналастырып, біріктіріңіз.

Дескриптор:   Білім алушы

-     өз жұмысына қызықты эскиз ойластырады;

-     қағаздарды біркелкі умаждайды;

-     бөлшектерді эскиздің бетіне ұқыпты желімдейді; - өз жұмысын сипаттайды.

2-тоқсан

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»

Бөлімше 1.2 «Тарих, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну»

Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.2.1. Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл  бөлу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Ұлттық және әлем мәдениетінің  туындыларын таниды жəне сипаттайды.

      Өнер туындыларына қатысты сезімдерін айтады.

Суретте кімдер бейнеленген? Бейнелеу өнерінің бұл жанры қалай аталады?

      Төменде берілген портреттерді сипаттаңыз. Суретші олардың жасын қалай бейнелеген? Қай портрет әлем мәдениетінің өнер туындысы болып табылады? Олардың қандай айырмашылықтары бар?

Дескриптор:  Білім алушы

-      суреттердегі бейнелерді атайды;

-      бейнелеу өнерінің жанрын анықтайды;  - портреттердің айырмашылықтарын сипаттайды;

-      әлем мәдениетіне жататын туындыны анықтайды.


Берілген суретті сипаттаңыз. Суреттен қандай бейнелерді және кімдерді көріп тұрсыз? 

      Бұл сурет ұлттық өнер туындысына жата ма? Неліктен? Суретке ат қойыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-      берілген суретті сипаттайды; 

-      суретке ат қояды;

-      суретке қатысты өз ойын айтады.

Бөлімше 1.3 «Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту»

Бөлім: 

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.3.1.Нақты материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық  деңгейде ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Идеяны шығармашылық жолмен ұсынады.

      Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы  көрсетеді.

Жұмыстар қандай материалдардан және қандай техникада орындалған? Жұпта ой бөлісіңіз. 

      Өзіңізге ұнаған техникамен кез келген жұмыс жасаңыз.

      Жұмысыңызды сипаттаңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-      жұмыстардың орындалу техникасы мен материалдарын атайды;

-      өзінің идеясын айтады және бейнелеп көрсетеді; - жұмысын шығармашылық жолмен орындайды; - өз жұмысын таныстырады.

Суреттегі балалардың көңіл күйлерін сипаттаңыз.

      Сызбаның кезеңдеріне сүйеніп,  досыңыздың портретін салып көріңіз.   Оның көңіл күйін көрсетіңіз.

Дескриптор:  Білім алушы

-      суреттегі балалардың көңіл күйлерін анықтайды; 

-      сызбадағы кезеңдер арқылы досының портретін салады; - портретте досының көңіл күйін нақты көрсетеді.

Бөлімше 2.1 «Қоршаған ортаның бейнелері»

Бөлім:

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

Ойлау дағдыларының

1.2.1.1. Өз идеялары мен сезімдерін қарапайым тәсілдермен көрсету үшін қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қолдану.

деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Өз сезімдерін сипаттау үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін пайдаланады.

      Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған     ортаның        элементтерін пайдаланады.

        Сіз ненің суретін салуды жақсы көресіз? Өзіңізге ұнайтын заттың суретін салыңыз және бояңыз. Ол туралы жұбыңызға айтып беріңіз.

Дескриптор:    Білім алушы

-   өзі ұнататын заттың суретін салады; - затты түсіне келтіріп бояйды;

-   жұмысы туралы жұбымен бөліседі.

Негізгі түстерді біртіндеп араластыру арқылы қосымша түстер шығарыңыз. Акварель бояуын қолданыңыз.

        Қауырсынды өзіңіздің көңіл күйіңізге сәйкес түстермен бояңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-      түстерді дұрыс араластыра отырып, қосымша түстерді шығарады;

-      қауырсынды көңіл күйіне байланысты бояйды.

Бөлімше 2.2 «Материалдар және шығармашылық жұмыс техникалары»

Бөлім: 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.2.1. Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Жұмыс барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттайды.

      Идеясын іске асыру барысында материалдар мен құралдарды пайдаланады.

      Құралдар мен материалдар арқылы эксперимент өткізеді.

Суреттерге мұқият қараңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

        Суретші қандай түстерді пайдаланған?

        Ең күңгірт түстер қайсысы?

        Ең ашық түстер қайсысы?

        Түстердің реңктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

1)         Қағазға үш шеңбер сызыңыз.

2)         Әр шеңберді сары түспен бояңыз.

3)         Әр шеңберге әр түрлі мөлшерде (тамшылармен) қызыл түс қосып, араластырып көріңіз.

4)         Түстерді салыстырыңыз және сипаттаңыз.


5)         Сары және көк түстерді, көк пен қызыл түстерді араластырып байқаңыз.

Қандай түстер шықты?

6)         Шыққан түстерді пайдаланып, ойыңыздағы суретті салыңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-        сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді сипаттайды;

-        аталған түстерді араластырып,тәжірибе жасайды 

-        эксперимент нәтижесі бойынша түстердің өзгерісін сипаттайды; - өзінің ойын суретпен бейнелеп көрсетеді.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Қағаздың қандай түрлерін білесіз?

Қағаз – өте керемет материал. Оныболады.

Қағазбен тәжірибе жасап көріңіз.

1)    Қағазды қолыңызбен жыртып, жыртылған шетін үлкейткіш шынымен қараңыз. Не байқадыңыз?

2)    Қағазды қолыңызға алып умаждаңыз. Умаждалған қағазды қайта түзетіп көріңіз. Не байқадыңыз?

3)    Қағазды стақандағы суға салыңыз. Оны кептіріңіз. Не байқадыңыз? 4) Бүктеу арқылы қағаздан кез келген зат/бейне/фигура жасаңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-           қағазбен түрлі тәжірибелер жасайды; 

-           жасалған тәжірибенің нәтижесін сипаттайды;

-           бүктеу техникасы арқылы өз ойындағы затты/бейнені/фигураны жасайды.

Ортақ тақырып «Қоршаған әлем»

Бөлімше 1.1 «Қоршаған ортаны білу және түсіну»

Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.1.1.  Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.).

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қоршаған     ортадағы      таныс             бейнелерді атайды.

      Қоршаған ортадағы пішіндердің түсін, фактурасын, материалын айқындайды.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Үлгіге сүйеніп, пейзаждағы алдыңғы және артқы көріністе бейнеленген заттарды атаңыз. 

Шығармашылық жұмыс: Алдыңғы және артқы көріністерін ескере отырып, өз ауылыңыздың немесе қалаңыздың суретін салыңыз. 

Дескриптор:   Білім алушы

-        алдыңғы және артқы көріністегі заттарды атайды;

-        суретті алдыңғы және артқы көріністерді  дұрыс сақтап салады; - өз жұмысында бейнелерді нақты көрсетеді; - түстердің үйлесімділігін сақтайды.

Суреттегі жануарларды анықтаңыз. Біреуін таңдап алып, түсіне келтіріп бояңыз.

Жануарларды қандай топтарға бөлуге болады? Олар туралы не білесіз?

Жұпта әңгімелеңіз.

Дескриптор:   Білім алушы

- суреттердің арасынан нақты бейнені анықтайды; - суретті түсіне келтіріп бояйды.


Бөлімше 2.1 «Қоршаған ортаның бейнелері»

             

                                                      Жасау және дайындау.

 

Оқу мақсаты:                       1.2.1.1.      Өз     идеялары      мен      сезімдерін     қарапайым

тәсілдермен көрсету үшін, қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қолдану.

 

Ойлау дағдыларының Қолдану    деңгейі:             

 

Бағалау критерийі: Білім алушы Өз сезімдерін сипаттау үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін пайдаланады. Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады.

 

1-тапсырма

 

Суреттерге мұқият қараңыз. Суреттерде қандай табиғат құбылыстары бейнеленген?

 

                  

      Қандай түстер қолданылған?

      Қандай материалдар пайдаланылған?

      Қандай визуалды элементтер қолданылған?  Ауа райын бейнелейтін шығармашылық жұмыс жасаңыз.

 

Дескриптор:   Білім алушы

-  суретте бейнеленген табиғат құбылыстарын (түсін, материалдарын, элементтерін) сипаттайды; 

-  шығармашылық идеясын бейнелеп көрсетеді;

-  өзінің ойын визуалды элементтерді қолдана отырып жеткізеді.

 

             

 

 

Суреттегі жұмыстың орындалу кезеңдеріне мұқият қараңыз. Сол бойынша жіппен сурет салып көріңіз. 

Ескерту: кез келген түсті пайдалануға болады.

Ол үшін:

1)          Жіпті ыдыстағы езілген бояуға салып, бояңыз.

2)          Жіпті екіге бүктелген қағаздың бір бөлігіне иректеп орналастырыңыз.

 Жіптің бір шеті міндетті түрде қағаздың астынан шығып тұруы қажет.

3)          Қағаздың екінші бөлігін жауып, үстінен кітаппен бастырыңыз. 4) Бір қолыңызбен кітаптың үстінен қаттырақ  басып тұрып, жіпті астыңғы  жағынан суырып тартып алыңыз.

5) Нәтижесінде қандай сурет шыққанын әңгімелеңіз.

Дескриптор:  Білім алушы

-      жұмысты кезеңдер бойынша дұрыс орындайды;

-      шыққан сурет бойынша өз идеяларымен және сезімдерімен бөліседі.

Бөлімше 2.2 «Материалдар және шығармашылық жұмыс техникалары»

 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.2.1. Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды)  және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Жұмыс барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттайды.

      Идеясын іске асыру барысында материалдар мен құралдарды пайдаланады.

      Құралдар мен материалдар арқылы эксперимент өткізеді.

Суреттерге мұқият           қараңыз.       Бұл     жұмыстар     қалай             жасалған?    Қандай материалдар қолданылған? Жұпта талқылаңыз.

Жұптаса отырып табиғи материалдардан ұқсас композиция құрастырып көріңіз.

Ол үшін: 

1)          Әр түрлі табиғи материалдар дайындап алыңыз.

2)          Таңдалған материалдар негізінде болашақ жұмысыңыздың эскизін салыңыз.

3)          Таңдап алған материалыңызбен «үлкенінен кішіге» немесе «ұсақтан іріге» тәсілдері арқылы композиция құрастырыңыз.

4)          Жұмысыңызды сыныптастарыңызға таныстырыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

- жұмыста  қолданылған материалдар мен тәсілдерін анықтайды; - табиғи материалдардан композиция құрастырады; - өз жұмыстарын таныстырады.

Суреттерге мұқият қараңыз. Оның жасалу тәсілін сипаттаңыз.

Тәжірибе: Ермексаздың әр түрлі түстерін араластыра отырып, жаңа бейне жасаңыз. Ол үшін: 

      Алдымен не жасайтыныңызды ойластырыңыз;

      Араластыруға қажетті ермексаздың түстерін таңдап алыңыз;

      Алақаныңызбен жұмсарта отырып, түстерді араластырыңыз;

      Ермексазды ширатып, жіңішке таяқшалар жасаңыз;

      Ширатылған ермексазды айналдыра отырып, бейне жасаңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-  жұмыстың орындалу техникасын сипаттайды;

-  ермексазды араластыра отырып, қосымша түс шығарады; 

-  ермексазды дұрыс ширатады; 

-  айналдыра орындау тәсілін сақтай отырып, бейне жасайды.

-  эксперимент нәтижесін сипаттап айтады.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.3.2. Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан қағаз материалдары және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Түрлі материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан заттар, қағаз  материалдары жəне т.б.) жұмыс істеу техникаларын қолданады.

      Көлемді  пішіндер  жасайды.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз.

Жұптық жұмыс. Тиісті материалдар мен құралдарды қолданып, суреттегідей 3D көлеміндегі таңғажайып арал жасап көріңіз.

Ескерту: Үшкір, өткір заттармен жұмыс істеу барысында өте мұқият болыңыз! Техника қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз! 

Дескриптор:  Білім алушы

-  әр түрлі материалдарды қолданады;

-  аралдың композициясын құрастырады; 

-  түстердің үйлесімділігін сақтайды;

-  көлемді пішіндерді үйлестіріп жасайды;

 

Суреттегі бейнелер неден жасалған? 

 

 

      Ермексаздан өзіңізге ұнайтын мультфильм кейіпкерін жасап, ол туралы айтып беріңіз.

 

Дескриптор:   Білім алушы  

-  бейнені жасауда қолданылған материалдарды атайды;

-  кейіпкерді нақты сұлбасын мүсіндейді;

-  бейненің ұсақ бөліктерін/бөлшектерін көрсетеді;

-  өз кейіпкерін таныстырады.

 

             

 

 

Бөлімше 2.4  «Қауіпсіздік техникасын сақтау»

 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қауіпсіздік ережесін айтады.

      Құралдарды қауіпсіздік техникасы ережесіне сай қолданады.

1-тапсырма

Қайшыны дұрыс қолдануды бейнелейтін суреттерді белгілеңіз және ережесін түсіндіріңіз. 

Суретте        бейнеленген            балапанның            апликациясын        жасаңыз.       Түрлі түсті қағаздарды қию барысында қайшыны қолдану ережесін  ескеріңіз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  қайшыны дұрыс қолдану ережесін бейнелеп тұрған суреттерді белгілейді; 

-  апликация жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды.


Бөлімше 3.3 «Жұмысты талқылау және қорғау»

Бөлім:

Презентация, талдау және бағалау.

Оқу мақсаты:

Ойлау дағдыларының

1.3.3.1.Шығармашылық жұмысын түсіндіру.

деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Өз жұмыстарын таныстырады және жақсы жақтарын сипаттайды.

      Өз жұмысындағы жақсартуды қажет ететін тұстарын айтады.

Өз жұмысыңызды төмендегі жоспар бойынша таныстырыңыз.

Жоспар: 

1)              Жұмысыңыздың атауын айтыңыз.

2)              Қандай материалдар қолдандыңыз?

3)              Қандай техникада орындадыңыз?

4)              Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар болды?

5)              Жұмысыңыздың жақсы тұстарын атаңыз. 6) Нені жақсарту керек деп ойлайсыз?

Дескриптор:  Білім алушы

-           өз жұмысының атауын айтады; 

-           қолданылған материалдарды атайды;

-           орындау техникасын түсіндіреді; 

-           кездескен қиыншылықтар мен ұнайтын тұстарын айтады; - өз  жұмысын бағалайды.

2-тапсырма

Жұптаса отырып, өз жұмыстарыңызды таныстыру жолын ойлап табыңыз. Оның жоспарын құрастырыңыз. 

Дескриптор:   Білім алушы

-           таныстырылымды жоспарлайды;

-           жоспарды белгілермен немесе сөздермен жазып көрсетеді.

40

3-тоқсан


Ортақ тақырып «Саяхат»

Бөлімше 1.3 «Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту»

Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.3.1. Нақты материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Идеяны шығармашылық жолмен ұсынады.

      Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы  көрсетеді.

Суреттерге мұқият қараңыз. Орындалу техникасына көңіл бөліңіз.

Алақаныңыздың көмегімен қағаздан өзіңіз қалаған суретті ойыншық жасаңыз.

Ол үшін:

1)    Орындайтын жұмысыңыздың тақырыбын анықтап алыңыз.

2)    Алақаныңызды қағаздың бетіне қойып, шетін бастырып сызыңыз. 3) Сұлбаны қиып алыңыз. (Қажет болса бірнешеуін жасаңыз.) 4) Сұлбаға түрлі бөлшектер қосып, өз идеяңызды аяқтаңыз. 5) Жұмысыңызды таныстырыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-        алақанының сұлбасын ұқыпты қияды; 

-        өз идеясына қатысты бөлшектермен толықтырады; - жұмысын тақырыпқа сай көркемдейді;  - өз жұмысын таныстырады.

2-тапсырма Жұптық  жұмыс.  Саяхатқа шығатын әуе шарын жасап көріңіз. 

Жұмысты     бастамас      бұрын            жұбыңызбен            қандай           түсті   қағаздарды қолданатындықтарыңызды  және шарларыңыздың өлшемін ақылдасып, анықтап алыңыздар. Ол үшін:

      Қажетті құралдарды (түрлі-түсті қатырма қағаз, қарындаш, қайшы, желім, жіп) дайындап алыңыз.

      Қатырма қағазды ортасынан бүктеңіз.

      Қағаздың бір жақ бетіне  әуе шарының суретін салып, жиегі бойынша қиып шығыңыз. Осындай 3-5 бөлшек дайындаңыз.

      Бөлшектерді 4-суретте көрсетілгендей етіп, бір-біріне жарты бөлігімен беттестіре отырып, барлық бөлшектерді айналдыра  жабыстырыңыз.

      Соңғы бөлшекті жапсырмас бұрын арасына жіп салыңыз.

Дескриптор:    Білім алушы

-     әуе шарының пішінін дұрыс салады; 

-     бөліктерін бір-біріне дұрыс желімдейді; - шардың көлемді пішінін шығарады;  - жұмысты ұқыпты орындайды.

Бөлімше 2.2 «Материалдар және шығармашылық жұмыс техникалары»

 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.2.1. Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды)  және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Жұмыс барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттайды.

      Идеясын іске асыру барысында материалдар мен құралдарды пайдаланады.

      Құралдар мен материалдар арқылы эксперимент өткізеді.

Шығармашылық жұмыс.Шашырату әдісімен эксперимент жасай отырып, ғарышты бейнелеңіз.   Ол үшін:

      Қағазға әр түрлі ғарыштық пішіндерді салып, қиып алыңыз.

      Қиып алынған пішіндерді қара немесе көк түсті қағаздың бетіне жеке-жеке орналастырыңыз.

      Қағаздың бетіне тіс тазалайтын ысқышпен әр түсті бояу шашыратыңыз.

      Қағаздың бетіндегі жекелеген бөлшектерді алып тастап, орнындағы суретті бояумен толықтырыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  ғарышқа қатысты пішіндерді салып, ұқыпты қиып алады;

-  тақырыптық композиция құрастырып, бөлшектерді орналастырады; 

-  сәйкес түстерді таңдайды; 

-  бояуды ұқыпты және біркелкі шашыратады; - жұмысты көркем безендіреді.

2- тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз және берілген сұрақтардың көмегімен сипаттаңыз.

      Қандай ғарыштық денелер бейнеленген?

      Қандай материалдар қолданылған?

      Қандай тәсілмен орындалған?

      Барлық суреттерге ортақ  ат қойыңыз.

Жұптық шығармашылық жұмыс. Түрлі-түсті қағаздар, мата, әр түрлі табиғи материалдарды пайдаланып, «ғарыш» тақырыбына аппликация жасаңыз. 

Дескриптор:  Білім алушы

-  әр түрлі материалдарды қолданады; - тақырыпқа сәйкес композиция ойластырады; - жұмысты ұқыпты орындайды.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.3.2.          Айқындалған           материалдармен (ермексаз,    қолданыстан          шыққан,        қағаз материалдары және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Түрлі материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан заттар, қағаз  материалдары және т.б.) жұмыс істеу техникаларын қолданады.

      Көлемді  пішіндер  жасайды.

Суреттен не көріп тұрсыз? Ол неден және қалай жасалған? Мұндай әдіс қалай аталады? 

      Бүктеу арқылы күшіктің бетпердесін жасаңыз. Жұмысты сызба бойынша орындаңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  суреттегі бейнелерді атайды;

-  сурет бойынша бүктеу кезеңдерін дұрыс орындайды; 

-  бетпердені қосымша элементтермен (күшіктің көзі, тұмсығы) толықтырады. 

2-тапсырма

 

Суреттегі құстарға арналған жемсауыттардың неден және қалай жасалғанына көңіл бөліңіз. Жұпта талқылаңыз. 

 

             

      Қолданыстан шыққан әр түрлі материалдарды ( айран, сүт, шырын, аяқ киімнің қораптары және т.б.) қолданып, құстарға арналған жемсауыт жасаңыз.

 

Ескерту: Құстарға жем жеуге ыңғайлы болу үшін терезелерін үлкендеу етіп ойыңыз. Үшкір, өткір заттармен жұмыс істеу барысында абай болыңыз!

 

Дескриптор:       Білім алушы

-  жұмыстың эскизін сызады; 

-  жемсауытты талапқа сай (терезелерін кең, іліп қоюға ыңғайлы етіп) жасайды.

 

             

 

 

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

 

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.3.3. Қарапайым тәсілдерді қолданып, шығармашылық жұмысты аяқтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қарапайым тәсілдер арқылы шығармашылық жұмыстың элементтерін дайындайды.

      Элементтерді біріктіре отырып, жұмысты аяқтайды.

1-тапсырма

Суреттерге қарап, олардың қандай көлікке ұқсайтынын атаңыз.

Шығармашылық жұмыс. Өзіңіздің  ғажайып көлігіңізді салып көріңіз.

Ол үшін:

      Берілген қаңқалардың  арасынан өзіңізге ұнаған бөлшектерді қиып алыңыз.

      Оларға қосымша бөлшектерді қосып, таңғажайып көлік түрін құрастырыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-        көлік атауларын айтады; 

-        тиісті бөлшектерді таңдап, қиып алады; 

-        көлік түрін қосымша бөліктермен толықтырып құрастырады; - жұмысты ұқыпты және көркем орындайды.

2-тапсырма

Оригами әдісімен ұшақ жасаңыз. Жұмысты суреттегі кезеңдер бойынша орындаңыз.

      Ұшақты түрлі-түсті қарындаштармен, бояумен немесе фломастермен безендіріңіз.

Дескриптор:  Білім алушы

- жұмысты бүктеу тәсілдерін сақтап, дұрыс жасайды; - ұшақты көркем безендіреді.


Ортақ тақырып «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Бөлімше 1.2 «Тарих, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну»

Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.2.1. Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Ұлттық және әлем мәдениетінің туындыларын таниды жəне сипаттайды.

      Өнер туындыларына қатысты сезімдерін айтады.

1-тапсырма

Берілген музыкалық аспаптардың атауын жазыңыз. Өзіңізге таныс аспаптың біреуін сипаттаңыз. 

      Ішекті аспаптар:_______________________

      Үрмелі аспаптар:______________________

      Ұрмалы аспаптар:_____________________

      Шулы аспаптар:_______________________

Дескриптор:  Білім алушы

-       аспаптардың атауларын топтарға бөліп жазады; - өзіне таныс аспапты сипаттайды.

2-тапсырма

Пейзаждар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

      Пейзажда нелер бейнеленген?

      Олар несімен ерекшеленеді?

      Қандай түстер қолданылған?

      Бойыңызда пайда болған сезімдеріңізбен бөлісіңіз.

 Дескриптор:  Білім алушы

-       сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді сипаттайды; - өз сезімдері туралы айтады.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

 

 

 

Жасау және дайындау.

 

1.2.3.1. Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру. 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

 

Білім алушы

      Берілген материалдар мен компонентерді өлшейді, белгілейді, қияды.

      Материалдар мен компонентерді формасына келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру арқылы жұмысын аяқтайды. 

 

Суреттегі музыкалық

аспаптарды атаңыз. Олар қандай материалдардан

жасалған? 

 

 

 

Жұптық жұмыс. Қолда бар әр түрлі қарапайым материалдарды қолданып, кез келген музыкалық аспап жасаңыздар. 

Ол үшін: 

1)    Жасайтын музыкалық аспапты анықтаңыздар.

2)    Аспаптың эскизін салыңыздар.

3)    Аспаптың қажетті бөлшектерін дайындаңыздар.

4)    Жеке бөлшектерін біріктіріңіздер. 

            

Ескерту: Үшкір, өткір заттармен жұмыс істеген кезде абай болыңыздар!

 

Дескриптор:    Білім алушы

-  музыкалық аспаптардың қандай материалдардан жасалғанын анықтайды;

-  жұбымен ақылдасып, эскиз сызады;

-  аспаптың жеке бөліктерін дұрыс өлшейді;

-  жеке бөлшектерін дұрыс жинақтайды.

  

            

 

 

2-тапсырма

Қағаздан айналмалы ойыншық жасап көріңіз.

Жұмысты суреттегі кезеңдерді қайталай отырып орындаңыз.

1.      Қажетті материалдарды (түрлі-түсті қатырма қағаз, шеге, қайшы, таяқша) дайындап алыңыз.

2.      Екі түсті қағазды шаршы пішіндес етіп қиып алып, диагональ сызықтар жүргізіңіз.

3.      Сызықтардың бойымен қағаздың ортасына жетпейтіндей етіп кесіңіз.

4.      Екі түсті қағазды түстерін сыртына қаратып,  бір-бірімен беттестіріңіз және біріктіріңіз.

5.      Әр бөліктің сол жақ бұрышын ортасына қарай бағыттап жинақтаңыз.

6.      Ортасынан шегемен біріктіріңіз.

7.      Шегені таяқшаға қағыңыз.

Дескриптор:    Білім алушы

-       жұмысты берілген кезеңдер бойынша дұрыс орындайды; - түстердің үйлесімділігін сақтайды.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

Жасау және дайындау.

1.2.3.4. Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін  қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін атайды.

      Шығармашылық жұмысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдаланады.

1-тапсырма

Суреттегі музыкалық аспаптарды атаңыз. Олардың жетіспейтін бөлшектерін салыңыз және ұлттық ою-өрнектермен безендіріңіз.  

Дескриптор:  Білім алушы

-       ұлттық музыкалық аспаптарды атайды;

-       музыкалық аспаптардың бөлшектерін толықтырып салады; - аспапқа лайықты ұлттық өрнектерді қолданады.

2-тапсырма

Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңыз. Оларға түрлі ою-өрнектер салып, түрлітүсті қарындаштармен бояңыз. 

Дескриптор:  Білім алушы

-       қазақ халқының ұлттық киімдерін атайды; 

-       суреттерді ұлттық ою-өрнектермен толықтырады; - ұлттық қиімдерді түсіне үйлестіріп бояйды.

Бөлімше 2.4 «Қауіпсіздік техникасын сақтау»

Жасау және дайындау.

1.2.4.1.Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қауіпсіздік ережесін айтады.

      Құралдарды қауіпсіздік техникасы ережесіне сай қолданады.

1-тапсырма

Құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы айтылған сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз. Олардың дұрыс/бұрыстығын ажыратып, тұсындағы торкөзге  «+» немесе «-» белгісін қойыңыз. 

1.

Қайшыны теріс жағымен ұсыну керек.

 

2.

Сыныптағы  құралдармен ойнауға болады.

 

3.

Ермексазды ауызға салып көруге болады.

 

4.

Инені киімге қадап қоюға болмайды.

 

5.

Желімді қолмен жағуға болады.

 

6.

Инемен ойнауға болмайды.

 

Дескриптор:  Білім алушы

-  сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды және белгілейді.

2-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз.  Қайшымен және желіммен жұмыс жасау барысында сақталатын қауіпсіздік ережелерін атаңыз. 

Берілген үлгі бойынша ою түрін қағаздан қиып алып, ұлттық көрпешенің апликациясын жасаңыз. 

Құралдармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін ескеріңіз!

Көрпеше үлгісі:

Дескриптор:  Білім алушы

-  қайшымен және желіммен жұмыс жасау барысында сақталатын қауіпсіздік ережелерін атайды;

-  үлгі бойынша ұлттық өрнекті ұқыпты қиып алады;

-  өрнектерді біріктіріп, көрпешенің апликациясын жасайды.

Бөлімше 3.1 «Презентация»

Презентация, талдау және бағалау.

1.3.1.1. Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым және т.б.) қарапайым тәсілдермен таныстыру. Ойлау дағдыларының    Қолдану деңгейі:             Бағалау

Бағалау критерийі:                 Білім алушы

      Өз жұмыстарын (эскиз, бұйым және т.б.) таныстырады.

      Жұмыстың жасалу жолын сипаттайды.

      Жұмысының артықшылықтарын атайды.

1-тапсырма

Алдыңғы сабақтарда жасаған музыкалық аспапты төмендегі жоспар бойынша таныстырыңыз. Жоспар:

1)  Сіз қандай аспап жасадыңыз?

2)  Қандай материалдарды қолдандыңыз?

3)  Бөлшектерді қалай біріктірдіңіз?

4)  Жұмысыңыздың жақсы тұстарын атаңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  жасаған аспабын таныстырады; 

-  жұмыстың орындалу тәсілі мен қолданылған материалдарын

атайды;

-  өз жұмысын бағалайды.

2-тапсырма

Өзіңіз жасаған көлігіңізді таныстырыңыз. Таныстыру үшін төмендегі сұрақтарды пайдаланыңыз.

      Жасаған көлігіңізді қалай атадыңыз?

      Ол неге арналған? Қандай қызмет атқарады?

      Қандай материалдарды  қолдандыңыз?

      Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар болды?

      Нені жақсарту керек деп ойлайсыз?

Дескриптор:  Білім алушы

- жасаған көлігінің атауымен және қызметімен таныстырады; - жұмыс барысындағы қиыншылықтарды сипаттайды; - өз жұмысының жақсартатын тұстарын атайды.

4-тоқсан


Ортақ тақырып «Көкөністер мен жемістер»

Бөлімше 1.3 «Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту»

Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.3.1. Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық  деңгейде ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Идеяны шығармашылық жолмен ұсынады.

      Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы  көрсетеді.

Берілген суреттерге мұқият қараңыз. Бұл ырғақтар қалай аталады? Бос торкөздің ішіне жазыңыз.

      Жемістер немесе көкөністерді қолданып, кезектесу тәсілімен ырғақ құрастырыңыз.

 Дескриптор:  Білім алушы

-        ырғақтың тәсілдерін анықтап жазады;

-        кезектесу тәсілімен ырғақ құрастырады.

Шығармашылық жұмыс.

Өз көңіл күйіңізді сызықтар арқылы көрсетіңіз. Ол үшін:

      Қара түсті қатырма қағаз, ПВА желімін, тұз, акварель бояуы, қылқалам дайындап алыңыз.

      Қатырма қағазға ПВА желімімен иректер сызыңыз.

      Желім кеппей тұрғанда үстіне тұз себіңіз.

      Желім кепкен соң қағаздың бетіндегі артық тұздарды қағып тастаңыз. Өрнектің бетін түрлі-түсті бояулармен безендіріңіз.

      Өз жұмысыңызды таныстырыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-        тапсырманы кезеңін сақтап, ұқыпты орындайды.

-        өз жұмысын сипаттайды.

Бөлімше 2.1 «Қоршаған ортаның  бейнелері»

 

 

 

Жасау және дайындау.

 

Оқу мақсаты:

1.2.1.1. Өз идеялары мен сезімдерін қарапайым тәсілдермен көрсету үшін қоршаған ортадағы  белгілі бір визуалды элементтерді қолдану.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

 

Қолдану

 

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

 

Шығармашылық жұмыс. 

Білім алушы

      Өз сезімдерін сипаттау үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін пайдаланады.

      Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған     ортаның        элементтерін пайдаланады.

 

Матаның бетіне жемістер мен көкөністерден баспа басыңыз.

 

Ол үшін:

      Баспа басатын мата/қағаз, жеміс немесе көкөністі дайындап алыңыз.

      Қандай композиция құрастыратыныңызды ойластырыңыз.

      Қажетті жеміс/көкөністі таңдап алып, бояуға батырыңыз.

      Баспаны басар алдында басқа қағазға бір рет басып алыңыз (бұл бедердің дұрыс басылуына әсер етеді). Осы әдіспен жұмысты жалғастырыңыз. 

                      

                                   

Дескриптор:  Білім алушы  

-        композиция ойластырады;

-        тапсырманы орындауда визуалды элементтерді қолданады;

-        жұмысты кезең-кезеңмен ұқыпты орындайды.

 

             

 

 

Суреттерге мұқият қараңыз. Әр суреттің орындалу тәсілін сипаттаңыз. Қандай құралдармен және қалай орындалған?

      Өзіңізге ұнаған тәсілді таңдап алып, «қуаныш» сезімін бейнелеңіз.

      Өз жұмысыңызды сипаттаңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-        суреттердің орындалу тәсілін анықтайды; 

-        элементтерді қолданып, «қуаныш» сезімін бейнелейді; - өз жұмысын түсіндіреді.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Берілген материалдар мен компонентерді өлшейді, белгілейді, қияды.

      Материалдар мен компонентерді формасына келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру арқылы жұмысын аяқтайды.

1-тапсырма

Берілген коллажға мұқият қараңыз. Әр бөліктегі зат пен оның фонының түсіне назар аударыңыз. Не байқадыңыз?

Топтық жұмыс (топта 4 оқушы болуы тиіс):

      Мұғалім ұсынған жемістер мен көкөністердің үлгісін бір-бірден бөліп алыңыздар.

      Үлгіні заттың түсіне келтіріп бояңыз.

      Топта талқылай отырып, коллаждың фонының түстерін анықтаңыз.

      Үлгіні тиісті фонға желімдеңіз.

      Барлық жұмыстарды біріктіріп, коллаж құрастырыңыздар.

Дескриптор:  Білім алушы

-        үлгіні түсіне келтіріп бояйды;

-        фонның түсін дұрыс үйлестіреді;  - жұмыстарын біріктіріп, коллаж жасайды; - коллаждың үйлесімділігін сақтайды.

Түрлі-түсті қағаздардан көлемді жемістер жасап көріңіз.

Ол үшін: 

      Қағазды ортасынан екіге бүктеп, алманың бір жақ бетін сызыңыз. Қайшымен дәл осындай 6 пішін қиып алыңыз. (1-сурет)

      Пішіндердің шетін беттестіре отырып, айналдыра желімдеңіз. (2-сурет)

      Алманың өзегін, дәндерін және жапырағын қиып алыңыз және желімдеңіз. (3-4 сурет)

Дескриптор:  Білім алушы

-        жұмыстың бөлшектерін дұрыс дайындайды; - түстердің үйлесімділігін сақтайды; - пішіндерді дұрыс біріктіреді.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

 

Жасау және дайындау.

 

Оқу мақсаты:

1.2.3.3 Қарапайым тәсілдерді шығармашылық жұмысты аяқтау.

қолданып,

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

 

 

          Қарапайым                 тәсілдер

арқылы

1-тапсырма

шығармашылық     жұмыстың дайындайды.

элементтерін

Элементтерді біріктіре отырып, жұмысты аяқтайды.

1.    Жеміс-жидектерден кірпінің бейнесін жасаңыз.

2.    Қажетті жеміс-жидектерді таңдаңыз.

3.    Кірпінің жеке элементтерін жасаңыз.

4.    Алдын ала дайындалған барлық элементтерді біріктіре отырып, кірпінің моделін жасаңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  кірпінің жеке элементтерін дайындайды;

-  дайындалған элементтерді жинақтайды.

Суреттерге мұқият қарап, танысыңыз. Суретте бейнеленген жануарлар  қалай жасалған?  

Жеміс –жидектерден  жануарлардың көлемді бейнесін жасаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-  жануарларды жасау тәсілі мен әдісін атайды;

-  қалаған жануар түрін таңдайды;

-  жануардың жеке бөліктерін дайындайды;

-  жеке бөліктерін біріктіріп, жануардың моделін жасайды.

Бөлімше 2.4 «Қауіпсіздік техникасын сақтау»

 

 

 

Жасау және дайындау.

 

Оқу мақсаты:

1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

 

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

 

1-тапсырма

 

Білім алушы

      Қауіпсіздік ережесін айтады.

      Құралдарды қауіпсіздік техникасы ережесіне сай қолданады.

Қауіпсіздік ережесін толықтырып жазыңыз.

 

Бояумен жұмыс:

1.________________  

 

2.________________                        

                                                           

Ермексазбен  жұмыс:

1.________________ 

 

 2.________________                           

 

Дескриптор:     Білім алушы  

-  бояумен жұмыс жасауда сақталатын қауіпсіздік ережесін жазады;

-  ермексазбен жұмыс жасауда сақталатын қауіпсіздік ережесін   жазады.   

 

2-тапсырма

Суретте берілген балықтың моделін жасаңыз. 

Ол үшін:

1.           Керекті құралдар: диск, қағаз, желім, қайшы, түйме және фломастер.

2.           Дискінің бетіне балықтың қабыршақтарын бейнелеңіз.

3.           Балықтың жеке бөліктерін (қанатын, құйрығын, көзін) дайындап алыңыз.

4.           Жеке бөліктерін біріктіріп, жұмысты аяқтаңыз. Жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтыңыз және сақтаңыз. 

 

  

 

 

 

 


Дескриптор:  Білім алушы

-  жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтады;

-  балықтың моделін жасайды;

-  жұмыс жасау барысында құралдарды қауіпсіз қолданады.

Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау»

Бөлімше 3.3 «Жұмысты талқылау және қорғау»

Бөлім:

Презентация, талдау және бағалау.

Оқу мақсаты:

1.3.3.1.Шығармашылық жұмысын түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Өз жұмыстарын таныстырады және жақсы жақтарын сипаттайды.

      Өз жұмысындағы жақсартуды қажет ететін тұстарын айтады.

1-тапсырма

Баспа басу әдісімен жасаған жұмысыңызды таныстырыңыз.

      Баспа басу үшін қандай материалдарды қолдандыңыз?

      Баспаны қалай жасадыңыз?

      Қандай түстерді пайдаландыңыз?

      Бұл техника арқылы тағы қандай заттар жасағыңыз келеді?

Дескриптор:  Білім алушы

-  қолданылған материалдарды атайды;

-  жұмыстың жасалу техникасын түсіндіреді.

2-тапсырма

Жемістер     мен     көкөністер    бөлімінде     жасаған         жұмысыңыздың      бірін таныстырыңыз.

      Жұмыс қалай аталады?

      Өз жұмысыңызды сипаттап айтыңыз.

      Жұмыс барысында не ұнады?

      Қандай қиындықтар кездесті?

Дескриптор:  Білім алушы

-  өз жұмысының мазмұнын сипаттайды.

-  жұмыстың жақсы/осал тұстарын айтады.

Бөлімше 1.2 «Тарих, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну»

Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Ұлттық және әлем мәдениетінің туындыларын таниды жəне сипаттайды.

      Өнер туындыларына қатысты сезімдерін айтады

1-тапсырма

Берілген натюрморттар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

      Натюрмортта қандай ыдыс-аяқтар бейнеленген?

      Олардың қандай айырмашылығы бар?

      Тағы қандай заттар бейнеленген?

      Әлем мәдениетінің туындысы бейнеленген суретті сипаттап айтыңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  сұрақтарға жауап бере отырып, натюрморттың ерекшеліктерін атайды.

-  әлем мәдениетінің  туындысын сипаттайды.

2-тапсырма Берілген суреттерден ұлттық биді бейнелейтін сұлбаны белгілеңіз және сипаттаңыз.

Дескриптор:   Білім алушы

-  ұлттық нақыштағы сұлбаны анықтайды 

-  ұлттық нақыштағы сұлбаны сипаттайды.

Бөлімше 2.3 «Дайындау технологиялары»

Бөлім:

Жасау және дайындау.

Оқу мақсаты:

1.2.3.2  Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Түрлі материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан заттар, қағаз  материалдары жəне т.б.) жұмыс істеу техникаларын қолданады.

      Көлемді  пішіндер  жасайды.

Сыныпішілік            көрмеге         шығаратын жұмысыңызды        іріктеп            алыңыз.             Оны жиектемемен безендіріңіз. Ол үшін:

      Қатырма қағаздан  суреттің жиектерінен ұзынырақ етіп, 4 жолақша қиып алыңыз.

      Жолақшаларды суреттің жиектерінің шетіне шығарып желімдеңіз.

      Қатырма қағаздан артына тіреуіш жасаңыз.

Дескриптор:  Білім алушы

-  нұсқау бойынша жиектеме жасайды. - жұмысты ұқыпты орындайды.

2-тапсырма

«Жемістер» тақырыбына қатырма қағаздан тәж жасаңыз. Ол үшін:

      Өзіңізге ұнайтын жемісті таңдап алыңыз.

      Қатырма қағаздан жемістің пішінін қиып алыңыз.

      Қосымша бөлшектерін біріктіріңіз.

      Қатырма қағаздан жолақша қиып алыңыз.

      Жемісті жолақ қағазға бекітіңіз.

Дескриптор:   Білім алушы

-  нұсқауға сүйеніп, тәж жасайды.

Бөлімше 2.4 «Қауіпсіздік техникасын сақтау»

 

 

Бөлім: 

Жасау және дайындау.

 

Оқу мақсаты:

1.2.4.1. Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Қолдану

 

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

 

Білім алушы

      Қауіпсіздік ережесін айтады.

      Құралдарды қауіпсіздік техникасы ережесіне сай қолданады. 

Топтық жұмыс. Еңбек сабағына қатысты қауіпсіздік ережесіне арналған плакат жасаңыздар.

 

Ол үшін:

      Қандай құралдарға қатысты жұмыс жасайтындықтарыңызды анықтап, ой бөлісіңіздер.

      Қауіпсіздік ережесін сақтауға қатысты белгілер ойластырып, суретін салыңыздар. 

      Жұмысты бірлесіп бояңыздар.

      Өз жұмыстарыңызды таныстырыңыздар. 

 

Плакаттың үлгісі:

 

Дескриптор:  Білім алушы

-     техника қауіпсіздігін бейнелейтін суреттер салады;  - қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді;

-     плакат жасау барысында құралдарды қауіпсіз қолданады.

 

 

 

 

 

2-тапсырма

 

Құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы айтылған сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз. Олардың дұрыс/бұрыстығын ажыратып, тұсындағы торкөзге «+» немесе «-» белгісін қойыңыз. 

 

1

Құралдардың үшкір жағын өзіңе қаратып ұстауға болмайды.

 

2

Жұмыс кезінде алаңдап отыру керек.

 

3

Жұмысты бітірген соң қолды сабындап жуу керек.

 

4

                                                                                     

Ине мен жіпті сыртқы қаптамасымен бірге беру керек.

 

  

Дескриптор:  Білім алушы

-     қауіпсіздік ережелерінің дұрыс/бұрыстығын анықтайды және белгілейді.

   

          

      

 

 

 

Бөлімше 3.1. «Презентация»

             

Бөлім:                                         Презентация, талдау және бағалау.

 

Оқу мақсаты: 1.3.1.1 Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым және т.б.) қарапайым тәсілдермен таныстыру.

 

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:  

 

Бағалау критерийі:                      Білім алушы  Өз жұмыстарын (эскиз, бұйым және т.б.) таныстырады.

      Жұмыстың жасалу жолын сипаттайды.

      Жұмысының артықшылықтарын атайды.

 

1-тапсырма

 

Көрмеге шығарған жұмыстарыңызды таныстырыңыз.

 

1)    Көрмеге қандай жұмыс шығардыңыз?

2)    Оны не үшін таңдап алдыңыз?

3)    Қандай материалдар қолданып жасадыңыз.

4)    Жұмысты қандай техникада орындадыңыз?

 

Дескриптор:  Білім алушы

-     көрмеге шығарған жұмысында қолданылған материалдар мен техниканы  сипаттайды; 

-     кездескен қиыншылықтар мен ұнайтын тұстарды  атайды.

 

 

2-тапсырма

 

Төмендегі жоспарға сүйеніп, тоқсан көлемінде жасаған жұмыстарыңыздың біреуін таныстырыңыз.

 

      Бұл жұмысты неліктен таңдадыңыз?

      Жұмысыңыз қандай техникада орындалған?

      Қандай материалдар  қолдандыңыз?

 

Дескриптор:  Білім алушы

-     таңдаған жұмысын жоспар бойынша таныстырады;

-     өз жұмысын бағалайды.

 

                            

   

 

 

     

      

     

      

 

 

 

 

     

      

     

    

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Көркем еңбек" пәні бойынша ҚБ жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 670 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2018 12303
    • DOCX 6.3 мбайт
    • 209 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдишева Гульжаз Сериккалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 178595
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 998 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 589 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 079 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона