Инфоурок Музыка Презентации"Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылды?" Ахмет Қуанұлы Жұбанов

"Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылды?" Ахмет Қуанұлы Жұбанов

Скачать материал
Скачать материал ""Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылды?" Ахмет Қуанұлы Жұбанов"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сабақ барысы:I.    Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмаларын тексеру
III. Жаңа...

    1 слайд

    Сабақ барысы:
    I. Ұйымдастыру бөлімі
    II. Үй тапсырмаларын тексеру
    III. Жаңа сабақ
    IV.Бекіту
    V.Үйге тапсырма
    VI.Бағалау



  • Үй тапсырмасын тексеруАбай салған сырлы әндер. Абайдың өмірі, шығармашылығы,...

    2 слайд

    Үй тапсырмасын тексеру
    Абай салған сырлы әндер. Абайдың өмірі, шығармашылығы, әндерін орындау. Табиғат көрінісі: Пейзаж оқушылар өз ойларын дәптер бетіне «Желсіз түнде жарық ай» атты тақырыппен табиғат көрінісін бейнелеу.
    Енді, осы бір ән – естіген құлаққа жағымды, терең сұлулығымен, әсемділігімен философиясы терең көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымақ түнді елестетеді. Олай болса, барлығымыз осы әнді орындайық.

  • Сабақтың тақырыбы: Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылды?Ахмет Қуан...

    3 слайд











    Сабақтың тақырыбы:
    Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылды?
    Ахмет Қуанұлы Жұбанов
    Әні «Ақ көгершін»

  •   Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылғандығы туралы мәлімет.

    4 слайд

    Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылғандығы туралы мәлімет.

  • Ұлттық аспаптар

    5 слайд

    Ұлттық аспаптар

  • Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан,...

    6 слайд

    Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды.
    Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

  • Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының кө...

    7 слайд

    Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.
    Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді.

  • Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10...

    8 слайд

    Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды.

  • Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұ...

    9 слайд

    Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.

  • Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпт...

    10 слайд

    Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді.

  • Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жата...

    11 слайд

    Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары.

  • Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жез...

    12 слайд

    Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.
    (c) www.ZHARAR.com

  • Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен ж...

    13 слайд

    Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар.

  • Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұ...

    14 слайд

    Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.

  • Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде...

    15 слайд

    Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың “сақпан”, “шартылдауық”, “зымырауық” деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр. Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде зырылдауықтың бірнеше үлгісі сақталуда. Олар белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасында қалпына келтірілген.

  • Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз. 
Даңғыра...

    16 слайд

    Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз.
    Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.
    Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды. Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді.

  • Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің орындауында «Сарыарқа» күйі

    17 слайд

    Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің орындауында «Сарыарқа» күйі

  • Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) қазіргі Ақтөбе облысының Темір ауданында дү...

    18 слайд

    Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) қазіргі Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезден-ақ ол домбыра, мандолина, скрипка сияқты музыка аспаптарында ойнауды үйренді. Ол 1929-1932 жылдары Санкт-Петербург қаласындағы музыка техникумы мен консерваторияда гобой класы, кейін музыка теориясы мен тарихы факультетінде оқыды.
    Ахмет Жұбанов- қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері Қазақстанның халық әртісі, сазгер, музыка зерттеуші, академиялық өнер тану ғылымдарының докторы.
    Қазақтың ұлттық музыка аспаптары оркестрін алғаш ұйымдастырушы бас дирижер болды және соған арнап «Би күйі» , «Көктем» атты пьессаларжазды. А.Жұбанов бірнеше күрделі музыкалық шығармалар және «Қарлығаш» , «Ақ көгершін» атты әндерін 1950 жылы «Тәжік биінің» 10 түрін жазып лайықты орынға ие болды. Олай болса «Тәжік биінің» №1,№2 түрлерін тыңдайық.

  • Ахмет есімі ел есіндеАхмет Қуанұлы Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қ...

    19 слайд

    Ахмет есімі ел есінде

    Ахмет Қуанұлы Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен т.б. ордендерімен, медальдармен марапатталған. Алматы қаласының көшелерінің біріне, Республикалық музыкалық мектеп интернатқа Жұбанов есімі берілді.
    Ақтөбе музыка колледжі өзі ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасында ескерткіш тақта орнатылған.

  • Төл туындыларыӘндері: "Ақ көгершін","Қарлығаш", "Отаным", 
"Ақ Шолпан",
"Бізд...

    20 слайд

    Төл туындылары
    Әндері: "Ақ көгершін","Қарлығаш", "Отаным",
    "Ақ Шолпан",
    "Біздің ел".
    Қазақ халық музыкасының тарихын зерттеп, "Құрманғазы", "Ғасырлар пернесі", "Замана бұлбұлдары" атты ғылыми зерттеулерін шығарды.
    1944 жылы "Абай"
    1947жылы "Төлеген Тоқтаров"
    1950 жылы "10 Тәжік биін" жазды.

  • «Ақ көгершін»  1.Ақ көгершін, көгершін,Қолғанат құс сен едің.Бар, кезіп қа...

    21 слайд

    «Ақ көгершін»  
    1.Ақ көгершін, көгершін,
    Қолғанат құс сен едің.
    Бар, кезіп қайт ел үшін,
    Кең дүниенің көлемін.
    Әділеттің құсы деп,
    Көз алмастан жолыңнан.
    Бақыт болып қоншы деп,
    Ұшырамын қолымнан. 
    Қайырмасы:
    Ел тілегін алып ұш
    Адамзаттың бағына.
    Қара бұлтты жарып ұш
    Мұхиттың арғы жағына. 
    2.Сенен көзін алмайды,
    Ақ ниетті бар адам.
    Ақ қанатың талмайды,
    Әділеттен жаралған.
    Тыныш-бейбіт өмірдің
    Белгісі боп қанат қақ.
    Әлемге ортақ көңілдің
    Қайт шыңына қонақтап.
    Қайырмасы:
    Ел тілегін алып ұш
    Адамзаттың бағына.
    Қара бұлтты жарып ұш
    Мұхиттың арғы жағына.

  • Қорытынды1.  Қазақтың ұлт аспаптары оркестрді  қалай құрылды?
2. Оркестр құра...

    22 слайд

    Қорытынды
    1. Қазақтың ұлт аспаптары оркестрді қалай құрылды?
    2. Оркестр құрамында қанша адам бар?
    3. Оркестр құрамында қандай аспаптар бар?
    4. Ахмет Қуанұлы Жұбанов кім?

  • Бағалау

    23 слайд

    Бағалау

  • Үйге тапсырма:Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылды?
Ахмет Қуанұлы Жұбанов	
Ән...

    24 слайд

    Үйге тапсырма:
    Ұлт аспаптары оркестрі қалай құрылды?
    Ахмет Қуанұлы Жұбанов
    Әні «Ақ көгершін»

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 194 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2017 2578
    • PPTX 4.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупбекова Рымкеш Тайтолеуовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2637
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания музыки в общеобразовательной организации

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 250 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Музыка")

Учитель музыки

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы развития исполнительских навыков учащихся в деятельности педагога ДМШ, ДШИ

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 168 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Постановка сложных звуков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 14 регионов