Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыҰлттық ойындар ашық сабақ (10 класс)

Ұлттық ойындар ашық сабақ (10 класс)

Скачать материал

Күні:03.03.2014ж         Класс 10

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық  ойындар

          Сабақтың мақсаты:

       Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары  туралы мәлімет беру,  

                           тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау. Ұлттық  

                            ойындар ерекшелігін түсіндіру.

       Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту,

                                   ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға 

                                    жұмылдыру.

Тәрбиелік: Қазақтың  ұлттық ойындарын  жүргізу арқылы оқушыларды туған   

                    елге, жерге, өз  Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің 

                   қалыптасуына ықпал ету.Оқушыларды шапшаңдыққа, 

                   мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі:нақыл сөздер, интерактивті тақта,слайд,видео,ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу

 Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы

 ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

Музыка.Тыныштық сәті.

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1)    Жыраудың есімі ел қамын жеген қамқоршы ақсақал ретінде «Ер тарғын», «Едіге» жырларында кездеседі? (Сыпыра жырау).

2)    «Қазақ –ноғай халқының философы» кім? (Асанқайғы Сәбитұлы).

3)    Әбілқайырдың атақты билерінің бірі?  (Дайырқожа ).

4)    Доспамбет,Шалкиіз дәстүрлерін жалғастырушылардың бірі?(Ақтамберді Сарыұлы).

5)    Батырларды мадақтап,елге таныстырған жырау?(Үмбетей жырау).

6)    Абылай ханның ақылшы биі,ханға кеңес беріп,мемлекет істеріне араласып отырған жырау.( Бұқар Қалқаманұлы) .

7)    Өзінің жырларында  қазақ батырларының қай рудан екендігін жырлап отырған жырау? (Тәтіқара ).

8)    Жырларында жастарды батыр болуға,елін,жерін қорғауға шақырған,жаужүрек батыр болған жырау? (Доспамбет).

9)    1420 жылы Астраханьдағы Қызылжар деген жерде дәулетті отбасында дүниеге келген жырау? (Сүйіншіұлы Қазтуған).

10)           Өз жақындарының күншілдігіне ұшыраған жырау? (Шалкиіз).

11)           Есім ханның әскербасы қызметінде кеңесшілерінің бірі болған жырау?

 (Жиембет Бортоғашұлы).

12)Бұл жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты 7 мың жолдық тарихи жыры белгілі? (Марғасқа).

13.Эпостық аңыздардың тарихи маңызы қандай?

14) ХV-ХVIII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың жырларында қандай тақырыптар қозғалады?

Венн диаграммасы арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

 


                                        

                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Сонымен ХV-XVIІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар халқымыздың басына ауыр күн туғанда ақыл-кеңес берген данагөйлері,жау шапқанда,қолдарына ақ найзаларын ұстап қарсы шыққан батырлары.Олардың есімдері мен толғаулары тарихымызда мәңгі сақталады.

ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.

«Ой-қозғау».

 Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар ,сіздер қандай ойын  түрлерін білесіздер.Оқушылар ойын түрлерін атайды.Ендеше ойнап көрелік.

Сергіту сәті.

«Орамал тастамақ» ойыны.

Ойын ережесі: Ойыншылар екі топқа бөлінеді.Екі топ бір-біріне қарама –қарсы қатарға тұрады.Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді.Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да, «қа» деп дауыстайды,ол қағып алып, «ғаз» -дейді.Ойын осылайша жалғаса береді.Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөі шығатындай 2-ші буынын уақытында дәл айта алмаса,онда ортаға шығып,өнер көрсетеді.

«Сиқырлы таяқ» ойыны.

Ойын ережесі:Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбердің бойында тұрады.Ойын жүргізуші қолында таяғы бар,шеңбердің ортасына шығып,ойынға қатысушыларды 1-10-ға дейін нөмірлеп шығады.Таяқты тігінен жерге қойып ұстап тұрады да, қоя беріп кез келген бір нөмірді шақырады,шақырған нөмірдегі ойыншы таяқты жерге құлатпай қағып алса,өз орнына барып тұрады.Ол таяқты ұстай алмай қалса,көптің ұйғаруымен,өнерін кқрсетеді.Барлық ойыншы бір-бір реттен ойнауы керек.

Жаңа сабақ.

Қазақ халқының ұлттық ойын-сауықтары алуан түрлі.

            Ұлттық ойындары төрт түрге бөлінеді:                          аңға;

                                                                                                    малға;

                                                                                          әр түрлі

                                                                                          заттармен ;

                                                                                                    зеректікті;

                                                                                                    ептілікті және 

                                                                                    икемділікті қажет ететін ойындар.

  Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І мыңжылдықта  қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады.

Біздің қоғамыздағы  ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі  дәстүрлі  шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың  көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

1.    Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

2.    Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.

3.     Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ақсүйек, арқан тартыс, жаяу көкпар, жігіт күміс ілу, қимақ, қыз қуу, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал.

4.    Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, аударыспақ, бөрік тастамақ, көкпар, күрес,санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты.

Жастар бас қосқан жиында «Хан-уәзір», «Көрші», «Жылтыр кетті», «Мыршым», сияқты күлдіргі ойындар ойналатын. «Айгөлек», «Белбеу тастау», «Саққұлақ», «Ақсүйек», «Соқыртеке», «Тымпи», «Алтыбақан» т.б. ойындарды жастар түнімен ойнап,ол қой күзету кезегіне де пайдасын тигізген.Сонымен қатар қазақта есептеп,санауға үйрететін «тоғызқұмалақ» ойыны болған.

Қазақ жастарының спорттық,денені шынықтыруға арналған «Күрес», «Жамбы ату», «Садақ тарту», «Арқан тарту», «Жаяу бәйге», ат үстіндегі спорттық ойындарының жастарды тәрбиелеуде ерекше орны бар.

«Бәйге шабу», «Сайыс», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», сияқты ойындар жастарды мығым болуға ,тез әрекет  жасауға баулиды.

Ал әскери-спорттық күрделі ойындардың ішінде «Жамбы атуда» дәл тигізгендерге  «құралайды көзінен ататын мерген» деген атақ беріліп,халық аңыздарында ондай мергендерге сүйген қызын қосқан.

Ендеше, ұлттық ойындарға жеке тоқталып өтейін.

1. Қыз қуу – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

2. Алтыбақан. Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.

3. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.
4.Аударыспақ – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.
5. Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу.

Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату,садақ тарту.
6.Ат сайысы- спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
7. Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25- 100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге   үлкен тойда, үлкен астар  мен зор мерекелердежарияланады.
8. Қазақша күрес- қазақ жастарының арасында кең тараған спорттық ойын. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі.Күрестің бұл түрінде балуандардың  жас мөлшеріне де,салмағына да шек қойылмайды. Қазақ өз балуандарын құрмет тұтқан.Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы,Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытылмастай болып есте қалады. Үлкен мерекелерде,жиын-тойларда,әр ру өз балуандарын күреске шығарған.

9.Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

10.Көкпар - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді.

1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Көкпарда басы кесілген серке тартылады. Видео.

Сергіту сәті. «Жамбы ату» ойыны.

Бекіту сұрақтары:

1.Атақты қазақ спортшыларын ата?

2. Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген ұлттық ойын түрі?

3. Алтын қабақ сайысының түрлерін ата?

4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындарды ата?

5.Қазақ жастарының спорттық,денені шынықтыруға арналған ойындарын ата?

6. Ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде нешінші  мыңжылдықта  қалыптасқан.

7. Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу немесе не  деп те айтады?

Сабақты қорытындылау.

Халық ойындары ақыл-ойдың дамуына,өнер жарыстыруға,білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады.

Қазақ халқының ұлттық ойындарында ұрпақ қамын ойлаған,бір жүйеге келтіріп, өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі өнегенің желісі бар.Ұлттық ойындар сонымен бірге сол халықтың даму тарихынан да хабардар етеді.

Сабақты  қоржыннан  нөмірленген асық алу арқылы бекітемін.

Бағалау.

Үйге тапсырма: §27 Ұлттық ойындар.150-бет.

 «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы  мәлімет жинау.

 

 

 

№4 Мәртөк орта мектебі

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы:Ұлттық ойындар

10-класс

 

 

 

 

 

 

Өткізген : Жақыпова Г.Т.

 

 

 

2013-2014

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттық ойындар ашық сабақ (10 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қаз     Қазақ халқының ұлттық ойыЭтнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І мыңжылдықта  қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады.

Біздің қоғамыздағы  ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі  дәстүрлі  шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың  көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

1.     Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

2.     Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.

3.      Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ақсүйек, арқан тартыс, жаяу көкпар, жігіт күміс ілу, қимақ, қыз қуу, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал.

4.     Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, аударыспақ, бөрік тастамақ, көкпар, күрес,санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты.н-сауықтары алуан түрлі.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2015 12494
    • DOCX 75.5 кбайт
    • 128 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жақыпова Гүлназ Темірбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жақыпова Гүлназ Темірбекқызы
    Жақыпова Гүлназ Темірбекқызы
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19785
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 173 человека

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе