- 03.05.2015
- 1267
- 4
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы:Ер есімі-ел есінде»
Сабақтың мақсаты:
Ұлы отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән маңызы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды өз Отанын сүюге, қорғауға үйрету. Патриоттық тәрбие берумен қатар, олардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: даңқты батырларымыздың суреті, фотоальбом, ерлік туралы мақал-мәтелдер, буклеттер, кітап көрмесі т.б.
1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар!
Әрқайсымыз үшін жақында қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды. Атаулы жеңіске 70 жыл толғалы отыр.
2-Жүргізуші:
Жеңіске жету жолында қазастандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан жеңіс күні әрбір қазақстандықтын жүрегіне жақын. Өкінішке қарай уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады.
1-жүргізуші: Бірақ ешкімде, ештене де ұмытпауы тиіс. Себебі бұл біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз.
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысының қасіреті әр ауылға, әр отбасына, әр адамға өте ауыр зардап әкелді. Өзіміздің туып-өскен ауылымыздағы соғыстың ауыр азабын тартып, елі үшін құрбан болған және аман-есен оралған жерлес аталарымызбен, ағаларымыздың ерлігі жайлы тоқталып кетсек. 1970 жылы Торғай облысы құрылғанда 471 соғыс ардагері болған. Бүгін сол ардагерлеріміздің бесеуі ғана арамызда, қаламызда тұрып жатыр.
(5 ардагерді таныстырып өту)
2-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміз соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналады.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны (1 мин. үнсіздік)
1-жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер мененн құштарлықтын құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуанышпен мерекенің бұлағы.
Бәрі де есімде! (Жеңіс туралы өлеңдер)
1-оқушы: «Жеңіс туы»
Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда
Ойрандап жауыздың ордасын
Болдық біз найзағай майданда
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!
2-оқушы: «Сталинград үшін шайқас».
Отан үшін! Жеңіс үшін!
Деп солдаттар салып ұран,
Көтерілді атакаға
Оққа қарсы жауып тұрған
Сол мезгілде бір жауынгер
Шойырылды ма,сүрінді ме,
Көкірегін қолмен басып
Құлады сәл жүгірді де
Жығылды ол ,жығыпты оқ,
Ақты қаны ердің жерге
Жеткені ме арсыз ажал,
«Тағы бір жеңдім» дер ме?
Жоқ,жоқ! Ажал, қателестің,
Әлі бойда қайратым бар
Әлі де мен соғысамын!
Қайратым бар,айбатым бар!
6 665 158 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Рахимбаева Гульсара Силановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.