Инфоурок Другое СтатьиМ. Жұмабаевтың еңбегіне пікір

М. Жұмабаевтың еңбегіне пікір

Скачать материал

 

"Адамның шын мағынасымен "адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт»

…деген тақырыппен Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіне пікір

 

Тәрбие –  бұл мәңгілік категория. Соған қарамастан «Педагогикадағы» қиын, күрлелі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады.

 Әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастырған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталып келеді. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.  «Тәрбие- тал бесіктен»  демекші қазіргі заман талабы да осыны қалап отыр. Осыған дәлел өзіміз оқытып жатқан «Өзін- өзі тану» пәні де жалпы адамзаттық-  адамгершілік құндылықтарды бала тәрбиесіне енгізуді қажетсініп тұрғандай.  Осы тұрғыда көп еңбек еткен, тәрбиенің қыр- сырын танып, біздерге мұра ғып тастап кеткен М.Жұмабаевтың «Педаогоика» атты еңбегі жайлы айтып кетпеу мүмкін емес. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс...» - деп қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісіне мейілінше еңбек еткен ұлы тұлғаның бірі ақын, педагог Мағжан Жұмабаев қалың жұртты қазақы тәрбиені жоғалтып алмаудың жолдарын өзінің «Педагогика» атты еңбегінде аса терең қарастырған. Мағжанның пайымдауынша бұл кітап, баланың бесікке салған күнінен бастап, тәй-тәй басқан әр қадамына, елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады-деп толғануы ғажап пікір, нағыз педагогикалық толғаныс таза шешім.

 Еңбегінде «Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет... Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас... Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» дегендi айтады. [1]Яғни, баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады. Расымен де біз бала тәрбиесіне аса көңіл бөлмейді екенбіз, себебі қазір ата- аналар жұмыс бастылыққа арнап, алтын уақыттарын өткізіп жатқан сияқты. Қазақ балалаларының дұрыс тәрбие алуы ол өз отбасынан басталады. Содан кейін барып мектепте де бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, балаларды шыңдауға, өмір сүруге үйрете бастауымыз керек.   

Мағжан Жұмабаев тәрбиенің 1.Ақыл тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3. Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі деп төрт бөлімге бөлген. “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны.  Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…”– деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.[1]Мағжан Жұмабаевтың сол кезден –ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды  адам бойындағы қажеттілігін  тәрбие барысында  керектігін айтып кеткен екен.

Ақын сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi дей келе, баланың дене тәрбиесіне қатысты бірнеше кеңестер айтады. Жаңа дүниеге келген нәрестені өлшеу. Баланың жылылығын (дене қызуын) бақылау. Дем алуын санау. Тамыр соғуын қадағалау. Бала бөлмесіне көңіл бөлу: Ауа- бала бөлмесінде жиі-жиі ауа жаңартылып тұрсын. Бала жататын үйде кір жуу, кір кептіру, кірленген киім тастау жарамайды. Жылу- бала бөлмесінің жылылығын да бақылап тұру керек. Жарық - қандай үйдің болса да жарық болуы керек болатын болса, бала бөлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы үйде тәрбиеленген баланың өсуі шабан болады. Сондықтан бала жататын бөлменің жарығы мол болу керек. Бөлменің жарығы мол болуы үшін оның терезелері оңтүстік-күншығысқа, не оңтүстік-күнбатысқа қарауы шарт.  [1] Мағжанның бұл кеңестері қазіргі тәрбие беруде де  өз маңызын жоймаған. Себебі Мағжан ақын айтқан осы бір қағидаларды ұстансақ шын адамды тәрбиелейтініміз анық.

Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен. Мағжан тек қана педагог емес, адамның көңіл күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін психолог. Ол "Педагогика" оқулығының бір үлкен бөлімін тектен тек "Психология" деп атамаған. Мағжанның үлкен психолог, сыршыл екендігін осы бөлімнен аңғаруға болады. Мағжан орыс педагогикасының білгірі К.Д.Ушинскийше педагогиканы жан сырының заңдылықтарын зерттейтін психология- мен астарластыра байланыстырған тұңғыш қазақ ойшылы. Ол педагогиканы психологиясыз, яғни шәкірттердің жан-жүйесі (зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу, т.б.) ерекшеліктерін ескермейінше, оқу- тәрбие процесінің теориялық қисындарын баяндайтын педагогиканың дәрменсіз болатындығын ерекше ескертеді".[2]

"Педагогика" кітабында Мағжанның үлкен сезіммен жазған бөлімі - "Тіл туралы" деп аталған. "Тіл - ұлт үшін қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Мағжан тілдің адам, ұлт өміріндегі орнын айта келіп, бала тіліне аса ұқыпшылықпен қарауға шақырады. Тіл үйренудің үлкен ғылым, ауыр еңбек екенін айта отырып, оның әдістемелерін көрсетеді. "Кейбір адамдардың баланы өз тілінше сөйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп, әдейі тілдерін бұзып балаша шолжаңдап, сақау болып сөйлейтіндер бар. Бұл -  зор қата. Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын - мектеп".[1]

Мағжандай білімді педагогтың бұл сөздері қазіргі мұғалімдерге үлкен сабақ болуы тиіс. Жалпы Мағжанның бала тәрбиесіндегі қағидасы мынадай: "Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек... Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек". Мағжан өз ұлтын жанындай сүйген патриот қана емес, бүкiл адамзатты сүйген асқан гуманист. Мұны оның мына сөздері дәлелдейді: "Адамның шын мағынасымен "адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт.

М. Жұмабаев мұғалім қызметіне де аса зор ілтифатпен қарайды, мұғалімге қамқор болуға, оны сыйлауға, оған құрмет көрсетуге шақырады. "Алты алаштың 133 баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі" дейді ұстаз ақын.

М. Жұмабаевтың – осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы «… адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек… Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең… Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады.  Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ… Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек… Адамның өзін – өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне қажетті бірінші шарт… » деген сияқты ұлағатты ойлар көптеп кездеседі. [1]

Осы айтылған Мағжан ағамыздың осы «Педагогика» еңбегіндегі бай дүниені қазақ мұғалiмдерi, оқу-ағарту қызметкерлерi, балабақшалар тәрбиешiлерi, ата- аналар оқып пайдаланып оқыса, өмірде қолданса нұр үстіне нұр болар еді...

Маған да осы Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін оқи отырып, үлкен өмірлік кеңестер алдым десе де болады. Мағжан ағамыздың еңбегінің қай жерлерін алмасақ та терең дүниелерге толы, тәрбиелік тәжірибелер алатын асыл қазына жатыр. Осы тәрбиеге толып тұрған Мағжан ағамыздың «Педагогика» еңбегін әрқайсымыз оқып, ой елегінен өткізсек, осыны жас ұрпаққа дұрыс жеткізе білсек онда біздің  қарапайым қазақ балалары биік жетістіктерге жетер еді деп ойлаймын.

 

 

 

Орындаған: Рахимжанова Балжан Аманжоловна

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Жұмабаев М. Педагогика, Алматы, 1992

2.     Қайролла Мұқанов « АҚЫН IЗI» , Петропавл,2008

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "М. Жұмабаевтың еңбегіне пікір"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 506 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 3684
    • DOCX 21.1 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимжанова Балжан Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20041
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 167 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов