Инфоурок Другое СтатьиМақала « ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»

Мақала « ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»

Скачать материал

 

« ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»

 

                                                                             Байгазина Г.Т.

                                                           «№ 7 мектеп гимназиясы»КММ

                                                  бастауыш сынып мұғалімі

                                Рудный қаласы.

 

Кілтті сөздер: тарих ,патриотизм,туған жерге деген махаббат,мәдениет,аймақ.

 

Ключевые слова: история,патриотизм, любовь к земле, культура, регион.

 

Keywords: history, patriotism, love towards his native land, culture, motherland.

 

Аңдатпа:  Осы мақалада   кең ауқымды мәселе - туған жерге деген патриоттық сезімді тәрбиелеу жан-жақты көрсетілген. Патриотизм халқымыздың рухани жаңғыруы мен ұлттық  қалыптасуына  әсер етеді.

Аннотация: В  данной статье рассмотрена  актуальная  проблема- о   воспитании казахстанского патриотизма. Патриотизм должен стать мощнейшим фактором духовного возрождения и  воспитания национальной гордости.

Аnnotation: One of the today’s  topical issues, the issue of raising patriotism in Kazakhstan is the matter of consideration in this article. Patriotism should become strong driving force of moral renaissance and consolidation of national identity.  

 

         «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік. Тереңдеп қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады?

        Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы. Елбасының пайымынша, бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде “қазақстандық патриотизмді” қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар. Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының, республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті. Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- деп атап өткен болатын.
         Қай кезеңде болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болары хақ. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын сонау  ерте заманнан келе жатқан ата-бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу – қазіргі күннің өзекті мәселелеріне айналып отыр.Себебі ең берекелі, ең парасатты тәжірибе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік» ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім-тәрбиелік ойлар.Бүгінгі таңда халқымыздың тарихи мұраларын оқып-білу, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз. Сондықтан ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасымен болашақ мамандарымызды сусындату жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерінің бірі.Ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастықпен жалғасып келе жатқан ата-бабамыздың салауатты өмір-салты, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін қолдану жүйесі әлі де толық қалыптаспай келеді.

         Ғасыр өткен сайын ұрпақ тәрбиесі туралы ойлар өз жалғасын тауып, психолог-педагогтардың ғылыми еңбектерінде айырықша орын алуда: Ю.К.Бабанский, Л.И. Божович, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, А.Н.Леонтьев, П.Ф.Лесфагт, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский т.б. өздерінің еңбектерінде тәрбиенің теориялық негіздерін анықтаған.

         Қазақ халықтық тәрбиесінің тұтастай зерттеу ісіне республикамыздың тарихшылары, филологтары, әдебиеттанушылары, өнертанушылары:  М.О. Әуезов, С. Мұқанов, М. Ғабдуллин, Ә. Марғұлан, Э.А. Масанов және басқалары қомақты үлес қосты. Сол секілді халықтық тәрбие бойынша, С.А.Ұзақбаева, Қ. Бөлеев, Ж.Ж. Наурызбай, Ш.К. Құлманова, С. Ғаббасов, Б.А. Тойлыбаев, К.Ж. Қожахметова т.б. бірқатар құнды зерттеулер жүргізген.

Әл-Фарабидің еңбектерінде: «Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен рол атқарады. Алдымен тән түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айыратын түйсіктері, заттың түрін, түсін, пішімін түсіне алу қабілеті пайда болады. Адам психикасы негізінен өмір барысында оқу-тәрбие үстінде қалыптасады».

           К.Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие – болашақ қоғамымыздың құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол: «..ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды..»,-деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттық идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi.

М.Жұмабаевтың оқушыларға ұлттық тәрбие беру ой-пікірлері «Сауатты бол» атты еңбектерінде және поэтикалық шығармаларында жақсы бейнеленген. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі – қазақ топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Мағжан тіл мен ұлт туралы былай деген: «Тілсіз ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес»

          Ж.Аймауытовтың оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбектерінде жан-жақты көрініс береді.Сонымен, Ж.Аймауытовтың ана тілі – тәрбие құралы, ұлттың ұлы байлығы, тарих – халық шежіресі, ол ұлттық сипатта болуы, оның ұлттық мектептерде жүзеге асыру туралы ой-пікірлері, оның ұлттық сипатта жазған оқу-құралдары мен мақалаларының елімізде қазіргі кезде ұлттық мектеп жасауда және ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда теңдесі жоқ мұралар деп бағалауға болады.

       Міржақып Дулатовтың оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері оның мынадай еңбектерінде баяндалған: «Есеп құралы», «Қирағат», «Оян қазақ!», «Оқу құралы» тағы басқаларын атап өтуге болады.Оның пікірінше, ана тілін, дінін, әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрін берік сақтаған халық шын мәнінде білім мен мәдениетке қол жеткізбек. Тек туған ана тілі адамды сол ұрпақтың өкілі етеді. Егер адам өзінің туған тілін толық игерсе, ол өзінің ұлттық рухы мен ұлттық өмірін сақтайды. Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасының түпнамасы – оның ұлттық құндылықтармен мыңғасырлық байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды.

Ғасырлар бойы әдет-ғұрып дәстүрге айналып, ұрпаққа ақыл-сана беретін, атадан–балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе жатқан қазақтың қанына сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика дейміз. Халықтық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны жасаушы – халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал-мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.Халық мұрасының танымдық мәні – ұлан-ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңінде мәнді, адамзаттың рухани – эстетикалық қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне байланысты, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына негіз болатын дәстүрлер көп-ақ. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойына дарытқан ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп алуға болады. Халық педагогикасын келер ұрпаққа айтар ақылы, ұсынар үлгісі, берер тәлім-тәрбиесі сол елдің күй, би, музыкасы, фольклорлық шығармалар арқылы ежелгі ойын-той думанында салт-саналық дәстүрлерінде насихатталған. Яғни, әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіне тән дәстүрі ұлттық мұра арқылы көрініс береді.

Ұлттық тәрбиеге ықпал жасайтын әлеуметтік факторлар сан қырлы. Оған ұлт тарихы, ұлттық материалдық және рухани мәдениет, халық фольклоры, дәстүрлер мен салт-жоралғылар, ұлттық психологияның элементтері, саясат пен қоғам идеологиясы әсер етеді.Осы тұрғыдан ұлттық тәрбиені қалыптастыратын мәселелердің өрісі жайлы айтылып жүр. Мұның арасынан тек мектеп оқушылары ғана емес, жоғары білімді мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасының қолға алынуы құптарлық нәрсе. Дегенмен, осы кешенді құбылыстардың арасынан ұлттық тәрбие процесінде ұлттық психология үлесінің қомақты екендігі дау тудырмаса керек. Мұның өзі — қазіргі егеменді тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайында ерекшеленіп отыр. Оған нарықтық қатынастар дәуірінің өмір салтының психологиялык, дәстүрлік өзіндік қасиеттері қосылады. Соған орай көптеген тарихи-дәстүрлік белгілер жаңа рухымызға. ұлттық тәрбиге үйлесімді жүзеге асуы қажет.

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін.Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты шаралар жасақталғандығы айқын көрініс табуда.     

Мәдени-идеологиялық тұрғыдан, « Жас Отан »патриоттық сезім мен ілгерілеу мақсаттары негізінде ел жастарын топтастыруы, салауатты ұлт қалыптастыру идеясының белсенді бастамашысына айналуда.«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында патриоттық сезiмді, отаншылдық рухты қалыптастыратын археологиялық ескерткіштерді табу, этномәдени жәдігерлерімізді жөндеуден өткізу, әлемдiк ғылым мен бiлiмнiң асыл қазыналарын қазақшалау,  бай фольклорымызды жинақтау мәселелері алға қойылды. Келешекке арналған жобаның басты мақсатында жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу  – мемлекеттiк идеологияның темiрқазығы ретінде көрініс тапқан. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер санатында: жастардың еңбек биржалары, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтары, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтары, жас отбасына көмек көрсету қызметтері, демалыс орталықтары құрылған. Атап айта кететін басты мәселе білім шыңын игере отырып,қоғамдық жұмыстарды қатар жүргізудеміз.Үштұғырлы тілді игеру Елбасымыздың биылғы Жолдауында атап көрсетілгендей өз дәрежесінде игерілуде.

Ұлттық құндылықтарды игеру бастауыш сыныптарды оқытуда көп септігін тигізеді.Әр сыныптық сабақтарда жарыс түрінде,іскерлік,рөлдік сабақтарды меңгере отырып,көптеген ата-бабамыздан келе жатқан жас ұрпақ арасындағы хан талапай, тоғыз құмалақ ойындарын өткіземіз,үйренеміз тиімді қолданамыз.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрін сақтап келешекке жеткізуге себеп болуда.Осының бәрі ұлттық сана,ұлттық сезім,ұлттық құндылықтарды игеріп әр жас ұрпақтың  бойында қазақстандық патриоттық сезімді оятып,патриот болуына  ықпалын тигізуде деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, ««Туған жер» бағдарламасы – Рухани жаңғыру » болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында біздің Рудный қалалық № 7 мектеп гимназиясында жан-жақты тәрбие беру жоспарлы түрде жүргізіліп, мектеп оқушыларының бойына  қазақстандық патриоттық сезімді сіңіру басты міндетіміз болып табылады.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала « ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 470 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2018 1395
    • DOCX 22.9 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгазина Гаухар Танаткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байгазина Гаухар Танаткановна
    Байгазина Гаухар Танаткановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8863
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек