Инфоурок Другое СтатьиМақала: "Елін сүйген елбасы"

Мақала: "Елін сүйген елбасы"

Скачать материал

                                              Елін сүйген елбасы

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Президент күнінің  қарсаңында  Ш.Тоқжігітов орта мектебінде Деңгейлік курстан өткен «Ұлағат» академиялық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен «Елін сүйген елбасы» тақырыбында  9-11 сыныптар арасында кеш өтті.Кешті  деңгейлік топ құрамының мүшесі Д.Жақтаева жүргізді.Алғы сөзін: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп,халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын , даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігіне еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі  тағдыры туралы ойлау-Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы жанған қазақтың  есесін қайтарып беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады» деп бастай келе, « Н.Әбішұлы түп атасынан арғы тегінен батырлық үзілмеген қазақ тарихында қолбасшылығымен, бірлігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырғанқайраткерлердің ұрпағы. Бабалары- еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған  қолбасшы Қарасай батыр, Қарасай ұлы Көшек батыр ,Назарбай би. Әкесі Әбіш пн анасы Әлжанның  тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, құдайдан тілеп алған баласы» деп  тұңғыш президентіміз  туралы слайдттар көрсету арқылы өмірбаянына шолу жасады. Елбасымыз жайлы ешкім көп біле бермейтін қызықты деректер де айтылды.

Н.Назарбав  атындағы оқу орындары туралы видеофильмдер көрсетіліп кештің өту барысын жандандыра түсті.

Мектебіміздің кітапханашысы А.Омарова «Менің тұңғыш президентім» атты көрме ұйымдастырып, көрермендерді елбасының қызмет жолы туралы жазған ғылыми еңбектері және кітаптар топтамасымен таныстырып, мағлұмат берді.

«Ұлағат» академиялық тобының мүшесі  бастауыш сынып мұғалімі С.Смағұлова 9-11сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы (әр сыныпты екіге) топтарға бөліп «Егер мен президент болсам» атты тақырыпта коучинг өткізді. Оқушылар өз ойларын постер құрау және эссе жазу арқылы білдірді. Әр сынып осы тақырып төңірегінде ой бөлісті. Жасаған жұмыстарын қорғауда оқушылар ойы ұшқыр, әрі нақты, дәлелді түрде жеткізе білді.Әр топ бір-бірінің пікірін толықтырып отырды. Мысалы: 9»А» сыныбы «Президент болу үшін қандай тұлға болып қалыптасу керектігі» жайында суретті табиғат көріністерімен ұштастырып «Тауға көтерілу аналогиясы» бойынша төменнен жоғарыға қарай тізбектеп айтты: ең алдымен асқан білімділік, елін сүйгіштік,  көрегенділік, сөзі мірдің оғындай, патриот және әділ болу керек деп елбасына тән қасиеттерді айта кетсе, екінші топ «Егер мен президент болсам» тақырыбымен  эссе жазуда шебер сабақтастырып, экологияны жақсарту, шикізат өндіретін байлықтарды өз елімізде өндіру, мектептерге жоғары  дәрежелі талап қою, өз ауылымызды көркейту, жұмыссыздықты жою, жастардың білім алуына күш салып, Елбасымыз сияқты Қазақстанның дамуына еңбектеніп, тек алдыңғы қатардан көрсетер едік деп аяқтап, топ атынан А.Әділова сол мезетте шыққан жүрекжарды бір ауыз өлең шумағымен тәмамдады:

 Ауыр күнді артымызға тастады

Сәтсіз күнде қиындықтан қашпады

Тілін, дінін, ұлтын қайта көтерген

Елбасымыз Нұратамның  бастауы!

9 «Б» сынып оқушылары «Елбасы-біздің басқарушымыз,жанашырымыз,елінің тұтқасын ұстаған көшбасшымыз деп бастап, мемлекеттік саясат жүргізу, елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда , жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,жемқорлықты жоюға, қылмысты азайтып,білім, медицинаға аса назар салуды,  «Спорт-денсаулық кепілі» демекші, қарапайым халыққа  ақысыз спортпен айналысатын кешендер ашуды, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп заңғар жазушымыз М.Әуезов айтқандай, барлық бастамаға негіз болатын ауыл экономикасын көтеруден бастау керек. Егер мен басшы сайлансам, телеарналар мен газет-журналдарды 100% қазақ тілінде жұмыс жасауын қамтамасыз етер едім деп мағыналы, кең ауқымды ойларын терең , әрі ерекше сөз саптаумен жеткізді.

10 сынып оушылары да топқа бөлініп, эссе жазып, постер қорғауда ерекше айтқан пікірлері экологияны жақсарту мақсатында жаңа технологиялар жасап шығару, сумен жүретін көліктер ойлап табу, яғни табиғатты қорғауға атсалысу туралы ойлары көрермен қауымын қуантса, Қазақстанды басқа шет елдермен тең дәрежеге көтеру, қала мен ауыл арасындағы қатынасты жақсартып жол мәселесін шешу, ауыл- аймақтарға интернет желісін тарту, қазақ тілі мәртебесін көтеру,шетелден туристтер келу үшін туризмді дамыту, ауылды көркейту үшін түрлі мекемелер салу туралы ойларын айта келе мынандай өлең жолдарымен аяқтады:

Еліміздің тірегі

Қазақ деп соққан жүрегі

Аман болшы әрқашан

Халқымыздың тілеуі

Тарихта қалсын атауың

Қамқоршысың, данасың!-  деп елбасымыздың мәртебесін  асқақтатты.

11 сынып оқушылары « Н.Ә. Назарбаев қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы» деп бастай келе еліміздің болашағы жастардың сапалы білімді, білікті маман иесі болуы үшін  білім сапасына ерекше назар аударып,оқу орындарына көптеп грант  бөлу, оқу саласына жеткілікті қаражат аудару, ұсақ және ірі кәсіпкерлерге ісін алға дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу керектігі, сонымен қоса қазақтың салт-дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, азық-түлікті қолжетімді бағада сатылуын қарастыру, жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде көптеген қорлар ашу туралы айта келе, қазақты басқа елге тәуелді етпес едік, өйткені қазір экспорттан гөрі импортты көп қолданамыз деген  маңызды мәселелерді  қозғап, өздерінің ересектігін білдірді.
     Кеш соңында көрермен ұстаздар және «Ұлағат» академиялық  топ мүшелері  Е.Ақбергенов, С.Бекбатыр, А.Төлахметова, Д.Жақтаева, С.Смағұлова, Д.Дәрібаев, Ж.Қайырбекова, С.Үркімбаева,Е.Тәти әр топтың қорғаған жұмыстарына әділ бағаларын беріп, барлық топ мүшелері ортаға ерекше ой тастағанын, түйінді пікір айта білгені туралы қорытынды жасады.

 Сөзімнің соңын  9 «А» сынып оқушысы А.Саясатованың постер қорғауда оқыған «Менің елбасым» атты өлеңімен аяқтасам деймін.

Президент елдігімнің ақ пырағы

Астанамның төрінде нақ тұрағы

Тыныштығын күзеткен айбынды елдің

Көгінде самғап ұшқан сақ қыраны

Қазақтың маңдайына біткен бақыт

Өзіңе тең келмейді алтын, ақық

Елімнің көк байрағы жерге түспей

Мәңгілік болғайенді маржан-жақұт.

Нұрын шашқан Елбасым елдігіме

Сай келеді пейілі кеңдігіне

Атыңнан айналайын атаң қойған

Үйлесімді жарасқан Нұр мен Сұлтан.

Патшамыздың мерекесі құтты болсын

Айналасы шуақ пен нұрға толсын

Денсаулығы мықты боп Нұр ағамның

Басыңыздан бақ таймай қыдыр қонсын!          

                                                                                Ж.Қайырбекова

                                                                         Орыс тілі пәні мұғалімі

                                                                      Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектеп КММ

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала: "Елін сүйген елбасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2016 1530
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайырбекова Жанар Абдылгаппаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5787
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой