Инфоурок Другое СтатьиМақала "Әкелерін билеген ұрпақ"

Мақала "Әкелерін билеген ұрпақ"

Скачать материал

Әкелерін билеген ұрпақ


http://i.ytimg.com/vi/bF3NF3PQvFU/maxresdefault.jpg

Вокзал... Ығы-жығы адамдар...Қайнаған тіршілік. Әр түрлі оқиғаға толы. Алыстан жақынын күткен, көруге асыққан бақытты көздер, қимай қоштасқан, жыласқан көңілсіз бейнелер, алуан-алуан көріністер ортасы.

Қуанысып қауышқан адамдарды сырттан бақылағанда жүзіңе күлкі үйіріледі. Қимай қоштасқан кісілердің бір-біріне жылы сезімін сезіну өзгеше әсерге бөлейді. Ал бір көріністер денеңді тітіркентеді, кейбірі терең ойға қалдырады.

Вокзал дәмханасында орта буындағы ағай мен егде тартқан кісі тамақтанып отырды. Ағайдың қол сағатына қарай бергенінен асығып отырғаны білінеді. Егде кісі ақырын тамақтанып отыр еді, әлгі ағай ұялы телефонын лақтырып, столды жұдырығымен тарс еткізгенде селк ете қалдым. «Тез же былжырамай, бол..!» деп ызамен даусын көтерді. Қария қолы дірілдеп, кеседегі шайды әзер-мәзеріштіде, «болдым - балам, кеттік»,- деді. Қоғамдық ортада дауысын көтергеніне еш қымсынбай, әкесін асықтыра тез жүріп кетті.

Бұрынғылар әкелерінің көзіне тіке қарап сөйлей алмаған болса, қазіргінің кейбір батырсымақтары дауыс көтеруді былай қойып, жұдырығын жұмсаудан арланбайды.

Біздің менталитетімізде үлкенге қатты сөйлеу, ата-анаға сөз қайтару әдепсіздік саналады. Алайда әлгіндей көріністер қоғамдық орында көп кездесіп жатады. Бұның себебі неде? Батыстың әсері ме? Тәрбиенің осалдығы ма, рухани жұтаңдық па?

Бүгінде арамызда өз тілін менсінбейтін, өз тілінде сөйлеуге арланатындар көп. Біреудің анасы өз анаңдай болмайды, сондай-ақ өзге тіл өз тіліңдей болмайды. Адастырады, мәңгүрт қылады, ұлттық рухыңды жояды. Мүмкін, әлгіндей көріністердің себебі, ұлттық тәрбиенің жетіспеушілігінен шығар.

Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,

Айтысыңда басылмас, ылаңың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса бір ауылда

деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, қариялар елдің тыныштығын сақтаушы, білімі – дариялар, рухани азық иелері. Үлкендерді сыйлап, құрмет көрсетейік, «қариясы бар үйдің, қазынасы бар» дегендей, қариясы бар елде бейбітшілік мәңгі болмақ!

«Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Юсупова Гүлжайна Орынбасаровна


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Әкелерін билеген ұрпақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.03.2016 674
    • DOCX 94.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Юсупова Гулжайна Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9040
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой