Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Казахский язык и лит. / Другие методич. материалы / Мұқағали Мақатаев - ақиық ақын
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Казахский язык и лит.

Мұқағали Мақатаев - ақиық ақын

библиотека
материалов

Сынып: 8

Пән: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев – ақиық ақын.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы бойынша шолу жасау

арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту.

  1. Дамытушылық. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін шыңдау, өлеңді талдау

арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

  1. Тәрбиелік. Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін,

патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылған әдістер: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнеілік

Көрнекіліктер: Мұқағали Мақатаевтың портреті, слайдтар, мультимедиялық кешен.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.

  • Балалар, өткен сабақта біз Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен таныстық. Бүгінгі

сабақта оның өмірбаянына шолу жасап, шығармашылығымен танысамыз. Сабақтың соңында сендерге белсенді қатысқаны үшін баға қойылады. Баға қоюда маған бір оқушы көмектеседі.

  • Оның алдында өткен тақырыптарға шолу жасайық. Сұрақтар слайдта шығады.

  1. Мағжан Жұмабаев неше жастан бастап өлең жазды?

  2. Оның алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?

  3. Сәкен Сейфуллин 1914 жылы шыққан тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?

  4. Сәкен Сейфуллин қаламынан шыққан туындылары қай жанрларда жазылған?

  5. Әңгіме дегеніміз не?

  6. Мұхтар Әуезовты кім деп білесіңдер?

  7. Мұхтар Әуезов қандай романымен әйгілі болды?

  8. Роман дегеніміз не?

  • Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянына презеация дайындап келуге байланысты үйге

тапсырма берілген болатын. Презентацияны қорғау.

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянына бойынша қосымша мәлімет алу үшін 2 оқушы көмектеседі.

«Менің анкетам»

Сұрақ қоюшы: - Туған жерің?

Жас Мұқағали: - Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Сұрақ қоюшы: - Туған жылың?

Жас Мұқағали: - 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Сұрақ қоюшы: - Жынысың кім?

Жас Мұқағали: - Еркекпін қой, еркекпін!

Және-дағы тәуірмін...

Сұрақ қоюшы: - Партияда барсың ба?

Жас Мұқағали: - Жоқпын. Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.

Сұрақ қоюшы: - Шыққан тегің?

Жас Мұқағали: - Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Сұрақ қоюшы: - Білімің ше?

Жас Мұқағали: - Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

Сұрақ қоюшы: - Ана тілің?

Жас Мұқағали: - Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

Сұрақ қоюшы: - Шетелдерде болдың ба?

Жас Мұағали: - Болған жоқпын.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем боды жәйіммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

Сұрақ қоюшы: - Мекен-жайың?

Жас Мұқағали: - Мекен-жайым – жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

  • Балалар, «Менің анкетам», деген өлеңді тыңдаған соң, Мұқағали Мақатаевтың

Өмірбаяны туралы нені бұрыннан білгенмін? Нені жаңа білдім? деген сұраққа жауап беріп көріңдер. (Оқушылар ауызша жауап береді)

  1. Нені бұрыннан білемін? 2. Нені жаңа білдім?

  • Мұқағалидің «Жазылар естеліктер мен туралы» атты өлеңді тыңдайық.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.


Жоқ жанды қиған емес жамандауға,

(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)

Білемін, әйтеуір бір замандарда,

Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...


Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –

Көшеді өлең, немесе өшеді өлең.


... Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,

Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.

Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,

Менің нәзік жанымды кім түсінер!?


ІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз: Мұқағаи Мақатаев аз ғана жылдар ішінде өзіндік дараүнін, қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замандастарының аман-аңсары, табиғат. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытты.

«Бүкіл менің жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма» - деді ақын. Сонымен қатар ақын тағы қандай тақырыптарға өлеңдер жазған? Осы сұраққа жауап беру үшін белгіленген сиқырлы ұяшықтардан бір әріпті алып, М.Мақатаевтың өлеңдерінің тақырыптарын тауып алыңдар.

Сиқырлы ұяшықтары

1 2 3 4


5 6 7 8


9 10 11 12


13



  1. Отан – 7, 9, 1, 6 4. Махаббат – 6, 1, 10, 1, 1, 1, 1, 9

  2. Туған жер – 9, 9, 2, 1, 6, 4, 3, 8 5. Адамгершілік – 1, 3, 1, 6, 2, 3, 8, 12, 13, 6, 13, 5

  3. Табиғат – 9, 1, 1, 4, 2, 1, 9 6. Тіл – 9, 13, 6

  • Табылған өлеңдерінің тақырыптарын оқушылар өздері интерактивті тақтаға

кластер түрінде жазады.

Сабақты бекіту:

  • Мұқағали Мақатаев көптеген тақырыптарға өлеңдерін жазғанын білеміз. Олардың

ішінде туған жеріне, туған еліне арналған бірнеше өлеңі бар.

  • Сендерге «Елім барда . . .» деген өлеңі ұнайды екен. Соны тыңдап көрейік.

Елім барда . . .

Не сыйлайды, не береді келер күн?!

Неде болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымен мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.


Не сыйлайсың, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар – менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым – ұланғайыр кең далам.


Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеспін уақытты.

Мен бақытсызбола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты.

  • Мұқағалидің осы өлеңдегі негізгі идеясы неде?

  • Осы өлеңді оқығанда автордың патриоттық сезімдері қай өлең жолдарынан көрініп

тұр?

  • Енді махаббат тақырыбына жазылған өлеңдері есімізге түсіру үшін 2 оқушы бізге

көмектеседі.

Махаббат диалогы.

1 оқушы: Құс боп ұшып жоғаосам, не етер едің?

2 оқушы: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

1 оқушы: Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

2 оқушы: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

1 оқушы: Бұлдарасам, сағымдай не етер едің?

2 оқушы: Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

1 оқушы: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

2 оқушы: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

  • Махаббат туралы Мұқағалидің өлеңдерін атап шығыңдар.

  • Мұқағалидің ең көп жырлайтын өлең тақырыбы – табиғат туралы. Ол Қарасаз

деген туған жері туралы, Хан тәңірі туралы, Алматы, жалпы табиғат туралы көп жырлаған.

  • Оқушы, үйде жаттап алған «Әй, табиғат» деген өлеңін айтып береді.

  • Осы өлеңде Мұқағали не туралы айтқысы келді?

  • Сонымен біз бүгін Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен таныстық.

Сабақты қорытындылау.

«Дұрыс - бұрыс» деген әдіс арқылы сабақта алған білімдерді бекіту.

Мынау пікірлердің дұрыс-бұрыстығын анықта.


Бағалау. Сабаққа дайыналып келген және сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бааланады.

  • Мұқағали өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер де көп кездеседі. Әр түрлі

тақырыптағы өлеңдерінің арасында кең тарағандарының бірі «Саржайлау». Сендердің назарларыңызға «Саржайлау» өлеңі ұсынылады.

Үй тапсырма беру. «Туған жер» тақырыбына бір өлеңді жаттап келу.

  • Біз ақынды ұмытпаймыз, оның өлеңдері мәңгі есімізде сақталады.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзсөзімен осы сабақты аяқтауым келеді.

Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Казахский язык и лит.
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров61
Номер материала ДБ-312987
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Комментарии:

14 дней назад
Өте пайдалы және тиімді!Сабақта қолдануға болады және уақытымызды үнемдейді!рахмет саған!
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх