Инфоурок Другое Другие методич. материалыМаңғыстаунама сайысы бойынша эссе-хат

Маңғыстаунама сайысы бойынша эссе-хат

Скачать материал

«Маңғыстаунама-2014» танымдық байқауына Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Әбіш Кекілбаев – кереметтің кереметі» тақырыбында жазылған эссе-хат

  Қуанышқали Ақмарал

8 «Ә» сынып оқушысы

Жетекшісі:Г.К.Өрдекова

Құрметті Әбіш аға!

Хал-жағдайыңыз қалай? Сіздің отбасыңыздың амандығы, өз денсаулығыңыз Сізді мақтан ететін бүкіл Маңғыстау жұртшылығының тілегі деп ойлаймын.

Иә, сізге өзіңіз туып-өскен, ыстық аптабына күйіп өскен Маңғыстауымыздан сәлем хат жазып отырған балаңызбын. Аты-жөнім – Қуанышқали Ақмарал. Мұнайлы Жетібай кентіндегі №8 мектепте, 8- сыныпта оқимын.

Әбіш аға! Сіздің атағыңыз әлемді шарлап кетті. Маңғыстау халқы әр отбасында балаларына сіздің атыңызды Абай, Бекет аталармен бірге жаттатқан шығар деп ойлаймын. «Сөз өнері» деген құдіретке ата-әжемізбен бірге табынып өскен, мектеп қабырғасына келгеннен кейін ұстаздарымыз бұл істі ары қарай жалғастырып, жүрегімізде аталы сөзге деген махаббатымызды оята білді.

Сіз жұтқан ауаны жұта жүріп, сіз жүгірген Маңғыстаудың құла дүзінде ойнай жүріп өсудеміз. Бір қызығы біздің де ауылда шыңырау бар. Әкем сол шыңырауды көрсеткен кезде менің есіме еріксіз Еңсеп түсті. Еш нәрседен қаймықпаған Еңсеп, қиындыққа мойымайтын Еңсеп, маң даладан су іздеген Еңсеп. Бұл шыңырауды да Еңсеп секілді бақытын еңбектен іздеген, суға зәру Адай еліне су тауып беріп, игі бір іс істеген атпал азаматтарымыздың бірі шығар. Кім болса да тағы да бір құдық қазғандығына шексіз қуанған шығар, той да жасаған болар. Ең алғаш су шыққанда шаттанған да болар. Бұған куә тек уақыт пен мына құба жондар ғана. Бірақ менің бала қиялым бәрінен де жүйрік.

Енді сол шыңыраудың түпсіз тереңдігіне көз сала отырып сіздің де әдеби қарымыңыздың түпсіз терең екендігін барлығы да мойындаған. Осы құдықтың мөлдір, қысы-жазы мұп-мұздай боп тұратын суын қалай мейірлене жұтсам, сіздің қаламыңыздан туған әр шығарманы шөлден ерні кезеріп, қаталап келген жолаушыдай сімірудемін. Мен әлі де «Әбіш әлемі» деп аталатын ғаламшарды түбіне дейін зерттеп болған жоқпын. Мен өзімді енді ғана бұл әлемге аяқ басқан ғарышкердей сезінемін. Алда қанша оқиғалар, ұрыстар, шабыстар,анттасулар, күресулер, достасу мен айырылысу, туған жерді аңсау, ананың аялы алақанын сезіну, әкенің қабағынан қаймығу, елім үшін мақтану, ездер үшін ұялулар күтіп тұр. Мен сол күндерге жеткенше асықпын. Қырғыздың ұлы жазушысы ШыңғысАйтматов Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» қалай қолынан тастамаса, мен де сіздің кітаптарыңызды мойнымдағы тұмарымдай көріп, сырымды бөлісіп, әлемнің қай түкпірінде жүрсем де Қазақ деген ел бар екенін, Маңғыстау деген жер бар екенін, сол маңғаз далада өсіп, бүкіл әлемді мойындатқан Әбіштей ұлы тұлға бар екенін, менің де сол кісімен бір топырақтан жаралғанымды үлкен мақтанышпен айтып жүремін.

   

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Маңғыстаунама сайысы бойынша эссе-хат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 794
    • DOCX 12.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Урдекова Гулжан Колшеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Урдекова Гулжан Колшеевна
    Урдекова Гулжан Колшеевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12012
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой