Инфоурок Другое Другие методич. материалыМамандық таңдау болашағыңды айқындау

Мамандық таңдау болашағыңды айқындау

Скачать материал

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҒЫҢДЫ АЙҚЫНДАУ
МАҚСАТЫ: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану

аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі

заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау.

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда

Үлкен арман керек екен адамға»

Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?»« тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелерінің суреті көрсетіледі, оқушылар сурет арқылы табады .)

— Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы түрде қалай айтуға болады?

— МАМАНДЫҚ

— Дұрыс айтасыздар. Олай болса кешіміздің тақырыбы: Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.«Миға шабуыл»— ой қозғау: «Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мамандық сөзіне қандай анқытама бере алар едіңіз? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді.Мұғалім толықтырады

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

 

2. Тж«Білеміз бе?»

Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар

І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды

Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз

Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек дей отырып, осы заманға лайықты табысты мамандықтармен таныстырып өткім келіп отыр.

Аниматор-суретке жан бітіруші. Мультипликатор-мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор-үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист-көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра алатын мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор- түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар.

Импрессарио немесе продюсер- түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы.Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге де болады. Аса бір қабілеттілікті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.

Клипмейкер-бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап тауып, қысқа бейне хабарламалар жасайды.

 

3. «Менің ойым...» Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді.

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

Ақша болса, мамандық қажет емес

Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет

Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды

Мамандық таңдау – күн көріс қамы

4. Сергіту. Бір-бірімізді жақсы тани аламыз ба?

Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кімнің жазғанын табады.

5. Мамандықтар классификациясы. Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

 

6. Практикалық жұмыс.

Құрметті, оқушылар мамандық таңдау ол маңызды іс екенін білген боларсыздар. Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ТАЛАП – ТІЛЕК – СҰРАНЫС».
ТІЛЕК – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҚАБІЛЕТ – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
СҰРАНЫС – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш шеңбердің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

Мен сіздер осы үш шеңберді ұсынамын. Бірінші парақта үш шеңбер бір-бірімен қиылыспайды. Үшінші суретте үшеуі бір-бірімен қиылысады. Мен сіздерге кейіпкерлердің мамандық таңдауы туралы жөнінде оқимын. Сіздер кейіпкерлердің қайсысы қай суретке жататынын белгілеп жазасыздар.

 

Алима өзінің қалаған нәрсесін әлі білмейді, оның ерекше қабілеті мен таланты жоқ және оларды іздестіруге уақыт жетіспейді. Бірақ ол байлық пен даңқдан бас тартпайды. Жалпы,  бір нәрсемен айналысқысы, бірақ ол білмейді. Қай суретке жатқызасыз?

 

Жайна  «бәріне ұқсайды». Өз отбасы, үйі, балалары болғанын қалайды. Ол жұлдыз емес, өте таланнты емес. Бірақ ол балалармен қарым-қатынаста болғанды ​​ұнатады және ол тұратын қаланың балабақшаларында тәрбиеші үнемі жетіспейді. Ол тәрбиеші  болуды шешті. Шешімі дәл түсті. Қай суретке жатқызасыз

 

Саша бағдарламашы болғысы келеді. Ол компьютерді өзінің бес саусағындай біледі, бағдарламалау туралы кітап оқып ізденіп жүреді және өзінің веб-сайтында жасады. Ақпараттық технологиялар мамандығы барлық жерде сұранысқа ие, сондықтан Сашаның таңдауы ең табысты болды. Саша қалай жақсы таңдау жасады және қай суретке жатқызасыз?

 

Талдап көрейік. Барлық кейіпкер мамандық таңдау жолын түсіне ме?

 

Мамандық таңдау ережелері:

Бірінші қадам: «Байыппен бағдарлай біліңіз»

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Бесінші қадам: Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

 

Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін басшылыққа алу керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мамандық таңдау болашағыңды айқындау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 183 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2018 1728
    • DOCX 30.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байдилдаева Гулзира Нурдилдаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13292
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 496 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 331 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 424 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе