Инфоурок Другое Другие методич. материалыМақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан

Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан

Скачать материал

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ

Түрі: Тәрбие сағаты

Сыныбы:  5-сынып

Сынып жетекшісі: Абылхаева Марзия Абылхаевна

Тәрбие сағатытақырыбы: Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы слайдтар, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

 Нақыл сөздер: «Отанды сүю отбасынан басталады», «Ел іші-алтын бесік», «Өз елім-өлең төсегім», «Отан-елдің анасы»

                             

                                    Барысы:

1.     Шаттық шеңбері

2.     Тәуелсіздік шежіресі

3.     Әдеби-монтаж

4.     Бейне фильм «Желтоқсан шежіресі»

5.     Көрініс «ЖЕЛТОҚСАН»

6.     Қорытынды  «Атамекен әні»

 

  • Шаттық шеңбері:  Әуен

Мұғалім:

Шаңырақ дегеніміз не?

«Үлкен шаңырық» деп нені айтамыз?

Ол-Атамекен,Отан.

Отан дегеніміз не?

Отбасы-осы Отанның кішкентай бөлшегі.

  • .Отан,туған жер, отбасы туралы мақал-мәтел айтқызу.
  • Әңгіме.

Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті ,тапсырған жұмысты атқарып,тату-тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп:

-Біз бір үйдегі 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасындар?-депті.

-Балалар, осының себебін сендер неде деп ойлайсындар?

  • Өзара түсіністік.
  • Сыйластық.
  • Еңбексуйгештік.
  • Мейірімділік.
  • Қайырымдылық.

Мұғалім: Ендеше,біздің бойымызда қандай жақсы қасиет болса, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ», Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.

  Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман,  көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

 

1.      Тәуелсіздік шежіресі тоқталайық

2.     Әдеби-монтаж

 

       Енді Тәуелсіз Қазақстан жырлап,әнге,өлеңге қосайық

   1-оқушы.   Нұрәлі

 Елімнің атын айтсам-Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым айтсам –Қазақстан!

2-оқушы.  Арайлым

  Қазақстан –ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын ұлықты еткен

Өзге де ұлт –ұлысқа қоныс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

Қазақстан – Республикам! Мақтанышым!

Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

    3-оқушы.  Нұрым

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

 

   4-оқушы:  Ерсұлтан

Отан –жерім, Отан –суым

Отан қуат, нәр береді.

Отан –ұран, Отан –туым,

Отанды ер гүлденеді.

5-оқушы:  Анияр

Қазақстан –ұлан-байтақ елім бар

Мұнай, алтын қазыналы кенім бар

Ұланымын егеменді елімнің

Жолбарыстай мінезім бар, тегім бар

6-оқушы: Ақынжан

Казақ жері-қонақжай төрлер жері,

Қазақ жері қаситетті ерлер жері

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ елі өнерлі қасиетті.

7 оқушы.  Абылай

Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

8 оқушы Ералы

Қазақстан-ертең…

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар.

9-оқушы  Аңсар

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен

 

 Желтоқсан оқиғасына байланысты сюжетті кинофильм көрсетіледі

 

1986 жылы 16-шы желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне осындай ұмытылмас оқиғадан бері 25 жыл. Өмір — өзен, толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да, жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.  Ол сол үш күнде, дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. (1 минут үнсіздік)

 Ежелден ата – бабалар аңсаған арманы 1986 жылы дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген оқиға болды.

 1986 жылы желтоқсан айының 17-18 күндері Қазақстанның астанасы Алматыда қазақ студенттерінің ұлттық көтерілісі болды. Қазақ студенттерінің бұл көтерілісіне кеседегі суды тасытқан соңғы тамшы ретінде Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың қызметінен босатылып, оның орнына Геннади Колбиннің тағайындалуы себеп болған еді.

 17 желтоқсанда таңертенгілік уақыт 7-8 аралығында Брежнев атындағы алаңға студенттердің алғашқы тобы шоғырлана бастады.

Түске таман демонстранттар саны 5 мыңға жетті «Ұлт саясатының Лениннің принциптерін сыйлауды талап етеміз», «Әр республикаға өзінің басшысы», «Қазақстан жасасын» деген сияқты орыс — қазақ жазбаларын жайып ұстап, қыздар мен жігіттер өткінші жұрттың назарын өздеріне аударды.

 Желтоқсанға қатысқан көптеген жастарымыз жазалаудың құрбаны болды. Олар бүгінгі күні біздің мақтанышымызға айналып отыр.

 

. Көрініс «ЖЕЛТОҚСАН»

Қайрат Рысқұлбековке ақырғы сөз кезегі беріледі:

-Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десен алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең атыңдар,

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін,

Көре де алмай өтермін

Қош аман бол артымда

Ағайын, қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

1-бастаушы:

Жаңымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз,

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

1-бастаушы:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріндей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеуіге тиіс емес жалауы.

Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігі ажыратылды, Сөйтіп біз өзімізді өзіміз ақтадық, бұл да ерлік.Желтоқсан қозғалысының ақа қарасын айыруға ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді. Халықты қолдау арқасында желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге аттарын беріп, құрмет көрметіліп жатыр. Алматыдағы Брежнев алаңы Республика алаңы деп аталды

 

 

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар! Жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болыңдар! Өз елің мен жерінді көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар! Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар. Барлықтарыңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық тілеймін. Тәуеліздігіміздің 25 жылдығына арналған «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатын бесінші  сынып оқушыларының қатысуымен назарларыңызға ұсынды.

 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Көк туымыз төбемізде желбірей берсін

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 936 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2017 900
    • DOCX 194.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абылхаева Марзия Абылхаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абылхаева Марзия Абылхаевна
    Абылхаева Марзия Абылхаевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5144
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой