Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / ЭКСПО-2017ж
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

ЭКСПО-2017ж

библиотека
материалов


Сабақ № 12 Сыныбы: 10а Күні:

Тақырыбы: Энергияның баламалы көздері .Астана қаласы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орны.

Мақсаты: Білімділік: Энергияның балама көздері туралы түсінік бере отырып, ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізу орны туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Энергияның балама көздері туралы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өту

Әдісі: Сөздік , түсіндірмелі, диалогтық оқыту

Көрнекілік: Суреттер

Үй тапсырмасы: Табиғат ресурстары

Барысы:


EXPO-2017 халықаралық көрмесі


EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.


2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.


2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.


2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.


2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.


Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.


ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.

Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.


ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.


EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.


1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады.


ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.


Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.


Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ғалымдардың болжамынша, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметр көтеріледі екен. Қазірдің өзінде құрлықтарды басып жатқан топан су соның салдары. Сондықтан, әлем сарапшылары энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемде өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Осы реттен келгенде Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор.

Энергия – дүниежүзілік экономиканың көкейкесті мәселелерінің бірі. Соңғы кездері, баламалы энергия көздері әлемдік деңгейде талқыланып, ғаламдық маңызға ие болуда. Оның басты артықшылығы – сарқылмастығы мен экологиялық тазалығы. Атмосфераға үлкен көлемде зиянды газдардың бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа да қорларды өңдеумен салыстырғанда, баламалы энергия көздерін пайдалану ғаламшардың энергетикалық қалпын өзгертпейді. Дәл осы қасиеттер, жаңартылған энергия көздерінің шетелде шалқып өркендеуінің және жақын онжылдықта оптимистік болжамның қалыптасуына ұйытқы болды. . Қазақстан бірінші болып, сол болашақты сақтау үшін энергияның баламалы түрлеріне көшу мәселесін көтеріп, әлемді залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды ұсынбақ. Өзгелердің де сондай игі бастамаларын әлем алдында көрсетпек [2] .

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсынды. Ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған.

Орнықты энергиямен жабдықтау жаһандық негізгі мәселе саналады, оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені біруақытта төмендету кезінде әлеуметтік стандарттарды арттыру үшін қажет.Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының өз негізі бар. Еліміз дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанған. Баламалы қуатты пайдалану мәселесін көтеру мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізгі жолдарының бірі. Оның ішінде нақтырақ айтсақ, күн, жел, энергетикалық ресурс-тар, теңіз, мұхит ресурстары бар. Бұл «Болашақ энергиясы» атты көрме аясында Астанада ең озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Болашақ мамандарға аталған баламалы энергия түрлерін пайдаланудың экологиялық маңызын жеткізудің мағызы өте зор.

Болашақ ұрпақты жас кезеңнен бастап болашақ ұрпақты, жас ерекшеліктерін ескере отырып деңгейлі түрде адамның экологиялық мәдениетін калыптастырса, тек сонда ғана экологиялық санасын қалыптастыруға қол жеткізу мүмкін. Сана дегеніміз — тек адамға ғана төн, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Біз "сана" ұғымын қарастырған кезде оның сипаттамасында білімнің үлкен рөл атқаратындығын көреміз. Осыған байланысты сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе — білім. Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады. Олар білім алуға, қоршаған дүние туралы алдымен жаңа білімдер алуға бағытталған. Таным мен заттардың танылуы, объектіге терең үңілуі, түсінудің органдарына өсер етуінің негізінде пайда болады. Сана -сәйкестікке мақсаттылық, бағыттылық, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік, табиғат пен прагматикалық және прагматикалық емес компоненттерінің бірі болып саналатын экоорталық типінің бірі ретінде қарастылады. «Адам жан-жақты мәдениетті, ғаламдық, экологиялық санамен, сонымен бірге кіші жер, шаңырақ санасымен қарулануға тиіс»,-деп көрсетілген [3].

Экологиялық сана -экологиялық заңдардың негізі, экологиялық және әлеуметтік заңдардың сәйкессіздігі ретіндегі қарама-қайшылықтар себептерін, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты қалыптастыратын мақсатты түрдегі экологиялық білім[4].

Жаңартпалы энергетикалық ресурстарға гидроэнергия, жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.

Гидроэнергия. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан территориясы бойынша гидроэнергетикалық ресурстар тең бөлінбеген, олардың үлкен бөлігі Қазақстанның негізгі үш аймағында шоғырландырылған:

1) Оңтүстік-Шығыс аймағы, Іле өзені бассейні, Шығыс Балқаш көлі бассейні және Алакөл көлдерінің топтамасы бассейні;

2) Шығыс аймағы, Ертіс өзені бассейні;

3) Оңтүстік аймағы, Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.

Қазақстан үшін энергияның жаңартпалы басым көздерінің бірі ретінде жел энергетикасы саласы саналады. Осыны ескере отырып, Қазақстанның жел атласы жасалды.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда жел электростанцияларын салудың 10 алаңы зерттелген. Мұндай алаңдар электроэнергияның коммерциялық өндірісі үшін жалпы қуаттылығы 1000 МВт-ға дейін жететін аса ірі жел электростанцияларын салу үшін толығымен пайдаланыла алады. Бұл жоспарда Жоңғар қақпасының әлеуеттік мүмкіндіктері аса танымал екені белгілі. Қазақстандық танымал энергетик Александр Трофимовтың мәліметтері бойынша, республикамыз жан басына шаққандағы жел энергиясы ресурстарының көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді.

Жел энергиясы. Қазақстанда жел энергетикасын пайдаланудың басымдықтары жел энергиясы ресурстарының бар болуымен анықталады. Қазақстан территориясының жартысында желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6 м/с., ал кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 7-8 м/с. құрайды. Жел электростанцияларын салу ең алдымен, желіге қосылмаған шалғайдағы аудандарды энергиямен қамтамасыз етумен шартталады.

Елімізде жел энергетикасын дамытуға деген қызығушылық келесі артықшылықты факторлармен түсіндіріледі: жел – бұл отынның бағаларына тәуелді болып табылмайтын энергияның жаңартылып отыратын ресурсы; жел ресурсы елдің барлық территориясында қол жетімді болып табылады; орнатылатын жел энергетикасы құрылғысының қуаттылығына бәсекенің болуы; атмосфераға зиянды қалдықтарды тастаудың және парниктік газдарды жіберудің болмауы; шалғай аудандарды электроэнергиямен жабдықтауды орталықсыздандырудың мүмкіндігі.

Күн энергиясы. Қазақстан географиялық орналасуы солтүстiк ендiкте жатқанына қарамастан, елдегi күн энергиясының ресурсы қолайлы климаттық жағдайдың арқасында тұрақты, әрi жарамды болып табылады. Зерттеулердiң қорытындысы бойынша елдiң оңтүстiк аудандарындағы күн энергиясының әлеуетi жылына 2500 - 3000 күн сағатқа жетедi. Бұл суды күнмен қыздырғыштарды (СКҚ) және күн батареяларын, атап айтқанда портативті фото электрлік жүйені пайдалануға мүмкіндік береді[5] .

«ЭКСПО» көрмесінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады.

Ел Үкіметі бекіткен 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерінің үлесі 2015 жылға қарай 1,5 пайызды, 2020 жылға қарай 3 пайызды құрауы тиіс. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы нәтижесінде 2014 жылы қайта қалпына келетін энергия көздерінің көлемі жыл сайын 1 млрд. кВт-сағат деңгейіне жеткізілмек. Бұл орайда, әлемдік маңызға ие айрықша жоба «ЕХРО – 2017» Халықаралық көрмесін өткізу барысында бізді үлкен істер күтіп тұрғаны анық.

Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Болашақ мамандар үшін мемлекетіміздегі өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаны қорғаудағы манызын түсіну экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етеді.

2017 жылға жоспарланған «Болашақтың энергиясы» атты тақырыптағы Бүкіләлемдік көрме болашақ мамандарымыздың ел экономикасына, экологиясына және әлеуметтік жағдайын тұрақты дамудағы маңызын саналы түрде түсінуде маңызы зор.



Краткое описание документа:

Тақырыбы: Энергияның баламалы көздері .Астана қаласы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орны. Мақсаты: Білімділік: Энергияның балама көздері туралы түсінік бере отырып, ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізу орны туралы мағлұмат беру. Дамытушылық: Энергияның балама көздері туралы білімдерін кеңейту. Тәрбиелік: ЕХРО-2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өту Әдісі:  Сөздік , түсіндірмелі, диалогтық оқыту Көрнекілік: Суреттер Үй тапсырмасы: Табиғат ресурстары Барысы:   EXPO-2017 халықаралық көрмесі   EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.       2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017  көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.  
Автор
Дата добавления 18.09.2014
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров1683
Номер материала 180364091847
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх