Эпиграф: «Қазақ тілі-өте дәмі, көркем тіл,сондықтан
тілді білмеу мүмкін емес». Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың тақырыбы:
Жәңгір хан . Есептік, реттік сан есім
Мақсаты:
1.
білімділік. Жәңгір ханның өз
заманында білімді - білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасау
зерттеу.
2.
тәрбиелік. Жәңгір ханның
бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың
бойында патриоттық сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.
3.
дамытушылық. Тақырыпқа
байланысты құжаттар, әдеби - мұралармен жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың
ізденімпаздығын және пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақтың түрi: аралас
сабақ
Әдiстерi: түсiнiп
оқыту, талдау,топтастыру, топтық, оқытудың трек - сызбаларын қолдану.
Көрнекiлiгi: интербелсенді
тақта, топшамалар, Жәңгір хан
суреті, рефераттар, тарихи құжаттар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңi.1.Амандасу. 2.Кезекшiмен сұхбат
II.Негiзгi бөлiм
А) Сабақтың
мақсатымен, барысымен танысу.
Ә)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сан есім ережесін айту. Мысал келтіру.Абылай хан туралы түсінгенін айту,
диалог. Бөкей ордасы туралы айту.
Сұрақтар:
Сан есім дегеніміз
не? Мысал келтір.
Сан есімнің
құрамдық түрлері? Мысал келтір.
Біз қандай
модульді өтіп жатырмыз?
Ой
қозғау:.Бөкей
ордасының ІІІ ханы кім болған?
-Жәңгір
Қызығушылықты
ояту: Оқушы
Бөкей ордасы туралы дайындап келген слайдын қорғайды.
Мағынаны тану: Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,
1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі
Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені,
1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей
хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан
басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды.
Сөздікпен жұмыс:
мұрагер-наследник
ағарту-просвещения
дәрежесі-уровень
теңестірілді-сравнялся
( жаңа сөздермен
сөз тіркесін құрастыру)
Мәтінмен
жұмыс: Жәңгір
- шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп 1815 жылы мұрагерлікпен
Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай
жүргізді. 1823 жылы 7 жасында Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің
үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді. Ол орыс, татар,
парсы, араб, неміс тілдерін білген. Жәңгір Бөкеевтің тікелей араласуымен 1841
жылы Хан Ордасында, Ордада екі сыныптық бастауыш мектеп ашылды. Алғашында
мектеп 25 балаға арнап салынған болатын. Ел ішінде бұл мектеп «Жәңгір мектебі»
деп аталған. 1848 жылдан бастап, бұл мектеп халық ағарту министірлігінің қаражатына
көшіріліп, екі сыныптың училище дәрежесіне теңестірілді. Жәңгір хан бар болғаны
44 жыл өмір сүрді. 1845 жылы қайтыс болған.
-
мұғалім
оқиды;
-
оқушылар
тізбектеп оқиды;
-
Мәтін
бойынша деңгейлік тапсырмалар
-
1-топ диалог
құру;
-
2-топ
мәтінен сан есімдерді табу;
Жаңа
сабақ түсiндiру:
Бүгінгі
грамматикалық тақырыбымыз: есептік, реттік сан есімдер.
САН ЕСІМ
Мағынасына
қарай
|
1. Есептік
|
бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір,
он екі, жетпіс бес, жүз үш, мың, т.б.
|
2. Реттік
|
бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші,
екі жүз алтыншы, т.б.
|
3. Жинақтық
|
біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
|
4. Топтау
|
бірден, екіден, үштен, оннан, он бестен, екі-екіден, он-оннан,
жүз-жүзден, мың-мыңнан, т.б.
|
5. Болжалдық
|
бірер, екідей, ондаған, жетпістей, жүздеп, жүздеген, ондарда,
алпыстарда, үш-төрттей, т.б.
|
6. Бөлшектік
|
екіден бір (1/2), сегізден үш (3/8), үш бүтін жүзден он төрт
(3,14), т.б.
|
Есептік- зат есімнің алдында
келіп, заттың санын білдіреді. Неше? Қанша?
деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы:
бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс
Реттік- есептік сан есімге –ыншы,-інші,-нші,
жұрнағы жалғау арқылы жасалып, заттың ретін қатарын білдіреді. Нешінші? Қай?
Деген сұраққа жауап береді. .
Мысалы:
бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші,
Деңгейлік
тапсырмалар:
ІІI деңгей: Берілген
сөйлемдердің ішінен сан есімді табу, түсіп қалған дыбысты жазу.
1. Жә__гір
хан 1801 жылы д__ниеге келді.
2. 7 жас__нда Жәңгір
Астрахань губернаторы Андреевскийд__ң үйінде
т__рбиеленд__.
3. 1841 жыл__
Ордада екі сыныптық бастау__ш мектеп ашылд___.
ІІ деңгей:
Мақал-мәтелдерді сан есімдермен толықтыр.
1. ______
рет өлшеп,______ рет кес.
2. ______
саусақ бірдей емес.
3. ______
байлық-денсаулық,
______
байлық-ақ жаулық,
______
байлық-он саулық.
І деңгей:
Берілген сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасау:
1. Жәңгір
хан сауатты адам болған.
2. Ол 44 жыл
өмір сүрді.
3. Ол Бөкей
ордасының ханы болды.
Тест
сұрақтары
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.