Инфоурок Физика КонспектыКітапхана ғажайып қазына

Кітапхана ғажайып қазына

Скачать материал

 

Кітапхана – ғажайып қазына

ХХІ  ғасыр – мәдениеттің  ғылым мен білімнің ғасыры.

Бар білімнің қайнар көзі –кітапхана.                                                                                                       Н.Ә.Назарбаев.

XXI ғасыр – руханият,мәдениет,ақпарат ғасыры.

Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екеін алға тартсақ, біздің  рухани - мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапхана.

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ,сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады.

Кітапхана – оқушылардың сапалы білімнің кепілі.

Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тұтқасы екенін ескерсек,мектеп оқушыларының сапалы білім,дұрыс тәрбие алуына мектеп кітапханасының берері мол.

Біздің Тауағаш орта мектеп кітапханасы заман талабына сай жабдықталған.

Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қоғамдық-мәдени орталық. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне бұқаралық ақпарат құралдарының еркін енуін жүктеп отыр. Мектеп кітапханалары шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік шараларды өткізуде мұғалімдердің бірден-бір серігіне айналуға тиіс.

Тауағаш орта мектеп кітапханасының кітап қорында 7126 дана кітап бар,оның ішінде 3000 оқулық қоры,көркем әдебиет,әдітемелік оқу құралдары , электронды оқу құралдары бар.Кітапхананы мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету жүйелі жүргізіледі.Биылдың өзінде кітапханаға әр түлі газетке ,түрлі журнал басылымына жазылдық.Аталған басылымдарда жарық көрген маңызды мақалаларға картотека жасалды.

Кітапханада тағы да басқа тақырыптық бөлімдер жабдықталған.Оқушылардың , мұғалімдердің, ата-аналардың өздеріне қажетті әдебиетерді оқуына жағдай жасалған.Айына бір рет жүргізілетін 1-4 сынып аралығында «Кітапқа жедел жәрдем», 5-8 сыныптар үшін «Кітап-біздің досымыз», 9-11 сыныптар аралығында»Кітап - алтын қазына» атты сыныптар арасында рейд жүргізіледі. Даталы күндерге байланысты жазушыларға арнап көрме ұйымдастырып,оларға библиографиялық шолулар жасап отырамын.Оқу залында «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»атты тұрақты кітап көрмесі жасалынып тұр. Тақырыптық  сөрелер «Ауылымыздың ардақты азаматының туындылары» Жақсыбай Самратқа , «Туған жер жұлдыздары» Есіл бойында туған ақын-жазушыларымызға арналған .Қазақтың «Үш бәйтерігі атанған жазушыларымыз   С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлинның» 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырып жасалынды.Оқушылар көрмені көзімен көріп,әрбір кітапты ұстап,жазып қойған дәйек сөзге қарап ойларында,естеріне сақтайды.

Олар кітапханадан қажетті кітабын алып оқитын сеніммен келеді. Сондықтан оқушыларға мүмкіндігінше кітап тауып беріп немесе газет-журнал материалдарынан қарап беруге тырысамын.

Оқырманға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етіп,өз қорын ашып көрсету,кітапқұмарлыққа тәрбиелеу,кітап қорының сақталуына үлкен мән беремін.

Кітапханада 2004  жылдан  бастап кітапхана кеңесі құрылып , жұмыс істейді.Кеңес мүшелері мектеп оқушылары үш жылда бір ауысып тұрады. Осы кітапхана – кеңес мүшелері біздің тұрақты оқырмандарымызды мектеп бітіргенде, соңғы қоңырауда кітапхана атынан грамотамен,алғыс хатпен марапаттайды.

Осы кітапхана кеңесінің мүшелерімен бірлесе отырып,оқу жылының басында түрлі тақырыптар бойынша әр салаға,жыл ерекшелігіне,даталы күндерге орай түрлі  мәдени іс-шаралар,кездесулер,пікірсайыс,конференция.әдеби кештер өткізу жоспарланады.Кітапхананың қазіргі кезде,жас жеткіншектердің өскелен талабын қанағаттандыруда,рухани байлығын,жалпы қабілетін,ой-өрісін дамытуда,жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыруда,оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.

Бүгінгі мақсат – дамушы емес, дамыған елдермен терезе теңестіру. Бұл тек төл тарихымыз бен әдебиетіміз арқылы ғана жемісті бола алады.Ендеше, оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу-тәрбие жұмысына ықпал етуге тырысып еңбек ете береміз

Кітапхананың бүгіндері 125 оқырманы бар. Оқушылар саны 84,ата-аналарды оқырман ретінде тіркеу- 18,оқырман ұстаздар – 23. Мұғалімдердің барлығы кітапханамен тығыз байланыста. Ұстаздарға арналған әдістемелік,ғылыми танымдық оқулықтар кітапханаға жиі түсіп тұрады. Олар бұл кітаптарды күнделікті сабақтарына үнемі қолданып отырады.

Мектептегі шешендік өнер,көркемөнерпаздар,би,хор үйірмелері біздің бай кітап қоры арқылы білімдерін жетілдіре түседі. Кітапханада оқырмандарымыздың саны жылдан жылға артуда.

Білім шаңырағының кітапханасының атқарар жұмысы ауқымды. Оқу жылының басында оқулықтар таратылып,оның жыртылып бүлінбеуі қадағаланады, оқушылардың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы ескеріледі.

Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, тендесіз байлығымыз,өткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз. Сондықтан, біз, мектеп кітапханашылары білімнің бастауы- кітап дей отырып,кітап мәртебесін көтерумен бірге мектептегі жаңалықтың жаршысы, елім ізде болып жатқан әрбір уақиғалардың насихатшысы екендігімізді де көрсетуіміз керек.

Оқырманға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етіп,өз қорын ашып көрсету,кітапқұмарлыққа тәрбиелеу,кітап қорының сақталуына үлкен мән беремін.

Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі ,адамзаттың рухани байлығы,өмір айнасы,тарих шежіресі,өнер-білім бұлағы,оқу тәрбие құралы.Сондықтан біздер оқырмандар кітапты оқып,өзімізге керек білімімізді алып қана қоймай,оны сақтап ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек.

 

 

Тауағаш орта мектебінің кітапханашысы: Қосшығұлова Ж.М.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кітапхана ғажайып қазына"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

тема урока  : Кітапхана – ғажайып қазынацель урока : Перед современной общеобразовательной школой стоит важнейшая задача-научить молодого гражданина ХХІ века  ориентироваться в массивах информации,используя ее себе во благо,подготовить его к жизни и деятельности в условиях информации общества.Библиотека, как структурное подразделение общеобразовательного учереждения,является центром культуры чтения, информационно-ресурсной базой школы,преставлящей библиотечно-информационные ресурсы учителям,учащимся и родителям в целях обеспечения  учебного процесса и воспитательной работы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 337 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2014 3095
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймергенов Бекайдар Бексултанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42279
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 573 человека

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 544 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 145 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе