Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi.Амандасу.Түгендеу.5 Тережесінеске салу
Тыныштық сәтi.
Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.Түгендеу Қай істің болсын өнуіне үш
шарт бар:ең әуелі ниет керек, одан соң тәртіп керек» -деп ұлы жазушы
М.Әуезов айтқан екен. Олай болса 5 Т ережесін еске түсіріп сабағымызды
бастайық.
Қоржындағы сары, жасыл, қызыл түсті жүрек стикерлерін қарамай
алып, 3 топ болып отыруларын сұраймын.
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.
Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр
мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр
көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден
шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша
түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,
өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне
нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Қандай әсер алдыңыздар?
Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтың 24 - ші беттегі «Өмір тағылымы» аңыз - әңгімесін оқып
келу берілген.
-«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде
болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.
Біріншісі:
- Өткен өмірім менің қазіргімнің бастауы болды. Бұрын
үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз – өзіме ризамын, себебі
алға қойған мақсаттарыма жету үшін мен қажымай – талмай күресе білдім. Өз
өміріме серік еткен жолдастарым да сенімді, - дейді.
Сонда екіншісі:
- Егер сенің айтқаның дұрыс болса, адам «Түйе көргенінен жазбас»
дегендей, бір орнында дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім,
қазіргі білетінім маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз
болашағыма қажетті нәрселерге үйренемін. Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?»
деген сауалдан «екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал
маңыздырақ. Менің қазіргі қаракетім бұрын қандай болғаныма емес, болашақта
қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған жаңа таныстар өте ұнайды, олардан
білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін өзім де білемін, -
деп дауласа жөнелді.
- Өткен мен болашақ тек сендердің ойларыңда ғана болатындығын
ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге араласты үшіншісі:
- Өткенің енді қайтып келмейді, ал болашағың жеткізбейді. Сондықтан
да өткеніңді қанша аңсасаң да, болашағыңды қанша қиялдасаң да, олар қолға
түспейді. Тек қазіргі өміріңде ғана алдыңа ізгі мақсат қойып, өміріңнің әр
сәтін осыған арнасаң ғана, өз өміріңді өзгертуге болады. Өйткені өткен
бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей
жейді, тек қазіргі өмірде ғана өз ойыңды жүзеге асыра аласың».
Сұрақтар:
1.
Әңгіме не жайлы?
2.
Адамның өткен күнінде алдына қойған мақсаттарына жету үшін не
істейді?
3.
Адамның болашақты болжауда қандай қасиетті байқадың?
4.
Адамның өз мақсатына жетуде қай кезең қолайлы?
5.
Өз болашағынды жоспарлаған кезің болды ма?
6.
Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін не істедің?
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.