Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектеп тренері қызметінің мәні неде? Эссе

Мектеп тренері қызметінің мәні неде? Эссе

Скачать материал

                                                   Эссе  

                                 Мектеп тренері қызметінің мәні неде?

           Мектеп тренерлерін дайындау курсында дәріс ала жүріп, мені тренердің қызметінің басты мақсаты неде, болашақ тренер нені үйреніп, нені басқаларға үйрете алады деген ойлар  мазалады. Осы ойды саралай келе, мұғалімнің күннен күнге күрделі шешім қабылдап, бұл шешімдердің түрлі пікірлер мен білімге сүйенетінін, сонымен бірге әрбір оқушының нені үйреніп, қандай жетістікке қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталғандығын байқадым. Осындай жағдайда мұғалімдер алдарындағы оқушыларын өмірдің заман талабына  сай өзгерістеріне әзір болуға, кедергілерді жеңіп, білімнің биік шыңына жетіп, өмірде өз орнын таба білуі жолында  өздерінің тәжірибесі мен біліктілігін арттыра отырып, оларды  өмірге дайындау жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Қазіргі заманда жаңа технологияны меңгеріп, оның қыр- сырын келешек ұрпаққа жеткізуде мұғалімнің алар орны ерекше деп есептеймін. Олай дейтін себебім,  заманауи мұғалім үздіксіз білім алып, өз тәжірибесімен шәкірттерін сусындатумен бірге, әріптес ұстаздармен тәжірибе бөлісіп, келешек білімді ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне жұмылдыруда көшбасшы болып отыр. Олар алдарындағы білім алушыларын жан-жақты қырынан өмірге дайындап, олардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, оқудағы ерекшеліктерін танып, көптеген жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, олардың қызығушылығы мен мінез-құлық дағдыларын жете түсінуге  бағыттап отыр. Мектеп тренеріне арналған бағдарлама негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары курсын тәмамдап, біліктіліктерін арттырған мұғалімдердің өздерінің осы бағдарламадан алған білімдерін, озық тәжірибелерін мектептеріндегі әріптестерімен бөлісіп, оларға қолдау көрсету көзделеді. Олар арнайы жылға арналған бағдарлама жоспары бойынша жан-жақты ізденіспен, шығармашылықпен, шеберлікпен жұмыс атқара отырып, мақсаттарға жетуге ұмтылады. Ол үшін кәсіби шеберлігін шыңдап, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап, мұқият, тиянақтылықпен сабақтарын жоспарлап, мұғалімдерді ынталандыру мақсатына құрылған  сабақтары оң нәтиже береді деп ойлаймын. Осы мақсаттарды басшылыққа алып, топтардағы бірлескен жұмысты ұйымдастырумен байланысты бағдарлама бойынша білім ала жүріп, өзімді болашақ мектеп тренері ретінде қазіргі бізге дәріс беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тәсілдерді пайдалануды үйретіп жүрген ұстазымыз-Кенжегүл Биахметқызына айтар алғысым шексіз. Ол кісі біздің осы бағдарлама бойынша білім алуымызға жағдай жасап, нұсқау беріп, әрбір жұмысымызды бағалап, алда сын тұрғысынан ойлау қабілетімізді дамытуға көмек беріп, жаңа идеяларды жүзеге асыруға бағыттады. Осы бағыттағы бірлескен жұмысымыз алда нәтижелі болып,  жаңа  форматтағы жаңашыл мұғалім ретінде алға қадам баса берейік!

Кайырбекова Улбосын «№3 Денисов орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп тренері қызметінің мәні неде? Эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 665 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2017 2515
    • DOCX 13.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайырбекова Улбосын Кайырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11319
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе