Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының эмоционалды өрісінің дамуындағы қиындықтар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының эмоционалды өрісінің дамуындағы қиындықтар

библиотека
материалов

Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының

эмоционалды өрісінің дамуындағы қиындықтар


Буркитбаева А.К. педагог-психолог


Адам өмірінде өз эмоциясын басқара білудің үлкен маңызы бар. Өз сезімін жақсы басқаратын жеке адамдар еңсесін түсіретін әсерлерден жоғары тұрады, сөйтіп нағыз бақытқа бөленеді.

Бірінші сынып оқушыларының мектепке келуі балалардың мектепке дейінгі жасынан кіші мектеп оқушыларына өтуімен байланысты, сондықтан келесі шарттарды қажетті деп санаймыз:

  1. балалар дамуының осы кезеңдерінде пайда болатын эмоционалдық сезімдік өзгерістерге назар аудара отырып, жоғары мектепке дейінгі оқушылармен кіші мектеп оқушыларының эмоционалды өрісінің дамуындағы қиындықтарға талдау жасау;

  2. қорқыныш, агрессия сияқты эмоциялардың балаларда олардың байқалу ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоцияларының басты ерекшелігі - тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Кіші сынып оқушылары да (әсіресе 1-2 сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, аң көңіл де сенгіш болып келеді. Олар кез келген нәрселердің бәрін қабылдап, қызықтап таңырқайды және өзінің қарым-қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ, үстінде де бір қалыпты отыра алмайды, өйткені, өзіне ие бола алмай сезімінің жетегінде еріп кетеді. Мәселен, бірінші класс оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады.

Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиындықтар мектепішілік қарым–қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы-жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойына назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінезіндегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы, ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады. Егер, кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді, ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездерге айналады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау, достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері қалыптасады.

Мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының кәсіби кеңеске сүйенуге мәжбүрлейтін бұзылымның бір үлкен тобы – дамудың тежелуі. Баланың дамуындағы қарқындылықтың жалпы жеткіліксіздігі немесе сөйлеу дағдыларын дамытуда баланың ерекше қалыс қалуы ата-аналарды алаңдаттырады. Өте сирек, дегенмен маңызды бұзылыс - сөйлеудегі өрескел бөгеліс және әлеуметтік дамудың өзгерісімен байқалатын балалар аутизмі болып табылады.

Сонымен қатар, Г.Е.Сухарева [1], В.В.Ковалев [2] және т.б. авторлар мектепке дейінгі жастағы жүйкесі жұқарған балаларда жоғарғы аффективті әсерленгіштік сияқты эмоционалдық бұзылымның болатындығын атап өтеді. Баланың маңызды емес себептерге ашу-ызасы келетіндігін, аффективтік бәсеңдіктен кейін ол жылауы, өз айыбын сезінуі мүмкін екендігін айтады.

Осы ретте, Ю.М.Миланич [3] эмоционалдық бұзылыстары бар балаларды үш топқа бөледі. Біріншіге ішкі-жеке шиеленістері бар балалар кіреді. Ата-аналар мен педагогтар бұл балалардың бойындағы мазасыздық, негізсіз қорқыныш, көңіл-күйінің ауыспалылығын атап өтеді. Екінші топты жекеаралық шиеленістері бар балалар, олар жоғарғы эмоционалдық қозғыштығымен, ашуланшақтылығымен, агрессивтілігімен ерекшеленеді. Үшінші топты ішкі-жеке, сонымен бірге жекеаралық шиеленістері бар балалар құрайды. Оларға біріншіден, эмоционалдық тұрақсыздылық, ашушаңдық, агрессивтілік, екінші жағынан, мазасыздық, күдікшілдік және қорқыныш тән.

Авторлар байқағандай, бірінші топта қыздар басым болса, екінші және үшіншіде – ұлдар. 4-7 жасқа дейінгі жас аралықтарында бірінші және үшінші топқа қатысты балалар саны көбейеді, ал екінші топқа қатыстылар – азаяды.

Мектепке дейінгі жас кезеңінде балалардың мектепте оқуға даярлықтан өту-өтпеуіне, отбасындағы тәлім-тәрбие алу ерекшеліктеріне байланысты баланың психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Депривация (жетіспеушілік деген мағнаны береді) орын алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Сенсорлық депривация баланы қоршаған сыртқы ортаның аз және ондағы тітіргендіргіштерінің өзгеруімен байланысты орын алады. Баланың жаңалықтарға қызықпаушылығымен және танымдық қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады. Мұндай жағдайда балалардың қоршаған ортада болып жатқан неше түрлі құбылыстарға әсерленуі, теледидардағы бағдарламаларға деген әуестігі шектелген болып, олар көптеген балаларға қызықты нәрселерге онша көңіл аудармастан, барлық жаңалықтарға селқос қарайды. Нәтижесінде балалардың оқу процесіне де қызығушылығы төмендейді, ынжық мінез көрсетеді.

  2. Когнитивтік депривация керісінше, қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ретсіз өзгеруімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей қалады, сондықтан олардыың танымдық әрекеті шектеулі және қажетті деңгейде дамымаған болады. Мұндай ерекшелік байқалған балалар оқу барысында үстіртін қарап, барлық нәрселерге терең, жан-жақты меңгеруге деген қабілеті төмендейді. Нәтижесінде баланың білімге, іскерлікке деген құштарлығы әлсірейді, ал жақсы оқитындарға қызғаншақтықпен қарап, ескертулерге дөрекілік көрсетеді.

  3. Эмоционалдық депривация баланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айрылуымен, ата-анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді. Эмоционалдық депривация балалар үйлерінде тәрбиеленген балалардың барлығына ортақ психологиялық мәселенің түрі болып табылады. Отбасында тәлім-тәрбие көрген балалардың да ішінде эмоционалдық жүйесі толық жетілмегендер отбасында орын алған ата-аналарының арасындағы келіспеушілік, ажырасу т.с.с. себептермен байланысты орын алады. Балалар өздерінің отбасындағы жағдайынан ұялып, басқалардан сыр сақтап, қарым-қатынасын шектеп жүреді. Жағдайы жақсыларға қызғаншақтықпен қарап, агрессиялық мінез көрсетеді.

  4. Әлеуметтік депривация баланың денсаулығымен байланысты өзіне тән әлеуметтік функциясын орындауға мүмкіндігінің шектеулілігімен байланысты қалыптасады. Сал аурулары, созылмалы қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір балалар ойын кезінде өздерінің құрбыларымен қимыл ойындарға толық қатынасуға шамасы келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады. Сондықтан олар басқалардың саулығын қызғанып, өмірге ренжігіш күйде болып жүреді де, өздерін кемтармын деп есептеп, тұйықтанып, басқалармен қарым-қатынасы шектеулі болады.

Аталған депривация түрлерінің барлығы балалардың эмоционалдық жағдайын нашарлатып, оларды шамадан артық эмоционалдық зорлану жағдайына алып келуі мүмкін. Сондықтан балаларды дер кезінде осы депривациялық күйден шығармаса, ол созылмалы стресс жағдайында болып, баланың неше түрлі қырсық мінез көрсетуіне алып келеді.

Эмоционалдық үйлеспеушілік нәтижесінде балаларда жиі кездесетін ауытқу – агрессивтілікке алып келеді. Агрессия дегеніміз өзге адамдарға болмаса жануарларға себепсіз зиян келтіруге тура бағытталған қиянат. Ал агрессивтілік – бұл жеке тұлғаның мінез-құлықында көрініс беретін стрессогондық жағдайдан өзін-өзі қорғау реакциясы болуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларының агрессивтілігінің негізгі себебі қорғаныс функциясымен байланысты. Барлық басқа психологиялық қасиеттер сияқты агрессия әр адамда әртүрлі көріністе болады. Агрессиясы өте төмен немесе мүлдем жоқ болса, ол адамның қорғаныс функциясы төмен болады да, ол енжарлық, илануға алып келеді, ал кейбір адамдардың агрессиясы өте жоғары дамыған болады, ол шатақ мінезділікке, конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Баланың агрессивтілігі келесі көрсеткіштермен бағаланады: агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессияны туғызған жағдайға бала реакциясының адекватты емес дәрежесі; агрессия жүруінің екпіні; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл жүрген жағдайда ол вербальды формада болады, ал асқынған, ауыр жағдайларды физикалық түрде көрініс береді.

Балаларда себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, нормадан тыс дамыған агрессия байқалған балалардың ата-аналарына оның табиғатын түсіндіріп, ал балалардың өздерімен түзету жұмысын жүргізуі қажет.

Балаларда үлкендерге қарағанда сенім деңгейі жоғары, сондықтан да бұрын соңды болмаған жағдаяттарда кіші мектеп оқушылары өз білімі мен ақыл-парасатына қарамастан көбіне өздерінің құрдастарына сеніп ереді. Кіші мектеп жасындағылар үшін әдеттегідей жайлы мінез-құлық тән. Ол сабақ барысында, бірігіп ойнауда және күнделікті арақатынаста байқалады. Бұл жағдайларда олар мінез-құлықтың таңдауына қарамастан қатты қобалжу, абыржу, қорқыныш сезімдерін басынан кешіреді.

Барлық балалардың өмірінде мектепке барғысы келмейтін сәттері болады, және көбісі өзінің айтқанынан қайтпайды, хал-жағдайы жоқтығы мен ауыруын себеп етіп, мектепке барудан және үйден шығудан бас тартады. Бұл әсіресе мектептегі оқуын бастап жатқан балалар арасында кең тараған құбылыс, ал егер үлкендер қайырымдылық, түсінушілік, табанды қарым-қатынас танытса, бұл қиыншылықтар көпшілігінде тез арада жойылады. Алайда көпшілігінде бұл мәселе нықталып қалады. Мектепке барумен байланысты қорқыныш бірнеше себептермен байланысты болуы мүмкін, бірақ анасымен айырылысу қорқынышы және мектептегі белгілі бір іс-әрекеттер қорқынышы екі кең тараған себеп болып табылады.

Кіші мектеп жас кезеңінде көп балаларда әлде бір күтпеген қорқынышты нәтижеге жоламау үшін түзу сызықтармен жүру, әрбір жолдың бағанасына қолын тигізу немесе қандай да бір ерекше қозғалыстарды жасау әдеттері туындайды. Көпшілік балаларға қарағанда бұл ойын ретінде көрінеді және ешқандай клиникалық мәні жоқ. Дегенмен мұндай көңіл-күйлер немесе еріксіз қимылдар ішкі қорқыныштар мен қарама-қайшылықтардың барабар тәсілін меңгеру болып табылуы мүмкін.

Баланың мектепке бару кезінде, 6-7 жасында қорқыныштарға деген сезімталдығы аса байқалуы мүмкін. Оның үстіне ұлдарға қарағанда қыз балалардың қорқынышы әрдайым біршама көп болады.

Мектепке дейінгілермен салыстырғанда төменгі мектеп жасындағылардың «қияли» немесе түрлі қатерлі жағдаяттарға күйзелуді болжау жиілігі артады. Мұндай қорқыныштар болжау операциясының дамуы аясында өткен тәжірибесіндегі жағдайлар жайында елестердің бала ойында қалу негізінде қалыптасады. Қияли қорқыныштар-сигналдардың болуы өмірдің жаңа ортасына (мектепте, көшеде, көлікте) балалардың қалыптасуын жеңілдететін, олардың тәртібін негізгі реттеушісі болып саналады. Сонымен бірге, М.Кузьмина [4] балалар қорқынышын зерттей келе, мынадай қорытындыға келді: әрбір жынысты жастық топтарға норма болып табылатын қорқыныштың нақты саны сәйкес.

Бастауыш сынып оқушыларының кері эмоцияларын тудыратын себептердің жиі кездесетін түрі – дезадаптация. Бала өмірінде мектепке барып, оқушы статусында болу өте күрделі кезең. Сондықтан осы оқушы статусына үйрену, оның барлық міндеттерін толық мойындап алу - бала үшін күрделі сын болып табылады.

Р.В. Овчарова [5] дезадаптацияның пайда болу себептеріне талдау жасай отырып мектеп дезадаптациясының формаларының ұсынады:

1) Оқу әрекетінің пәндік жақтарына бейімсіздік. Себебі, баланың жеткіліксіз және интелектуалды дамуы, ата-ана және мұғалім жағынан назар және көмектің жоқтығы.

2) Өзінің мінез-құлқы, жүріс-тұрысымен еркімен басқаруға қабілетсіздігі. Себебі, отбасындағы қате тәрбие (ішкі қалыптардың жоқтығы).

3) Мектеп өмірінің қарқынын, жүйке жүйесінің әлсіз типін қабылдау қабілетсіздігі. Себебі, отбасындағы қате тәрбие немесе баланың индивидуалды ерекшеліктерін ересектердің елемеуі.

4) Мектептегі невроз немесе «мектеп фобиясы» - отбасылық және мектептік «біз» арасындағы шиеленісті шеше алмау. Cебебі, отбасылық тұтастықтың шекарасынан бала шыға алмайды – отбасы оны ешқайда босатпайды, (бұл көбінесе баланы негізсіз өз мәселелерін шешу үшін пайдаланатын ата-аналар).

Р.В. Овчарова [5] бастауыш сыныпта мектептегі дезадаптацияның басты себебі отбасының әсерінің ерекшелігімен байланысты екендігін атап өтті. Егер бала «Біз» деген күйзелісті сезінбейтін отбасынан келсе, онда ол жаңа қоғамдастық – мектепке қиындықпен кіреді. Негізсіз оқшаулануға тырысу, «Мен» дегенін өзгеріссіз сақтау үшін кез-келген қоғамдастықтың ережелерін және қалыптарын қабылдамау балалардың мектептегі дезадаптациясының негізінде жатыр. Бұл балалар «біз» сезімі қалыптаспаған отбасында тәрбиеленген немесе ата-аналарды баласынан немқұрайлылық, теріс қараушылық бөліп тұрады.

Сонымен, бала бірінші сынып оқушысы бола тұра, жаңа құқықтармен қатар орындауға тиісті және әрбір оқушыны психологиялық қобалжушылыққа жетелейтін мектеп өмірінің оған деген жаңа ережелеріне бағынуға мәжбүр болатын жауапкершілікке ие болады. Кіші мектеп оқушыларында оқу жағдаяттарымен үлкен әлеуметтік қорқыныш, агрессия, үрейлер пайда болады. Ашу эмоциясын олар әлі бақылай алмайды, сондықтан өз қиыншылықтарын конструктивті шешуге, қарсылық, келіспеушілік, ашу-ыза сезімдерін өркениетті білдіруге үйрету қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сухарева Г.Е. Клинические лекции по психиатрии детского возраста. – М.: Медицина, 1959.

  2. Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. Руководство для врачей. – М,: Медицина, 1995.

  3. Миланч Ю.М. Психологическая коррекция эмоциональных нарушений у детей дошкольного возраста: Автореф.дисс....канд.наук. –СПб., 1997.

  4. Кузьмина М. Детский невроз страха // Школьный психолог. - 2000. – №25.

  5. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе / Р.В.Овчарова.- М.: Сфера, 1996.



РЕЗЮМЕ

В статье расматриваются некоторые трудности развития эмоциональных расстройств у младших школьников и детей дошкольного возраста.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Адам өмірінде өз эмоциясын басқара білудің үлкен маңызы бар. Өз сезімін жақсы басқаратын жеке адамдар еңсесін түсіретін әсерлерден жоғары тұрады, сөйтіп нағыз бақытқа бөленеді.

Бірінші сынып оқушыларының мектепке келуі балалардың мектепке дейінгі жасынан кіші мектеп оқушыларына өтуімен байланысты, сондықтан келесі шарттарды қажетті деп санаймыз:

1) балалар дамуының осы кезеңдерінде пайда болатын эмоционалдық сезімдік өзгерістерге назар аудара отырып, жоғары мектепке дейінгі оқушылармен кіші мектеп оқушыларының эмоционалды өрісінің дамуындағы қиындықтарға талдау жасау;

 


Автор
Дата добавления 22.04.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1530
Номер материала 492689
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх