Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мектептегі және мектептер арасындағы желілік қауымдастықты дамытудың маңызы

Мектептегі және мектептер арасындағы желілік қауымдастықты дамытудың маңызы



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Аққұм ауылы

Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің оқу ісі меңгерушісі

Құлмаханова Гүлзира Мұханбетқұлқызы


Мектептегі және мектептер арасындағы желілік қауымдастықты дамытудың маңызы


Педагогтердің беделін арттыру кез келген елдің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктіліктілігін арттыру курстарында деңгейлі бағдарламаларды меңгертуі мұғалімдердің мәртебесін арттыруға оң серпін береді.

Кеңестік тоталитарлық кезеңде мемлекет білім беру жүйесін саяси идеологияға айналдырды. Жеке тұлға мен қоғам мүддесі тасада қалып қойды. Мұғалімдердің өз кәсібіне және оқушылардың оқуға деген қызығушылығы төмендеді. Білім сапасы әлемдік деңгеймен салыстыруға келмейді.

Әлемдік өзгерістер қарқынды дамып келе жатқан жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті ұлтымыздың өскелең ұрпағын тәрбиелеп, өздерінің алған білімдерін өз өмірлерінде табыспен қолдануына мүмкіндік беретін оқытудың қоғам талабына сай болуы тиіс.

Қaзaқcтaн Pecпyбликacы тәyeлсiздiк aлғaннaн кeйiн, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар білім жүйесі де кезең-кезеңімен жаңғыртуды бастан кешірді. Бiлiм бepy жүйесін реформалау мемлекеттің алғашқы құжаттарының бірі- Тәуелсіздік Декларациясында бекітілді. Ең қиын өтпелі кезеңдерде ұлттық білім бepy моделі құрылды. 2000 жылы «Білім беру» бағдарламасы іске асырылды. Білім жетістіктерін сырттай бақылау жүйесін жасау мақсатында 2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарамасы қабылданды. Ғаламдық даму көшіне ілесу талабына сәйкес білім жүйесі жаңа өзгерістерді қажет етті.

2011 жылы Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның тоғыз негізгі бағыты бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. 2011жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Үкіметке педагогтерді сапалы даярлауға қатысты ұсыныс енгізді. Ұлттық педагогика біліктілігін арттыру орталығы осыған дәлел. Астана қаласындағы «Назарбаев Университетінде» Білім беру факультеті ашылды. Қазақстанда білім беру жүйесі жақсы жолға қойылып келеді. Қазақстан мемлекеті бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуге ұмтылуда. Осы мақсатқа жету үшін білім саласына баса назар аударуда.

«Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай–ақ серттесуге болады»,- деген ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаевтің сөзі әрбір педагогтің көкірегінде жаттаулы болуы қажет.

Оқыту тиімділігінің деңгейіне тікелей әсер ететін қадамдардың бірі- желілік қауымдастық құру. Білім беру үдерісінің сапасын жақсартып, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін оқытуды жетілдіруге бағытталған әрекеттерді жоспарлау және іске асыруда мектептердің желілік қауымдастығының рөлі ерекше.

«Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «Білім беру желісіне» мынадай анықтама берілген:

«Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс- қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүрізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер»

Қоғам талабына сай желінің маңызы күннен – күнге артып келеді. Желілік қауымдастық өзара тәжірибе алмасумен бірге бір желіде ынтымақтастық пен сенімділік аясында бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бір шешімге келе алмаған проблемаларды талқылай алады. Мұғалімдердің құзіретін арттырып, оқу сапасын жақсарту мақсатында пайдаланылатын озық үлгідегі әдіс – тәсілдерді дамытады. Сол арқылы оқушылардың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкеледі. Біз желінің арқасында жақсы идеяларға қол жеткізе аламыз. Желіде жұмыс істеудің өзіндік қиындығы мен қызықшылығы бар. Желіні дамыту табандылықты, жігерлілікті қажет етеді. Ең басты ерекшелігі сенімділік керек. Бірлесе жұмыс істеу барысында желіге қатысушылар сенімділікке негізделген қарым – қатынас арқылы нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктері кеңейеді. Желілік қауымдастық әріптестерге жаңа серпін бере алады. Желіге қатысушы мектептердің іс-тәжірибелері бірлесе зерттеумен жүзеге асады. Бұл тұрғыда уақыт пен мүмкіндіктер арнайы жоспарланады. Желілік қызмет әртүрлі мектептердегі жүріп жатқан оқу үдерістері жайлы хабардар болуға, оқыту жағдайларын жақсартуға бағыттайды.

Іс – әрекеттердің оңтайлы жүзеге асуы үшін жұмыс топтарын құрудың қажеттілігі туындайды. Жұмыс топтары үш түрлі болып құрылады:

1.Басқарушы топ іс-әрекеттерді бағыттап, бақылайды, басшылық жасайды. Бұл топтың мүшелері желіге жұмыстарды жоспарлап, қауымдастыққа мүдделі адамдарды тартады.

2.Үйлестіруші топ желі ішіндегі бірлесіп өткізетін іс-әрекеттердің орындалуына қатысты шешім қабылдайды.

3.Дамытушы топ та оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің қабылдануына қолдау көрсетіп, желіні дамытуға өз үлестерін қосады.

Желілік қауымдастық мүшелері арқылы орындалатын жұмыстардың сәтті болуы олардың ұстанымдарына, күш-жігеріне, қажырлылығына тікелей байланысты. Іс-әрекеттер қолжетімді мақсатқа сай жоспарлы түрде жүзеге асатын болса, жаңа идеяларға, білімге жол ашады.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер атқара алатын маңызды міндеттердің бірі – Мектепті дамыту жоспарына сай желілік қауымдастықтың іс-шараларын өткізу барысында білім беру ұйымдарына қолдау көрсету болып табылады. Ол үшін бірінші деңгейлі мұғалім не істей алады?

1.Қауымдастықтың көмегімен бұрыннан толғандырып жүрген проблемаларды шешуге, өзара жаңа идеялар алмасуға тырысады.

2.Қолда бар ресурстарды қайта бөледі.

3.Қауымдастық мүшелерінің қатысуымен зерттеу топтарын құрады.

4.Қауымдастық мүшелерінің кәсіптік және оқу туралы пікірлерін қолдап, бірлескен іс-әрекеттер кезінде мұғалімдерді ынталандырып отырады.

Жоғарыда атап өткендей, мектепті дамыту мақсатында кәсіби қоғамдастық құру арқылы қолдау көрсету I деңгей мұғалімінің көшбасшылығымен жүзеге асыра алады. Сондықтан өзара тәжірибе алмасу, проблемаларды бірлесе шешу үшін мектеп ішінде «Өркен» атты желілік қауымдастық құрылды. Өйткені маған өзімнің мектебімнің қолдауы қажет болды. Мектепте құрылған кәсіби қауымдастық үш топқа бөлінді: басқарушы топ, үйлестіруші топ, дамытушы топ. Басқарушы топтың құрамына мектеп әкімшілігі, I деңгей мұғалімдері, ал үйлестіруші топқа мектеп психологі, әлеуметтік-педогог, II деңгей мұғалімі енді. Дамытушы топ құрамына сынып жетекшілері, III деңгей мұғалімдері, ынталы мұғалімдер мүше болды. Жоспарға сәйкес орындалатын іс-әрекеттерді бақылап, бағыт беруді басқарушы топ өз міндетіне алды. Кәсіби қауымдастық аясында жоспарланған жұмыстардың жүйелі жүруі үйлестіруші топқа жүктелді, бағдарламаны әзірлеп, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспар жасаудың дағдыларын меңгертуде жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы сабақтар өткізу дамытушы топқа жүктелді. Желілік қауымдастықтың жоспары жасалып, қауымдастық құрамындағы әр топтың міндеттері белгіленді. Әріптестерге жаңа идеяларды ұсыну мақсатында коучинг сессияларын үйлестіруші топ өткізді. Ал дамытушы топ мүшелері орта мерзімді жоспар және қысқа мерзімді жоспарлауды сыни тұрғыдан ойлау арқылы тұжырым жасау дағдыларын дамытуды басымдыққа алуына сәйкестендіріп, инновациялық әдістерді қолдана отырып, өздерінің сабақтарын көрсетті. География, ағылшын, бастауыш сынып, тарих пәнінің мұғалімдерінің шебер-сынып сабақтарына қатысқан қауымдастық мүшелері өзара тәжірибе алмасты. Талқылау барысында III деңгейлі мұғалімдерінің оқу үдерісін жақсартудағы үлестері ерекше айтылып, жетістіктері сараланды. II деңгей мұғалімінің жүргізген коучинг үдерістері барысында жаңа технологияның мол мүмкіншілігі жөнінде кеңінен ақпараттар берілді. Мектеп ішінде қауымдастық құру іс-әрекетті зерттеудегі жұмысымыздың жүйелі болуына көмегі зор болды, топ мүшелері арасында тығыз байланыс жасалды. Кездесу, дөңгелек үстел, семинар, тренингтер түрінде өткізілген басқосулар тәжірибе кезеңіндегі жоспарланған іс-әрекеттердің жүйелі өтуіне мүмкіндік берді. Осындай басқосулар арқылы әріптестер бағдарламаның мақсаты мен міндеттері жөнінде, жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі жөнінде мағлұматтар алып отырды.

Сондай-ақ, өзге мектептермен желі арқылы байланысқа шығудың мектебіме өзгеріс енгізудегі іс-әрекеттеріме көмегі зор болды. Өз тобымдағы әріптестермен конференция арқылы байланысқа шығып, өзара тәжірибе алмастық. Сонымен бірге, аудан мектептеріндегі коучинг үдерістеріне, шебер-сынып сабақтарына, семинарларына қатысып, жақсы идеяларға кеңінен қол жеткізе алдық.

Сонымен бірге, аудандық, облыстық ақпарат құралдары арқылы атқарылған жұмыстардың тиімділігі насихатталып, көрініс табуы жүзеге асырылуда.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. «Егемен Қазақстан» газеті 2011 жыл 30 желтоқсан

2. Жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты .

2013 жыл

3. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы . 2011 жыл

4. Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.

5. Құсайынов.А « Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» 2013 жыл. Алматы

6.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы . Бірінші (ілгері) деңгей, 2012 жыл




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров316
Номер материала ДВ-311027
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх