Инфоурок Другое Конспекты"Менің отбасым" (екінші кіші топ)

"Менің отбасым" (екінші кіші топ)

Скачать материал

        ОРТАҢҒЫ ТОП БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

 

Білім беру  саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі:  Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Менің  отбасым».

Мақсаты: балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін  адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, қызметтері мен қарым-қатынастары туралы әңгімелеуге; әңгімелесу барысында (амандасу, қоштасу, алғыс айту) әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету. Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру. Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын

 

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Тәрбиеші  «жарығым», «ботам», «құлыным», «күнім» деген сияқты жылы сөздер айтады. Сұрақ-жауап.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар,осындай жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?

- Иә, балалар сендерге  жылы сөздерді аталарың, аналарың әке, әжелерің айтады екен.

- Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп атаймыз?

- Онда бүгінгі жиынымызда біз  кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз?

 

 

 

Балалар өз ойларын ортаға салады.

- Маған мұндай сөздерді анам айтады.Сұрақтарға жауап беріп:

- Отбасы мүшелері  туралы.

Ұйымдаст.

Іздену

Тәрбиеші  балаларды қалауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.

Екінші орталықтағы балаларға бірнеше  қуыршақтарды пайдаланып, отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады (әңгімелесу барысында амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады).

Сергіту сәті:

Басбармағым – атам

Балан үйрек -  әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.

Бірінші орталықтағы балалар өз отбасы мүшелерінің немен айналысатындығын, бір-біріне жасаған қамқорлығы, жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айтып береді.

Екінші орталықтағы балалар бір-бір қуыршақты алып, ол қуыршақтың туыстық қарым-қатынасы  туралы айтады. Мысалы: мынау-Әдемі. Әдемі- Асқардың қарындасы.

Балалар саусақтарымен көрсетеді, қосылып айтады.

 

Рефлекстік

түзету

«Жылулық тілегі» дидактикалық ойыны:

Ойын шарты бойынша ойынға қатысушы барлық балалар ата, апа, ана, әке, ағаның, ал допты ұстаған бала, баланың рөлінде ойнайды. Бала допты лақтырған кезде, қағып алған бала (ата, апа, ана, әке, аға) допты кері қайтарып теңеу сөз, лебіз немесе тілек айтады. Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.Балаларды мақтайды.

Балалар шеңбер бойына тұрады.

- Мен сені қатты жақсы көремін.Сен менің қошқан-ымсың. Жұлдыздай жарқырай бер.

 

Балалар қуанады

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеу білу, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, олардың да ата-аналарының қамқорлық жасайтыны туралы түсіну, сұрақтарға жауап бере білу.

Игереді: өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығын, бір-біріне қарай  көмектесетіндерін, басқа балалардың да ата-аналарының қамқорлық жасайтынын.

Меңгереді: отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауды, жақсылық, қайырымдылық жасауды, әңгімелесу барысында әдептілікті қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің отбасым" (екінші кіші топ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2016 1789
    • DOCX 14.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтжанова Нургуль Серикболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8006
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой