Ортаңғы «Еркем-ай» тобында
ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Тақырыбы:Менің отбасым
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта”
Бөлімі:Қоршаған
ортамен таныстыр Мақсаты:Балаларды өзінің
отбасылары,сүйіктілері,олардың мейірімі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талаптандыру.Отбасы
бұл бірге тұратын,бірін-бірі сүйетін,бір-біріне қамқор болатын адамдар деген
түсінікті қалыптастыру.Өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Билингвистикалық компоненттер:Ата-дедушка,әже-бабушка,әке-отец,ана-мать
Қажетті құрал-жабдықтар:”Отбасы”суреттері,слайд
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңбері : Бас
бармағым-әкем,
Балан үйрек-апам Ортан
терек-ағам
Шылдыр шүмек-мен Кішкене
бөбек-сен
- Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет
әкелдім. (суретті слайдтан корсету)
- Бұл суретті қалай атаймыз? (Отбасы)
- Отбасында неше адам? (оларды
ата). - Олардың
әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен
айналысады).
- Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады?
Кімнің маған сұрағы бар? (балалар сұрағына жауап береді) - Ал
сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? (балалардың
жауабы)
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы
айтылғанын табыңдар.
Жұмбақ:
1.Ол
өте мейірімді, ақ шашты,
көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, сендерге
жылы қолғап тоқиды,
ұйықтар алдында ертегі айтып береді.
-Бұл
кім? (әже)бабушка
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары,
тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді )
2.Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды
біледі. Ол әжеге көмектеседі, немерелеріне таттілер алып береді.
- Кім бұл? (ата)дедушка
Ол сен үшін ең қымбат адам.Үнемі үй тірлігімен
айналысады, -Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)мать
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен
атайсыңдар? (Анашым, анатайым).
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)
- Және соңғы жұмбақ..
Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді
циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.
-Бұл кім? (әке)отец
-Дұрыс
- Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)
-Бәрекелді,балалар
жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.Сендер ақылды,білімді балалар болып осіп келе
жатыр екенсіңдер балалар,жарайсыңдар.
Қане,балалар шаршаған шығарсыңдар бір сергіп алайық(Слайд корсету)
-Балалар ашып көреміз
бе?
-Бұл не екен
өзі?
-Ой,балалар бұл суретте не бейнеленген?Қане айтыңдаршы?(Алма ағашы)
–Алма ағашы кандай үлкен? Балалар
сендер білесіңдер ме? -Мынау
не екен өзі?
-Қане,ашып көреміз
бе?
-Ой,мынау ненің суреті?(алма ағашы) -Дұрыс
айтасыңдар,балалар Балалар
біз алма ағашына су құймасақ,оған қарамасақ дұрыс оспейді.Сол сияқты отбасына
да қамқорлық,мейірім,жылулық қажет.Сонда ғана отбасымыз маңгіге сақталады. -
Қане,балалар отбасы мүшелерінің суреттерін ілейікші. –Ой,жарайсыңдар
балалар.Енді ойын ойнап бір сергіп алайық « Кім жоқ»-дидактикалық
ойын: Тақтада отбасы мүшелерінің
суреттері ілулі тұрады.Балалар көздерін жұмады.Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы
мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар көздерін ашып,мұқият қарап шығып,кімнің
суреті жоқ екенін айтады. -Жарайсыңдар
балалар,есте сақтау қабілеттерің өте жақсы дамыған екен. Сергіту сәті:Алма баққа
барайық,
Алма теріп
алайық
Ең үлкен алманы Анамызға
сыйлайық
-Жарайсыңдар!
Алда қандай мейрам келе жатыр?(аналар мейрамы) -қане,аналарымызға сыйлық
жасағымыз келеді ме?(Иә) Онда бәріміз аналарымызға сыйлық жасайық.(Балалар
гүлді бояды) Балалар
отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме?(иә)
-Қане,айтайықшы Нұрасыл:
Әже деген көп шығар, Әжемдей
жоқ шығар. Мейірімді
бұл
кісі,
Қандай ғажап күлкісі. Нұрдана:Ата
үлкен,кәріміз, Қуат
берер дәріміз Әулиедей
аялап, Құрметтейміз
бәріміз. Гүлмира:Айтсаң
болды тіл алам, Сені
көрсем қуанам. Саған
қандай жақсылық, Жасай
алам,мен,ана. Жарайсыңдар,балалар!Ата-әжелеріңді,әке-аналарыңды
жақсы көретіндеріңді білдірдіңдер. Енді,балалар,осы
отбасы мүшелеріне әрқайсымыз жақсы тілектерімізді айтайықшы: 1.Тату
болайық
2.Бір-бірімізді
ренжітпейік 3.Бақытты
болайық 4.Ата-анамыз
қасымызда болсын 5.Отбасымызда
бірлік болсын
Күтілетін нәтиже: Білу
керек: Ата,әже,әке,ана-отбасы
тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге тиіс: Ата,әже,әке,ана,ұл,қыз-бәрін отбасы дейміз. Істей
білу керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.