Инфоурок / Другое / Конспекты / «Менің жетістікке жету кретерияларым» Өскелең ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Қазақ елінің болашағы - бүгінгі мектеп түлектері. Демек, олардың қандай азамат болып шығулары - мектеп қабырғасында қаланады. Сол қаланған к
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Менің жетістікке жету кретерияларым» Өскелең ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Қазақ елінің болашағы - бүгінгі мектеп түлектері. Демек, олардың қандай азамат болып шығулары - мектеп қабырғасында қаланады. Сол қаланған к

библиотека
материалов

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, №2 Ертіс жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мукашева Кульбан Естаевна


«Менің жетістікке жету кретерияларым»


Өскелең ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Қазақ елінің болашағы - бүгінгі мектеп түлектері. Демек, олардың қандай азамат болып шығулары - мектеп қабырғасында қаланады. Сол қаланған кірпіштің дұрыс бағытта болуы - бүгінгі педагогтардың негізгі міндеті. Осы орайда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы негізінде ұйымдастырылып жатқан деңгейлік үш айлық курстардың маңызы зор деп санаймын. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан курс тиімділігін естісімен өзге ұстаздар қатарында мен де өз біліктілігімді арттырып, шеберлігімді шыңдау мақсатында осы курсқа бет алдым. Бұрынғы дәстүрлі сабақты қойып оқушыларға еркіндік беру арқылы, олардың өз бетімен жұмыс жүргізу қабілеттерін дамыта отырып білім беру – 7 модульдердің қарастырған басты мәселесі. Міне, осы бағытта білім алып, өзара тәжірибе алмаса отырып, жан – жақтан жиналған ұстаздар қауымы өз мектебімізге алған білімдерімізді тәжірибеде пайдалана білуге үйрену мақсаттарында барады. Оқушыларымды әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы әр күні әр топта жұмыс жүргізулеріне жағдай туғызу. Сыни тұрғыдан ойлату арқылы сауатты жазу мен саналы ойлаудың тиімді тәсілдерімен түрлі стратегияларды пайдаландым. Өзімнің сабақтарымда пәндеріме де жақын өзіме де таныс болған бес жолды өлең, ББҮ, топтастыру, венндиаграмма сынды тәсілдердің оқушыларымның ойын еркін жеткізуге көптеген септігін тигізеді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқулықпен жұмыс жүргізумен қатар сабақ арасында көңілді сергіту сәттерін ұйымдастырып отырамын. Жеті модульдің ішінде заман ағымына ілесе жүретін, күн санап дамып жатқан АКТ-ның тиімділігі де бар. Оны сабақ барысында өзімнің екінші сыңарым ретінде аламын. Себебі, кез - келген тапсырмалар барысында қазақи рух беретін күй күмбірі, сергіту сәттеріндегі көңілді әуендер, жазба жұмысында интербелсенді тақтадан оның қаламын еркін ұстай білу, ақынның өмір жолын үлкен экраннан көру оқушылар үшін көптеген ақпаратты саналарына кеңінен сақтауға, әр тапсырмаға ерекше құлшыныс, қызығушылықпен қарауларына жол ашты. 45 минуттың әр кезеңінен бір жаңашылық, тосын бір дүние күтулеріне талпыныс орнатты. Осындай ретте үйде шығармашылық жұмыстар орындап, әр жерде өзгелерден таулары биік тұратын дарынды және талантты балаларымның одан бетер ашылып, өздерін көпшілік алдында сөйлеу мәнерлерінің, өздерін емін – еркін ұстай білу қабілеттерінің төсілулеріне де көптеген септігін тигізеді. Сабақтың көп бөлігін менің сөзім емес, оқушыларымының іс – әрекеттері болмақ. Топта отырған балалардың жұппен жұмыс жүргізулері де осы оқушылардың басымдығын аңғартады. Дегенмен үлгерімі олардан төмендеу болып келген оқушылар да оларға еліктеп, өздерін реттей бастайды. Осы арқылы олар өздерін де өзгені де бағалауға үйренеді. Сабақта өздерін өте жоғары бағалаған оқушылар, бәріміздің тең екендігімізді ескере отырып, «МЕН» деген өзімшілдіктен біртіндеп арылады. Әр сабақ соңында 45 минуттың қызықтары негізінде өз пікірлерін бір сөйлеммен жазады. Бұл олардың сауатты жазуларына біршама септігін тигізеді. Дегенмен, білетінім бір тоғыз болса, білмейтінім тоқсан тоғыз екендігін жақсы білемін. Әлі де талай курстарға барып, 7 модульді егжей – тегжейлі үйрену керектігін де білемін. Себебі, ол – заман талабы. Келесі таңдағы саналы ұрпақ – өзге ұстаздар қатарында менің де бірталай үлесімді қажет ететіндігін түсінемін. Алдымда отырған қаракөз қазақ балаларының сауатты да өзгеге үлгі болар азамат пен азаматша болып өсулері менің де ізгі арманым. Осы уақытқа дейін істеген жұмыстарым баршылық болғанымен, әлі де алда істейтін біртабан шаруалар бар екендігі рас. 45 минутымның 7 модульмен ықпалдаса отырып өтуі – болашақ ұрпаққа саналы тәрбие мен кең білім беруге бастар бірден – бір жол екендігін анық түсінемін. Тиімді пайдалана отырып – оқушыларымның барыс текті ұрпақ болып өсетіндіктеріне кәміл сенемін.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-339366

Похожие материалы