Инфоурок Другое КонспектыМерекелік шара. "Әнім-сенсің туған ел!"

Мерекелік шара. "Әнім-сенсің туған ел!"

Скачать материал

Тақырыбы: «Әнім сенсің туған ел»
Барысы:
(видеоролик көрсетіледі, би биленеді) (хабарланбайды)

(Мәнерлеп оқу)

(фанфар ойналып, үш жүргізуші сахнаға шығады)


1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ата аналар, қонақтар!\

 Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Әнім сенсің туған ел» атты патриоттық әндер сайысына  қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздік  мерекесі еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Келіп жеткен тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Әнім сенсің туған ел» атты патриоттық әндер сайысына  қош келдіңіздер!
Сайысымыздың мақсаты Мәңгілік ел идеясындағы патриотизм, адамгершілік, эстетикалық тәрбиені жас ұрпаққа насихаттау аясында, ата ана, оқушы, мұғалім  үштігінің  біріккен жұмысын көрсету болып отыр.

2-жүргізуші:

1-жүргізуші:

3-жүргізуші:

-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

2-жүргізуші:      

-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

1-жүргізуші:

-ол-Мәңгілік Ел идеясы

2-жүргізуші:   

-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

3-жүргізуші:

-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

1-жүргізуші:

-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

Үшеуі қатар:

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

3 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1-жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!-дей келе «Әнім  сенсің туған ел» атты ән байқауы ашық деп жариялаймыз.


Байқау шарттарымен таныстырып өтейін. Әр сыныптың сынып жетекшісі,оқушысымен және оның ата-анасымен патриоттық ән орындайды. Орындау барысында, орындаушының әнді айтуы, ........... бағаланатын болады.

2-жүргізуші: Байқаудың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1-_______________________________________________

 

2-_______________________________________________

 

3-_______________________________________________


1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Бірінші қатысушы әншілерімізді ортаға шақырайық.

1 «а» сынып жетекшісі: Ақмарал Болатовна

Оқушысы:____________________________________

Ата-анасы:____________________________________


2 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық.

Ортаға 1 «ә» сыныбын шақырайық.

Сынып жетекшісі: Алла Максотқызы.

Оқушысы:_________________________________________

Ата-анасы:_________________________________________

3-жүргізуші:

 Келесі кезекті 1 «б» сыныбына берейік.

Сынып жетекшісі: Бақытханым Ғалымжанқызы.

Оқушысы:__________________________________________

Ата-анасы:__________________________________________

1-жүргізуші:

 Бастауыш сынып арасында Тәуелсіздікке орай көптеген шаралар өтті. Осы байқау барысында сол шараға қатысып, жүлделі орын алған оқушыларымызды марапаттайтын боламыз.

«Тәуелсіздігімді қылқаламмен бейнелеймін» атты сурет байқауы бойынша марапаттайтын ____________________________________

сахна төріне шақырамын.

(оқушылар марапатталады)

2-жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Келесі сахна төріне 2 «а» сыныбын қарсы алайық.

Сынып жетекшісі: Қанзия Қыдырбайқызы

Оқушысы:____________________________________________

Ата-анасы:____________________________________________

Қарсы алайық.



3 - жүргізуші:

Келесі кезекте өнер көрсететін 2 «ә» сыныбын қарсы алайық.

Сынып жетекшісі: Гүлшат Менжанқызы

Оқушысы:_________________________________________

Ата-анасы:_________________________________________

1-жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Сахна төріне 2 «б» сыныбын шақырайық.

Сынып жетекшісі: Нұргүл Өмірзаққызы

Оқушысы: Нұржан Ислам

Ата-анасы: __________________________________________

2-жүргізуші:

«Елімнің еркін ырғағы» атты би байқауында жүлделі орынға ие болған сыныптарды марапаттау үшін _________________________________________________________
шақырамыз.

3-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған.

Ортаға 3 «а» сыныбын шақырайық.

Сынып жетекшісі: Зина Арстековна.

Оқушысы:____________________________________________

Ата-анасы:____________________________________________

1-жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - тен аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Келесі 3 «ә» сыныбын сахна төріне шақырайық.

Сынып жетекшісі: Айнаш Сердіғалиқызы.

Оқушысы:________________________________________________

Ата-анасы:_______________________________________________

2-жүргізуші:

«Тәуелсіздігімді өлеңменен өрнектеп» мәнерлеп оқу сайысында жүлделі орын алған оқушыларымызды марапаттауға __________________________________________________________сахна төріне шақырамыз.

-Рахмет.

Келесі қатысушы сыныбымызды шақырайық. Ортада 3 «б» сыныбы.

Сынып жетекшісі: Күмісханым Рахметтолақызы

Оқушысы_____________________________________________

Ата-анасы:_______________________________________________

1-жүргізуші:

Мерекеге орай 2 және 3 сынып аралығында жазба жұмыстары бойынша байқау өткізілді. 3 cынып оқушылары шығарма, ал 2 сынып оқушылары эссе жазу тапсырылды.

Шығарма тақырыбы:
Эссе тақырыбы: «Мен елімді сүйемін» Осы байқауда жүлделі орын алған оқушыларды марапаттауға __________________________________________________________

Ортаға шақырамын.

3-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам-демекші сахна төріне 4 «а» сыныбын қарсы алайық.

Сынып жетекшісі: Орынша Ахметқайырқызы.

Оқушысы:______________________________________________

Ата-анасы:_____________________________________________

Қарсы алайық!

2 - жүргізуші:

 Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Дей келе сахна төріне 4 «б» сыныпты шақырайық.

Сынып жетекшісі: Шынар Мергенғалиқызы

Оқушысы:_____________________________________________

Ата-анасы:______________________________________________

1-жүргізуші: «Елімнің жаңа келбеті» атты жеміс дәндерінен, тұқымнан жасалған композиция байқауына, әр сыныптың бір оқушысы отбасымен жұмыстанды. Осы керемет туындыны ең әдемі жасап, жүлделі орын алған және алғыс хатқа ие болған отбасыларды марапаттауға, сахна төріне __________________________________________________________қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Келесі кезекті 4 «в» сыныбына берейік.

Сынып жетекшісі: Майра Хыбатоллақызы

Оқушысы:______________________________________________

Ата-анасы:______________________________________________

 

3-жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

1-жүргізуші: Осымен сайыскерлер өнерлерін көрсетіп болды. Қазылар алқасы сайыскерлерді бағалағанша әдемі ән тыңдайық.

Ән: ________________________________

Орындайтын:___________________________________

Сөз кезегі қазылар алқасында.

2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Әнім сенсің туған ел» атты мерекелік ән кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

3-жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

1-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік шара. "Әнім-сенсің туған ел!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 222 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2017 2255
    • DOCX 22 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапарова Нургуль Омирзаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапарова Нургуль Омирзаковна
    Жапарова Нургуль Омирзаковна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7430
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой