Инфоурок Английский язык Научные работы«МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕ БЕЙНЕСІНІҢ ТІЛ ТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ» ҒЫЛЫМИ ЖОБА

«МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕ БЕЙНЕСІНІҢ ТІЛ ТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ» ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Скачать материал

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Ж.ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ   234 МЕКТЕП

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

«МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕ БЕЙНЕСІНІҢ ТІЛ ТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ»

 

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

 

Орындаған: Сейілхан Жұлдыз

Сыныбы:       10 «б»

Ғылыми жетекшісі: Ұзақ Айгүл Жолдасбекқызы

Пәні: Ағылшын тілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019- 2020 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

              I.     Кіріспе

            II.     Негізгі бөлім

1 Мифтік танымның тілмен сабақтастығы

2 Тіл танымындағы дүниенің мифологиялық және тілдік бейнелері

         III.     Қорытынды

         IV.     Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Адам баласының білімі, көрген – білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік  тәжірибесін   сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық – мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда   зерттеу – қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі. Тіл қазынасындағы ұлттардың тұрмыс – тіршілігі  мен өмір тәжірибелерінен хабар  беретін, олардың мифтік санасын  танытатын, тілімізде кездесетін құрамында мифологемалары бар мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді, аңыз әңгімелер мен ертегілерді т.б. дүниенің тілдік бейнесінде қарастыру маңызды мәселе болмақ. Олай болатын себебі, тіл  дүниетаныммен тығыз байланысты ұғым. Кез келген ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным – қандай да бір ұлттың басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысы, адам және сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы. Тілді мифтік таным тұрғысынан қарастырған зерттеуші Б.Ақбердиева: “Тіл – тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей құрылысы емес. Тіл – ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Яғни, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады”, - деп жазады [1]. Демек, тілде әр халыққа тән ұлттық дүниетаным көрініс тауып отырады. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Адамзат баласының өнері мен мәдениетінің тарихында уақыт туралы мифологиялық және философиялық ұғымдар маңызды рөл атқарып келеді. Бұл ұғымдардың пайда болу себебінің өзі әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты екендігі белгілі. Мысалы, мифтік сана туралы А.Лосев былай деп жазады: «Әрине, ғылыми түсінік тұрғысынан алғанда, мифология қиялдан шыққан дүние. Алайда, мифтік сана туралы қиялдан шыққан әлем деп айтуға мүлдем болмайды... Мифті қиялдың жемісі ретінде емес, нағыз шынайы өмірдің өзі деп қабылдау қажет» [2]. Олай болса, тіл - ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі. Бұл ғалам бейнесінің тілден көрініс табуы, яғни ғалам туралы ақпаратты тілдік таңбалар арқылы айқындау – ғаламның тілдік бейнесі деген ұғымды тудырады. Ғаламның тілдік бейнесінде адамның ғалам туралы түсініктері ғана емес, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі сияқты ұлттық дүниетанымымен қатар, оның мифтік санасы да көрініс тауып отырады.

Tіл білімінің негізгі мәселесінің бірі - тіл мен ойлауға байланысты «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы ұстанатын жаңа бағыттың өзіндік ерекшелігі. Яғни, тіл тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей көрінісі ғаңа емес. Тіл - ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан этнопсихикалық, дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Басқаша айтқанда, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің  терең құрылымдарынан бастау алады. Осымен байланысты бұл бағыттағы зерттеулерде бұрын тілдің коммуникативтік қызметінің тасасында қалып, дұрыс мән берілмей келген тілдің танымдық, руханилық қызметі - кумулятивтік қызметіне ерекше назар аударылады. Себебі өз бойында бүкіл бір халықтың рухани қазынасын жинақтап сақтайтын тілдің құдіретінің арқасыңда ұлттық рухтың табы сіңген рухани дүние ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұрпақ жалғастығы, ұлт бірлігі қалыптасатыны белгілі.

Осыған сәйкес тілді зерттеудің танымдық парадигмасы «дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеудің өзектілігі. Осы тұста этностың интеграциялық сипаттағы мәдени-рухани әлемінің ең байырғы үлгісі ретіндегі мифтік сананы тілде сақталып қалған мифтік танымның  көріністерін зерделеу барысында анықтаудың мәні ерекше. Олардың құрамынан әртүрлі ежелгі наным-сенімнің, ұжымдық   таным-тәжірибенің, өнердің, философияның, этнопсихологияның т.б. нышандарының жіктеме зерттеулердің нәтижесінде анықталуы «мифтік таным дегеніміз - мифтік сана дәуірінде дүниенің миф арқылы біртұтас, бөлшектенбеген, синкретті, әмбебап қалпында бейнеленген коғамдық сананың түрі» деп  тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

 Демек, миф - байырғы адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір тәжірибесінен туған таным-түсінігі, өмір салты, ішкі сезім-түйсігінің нәтижесінде калыптасқан ойлау жүйесі.

Ғылымда қалыптасқан осы тұжырымға  негіз беретін - тілімізде сақталып, мифтік мазмұн арқылы этнос болмысын танытатын тілдік деректер, мифтік сюжеттер.

Қазіргі кезеңдегі жалпы тіл білімінде тілдің танымдық тегіне ерекше мән беріліп зерттеле бастауы тіл мен танымның, тіл мен ойлаудың ең байырғы формасының бірі мифтік танымды тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Тілдің терең құрылымдарында жатқан, біртұтастық пен синкреттілік, кешенділік сипат тән бұл ойлау жүйесін тек таза лингвистикалық категория ретінде тілдік заңдылықтар шеңберінде ғана анықтау мүмкін емес. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны процесс ретінде, сабақтастықта қарау, академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаға сүйену, жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің мифтік санасының ерекшеліктерінің лингвомәдени, танымдық сипаты.

Зерттеу пәні. Ағылшын және қазақ мифтерінің дүние  бейнесін сипаттаудағы танымдық сипаты мен қызметі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты қазақ және ағылшын лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің санасындағы мифтерді  ұлт болмысымен байланыста қарастыра отырып, олардың лингвомәдени, танымдық табиғатын ашу. Бұл мақсатты орындау үшін тіл біліміндегі лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика теорияларының қағидаларына сүйене отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

 - мифологиялық дүние бейнесінің ұлттық дүние бейнесіндегі орнын анықтау;

 - ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифологемалардың лингвомәдени ерекшеліктерін саралау;

 - ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифологиялық сипаттағы прецедент мәтіндер мен прецедент есімдердің мәдени ерекшеліктерін айқындау;

 - ағылшын және қазақ мифологиялық дүние бейнесіндегі ұлттық стереотиптердің сипатын аксиологиялық тұрғыдан талдау.

Ғылыми жаңалығы:

- ағылшын және қазақ тілдерін салғастыра отырып, мифтік танымның тілдік көріністері алғаш рет арнайы зерттеу нысанасына айналып отыр;

- тіл мен ойлау байланысына қатысты тілді тек ойды жай білдіруші кұрал ғана емес, ойды құрастырушы, өз бойына сіңірген ұлттық рухты жеткізуші құрал деп қаралады;

- мифтік таным байырғы адамдардың дүниені қарапайым түрдегі объективті тануының алғашқы сатысы ғана емес, дуниені өзіндік табиғатымен субъективті тануының да көрінісі екеніне мән беріледі;

- “ғаламдық бейне” ұғымын тілмен тығыз байланыста қарастырылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида еткен отандық және шетелдік зерттеушілер Э.Тейлор, Г.Спенсор, В.Вундт, К.Г.Юнг, Р.Барт, Дж.Фрезер, Ф.Лосев, А. Вежбицкая, В.Маслова, Ю.Караулов, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева Б.М.Тлеубердиев, Б.Ақбердиева, С.Е.Керімбаева және т.б. еңбектері негізге алынды.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Д.Толкиннің «The Hobbit, Or There and Back Again» повесі, қазақ аңыз-әңгімелері, ертегілері, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық сөздіктер, тарихи–этнографиялық, мифологиялық деректер, монографиялық жазбалар жұмыстың дереккөздері ретінде алынды. Сондай-ақ, қазақ мифологиясының табиғатын ашу барысында С.Қондыбайдың «Қазақ мифологиясына кіріспе» толық шығармалар жинағының 1 томы пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында таза тілдік, атап айтқанда, сыни тұрғыдан талдау әдісі, этимологиялық, семалық сараптама, семантикалық ая, лингвомәдени сараптама, компоненттік және концептілік талдау, аударма тәсілдері, негізгі мәтін мен аударма мәтіндерді салғастыра зерттеу әдісі, түсіндірмелі аударма әдісі, салғастырмалы типологиялық зерттеу әдісі қолданылды.

Жұмыста лингвистикалық зерттеудің дәстүрлі сипаттамалы (дескриптивті) әдісі, салғастырмалы әдіс, концептуалды талдау әдістері, тілдік материалды  жинақтау, жүйелеу әдістері және т.б. қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивті лингвистика салаларының теориялық мәселелерін шешуде, принциптерін айқындауда және бұл салалардың алға қарай дамуында зерттеу жұмысының нақты нәтижелері мен тұжырымдары өз деңгейінде үлес қоса алады.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді ағылшын және қазақ тілдерінің мифологиялық түсіндірме сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында оқытылатын «Лингвомәдениеттану», «Лингвоелтану», «Когнитивті лингвистика», «Мәдениетаралық қарым–қатынасқа кіріспе» және «Елтану» сияқты пәндерден дәріс оқуда, семинарларда, оқу – әдістемелік құралдар жазуда, білім алушылар пәндерден курстық, дипломдық жұмыстар жазуда пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 Мифология танымының тілмен сабақтастығы

 

Мифтің теориясы әлі күнге дейін толық құрылмағанымен, миф туралы әр түрлі концепциялар, болжамдар XIX ғасырдың ортасынан бері қалыптаса басталған. Солардың ішінде Э.Тейлордың, Д.Юмның, Г.Спенсордың, В.Вундттың, К.Г.Юнгтың, Б.Малиновскийдың, Р. Барттың, Дж.Фрезердің, Ф. Лосевтің, Қазақстан зерттеушілерінің (Б.М. Тлеубердиев, Б. Ақбердиева, С.Е.Керімбаева) де ғылыми тұспалдары бар. Мифтің философиясын XVIII ғасырда ең алғашқы рет Дж. Вико құрған. Ғалымның пайымдауы бойынша, миф қиял, ой ретінде қалыптасады. Мифтердің пайда болуының негізгі себебі – жоғарғы күштердің нақты түрде бар екенін түйсік негізінде сезіну, олардан қорқу: «Ең бірінші адамдар заттар туралы әртүрлі ұғымдарды құра алмаған, сондықтан да поэтикалық мінез-құлықтарды, қиялдық түрлерді немесе әмбебаптық құрылымдарды ойлап шығарған. Оларды идеалдық сурет ретінде санап, соларға жеке түстерді жатқызған» [1].

Э.Тейлордың айтуынша, мифтердің негізінде анимистік болжам жатыр, себебі мифтерде жансыз заттар жандылар ретінде қарастырылып, жаны бар құрылымдар ретінде қарастырылады. Жандылардың іс-қимылдарын оңай түрде түсіндіруге болады.

Дж.Фрезерше, миф магиялық іс-әрекеттің мәнін ақыл–ойлық немесе сөздік тәсілдер арқылы түсінуге болады,-деп тұжырымдайды  [2].

В.Вундттың, Л.Леви–Брюльдың, К.Г.Юнгтың пікірінше, мифтің негізінде ежелгі адамдардың дүниені қабылдауда орын алатын ерекшеліктері жатыр, себебі байырғы адамдар сезім, эмоцияларды мифологиялық апперцепцияның қасиеті деп санаған. Сондықтан да миф ерекше ойлау іс-әрекетінің («алғашқы ойлау түрінің») өнімі. Миф арқылы эмоциялар бейнелі түрде жүзеге асырылған [3].

Қазіргі ғалымдардың миф туралы түсініктерін келесі түрде топшылауға болады:

1) мифтер – адамдардың өзінің болмысының ұғыну әрекетінде пайда болған құрылымдар. Алғашқы адамдар мифтерге әбден үйір болып, солармен өздерінің эмоцияналдық және логикалық ассоциацияларын үйлестірген;

2) Мифологиялық ойлау тәсілінің пайда болуы себебі ретінде абстрактілік ұғымдардың жеткіліксіздігі деп санауға болады. Өйткені  жалпы, әмбебаптық ұғымдарды нақты түсініктер арқылы білдіру қажеттілікке айналған;

3) Миф алғашқы адамдардың санасезімдерінде қалыптасқан табиғаттық құбылыстардың ырғақтарын, олардың қайталанбалы кезеңдерін бейнелі түрде көрсетеді;

4) Мифтік құрылымдар адамның психикасының ерекшеліктерін бейнелейді;

5) Миф ұжымдық тәжірибені сақтайтын құрал. Ұжымдық тәжірибе жеке тұлға үшін сенімнің нысаны болды, себебі ол ата-бабалардың даналы сөзі, үлгісі ретінде қаралды.

Жеке тұлғаның тәжірибесі оны өзгерте алмайтын болды, себебі миф – ата-бабалардың наным – сенімі ретінде қарастырылып, ақиқат болды, сондықтан тексеруге жатпайтын даналық түсінік ретінде саналды; 6)Миф табиғаттың заңдылықтарын бейнелі түрде көрсететін тәсіл. Мифтерде абстрактілік ойлаудың әлсіздігінен табиғаттың құбылыстары дербестелген, оларды алғашқы адам саналы түрде жүзеге асырылатын ерік-жігермен байланыстырған. Сондықтан да мифтерде негізгі тұлға Құдырет болған.

А.Ф.Лосев, Л.Кассирер, Дж.Кемпбелл, С.Криппердің еңбектерінде миф әрбір адамның сана–сезімінде ұялаған, әлемнің бейнесі деп түсіндірілген. Осындай әлемнің мифтік бейнесі өзін обьективтік әлемнің фрагменті ретінде ұжымдық және жеке санаға келесі елестерді кірістіреді: өзіне қатынасы бар елестер мен қатынастар, басқа адамдармен байланыстыратын қатынастар, қазіргі заманға және тарихи мерзімге қатысы бар елестер мен байланыстар. А.Ф.Лосев мифтің метафоралардың және символдардың ара жігін айыра отырып, мифке келесі анықтама береді: «Миф бейнелерді нақты субстанциялды түрде көрсететін тәсіл. Аллегорияда, метафорада, символда шартты түрде түсіндірілетін ұғымдар жүзеге асырылады, ал мифта осындай мәнділікті  бейнелер нақты оқиғалар ретінде көрініс беріп, нақты субстанциялық түрде жүзеге асырылады» [4].

Миф туралы көптеген теориялардың ішінен Э.Кассирердің көзқарасын да атап өту жөн болар еді. Ол мифологияны тіл мен өнермен қатар мәдениеттің дербес бейнелілік нысаны ретінде қарастырды. Мифтік сана кілтті қажет ететін құлып ретінде түсіндіріледі. Миф шығармашылық тәртіптің, тіпті болмысты танудың нысаны ретінде көрсетіледі [5].

Мифологиялық танымды адамның сана-сезімінде қалыптасқан ментальды-бейнелілік схема ретінде қарастыруға болады. Бірақ оның тілге қатысы бар,себебі сырттану үдерісінде тілдік тәсілдер арқылы айқынданады. Сондықтан да Р.Барт мифті мәдениеттің симфоликалық тұлғасы ретінде зерттеп, мифтік сана-сезімді белгілі кілті бар код ретінде сипаттаған. Р.Барттың пайымдауынша, «мифті коммуникативтік жүйе, хабарлама деп те санауға болады,»- дейді. Өзінің анықтамасында ғалым келесі пікірін білдіреді: «Миф коммуникативтік жүйе ретінде жүзеге асырылады. Ол белгілі ақпаратты жеткізу тәсілі, миф ұғым да, зат та, идея да емес, ол ментальды тұлға белгілеу тәсілі [5].

Мифті ойдың қиялы емес, өткеннің қалдығына жататын құбылыс деп санауға болмайды, ол ежелден бері адамның өзін-өзі, қоғамды,  әлемді сипаттау үдерісінде оны әр құрылымдарға бөліп,  түсіндіруінде  көрініс тапқан алғашқы сипаттау тілі. Миф пен сананың фетишизациясы ұғымы тығыз байланысты. Осындай пікір миф арқылы объектілерге оларда жоқ қасиеттерін  тиістендіру әрекетінен туындайды. Адам үшін мифтердің маңызы өте зор. Олар арқылы адамдар әлем туралы жан-жақты түсінік құрып, әлемді өзгеше түрде қабылдауды реттейді. Олар өмірге бейімделудің ғылыми білім нысанына қатысы бар баламалы нысан болып табылады.

Адам мифтерді өзі ойлап табады да, соларға өзі ерікті түрде бағынады. Бұл жерде айқын мысал ретінде теледидар хабарларын, жарнаманы атауға болады. Бұл бейнелер әр түрде түсіндіріледі. Неміс зерттеушісі К.Хюбнер мифтік бейнені түсіндіру үшін  қолданылатын тәсілдердің тізімін келтіреді: бір нәрсеге сыйыну, құдірет тұту, сәбилердің тіліне аударуы ретінде (мысалы, күн қуанады, жаңбыр жылайды т.б.) рәсім ретінде (мысалы, жерлеу рәсімі) бейне ретінде (мысалы, шығыс бейнелері) [6].

Мифтік ойлау жан-жақты сипатқа ие. Ол өмірді тудырады және өзі өмірлік тәжірибемен тығыз байланыста болады. 

Мифтің бес негізгі белгісі арқылы оның мәнісін түсіндіруге болады.  Олар:

1) эмоционалдық бояуы;

2) мінез-құлықтың үлгісі модель ретінде іске асырылады;

3) қорытындылық сипаты (қабылдау және күйзелістің, елес және іс - әрекеттің, бейне және идеяның тұтастығын қамтамасыз етеді);

4 )түсіну және мағыналық талдаудың нормаларын белгілейді;

5) бір нәрсе туралы ұғымды, ақиқаттық түрде жете ұғындырылады [7].

Мифтің осындай белгілері адамзаттың әмбебаптық көзқарасының қалыптасуына себін тигізді, өйткені миф әлемнің пайда болуы туралы түсінік беріп, адамның мәнісін және орнын айқындаған, жеке Құдырет пен адамдардың өзара қатынастарын қарастырып, өлім мен өмір мәселелерін шешуге тырысқан, оның бастапқы ерекшеліктері адамдардың көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен. Олар:

1) Әлемнің тұтастығы. Ғарыш, табиғат, адам өзара байланыста болған олардың бәрі рухтанған бастамамен жандаған (әлемдік жан). Барлығы бар элементтермен байланыстырылған;

2) Адамның дамуы Құдыретпен, Ғарышпен байланыста болған. Адамның болмысына қатысы бар құбылыстар, адам үшін мағыналы түсініктер, ұғымдар – бәрі де ғарыштан шыққан;

3) Әлемді тану қабілеті адамға бастапқы кезде берілген. Сондықтан адам одан бұрын не болғанын тек ғана есіне түсіріп отырады. Адамдар өздерінің іс-қимылдарында құдайдардың ежелгі заманда жасаған әрекеттерін қайталайды;

4) әлемнің күрделілігін символдар арқылы тануға болады, себебі символ – абсолюттықтың белгісі.

М.Элиаде миф жөніндегі өз ойларында, реалды дүниеге қатысты болуына орай кәміл, шексіз ақиқат және жасампаз іс-әрекеттің нәтижесі болғандықтан киелі деп есептейді;  миф әрқашанда «жаратушыға» қатысты болады, ол әлдененің дүниеге қалай келгендігін немесе әлдебір жүріс-тұрысының, ережелердің және еңбек машықтарының қалайша пайда болғандығын әңгімелейді, нақ сондықтан да миф адамның жүріс-тұрысындағы елеулі деуге болатын барша харекеттің парадигмасын құрайды;  мифты тану арқылы адамзаттың «шығу тегін» танитын болады,  сол оған заттарды иеленуге және өз қалауына сай басқаруға мүмкіндік береді; бұл жердегі сөз «сыртқы», «елеңсіз» (абстрактный) таным жөнінде емес, мифты жоралға түрінде қайталау кезінде немесе оның ғұрыпты өткізу барысында (сол ғұрыпқа тұғыр болып келетін) қайталау кезінде жоралғы деңгейінде «бастан кешіруге»  болатын таным  жөнінде болып отыр;  қалай болғанда да миф, жадына қайтадан, реактуалданған оқиғалардың қасиетті және киелі құдыретіне «ой алдырған  аудитория тарапынан бастан кешіріледі» [8].

Серікбол Қондыбайдың пайымдауынша, «миф ежелгі заман танымының, ақиқатының, ақпаратының сақтаған «техникалық тілі», бұл тіл астарлап беріледі яғни ол – сегіз қырлы, бір сырлы жәдігер» [9, 203].

Б.Ақбердиева мифтің табиғатын дұрыс көрсеткен. Оны ментальдық, мифологиялық ойлаудың тәсілі ретінде санап, тілмен байланысын көрсеткен. Тілдің танымдағы орнын Б.Ақбердиева келесі анықтамасында көрсетеді: «Мифтік танымды құрылым ретінде қарастыру, оның логикалық құрылысын, мифологиялық мазмұнын, психологиялық мәнін, поэтикалық өріліун, т.б. жақтарының тұтасып келіп, тілде сабақтасқан көрінісін кешенді түрде зерттегенде ғана, тіл мен танымның байланысы анықталмақ» [10,14].

Мифтің тілге тікелей қатысы бар екенін Қазақстандық ғалымдардың бірталайы (Б.М.Тлеубердиев, Серікбол Қ., Б.Ақбердиева, С.Е.Керімбаева, т.б.) анықтаған. Ономастика саласындағы лексемаларды зерттеу барысында тікелей мифтердің құрылымын талдағанда дәлелдеген. Сондықтан да Ақбердиева тіл мен мифтің байланысын атап өтіп, тілді мифологиялық дүниетанымның көзі деп қарастырады: мифологиялық таным түсініктерді сұрыптау және оны тілдік жағынан түсіндіру қазіргі кезде өте маңызды. Себебі, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, тіл-мифологиялық дүниетанымның жинақталған бірден бір көзі [11,14].

Зерттеушілердің пайымдауынша, барлық халықтардың мифологиялық жүйесінде үш деңгейлі модельдің түрі жүзеге асырылады (жоғары, орта, төмен). С.Е.Керімбаева  қазақ мифологиясының жүйесінің үш деңгейлі моделі негізінде құрылған жалқы есімдерді қарастырып, бұл мифологиялық модельдер туралы пікір білдіреді: «қазақ мифологиялық жүйесіне көптеген әлем халқтарының мифологиялық жүйесі сияқты әлемнің жоғары, орта, төмен деп аталатын үш деңгейлі моделі тән. Мұнда жоғары – аспан, орта-жер,  төмен – жер асты, әлем деңгейлері мүшеленеді, әрі сәйкестендіріледі».

Үш деңгейлі модельмен қатар мифтік ғалам бейнесінде «жеті» моделі де орын алған. Н.Уалиұлының пікірінше, жеті ғалам мифологиялық түсінігінде жеті саны негізгі бағытты білдірген. Олар – дүниенің төрт бұрышы: күншығысы, күнбатыс, түстік, терістік және тігінен келген модельдегі аспан – жоғарғы ғалам, жер – орта ғалам, жер асты – төменгі ғалам [12]. Ғаламның мифтің тілдік бейнесінде мифологиялық кеңістік тігінен үш әлемнен құрылса, сонымен қоса оның горизонтальдық моделі де бар. С. Қондыбай және Б.М.Тлеубердиев ғаламның горизонтальдық моделін синонимдерде қарастырып, көлденең космографиясын сипаттау барысында хантөрткуль, әзіреттің Алатауы, құндыздық қара теңізі, Нұрбұлақ, т.б мифонимдерде, мифотопонимдерге талдау жасаған.

Ғаламның мифологиялық тағы да бір моделі төрт, тоғыз санымен байланысты. Тоғыз саны әлдебір толықтықты, түгелдікті білдіреді. Мифте адам жанының саны тоғыз деп беріледі. Мифтерде қозғалысты тоғыз рет қайталау культтік нысанаға тоғыз рет тағзым ету керек екені де көрсетіледі. Мысалы монғолдың құпия шежіресі кітабында былай жазылған; белбеуін таспиқша салып, тымағын жұмарлай ұстаған қолын кеудесіне басып, нұрлы күнге қарап, Бурхан-Залды тауына тоғыз рет тағзым етіп, тілек шашу шашқан [13]. Барлық нәрсені тоғыз санымен шектеу арғы-қазақтарға тән болған, мысалы рашидадриннің дерегі бойынша, Шыңғыс ханды хан етіп сайлауға қатысушылар жаңа сайланған ханның алдында тоғыз рет тізе бүккен.

Тоғыз рет жасалған қылмысты да ақтау аңыздарда кездеседі, мысалы, Шыңғыс хан Бургуджи мен Бургулға өзін құтқарғаны үшін тархан титулын береді. Тархан құқығына ие болған адам сегіз қылмыс жасаған жағдайда жауапқа тартылмайды, тек тоғызыншысын жасаған жағдайда жауапқа тартылады [14].

А.Ақбердиев, Б.М.Тлеубердиев, С.Е.Керімбаева өз еңбектерінде мифологиялық дүниетанымның тілдегі көрінісін жалпы есімдерде қарастырған. Біздің ойымызша мифологиялық дүниетанымды фразеологиялық бірліктерді де табуға болады.Фразеологиялық бірліктердің мазмұнында мифологиялық танымның үш деңгейлік, төрт деңгейлік модельдері және Бәйтерек, жаратушы Тәңір, жеті ұғымдары кең көлемде көрініс береді.

Көк: Қазақ ұғымы мен болмысында көк сөзінің мағынасы терең, ол Тәңірдің тұрағы ретінде ұғындыралады, сондықтан да қазақтар аспанға қарай қолын көтеріп жалбарынады; Тәңір жарылқасын, Тәңір тілеуіңді берсін, көк соқыр, жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке, көк бойлады, көк жиек, көк кәріне ұшыра, көкке жетті, көк келсін, көкке көтерді, көкке көтерілді, көк көкіретіп, жер тітіретті, көк күмбез, көк соққан [15].

Аспан:  аспан (ауа әуе) айналып жерге түсердей, аспан аптап күн шыжыды, аспанға көтерді, аспанға қарады, аспанға ұшса да, жерге батса да жоқ қылады, аспандағы айға қол созды,  аспанмен (көкпен) астасқан, аспаннан түскен төрт кітап, аспаннан түсті, аспаның ашық болсын.  

Жер:  жер ұйық малға жанға береке, құт мекен, шұрайлы жер, жер иіді, жер көктеді; күн күркіресе, жер иір, жер иісе мал иір;   Жер күңіренді, у – шуға толды, айнала жаңғырықты; Жер-көкті шарлады (көп жерді аралады). Жер қайысты (өте көп құмырсқадай қаптаған, қаһар – айбарлы мол жиын жайлы айтылады). Жер қапты. Жер құшты (өлді). Жер жұтты(тез жоқ болды). Жер жастанып су сүйеніп отыр. (Сараң пейілі тар кісі туралы айтылады). Жер жұтқыр (қарғыс). Жер аударды (Еріксіз қоныс аударды). Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты. (Табан астынан бәле шықты). Жерге кіріп кете жаздады. (қатты ұялды). Жұмбақтарда; Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (жер). Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, қимылдар сол кісіден елдің тісі. Талқандап беті жүзін тырнасаң да, бір ауыз неге үйттің деу емес ісі. (жер)  [16]. Мақал мәтелдерде; әуелі тәңір жерге береді, жерге берсе, елге береді, елге берсе, ерге береді. Жер – ырыстың кіндігі, еңбек-ырыстың тізгіні. Жер құрсағы қысырамас. Мінген атың жер – ортақ,жанған отың күн – ортақ. Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді.

Су: ағын су мифологиялық дәстүрлерде екі өлшемнің екі дүниенің, екі кеңістіктің, екі уақыттың, екі қасиеттің шектесер тұсы (нүктесі немесе сызығы), оларды бір – бірімен жалғап та, ажыратып та тұрған межесі болып табылады. Мифтік өзен (дария) фольклорлық мәтіндерде линиялық сипаттағы су нысаны болып көрінеді, бірақ олардың басты сипаты «шекаралық қызметпен» шектелінгендіктен, бастапқыда «мифте судың» шеңбер болғандығын анықтауға болады.  Мифтік сипатқа ие су нысандары өзен, дария «көл», теңіз «мұһит» деп аталады. Кей жағдайда олардың нақтылаушы атаулары да аңыздарда, мифтерде кездеседі,мысалы, «Үлкен дария» «Тасты көл», «Құла су», «Елек су», «Асау өзен», «Көк дария», «Заңғар су», «Ніл дария», «Ағун дария», «Телі көл», «Сынап көл», «Қара өзен», т.б.

Су-шекаралық өзен, дария, көл, теңіз ұғымдарында да мифалогиялық мағынасы бар фразеологиялық бірліктердің қазақ тілінде бірнеше топтарын атауға болады;су аяғы құрдым (десейші) (жер түбі), суға да батты , отқа да жанды, суға кеткен тал қармайды, суға салса батпайды, отқа салса жанбайды, судың да сұрауы бар, су иесі Сүлеймен, су қараңғы, су түбіне батырады, суы басқа, т.б. Дария; дария кешті, көк дария, ніл дария, ағун дария, дария шексіз де, шетсіз, т.б. Теңіз;телегей теңіз, теңіздің ар жағында, ашық теңіз,  жердің бетін телегей теңіз су қаптады,т.б.

Көл: көл иесі Қамбар (киеліге табыну ретінде айтылады), көл шайқады, көлінен құсы ұшты, көл – көсір [15]. Көшпелілер Көк Құдайы-Тәңірге сенген. Түріктердің мифтік дүниетанымы бойынша – Тәңір дүниедегі жан иелерінің барлығына тіршілік лебін беруші. «Тәңірдің жаралуы туралы мифте» Тәңірдің мұхиттан жаратылуы былай деп суреттелінген. Баяғыда көк те, жер де болмаған тек бір ғана шетсіз – шексіз мұхит болған. Күндердің бір күнінде мұхиттың ортасында ақ жарық көрініп одан нұр шашқан алтын жұмыртқа шыққан, оның ішінде күллі әлемнің болашақ түп атасы Тәңір жаралған [15].

Көк тәңірі аспан туралы  фразеологиялық бірліктерде Тәңірден тап, Тәңір атқыр, Тәңірге не жаздым, Тәңір жарылқасын, мұнда қандай сыр барын Тәңірім білсін, Тәңір деп, Тәңір ісі, Тәңір жазса, Тәңір жарылқап, Тәңірді тұт, Тәңірдің ісін танымай кету [15] сияқты табыну мазмұндас тіркестер де кездеседі.

 

2 Тіл танымындағы дүниенің мифологиялық және тілдік бейнелері

 

Тіл біліміндегі зерттеулердің негізі бүгінгі таңдағы жаһандану процесіне төтеп беруге қарсы ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып түсіну үшін, тілдік бірліктерді тіл мен танымның тұтастығы, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы тұрғысында тілдік емес лингвофилософиялық мәнділіктермен өзара сабақтастықта «ғаламның тілдік бейнесі» деген күрделі теорияның ыңғайына сай негізделіп зерттеу ісін жүргізу бағыты кеңінен етек алуда.

Тіл – адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.

Дүниенің тілдік бейнесі жөніндегі мәселе көптеген зерттеушілердің зерттеу нысанына айналып отыр. Атап айтар болсақ, дүниенің тілдік бейнесі туралы зерттеулер шетел ғалымдары Ю.Н.Караулов, А.А.Уфимцева, В.И.Постовалова, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, т.б. еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келсе, қазақ тіл білімінде Э.Сүлейменова, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Ғ.Сағидолда, А.Ислам, Б.Ақбердиева, Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Б.Тілеубердиев, Г.Имашева және басқалардың еңбектерінде әр түрлі аспектіде қарастырылып келеді.

Дүние бейнесі деген ұғым адам баласының қоршаған орта мен дүниеге деген өзіндік көзқарастарын зерттеуге негізделеді. Айнала қоршаған дүние немесе адам мен оның өмір сүретін ортасы өзара байланысты. Дүние бейнесі – өте күрделі, үнемі қозғалыста болатын, тұрақсыз ауыспалы процесс. Онда адамдардың бір-бірімен тіл табысуын, ортақ шешімге келуін қамтамасыз ететін жалпы халықтық сипаты да болады.

Дүние бейнесі жайлы В.Н.Телия: «ғаламның тілдік бейнесі-көріністері әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүние-ғаламның түрлі- түсін өзінше мүшелей тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде өзгеше болып өріледі» – дейді.

Б.С.Жұмағұлованың пайымдауынша: «Дүниенің тілдік бейнесі екі негізгі қызмет атқарады: біріншіден, дүниенің ғылыми бейнесінің негізгі элементтерін білдіреді, екіншіден, тілдік тәсілдердің көмегімен дүниенің ғылыми бейнесін түсіндіреді.

Құрамы мен құрылымы немесе тектік бірлестігі әр алуан тілдерде де ғаламның тілдік бейнесі өзгеріп ауысып отырады. Бұл адам баласына тән құбылыс. «Дүниеге көзқарас, дүние бейнесі жайлы сөз өрбітіп отырған уақытта тілдік тұлға туралы ұғымға көңіл аудармай кетуге болмайды. Себебі адамның жеке санасы, дүниетанымы мен рухани құндылықтар дүниесінде өз орнын табу мәселесімен, қалыптасқан дүниеде бағыт-бағдар алуымен тығыз байланысты»

«Тіл ұлттың, халықтың өзіне тән ерекшеліктерін білдіреді және оны қалыптастырады, дүниені танудың ұлттық сипатын бейнелейді, сондықтан да түрлі ұлттардың дүниетанымының негізін, олардың тілінен іздеу керек» деген де пікірмен санасу керек.

Дүниедегі заттар мен құбылыстар, уақыт пен кеңістік жер бетіндегі тіршілік ортасы адамзатқа ортақ болғанымен, әр этнос сол заттар мен құбылыстарды, уақыт пен кеңістікті өз мәдениетіне, танымына, болмыс- бітіміне сай қабылдайды. Мәденитанымдық өзгешеліктер адамзаттың таным процестерінде шартты түрде ғана бөлінеді. Себебі дүниені қабылдау, ой түйіндеу секілді процестер барша этностық топтарға ортақ.

Әрбір тілдің өзіне тән ерекшелігі болғандықтан, ұлт өз болмысын «ғалам бейнесінде» өзінше қалыптастырады. Ғалам бейнесі мен ғаламның тілдік бейнесін қалыптастыруда ұлттық сипат өзіндік орын алады.

Адамзат баласының дүниетанымындағы әлемді бағалау, оған деген өзіндік көзқарас ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау мәнері, қоршаған әлемді танып білу процестерінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар әлемімен өлшенеді. Адам баласы дүниедегі бар затты тілдегі сөздермен белгілейді оған атау береді. Ал бейнесі жоқ тосын дүниені немесе затты қабылдау оған атау беру санаға ауыр соғады. Осыдан келіп дүниенің адам санасындағы бейнесі тілдегі бейнелермен сәйкес келеді. Әрбір ұлттың немесе халықтың санасында ғалам бейнесі сыртқы және ішкі факторлардың негізінде әр түрлі болатындықтан, тілдегі ерекшеліктерде сан түрлі болады. Сыртқы факторларға аралдық аймақ, табиғат жағдайы, әлеуметтік ерекшелік, қоғамдық құрылыс, шаруашылық, діннің ықпалы, саяси тарихи, т.с.с. жағдайлар жатса, ішкі факторларға тілінің генологиялық тегі, типологиялық ерекшелігі, әдет-ғұрып, салт-сана, менталитет, ұлттық дүниетанымды жатқызуға болады.

Дүниенің тілдік бейнесі, тілдік көрінісі дегеніміз – тілдің лексикасында, грамматикасында таңбаланған, бекітілген, сақталған тіл иесінің күллі дүние, әлем, ғалам туралы білімдерінің жиынтығы. Сыртқы дүниедегі құбылыстар мен заттар, шындық болмыс адам танымында мәндік өріс, мағыналар жүйесі ретіндегі ішкі образдар түрінде орнығады. Олай болса дүние, дүние бейнесі, дүние көрінісі дегеннің өзі – образдар жүйесі.

Мифологиялық образдар біздің өмірімізде ана тіліміздің көмегімен әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мақал-мәтелдер арқылы қолданылып келуде. Көптеген сөздер мен әсерлі түсініктер бізге көне заманғы тарихымыз мен мифологиялық өткенімізден жетіп, тілімізде көрініс тапқан, біз олардың ертеректегі мазмұнын ескермей күнделікті өмірде қолданып жүрміз. Ғасырлар тоғысынан жеткен аңыз персонаждары арқылы табиғат, жер бетіндегі тірлік, адам өмірі үйлесімді өрнектеліп, дүниетанымның ерекшеліктері жеткізіледі.

Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адамға тән көңіл-күй, іс-әрекетпен көрінуі, көне мифтік тұрғыдағы  бүткіл құбылыс пен заттардың рухы, жаны бар деген сенімнен туған нанымның жемісі.

Мифология жеке халықтардың тарихын зерделеуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір қайнар болып табылады, себебі мифтерде ғасырлар қойнауына сіңген оқиғалар көрініс тапқан [17].

Ағылшын жазушысы Джон Толкиннің «The Hobbit, or There and Back Again» повесінен ағылшын дүние бейнесінің айқын көрсеткішін төменгі перілікті білдіретін мифологемаларды таба аламыз. Төменгі мифологияға тәңірлік мәртебесі жоқ мифтік тіршілік иелері жатады.

Эльфтер Ұлыбританияға ағылшындық сакстармен бірге келген және перілерді біртіндеп алмастырған табиғаттан тыс тіршілік иелерінің жалпы атауы болып табылады.

Үлкен Эддалар Liosalfar  халқы – жағымды және қайырымды жарқын эльфтар туралы және Dockalfar халқы - жер асты озбыр, қара пиғылды эльфтарды тілге тиек етеді. Alfr скандинавтық кірме сөзі көне ағылшын тіліне (древнеанглийский) aelf түрінде кіріп, кейіннен elf болды. Elf зат есімі скандинавтық түптамырынан эльф табиғатының екі жақты –жағымды және жағымсыз – мағыналарын иемденді. Германдық пұтқа табынушылықты алмастырған христиан діні де эльфтерді жоя алмады, олар тек бұрынғысынан қатерлірек, табиғаты шайтани болып өзгерді. 1000 жылдары эльфтердің сиқыршылығынан емдейтін дәрілер және «A salve against the race of elves» – «эльфтерден құтқару» ескі емдік кітаптағы олардан қалған ауруларға байланысты оларға байланысты алғашқы жазба деректері  қалған. Онда Elf disease (aelfsagatha) – адамның көздерінің сарғаюы немесе water-elf disease (waeteraelf-add) – тырнақтардың жұмсаруына және көздің жасаурауына әкелетін эльфтерден келетін ауруларға сипаттама беріледі.

Ағылшын тілінде бүгінгі күнге дейін Alfred, Alfric сияқты ескі скандинав тілінен шыққан есімдер өте танымал.

Эльф зат есімінің elf, elv – көне сібірлік «су», валлий тіліндегі el сөзі рухты білдіруінің байланысты болуы мүмкін. Британия аумағына сырттан келу көзі болып табыла отырып, эльф сөзі барлық скандинав тілдеріне тарады. Сонымен бірге, эльф сөзінің alp – «сұмдық» және латынның albus –«ақ» сөздерімен байланысты болуы да мүмкін. Оған қоса alp пен alf тауды және тау рухын білдіреді, ал көне ағылшын тілінде ielfety – «аққу» зат есімі, грек тілінде alphas – ақ дақтар шығатын тері ауруы, санскритте ribhu – «жарқыраған» дегенді білдіріп, мейірімді рухтарды көрсетсе, үнді-европалық lobh түбірі – зұлым рухтармен байланысты – «алдау» мәнімен беріледі. Сөйтіп,рух, тіпті жарқыраған рух та эльф сөзі мағынасының негізін құрайды.

Ағылшын тілінде elf – locks – «эльф бұрымы» – шатасқан шаштар, elf – arrows – «эльф жебесі» – тас үйінділер, elf – shot – «сиқырланған» мәніндегі эльф атысы сөздері elfтен шыққан туынды сөздер.

Ертегі мәнмәтінінде elf мифологемасы адамдардан алыс тұратын керемет ғажайып тіршілік иелерін суреттеу үшін пайдаланылады. Мәтінге жүгінсек:

«So they laughed and sang in the trees; and pretty fair nonsense I daresay you think it. Not that they would care they would only laugh all the more if you told them so. They were elves of course. Elvish singing is not a thing to miss, in June under the stars, not if you care for such things» [18].

«Elves know a lot and are wondrous folk for news, and know what is going on among the peoples of the land, as quick as water flows…» (Tolkien).

Эльфтер уайым-қайғысыз өмір сүреді: олар өлең айтады және ағаштар арасында билейді. Солай бола тұра эльфтер ақылда халық және  олар адамдар дүниесінде болып жатқанның бәрін бақылап отырады.

«His house was perfect, whether you liked food, or sleep, or work, or story-telling, or singing, or just sitting and thinking best, or a pleasant mixture of them all. Evil things did not come into that valley» (Tolkien).

Сонымен, эльфтің үйі жолдан келгенде тамақ жейтін, демалатын, ескі әндер мен аңыздар тыңдайтын тамаша орын. Эльф үйін бейбіт өмір мен тыныштық жайлаған. Зұлымдық оның үйін айналып өтеді.

Сонымен, ертегі мәтінінде elf мифологемасы уайымсыздық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттердің бейнесі болып табылады.

Кез келген көне мифологияда адамды қоршаған әлем белгілі бір атрибуттар, қызметтер және қасиеттер аямай берілген, ғажайып күш түрінде беріледі. Dwarfтар – «ергежейлілер»-германдық пұтқа табынушылық мифологиясының маңызды құрамдасы. Кішкентай перілер адамдар мен рухтар арасында аралық орынға ие. Герман ергежейлісінің этимологиясы бүгінгі күнге дейін даулы мәселе. Көне сібірлік dverg пен көне ағылшындық dweorg және немістің zwergтің сәйкестігі, әрине күмән келтірмейді. Дегенмен, бұдан да көне параллельдер бар: «зұлым рух», «алдамшы» деген сөздер dhwaras ретінде санскритте, ал грекше «маса», «шіркей», қандай да бір кішкентай зат – serphos. Ағылшын тіліне ергежейлі сөзі – dwarf – 1823 жылы ағайынды Гриммдер ертегілері шыққаннан кейін енді.

Ергежейлілер елсіз шахталар мен кен орындарында өмір сүреді, олар алтын өндіріп сақтады деп есептеген еді. Ертегі мәнмәтінінде dwarf мифологемасы жер астында өмір сүріп, бағалы металлдарды өндіретін тіршілік иелерін көрсету үшін пайдаланылады. Мәтінді қарастырайық:

«It was two more dwarves, both with blue hoods, silver belts, and yellow beards; and each of them carried a bag of tools and a spade» (Tolkien).

«They mined and they tunnelled and they made huger halls and greater workshops -and in addition I believe they found a good deal of gold and a great many jewels too. Anyway they grew immensely rich and famous, and my grandfather was King under the Mountain again and treated with great reverence by the mortal men» (Tolkien).

Ергежейлілердің нышандары түрлі түсті капюшондар (both with blue hoods), күміс белбеулер (silver belts), сарғылт сақалдар (yellow beards), құрал-саймандары бар қап пен күрек (a bag of tools and a spade). Ергежейлілер тау бөктеріне үлкен залдар мен шеберханалар салған. Олар онда алтын және  бағалы металлдар өндірген. Ергежейлілер тек байлығымен емес, сонымен бірге ұсталық шеберліктерімен де сыйлы болған. Dwarf мифологемасы еңбекқорлық, табандылық, өз ісіне берілгендік сияқты қасиеттерді білдіреді.

Goblin мифологемасының тарихы бірнеше дәуірден өтті. XII ғасырда латын сөзі gobelinus (гоблин) француз қаласын қаласының ізін аңдып жүрген рухтың есімі ретінде қолданылды. Мүмкін, ол шағым ретіндегі Gobel (қазір Gobeau) жалқы есімінің кішірейте айту нұсқасы болар, өз кезегінде гректің kobalos сөзімен, латын тіліндегі cobalus – рух – тоқтату қиын есер (проказник) сөзімен төркіндес болар. Ағылшын-нормандық gobelin сөзі норман диалектісінде әлі күнге дейін сақталған. Гоблин үйде де, шахтада да, қуыстарда да өмір сүреді. Гоблин – жауыз тіршілік иесі. Аңыздарға сәйкес гоблиндер атқоралардан аттарды ұрлаған, солармен түні бойы жүйіткіп отырған. Бұл аттардың таң атар атпастан балбырап тұрғанынан түсінікті болды. Гоблиндер нәрестелерді де ұрлаған және орнына ұсқынсыз ауыстырылғандарын (подменыш) тастап отырған.

Ертегі мәнмәтінінде гоблиндер терең үңгірлерде өмір сүретін қатыгез жауынгерлер болып табылады. Мәтінді қарастырайық:

«Out jumped the goblins, big goblins, great ugly-looking goblins, lots of goblins, the goblins were very rough, and pinched unmercifully, and chuckled and laughed in their horrible stony voices; now goblins are cruel, wicked and bad-hearted. For goblins eat horses and ponies and donkeys (and other much more dreadful things), and they are always hungry» (Tolkien).

Сонымен, автор гоблиндерді дөрекі (very rough),көріксіз (ugly-looking), қатыгез, мейірімсіз қорқынышты дауысты (laughed in their horrible stony voices) және үнемі аш жүретін (always hungry) етіп суреттейді.

«They make no beautiful things, but they make many clever ones. They can tunnel and mine as well as any but the most skilled dwarves, when they take the trouble, though they are usually untidy and dirty. Hammers, axes, swords, daggers, pickaxes, tongs, and also instruments of torture, they make very well, or get other people to make to their design, prisoners and slaves that have to work till they die for want of air and light» (Tolkien).

Мәтіннен байқағанымыз: әдемі заттар жасауға епсіз (make no beautiful things). Бірақ олар шеберлігі жөнінен ергежейлілерден қалыспайтын керемет шахтерлер (as well as any but the most skilled dwarves).

Қарапайым құралдардан бөлек гоблиндер азаптау құралдарын жасайды және тұтқынға түскендерді, құлдарды әбден әлсіргенше еңбек етуге мәжбүрлейді. Ертегі мәтінінде бұл мифологема қатыгездік,қызғаныш, билікқұмарлық сияқты жағымсыз қасиеттердібейнелейді.

Troll мифологемасы скандиравтық фольклордан алынған және адамтектес нәсілдің тіршілік иесін білдіреді. Тролль ағылшын ертегісіндегі огр немесе тауларда, үңгірлерде өмір сүретін тіршілік иелері секілді қатыгез дәу бейнесінде де кездеседі. Оларды hill – folk немесе mound – folk (төбе халқы) деп жиі атаған. Оркни және Шетланд графтігінде тролльдерді trowe деп атаған.

Көне сібірлік troll сөйлесімі «дәу,жын-пері,әзәзілді» білдірді. Бұл мифологема протогермандық сөзбе-сөз аударғанда «ебедейсіз тіршілік иесі» дегенді білдіретін trulzan деген сөзден шыққан деп те есептеледі. Бірқатар жағдайларда troll мифологемасы табиғаттан тыс құбылыстарды көрсету үшін пайдаланылған, мысалы troll-дың шведтік нұсқасының «сиқырлау,таң қалдыру» деген мағынасы бар. Сібірлік сөйлесімде trolldomr сиқырлау, қара дуа (магия) дегенді білдірген. Көне аңыздарда өгіз, қабан түріндегі табиғаттан тыс -  bull – trolls, boar – trolls – тіршілік иелері туралы айтылады.

Ертегі мәтінінде troll мифологемасы бойы өте ұзын адамтектес ашушаң, қаһарлы тіршілік иесін көрсеті үшін қолданылған. Мәнмәтінге жүгінсек:

«Three very large persons sitting round a very large fire of beech-logs. Obviously trolls. Even Bilbo, in spite of his sheltered life, could see that: from the great heavy faces of them, and their size, and the shape of their legs, not to mention their language, which was not drawing-room fashion at all, at all.

Trolls are slow in the uptake, and mighty suspicious about anything new to them» (Tolkien).

Сонымен, автор тролльдерді қорқынышты, үлкен,сиықсы келбетті (great heavy faces) және үлкен аяқтары бар (shape of their legs)тіршілік иесі ретінде суреттейді. Тролльдер зияткерліктің жоқтығымен, жайбасарлық және күдікшілдіктерімен ерекшеленеді (mighty suspicious).

Тролльдер күн сәулесінен қорқады, өйткені күн астында тасқа айналады. Мәтінге жүгінейік:

«For just at that moment the light came over the hill, and there was a mighty twitter in the branches. William never spoke for he stood turned to stone as he stooped; and Bert and Tom were stuck like rocks as they looked at him. And there they stand to this day, all alone, unless the birds perch on them; for trolls, as you probably know, must be underground before dawn, or they go back to the stuff of the mountains they are made of, and never move again» (Tolkien).

Осылайша, тролльдер бейнесінде автор ақымақтық, надандық, менмендік секілді қасиеттерді көрсетті.

  Ертегі мәтінінде кездесетін мифтік құбыжықтар арасынан айдаһарды (dragons) бөліп көрсетуге болады. Dragon өз бастауын латындық dracon,  draco - айдаһар деген сөзден алады. Бұл сөз «ашық, жарқыраған» мағынасындағы көне ағылшындық torht сөзімен төркіндес болып табылады. Алғашқы айдаһарлар сумен байланыстырылған, өйткені рептилиядан шыққан. Дегенмен ортағасырлық ертегілерде айдаһарлар құрлықтағы тіршілік иелері ретінде қабылданған. Ағылшын айдаһарларын кейде knucker немесе nucker деп атайды. Бұл сөз ағылшын-саксондық nicor (су құбыжығы) деген сөзіне келеді және көне ағылшындық Беовульф батырлық поэмасында еске түсіріледі.

  Ертегінің мәтінін  талдай келе мынадай қорытынды жасауға болады: автор айдаһар бейнесін ортағасырлық көріністер негізінде жасаған. Сонымен, айдаһар алтынның соңына түскен құбыжық болып табылады. Мәтінді қарайық:

«Dragons steal gold and jewels, you know, from men and elves and dwarves, wherever they can find them; and they guard their plunder as long as they live (which is practically forever, unless they are killed), and never enjoy a brass ring of it. Indeed they hardly know a good bit of work from a bad, though they usually have a good notion of the current market value; and they can’t make a thing for themselves, not even mend a little loose scale of their armour» (Tolkien).

  Айтып өткеніміздей, дәл осындай құбыжық Беовульф поэмасында суреттелген. Ол өзінің су асты үңгіріне ұрланған алтындарды жинаған.

  Ертегі мәтінінде dragon мифологемасы ашкөздік, қанағатсыздық, жеңіл табысты аңсау сияқты жарамсыз қылықтарды бейнелейді.

  Сонымен, мифологемалар әлемнің мифологиялық бейнесін немесе мифологиялық ойларды зерттеуде маңызды рөл атқарады. Қарастырылған мифологемалар адаммен қатар өмір сүретін жақын кеңістіктегі рухтар болып табылады. Олардың қатыстырылуымен адамдар күнделікті өмірде өздерімен болған түсініксіз жағдайларды түсіндірген. Бірақ біз қарастырған «Хоббит» әдеби ертегісінде бұл мифологемалар басқа қызметтерді атқарады. Автордың жоспарлауы бойынша, мифологемалар, ертегі кейіпкерлері мифологиялық ойлаудың, ата–бабаларға шындық болып табылған дүниенің қияли үлгісінің элементтері емес. Сонымен, қарастырылған мифологемалар адамға тән жағымды немесе жағымсыз қасиеттерді символмен көрсетеді. Олар әмбебап кінәлаушы және әмбебап қолдаушы болып табылады.

  Автор Ұлыбританияға ұқсас мифтік әлемді жасау үшін кельттік, скандинавиялық, көне германдық мифологемаларды пайдаланды. Бірақ әдеби ертегілерге тән стилистикалық тәсілдер арқасында бұл әлем шындыққа жақын бейнелі болып шыққан.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда  миф - байырғы адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір тәжірибесінен туған таным-түсінігі, өмір салты, ішкі сезім-түйсігінің нәтижесінде калыптасқан ойлау жүйесі.

Ғылымда қалыптасқан осы тұжырымға  негіз беретін - тілімізде сақталып, мифтік мазмұн арқылы этнос болмысын танытатын тілдік деректер, мифтік сюжеттер. Мифті ойдың қиялы емес, өткеннің қалдығына жататын құбылыс деп санауға болмайды, ол ежелден бері адамның өзін-өзі, қоғамды,  әлемді сипаттау үдерісінде оны әр құрылымдарға бөліп,  түсіндіруінде  көрініс тапқан алғашқы сипаттау тілі.

Мифтік дүниетаным қазақ халқының көзқарастық ұғымдары  мифологиялық танымы, мифологиялық ойлау тәсілі арқылы адамдардың сана сезімінде бірте-бірте қалыптасады. Осындай мифологиялық елестер, схемалар тілдік бірліктер арқылы экспликацияланады, яғни сырттанады. Тіл мифологиялық елестерді жүзеге асыру көзі, негізгі құралы. Себебі, мифологиялық таным түсініктерді сұрыптау және оны тілдік жағынан түсіндіру қазіргі кезде өте маңызды. Ғаламның мифологиялық бейнесі әр түрлі модельдер арқылы беріледі; үш деңгейлік (көк, жер(орта), су). Сондай-ақ Тәңір құдіреті, жеті, тоғыз, төрттік моделі арқылы берілген тілдік бірліктерді де кездестіруге болады.  Сакральдық мағынасы бар лексикалық компоненттер негізінде құрылған фразеологизмдер дүниенің құрылымы, жер беті, аспан көк, жер асты, су шеңбері, өзен дария осы кеңістіктегі дүниелер туралы бейнелі ақпарат берілісі.

Дүние бейнесі деген ұғым адам баласының қоршаған орта мен дүниеге деген өзіндік көзқарастарын зерттеуге негізделеді. Дүние бейнесі – өте күрделі, үнемі қозғалыста болатын, тұрақсыз ауыспалы процесс. Онда адамдардың бір-бірімен тіл табысуын, ортақ шешімге келуін қамтамасыз ететін жалпы халықтық сипаты да болады. Сыртқы дүниедегі құбылыстар мен заттар, шындық болмыс адам танымында мәндік өріс, мағыналар жүйесі ретіндегі ішкі образдар түрінде орнығады. Олай болса дүние, дүние бейнесі, дүние көрінісі дегеннің өзі – образдар жүйесі.

Мифологиялық образдар біздің өмірімізде ана тіліміздің көмегімен әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мақал-мәтелдер арқылы қолданылып келуде.

Мифология жеке халықтардың тарихын зерделеуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір қайнар болып табылады, себебі мифтерде ғасырлар қойнауына сіңген оқиғалар көрініс тапқан. Ағылшын жазушысы Джон Толкиннің «The Hobbit, or There and Back Again» повесінен ағылшын дүние бейнесінің айқын көрсеткішін төменгі перілікті білдіретін мифологемаларды байқай аламыз. Мифологемалар, ертегі кейіпкерлері мифологиялық ойлаудың, ата–бабаларға шындық болып табылған дүниенің қияли үлгісінің элементтері  ғана емес, сонымен қатар мифологемалар адамға тән жағымды немесе жағымсыз қасиеттерді символдары іспеттес.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Вико Дж.Основания новой науки. -Л., 1940.

2. Фрезер Дж. Золотая ветвь. -М., 1983.

3. Юнг К.Г. Дума и миф. Шесть архетипов.

4. Лосев А.Ф. Знак. Символ. Миф.- М.: Изд-во Московского университета, 1982. -480 с.

5. Кассирер Э. Опыт о человеке –Человек. -М., 1990. №3.

6. Хюбнер К. Истина мифа. Пер. с нем. М.: Республика, 1996.

7. Тюнников Ю.С., Мазниченко М.А. Педагогическая мифология. -М.: Владос, 2004. -352 с.

8. Элиаде М. Миф аспектілері // «Әлемдік мәдениеттану ой-санасы» Он томдық. 2-том. Мифология: құрылымы мен рәміздері. -Алматы: Жазушы, 2005. -22-26 бб.

9. Қондыбай С. Миф //  «Әлемдік мәдениеттану ой-санасы» Он томдық. 2-том. Мифология: құрылымы мен рәміздері. -Алматы: Жазушы, 2005. -15-22 бб.

10. Уәлиев Ж. Жұмбақ жетілер // Жалын.- Алматы, 1988. -№ 3. -105-106 бб.

11. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. 1-ші том. Алматы: Дайк-Пресс, 

12. Ақбердиева Б.К. Лексика-фразеологиялық мифтік-танымдық құрылымдар. -Алматы, 2000

13. Тлеубердиев Б.К. Қазақ ономастикасының лигвокогнитивтік аспектілер. -Алматы: Арыс, 2006

14.   Қондыбай С. Арғы қазақ мифологиясы. -Алматы: Дайк-Пресс, 2004.

Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. -Алматы: Ғылым, 1997.

15. Түрік халқының мақал-мәтелдері. -Алматы: Өнер, 2007.

16. Tolkien. J.R.R. The Hobbit. – М.: Юпитер-Интер, 2003. – 287 б.

17. Стереотипы в контексте межкультурной коммуникации http://referat-culture.info  Нурекешова Г. Р. Ағылшын тіліндегі мифтік кейіпкерлердің танымдық сипаты [Текст] / Г. Р. Нурекешова // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 59-60.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕ БЕЙНЕСІНІҢ ТІЛ ТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ» ҒЫЛЫМИ ЖОБА"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

КІРІСПЕ

Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Адам баласының білімі, көрген – білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық – мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда зерттеу – қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі. Тіл қазынасындағы ұлттардың тұрмыс – тіршілігі мен өмір тәжірибелерінен хабар беретін, олардың мифтік санасын танытатын, тілімізде кездесетін құрамында мифологемалары бар мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді, аңыз әңгімелер мен ертегілерді т.б. дүниенің тілдік бейнесінде қарастыру маңызды мәселе болмақ. Олай болатын себебі, тіл дүниетаныммен тығыз байланысты ұғым. Кез келген ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным – қандай да бір ұлттың басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысы, адам және сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы. Тілді мифтік таным тұрғысынан қарастырған зерттеуші Б.Ақбердиева: “Тіл – тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей құрылысы емес. Тіл – ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Яғни, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады”, - деп жазады [1]. Демек, тілде әр халыққа тән ұлттық дүниетаным көрініс тауып отырады. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Адамзат баласының өнері мен мәдениетінің тарихында уақыт туралы мифологиялық және философиялық ұғымдар маңызды рөл атқарып келеді. Бұл ұғымдардың пайда болу себебінің өзі әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты екендігі белгілі. Мысалы, мифтік сана туралы А.Лосев былай деп жазады: «Әрине, ғылыми түсінік тұрғысынан алғанда, мифология – қиялдан шыққан дүние. Алайда, мифтік сана туралы қиялдан шыққан әлем деп айтуға мүлдем болмайды... Мифті қиялдың жемісі ретінде емес, нағыз шынайы өмірдің өзі деп қабылдау қажет» [2]. Олай болса, тіл - ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі. Бұл ғалам бейнесінің тілден көрініс табуы, яғни ғалам туралы ақпаратты тілдік таңбалар арқылы айқындау – ғаламның тілдік бейнесі деген ұғымды тудырады. Ғаламның тілдік бейнесінде адамның ғалам туралы түсініктері ғана емес, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі сияқты ұлттық дүниетанымымен қатар, оның мифтік санасы да көрініс тауып отырады.

Tіл білімінің негізгі мәселесінің бірі - тіл мен ойлауға байланысты «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы ұстанатын жаңа бағыттың өзіндік ерекшелігі. Яғни, тіл тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей көрінісі ғаңа емес. Тіл - ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан этнопсихикалық, дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Басқаша айтқанда, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады. Осымен байланысты бұл бағыттағы зерттеулерде бұрын тілдің коммуникативтік қызметінің тасасында қалып, дұрыс мән берілмей келген тілдің танымдық, руханилық қызметі - кумулятивтік қызметіне ерекше назар аударылады. Себебі өз бойында бүкіл бір халықтың рухани қазынасын жинақтап сақтайтын тілдің құдіретінің арқасыңда ұлттық рухтың табы сіңген рухани дүние ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұрпақ жалғастығы, ұлт бірлігі қалыптасатыны белгілі.

Осыған сәйкес тілді зерттеудің танымдық парадигмасы «дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеудің өзектілігі. Осы тұста этностың интеграциялық сипаттағы мәдени-рухани әлемінің ең байырғы үлгісі ретіндегі мифтік сананы тілде сақталып қалған мифтік танымның көріністерін зерделеу барысында анықтаудың мәні ерекше. Олардың құрамынан әртүрлі ежелгі наным-сенімнің, ұжымдық таным-тәжірибенің, өнердің, философияның, этнопсихологияның т.б. нышандарының жіктеме зерттеулердің нәтижесінде анықталуы «мифтік таным дегеніміз - мифтік сана дәуірінде дүниенің миф арқылы біртұтас, бөлшектенбеген, синкретті, әмбебап қалпында бейнеленген коғамдық сананың түрі» деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Демек, миф - байырғы адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір тәжірибесінен туған таным-түсінігі, өмір салты, ішкі сезім-түйсігінің нәтижесінде калыптасқан ойлау жүйесі.

Ғылымда қалыптасқан осы тұжырымға негіз беретін - тілімізде сақталып, мифтік мазмұн арқылы этнос болмысын танытатын тілдік деректер, мифтік сюжеттер.

Қазіргі кезеңдегі жалпы тіл білімінде тілдің танымдық тегіне ерекше мән беріліп зерттеле бастауы тіл мен танымның, тіл мен ойлаудың ең байырғы формасының бірі мифтік танымды тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Тілдің терең құрылымдарында жатқан, біртұтастық пен синкреттілік, кешенділік сипат тән бұл ойлау жүйесін тек таза лингвистикалық категория ретінде тілдік заңдылықтар шеңберінде ғана анықтау мүмкін емес. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны процесс ретінде, сабақтастықта қарау, академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаға сүйену, жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің мифтік санасының ерекшеліктерінің лингвомәдени, танымдық сипаты.

Зерттеу пәні. Ағылшын және қазақ мифтерінің дүние бейнесін сипаттаудағы танымдық сипаты мен қызметі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсатықазақ және ағылшын лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің санасындағы мифтерді ұлт болмысымен байланыста қарастыра отырып, олардың лингвомәдени, танымдық табиғатын ашу. Бұл мақсатты орындау үшін тіл біліміндегі лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика теорияларының қағидаларына сүйене отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

- мифологиялық дүние бейнесінің ұлттық дүние бейнесіндегі орнын анықтау;

- ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифологемалардың лингвомәдени ерекшеліктерін саралау;

- ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифологиялық сипаттағы прецедент мәтіндер мен прецедент есімдердің мәдени ерекшеліктерін айқындау;

- ағылшын және қазақ мифологиялық дүние бейнесіндегі ұлттық стереотиптердің сипатын аксиологиялық тұрғыдан талдау.

Ғылыми жаңалығы:

  • ағылшын және қазақ тілдерін салғастыра отырып, мифтік танымның тілдік көріністері алғаш рет арнайы зерттеу нысанасына айналып отыр;
  • тіл мен ойлау байланысына қатысты тілді тек ойды жай білдіруші кұрал ғана емес, ойды құрастырушы, өз бойына сіңірген ұлттық рухты жеткізуші құрал деп қаралады;
  • мифтік таным байырғы адамдардың дүниені қарапайым түрдегі объективті тануының алғашқы сатысы ғана емес, дуниені өзіндік табиғатымен субъективті тануының да көрінісі екеніне мән беріледі;
  • “ғаламдық бейне” ұғымын тілмен тығыз байланыста қарастырылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида еткен отандық және шетелдік зерттеушілер Э.Тейлор, Г.Спенсор, В.Вундт, К.Г.Юнг, Р.Барт, Дж.Фрезер, Ф.Лосев, А. Вежбицкая, В.Маслова, Ю.Караулов, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева Б.М.Тлеубердиев, Б.Ақбердиева, С.Е.Керімбаева және т.б. еңбектері негізге алынды.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Д.Толкиннің «The Hobbit, Or There and Back Again» повесі, қазақ аңыз-әңгімелері, ертегілері, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық сөздіктер, тарихи–этнографиялық, мифологиялық деректер, монографиялық жазбалар жұмыстың дереккөздері ретінде алынды. Сондай-ақ, қазақ мифологиясының табиғатын ашу барысында С.Қондыбайдың «Қазақ мифологиясына кіріспе» толық шығармалар жинағының 1 томы пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында таза тілдік, атап айтқанда, сыни тұрғыдан талдау әдісі, этимологиялық, семалық сараптама, семантикалық ая, лингвомәдени сараптама, компоненттік және концептілік талдау, аударма тәсілдері, негізгі мәтін мен аударма мәтіндерді салғастыра зерттеу әдісі, түсіндірмелі аударма әдісі, салғастырмалы типологиялық зерттеу әдісі қолданылды.

Жұмыста лингвистикалық зерттеудің дәстүрлі сипаттамалы (дескриптивті) әдісі, салғастырмалы әдіс, концептуалды талдау әдістері, тілдік материалды жинақтау, жүйелеу әдістері және т.б. қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивті лингвистика салаларының теориялық мәселелерін шешуде, принциптерін айқындауда және бұл салалардың алға қарай дамуында зерттеу жұмысының нақты нәтижелері мен тұжырымдары өз деңгейінде үлес қоса алады.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді ағылшын және қазақ тілдерінің мифологиялық түсіндірме сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында оқытылатын «Лингвомәдениеттану», «Лингвоелтану», «Когнитивті лингвистика», «Мәдениетаралық қарым–қатынасқа кіріспе» және «Елтану» сияқты пәндерден дәріс оқуда, семинарларда, оқу – әдістемелік құралдар жазуда, білім алушылар пәндерден курстық, дипломдық жұмыстар жазуда пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мифология танымының тілмен сабақтастығы

Мифтің теориясы әлі күнге дейін толық құрылмағанымен, миф туралы әр түрлі концепциялар, болжамдар XIX ғасырдың ортасынан бері қалыптаса басталған. Солардың ішінде Э.Тейлордың, Д.Юмның, Г.Спенсордың, В.Вундттың, К.Г.Юнгтың, Б.Малиновскийдың, Р. Барттың, Дж.Фрезердің, Ф. Лосевтің, Қазақстан зерттеушілерінің (Б.М. Тлеубердиев, Б. Ақбердиева, С.Е.Керімбаева) де ғылыми тұспалдары бар. Мифтің философиясын XVIII ғасырда ең алғашқы рет Дж. Вико құрған. Ғалымның пайымдауы бойынша, миф қиял, ой ретінде қалыптасады. Мифтердің пайда болуының негізгі себебі – жоғарғы күштердің нақты түрде бар екенін түйсік негізінде сезіну, олардан қорқу: «Ең бірінші адамдар заттар туралы әртүрлі ұғымдарды құра алмаған, сондықтан да поэтикалық мінез-құлықтарды, қиялдық түрлерді немесе әмбебаптық құрылымдарды ойлап шығарған. Оларды идеалдық сурет ретінде санап, соларға жеке түстерді жатқызған» [1].

Э.Тейлордың айтуынша, мифтердің негізінде анимистік болжам жатыр, себебі мифтерде жансыз заттар жандылар ретінде қарастырылып, жаны бар құрылымдар ретінде қарастырылады. Жандылардың іс-қимылдарын оңай түрде түсіндіруге болады.

Дж.Фрезерше, миф магиялық іс-әрекеттің мәнін ақыл–ойлық немесе сөздік тәсілдер арқылы түсінуге болады,-деп тұжырымдайды [2].

В.Вундттың, Л.Леви–Брюльдың, К.Г.Юнгтың пікірінше, мифтің негізінде ежелгі адамдардың дүниені қабылдауда орын алатын ерекшеліктері жатыр, себебі байырғы адамдар сезім, эмоцияларды мифологиялық апперцепцияның қасиеті деп санаған. Сондықтан да миф ерекше ойлау іс-әрекетінің («алғашқы ойлау түрінің») өнімі. Миф арқылы эмоциялар бейнелі түрде жүзеге асырылған [3].

Қазіргі ғалымдардың миф туралы түсініктерін келесі түрде топшылауға болады:

1) мифтер – адамдардың өзінің болмысының ұғыну әрекетінде пайда болған құрылымдар. Алғашқы адамдар мифтерге әбден үйір болып, солармен өздерінің эмоцияналдық және логикалық ассоциацияларын үйлестірген;

2) Мифологиялық ойлау тәсілінің пайда болуы себебі ретінде абстрактілік ұғымдардың жеткіліксіздігі деп санауға болады. Өйткені жалпы, әмбебаптық ұғымдарды нақты түсініктер арқылы білдіру қажеттілікке айналған;

3) Миф алғашқы адамдардың санасезімдерінде қалыптасқан табиғаттық құбылыстардың ырғақтарын, олардың қайталанбалы кезеңдерін бейнелі түрде көрсетеді;

4) Мифтік құрылымдар адамның психикасының ерекшеліктерін бейнелейді;

5) Миф ұжымдық тәжірибені сақтайтын құрал. Ұжымдық тәжірибе жеке тұлға үшін сенімнің нысаны болды, себебі ол ата-бабалардың даналы сөзі, үлгісі ретінде қаралды.

Жеке тұлғаның тәжірибесі оны өзгерте алмайтын болды, себебі миф – ата-бабалардың наным – сенімі ретінде қарастырылып, ақиқат болды, сондықтан тексеруге жатпайтын даналық түсінік ретінде саналды; 6)Миф табиғаттың заңдылықтарын бейнелі түрде көрсететін тәсіл. Мифтерде абстрактілік ойлаудың әлсіздігінен табиғаттың құбылыстары дербестелген, оларды алғашқы адам саналы түрде жүзеге асырылатын ерік-жігермен байланыстырған. Сондықтан да мифтерде негізгі тұлға Құдырет болған.

А.Ф.Лосев, Л.Кассирер, Дж.Кемпбелл, С.Криппердің еңбектерінде миф әрбір адамның сана–сезімінде ұялаған, әлемнің бейнесі деп түсіндірілген. Осындай әлемнің мифтік бейнесі өзін обьективтік әлемнің фрагменті ретінде ұжымдық және жеке санаға келесі елестерді кірістіреді: өзіне қатынасы бар елестер мен қатынастар, басқа адамдармен байланыстыратын қатынастар, қазіргі заманға және тарихи мерзімге қатысы бар елестер мен байланыстар. А.Ф.Лосев мифтің метафоралардың және символдардың ара жігін айыра отырып, мифке келесі анықтама береді: «Миф бейнелерді нақты субстанциялды түрде көрсететін тәсіл. Аллегорияда, метафорада, символда шартты түрде түсіндірілетін ұғымдар жүзеге асырылады, ал мифта осындай мәнділікті бейнелер нақты оқиғалар ретінде көрініс беріп, нақты субстанциялық түрде жүзеге асырылады» [4].

Миф туралы көптеген теориялардың ішінен Э.Кассирердің көзқарасын да атап өту жөн болар еді. Ол мифологияны тіл мен өнермен қатар мәдениеттің дербес бейнелілік нысаны ретінде қарастырды. Мифтік сана кілтті қажет ететін құлып ретінде түсіндіріледі. Миф шығармашылық тәртіптің, тіпті болмысты танудың нысаны ретінде көрсетіледі [5].

Мифологиялық танымды адамның сана-сезімінде қалыптасқан ментальды-бейнелілік схема ретінде қарастыруға болады. Бірақ оның тілге қатысы бар,себебі сырттану үдерісінде тілдік тәсілдер арқылы айқынданады. Сондықтан да Р.Барт мифті мәдениеттің симфоликалық тұлғасы ретінде зерттеп, мифтік сана-сезімді белгілі кілті бар код ретінде сипаттаған. Р.Барттың пайымдауынша, «мифті коммуникативтік жүйе, хабарлама деп те санауға болады,»- дейді. Өзінің анықтамасында ғалым келесі пікірін білдіреді: «Миф коммуникативтік жүйе ретінде жүзеге асырылады. Ол белгілі ақпаратты жеткізу тәсілі, миф ұғым да, зат та, идея да емес, ол ментальды тұлға белгілеу тәсілі [5].

Мифті ойдың қиялы емес, өткеннің қалдығына жататын құбылыс деп санауға болмайды, ол ежелден бері адамның өзін-өзі, қоғамды, әлемді сипаттау үдерісінде оны әр құрылымдарға бөліп, түсіндіруінде көрініс тапқан алғашқы сипаттау тілі. Миф пен сананың фетишизациясы ұғымы тығыз байланысты. Осындай пікір миф арқылы объектілерге оларда жоқ қасиеттерін тиістендіру әрекетінен туындайды. Адам үшін мифтердің маңызы өте зор. Олар арқылы адамдар әлем туралы жан-жақты түсінік құрып, әлемді өзгеше түрде қабылдауды реттейді. Олар өмірге бейімделудің ғылыми білім нысанына қатысы бар баламалы нысан болып табылады.

Адам мифтерді өзі ойлап табады да, соларға өзі ерікті түрде бағынады. Бұл жерде айқын мысал ретінде теледидар хабарларын, жарнаманы атауға болады. Бұл бейнелер әр түрде түсіндіріледі. Неміс зерттеушісі К.Хюбнер мифтік бейнені түсіндіру үшін қолданылатын тәсілдердің тізімін келтіреді: бір нәрсеге сыйыну, құдірет тұту, сәбилердің тіліне аударуы ретінде (мысалы, күн қуанады, жаңбыр жылайды т.б.) рәсім ретінде (мысалы, жерлеу рәсімі) бейне ретінде (мысалы, шығыс бейнелері) [6].

Мифтік ойлау жан-жақты сипатқа ие. Ол өмірді тудырады және өзі өмірлік тәжірибемен тығыз байланыста болады.

Мифтің бес негізгі белгісі арқылы оның мәнісін түсіндіруге болады. Олар:

1) эмоционалдық бояуы;

2) мінез-құлықтың үлгісі модель ретінде іске асырылады;

3) қорытындылық сипаты (қабылдау және күйзелістің, елес және іс - әрекеттің, бейне және идеяның тұтастығын қамтамасыз етеді);

4 )түсіну және мағыналық талдаудың нормаларын белгілейді;

5) бір нәрсе туралы ұғымды, ақиқаттық түрде жете ұғындырылады [7].

Мифтің осындай белгілері адамзаттың әмбебаптық көзқарасының қалыптасуына себін тигізді, өйткені миф әлемнің пайда болуы туралы түсінік беріп, адамның мәнісін және орнын айқындаған, жеке Құдырет пен адамдардың өзара қатынастарын қарастырып, өлім мен өмір мәселелерін шешуге тырысқан, оның бастапқы ерекшеліктері адамдардың көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен. Олар:

1) Әлемнің тұтастығы. Ғарыш, табиғат, адам өзара байланыста болған олардың бәрі рухтанған бастамамен жандаған (әлемдік жан). Барлығы бар элементтермен байланыстырылған;

2) Адамның дамуы Құдыретпен, Ғарышпен байланыста болған. Адамның болмысына қатысы бар құбылыстар, адам үшін мағыналы түсініктер, ұғымдар – бәрі де ғарыштан шыққан;

3) Әлемді тану қабілеті адамға бастапқы кезде берілген. Сондықтан адам одан бұрын не болғанын тек ғана есіне түсіріп отырады. Адамдар өздерінің іс-қимылдарында құдайдардың ежелгі заманда жасаған әрекеттерін қайталайды;

4) әлемнің күрделілігін символдар арқылы тануға болады, себебі символ – абсолюттықтың белгісі.

М.Элиаде миф жөніндегі өз ойларында, реалды дүниеге қатысты болуына орай кәміл, шексіз ақиқат және жасампаз іс-әрекеттің нәтижесі болғандықтан киелі деп есептейді; миф әрқашанда «жаратушыға» қатысты болады, ол әлдененің дүниеге қалай келгендігін немесе әлдебір жүріс-тұрысының, ережелердің және еңбек машықтарының қалайша пайда болғандығын әңгімелейді, нақ сондықтан да миф адамның жүріс-тұрысындағы елеулі деуге болатын барша харекеттің парадигмасын құрайды; мифты тану арқылы адамзаттың «шығу тегін» танитын болады, сол оған заттарды иеленуге және өз қалауына сай басқаруға мүмкіндік береді; бұл жердегі сөз «сыртқы», «елеңсіз» (абстрактный) таным жөнінде емес, мифты жоралға түрінде қайталау кезінде немесе оның ғұрыпты өткізу барысында (сол ғұрыпқа тұғыр болып келетін) қайталау кезінде жоралғы деңгейінде «бастан кешіруге» болатын таным жөнінде болып отыр; қалай болғанда да миф, жадына қайтадан, реактуалданған оқиғалардың қасиетті және киелі құдыретіне «ой алдырған аудитория тарапынан бастан кешіріледі» [8].

Серікбол Қондыбайдың пайымдауынша, «миф ежелгі заман танымының, ақиқатының, ақпаратының сақтаған «техникалық тілі», бұл тіл астарлап беріледі яғни ол – сегіз қырлы, бір сырлы жәдігер» [9, 203].

Б.Ақбердиева мифтің табиғатын дұрыс көрсеткен. Оны ментальдық, мифологиялық ойлаудың тәсілі ретінде санап, тілмен байланысын көрсеткен. Тілдің танымдағы орнын Б.Ақбердиева келесі анықтамасында көрсетеді: «Мифтік танымды құрылым ретінде қарастыру, оның логикалық құрылысын, мифологиялық мазмұнын, психологиялық мәнін, поэтикалық өріліун, т.б. жақтарының тұтасып келіп, тілде сабақтасқан көрінісін кешенді түрде зерттегенде ғана, тіл мен танымның байланысы анықталмақ» [10,14].

Мифтің тілге тікелей қатысы бар екенін Қазақстандық ғалымдардың бірталайы (Б.М.Тлеубердиев, Серікбол Қ., Б.Ақбердиева, С.Е.Керімбаева, т.б.) анықтаған. Ономастика саласындағы лексемаларды зерттеу барысында тікелей мифтердің құрылымын талдағанда дәлелдеген. Сондықтан да Ақбердиева тіл мен мифтің байланысын атап өтіп, тілді мифологиялық дүниетанымның көзі деп қарастырады: мифологиялық таным түсініктерді сұрыптау және оны тілдік жағынан түсіндіру қазіргі кезде өте маңызды. Себебі, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, тіл-мифологиялық дүниетанымның жинақталған бірден бір көзі [11,14].

Зерттеушілердің пайымдауынша, барлық халықтардың мифологиялық жүйесінде үш деңгейлі модельдің түрі жүзеге асырылады (жоғары, орта, төмен). С.Е.Керімбаева қазақ мифологиясының жүйесінің үш деңгейлі моделі негізінде құрылған жалқы есімдерді қарастырып, бұл мифологиялық модельдер туралы пікір білдіреді: «қазақ мифологиялық жүйесіне көптеген әлем халқтарының мифологиялық жүйесі сияқты әлемнің жоғары, орта, төмен деп аталатын үш деңгейлі моделі тән. Мұнда жоғары – аспан, орта-жер, төмен – жер асты, әлем деңгейлері мүшеленеді, әрі сәйкестендіріледі».

Үш деңгейлі модельмен қатар мифтік ғалам бейнесінде «жеті» моделі де орын алған. Н.Уалиұлының пікірінше, жеті ғалам мифологиялық түсінігінде жеті саны негізгі бағытты білдірген. Олар – дүниенің төрт бұрышы: күншығысы, күнбатыс, түстік, терістік және тігінен келген модельдегі аспан – жоғарғы ғалам, жер – орта ғалам, жер асты – төменгі ғалам [12]. Ғаламның мифтің тілдік бейнесінде мифологиялық кеңістік тігінен үш әлемнен құрылса, сонымен қоса оның горизонтальдық моделі де бар. С. Қондыбай және Б.М.Тлеубердиев ғаламның горизонтальдық моделін синонимдерде қарастырып, көлденең космографиясын сипаттау барысында хантөрткуль, әзіреттің Алатауы, құндыздық қара теңізі, Нұрбұлақ, т.б мифонимдерде, мифотопонимдерге талдау жасаған.

Ғаламның мифологиялық тағы да бір моделі төрт, тоғыз санымен байланысты. Тоғыз саны әлдебір толықтықты, түгелдікті білдіреді. Мифте адам жанының саны тоғыз деп беріледі. Мифтерде қозғалысты тоғыз рет қайталау культтік нысанаға тоғыз рет тағзым ету керек екені де көрсетіледі. Мысалы монғолдың құпия шежіресі кітабында былай жазылған; белбеуін таспиқша салып, тымағын жұмарлай ұстаған қолын кеудесіне басып, нұрлы күнге қарап, Бурхан-Залды тауына тоғыз рет тағзым етіп, тілек шашу шашқан [13]. Барлық нәрсені тоғыз санымен шектеу арғы-қазақтарға тән болған, мысалы рашидадриннің дерегі бойынша, Шыңғыс ханды хан етіп сайлауға қатысушылар жаңа сайланған ханның алдында тоғыз рет тізе бүккен.

Тоғыз рет жасалған қылмысты да ақтау аңыздарда кездеседі, мысалы, Шыңғыс хан Бургуджи мен Бургулға өзін құтқарғаны үшін тархан титулын береді. Тархан құқығына ие болған адам сегіз қылмыс жасаған жағдайда жауапқа тартылмайды, тек тоғызыншысын жасаған жағдайда жауапқа тартылады [14].

А.Ақбердиев, Б.М.Тлеубердиев, С.Е.Керімбаева өз еңбектерінде мифологиялық дүниетанымның тілдегі көрінісін жалпы есімдерде қарастырған. Біздің ойымызша мифологиялық дүниетанымды фразеологиялық бірліктерді де табуға болады.Фразеологиялық бірліктердің мазмұнында мифологиялық танымның үш деңгейлік, төрт деңгейлік модельдері және Бәйтерек, жаратушы Тәңір, жеті ұғымдары кең көлемде көрініс береді.

Көк: Қазақ ұғымы мен болмысында көк сөзінің мағынасы терең, ол Тәңірдің тұрағы ретінде ұғындыралады, сондықтан да қазақтар аспанға қарай қолын көтеріп жалбарынады; Тәңір жарылқасын, Тәңір тілеуіңді берсін, көк соқыр, жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке, көк бойлады, көк жиек, көк кәріне ұшыра, көкке жетті, көк келсін, көкке көтерді, көкке көтерілді, көк көкіретіп, жер тітіретті, көк күмбез, көк соққан [15].

Аспан: аспан (ауа әуе) айналып жерге түсердей, аспан аптап күн шыжыды, аспанға көтерді, аспанға қарады, аспанға ұшса да, жерге батса да жоқ қылады, аспандағы айға қол созды, аспанмен (көкпен) астасқан, аспаннан түскен төрт кітап, аспаннан түсті, аспаның ашық болсын.

Жер: жер ұйық малға жанға береке, құт мекен, шұрайлы жер, жер иіді, жер көктеді; күн күркіресе, жер иір, жер иісе мал иір; Жер күңіренді, у – шуға толды, айнала жаңғырықты; Жер-көкті шарлады (көп жерді аралады). Жер қайысты (өте көп құмырсқадай қаптаған, қаһар – айбарлы мол жиын жайлы айтылады). Жер қапты. Жер құшты (өлді). Жер жұтты(тез жоқ болды). Жер жастанып су сүйеніп отыр. (Сараң пейілі тар кісі туралы айтылады). Жер жұтқыр (қарғыс). Жер аударды (Еріксіз қоныс аударды). Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты. (Табан астынан бәле шықты). Жерге кіріп кете жаздады. (қатты ұялды). Жұмбақтарда; Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (жер). Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, қимылдар сол кісіден елдің тісі. Талқандап беті жүзін тырнасаң да, бір ауыз неге үйттің деу емес ісі. (жер) [16]. Мақал мәтелдерде; әуелі тәңір жерге береді, жерге берсе, елге береді, елге берсе, ерге береді. Жер – ырыстың кіндігі, еңбек-ырыстың тізгіні. Жер құрсағы қысырамас. Мінген атың жер – ортақ,жанған отың күн – ортақ. Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді.

Су: ағын су мифологиялық дәстүрлерде екі өлшемнің екі дүниенің, екі кеңістіктің, екі уақыттың, екі қасиеттің шектесер тұсы (нүктесі немесе сызығы), оларды бір – бірімен жалғап та, ажыратып та тұрған межесі болып табылады. Мифтік өзен (дария) фольклорлық мәтіндерде линиялық сипаттағы су нысаны болып көрінеді, бірақ олардың басты сипаты «шекаралық қызметпен» шектелінгендіктен, бастапқыда «мифте судың» шеңбер болғандығын анықтауға болады. Мифтік сипатқа ие су нысандары өзен, дария «көл», теңіз «мұһит» деп аталады. Кей жағдайда олардың нақтылаушы атаулары да аңыздарда, мифтерде кездеседі,мысалы, «Үлкен дария» «Тасты көл», «Құла су», «Елек су», «Асау өзен», «Көк дария», «Заңғар су», «Ніл дария», «Ағун дария», «Телі көл», «Сынап көл», «Қара өзен», т.б.

Су-шекаралық өзен, дария, көл, теңіз ұғымдарында да мифалогиялық мағынасы бар фразеологиялық бірліктердің қазақ тілінде бірнеше топтарын атауға болады;су аяғы құрдым (десейші) (жер түбі), суға да батты , отқа да жанды, суға кеткен тал қармайды, суға салса батпайды, отқа салса жанбайды, судың да сұрауы бар, су иесі Сүлеймен, су қараңғы, су түбіне батырады, суы басқа, т.б. Дария; дария кешті, көк дария, ніл дария, ағун дария, дария шексіз де, шетсіз, т.б. Теңіз;телегей теңіз, теңіздің ар жағында, ашық теңіз, жердің бетін телегей теңіз су қаптады,т.б.

Көл: көл иесі Қамбар (киеліге табыну ретінде айтылады), көл шайқады, көлінен құсы ұшты, көл – көсір [15]. Көшпелілер Көк Құдайы-Тәңірге сенген. Түріктердің мифтік дүниетанымы бойынша – Тәңір дүниедегі жан иелерінің барлығына тіршілік лебін беруші. «Тәңірдің жаралуы туралы мифте» Тәңірдің мұхиттан жаратылуы былай деп суреттелінген. Баяғыда көк те, жер де болмаған тек бір ғана шетсіз – шексіз мұхит болған. Күндердің бір күнінде мұхиттың ортасында ақ жарық көрініп одан нұр шашқан алтын жұмыртқа шыққан, оның ішінде күллі әлемнің болашақ түп атасы Тәңір жаралған [15].

Көк тәңірі аспан туралы фразеологиялық бірліктерде Тәңірден тап, Тәңір атқыр, Тәңірге не жаздым, Тәңір жарылқасын, мұнда қандай сыр барын Тәңірім білсін, Тәңір деп, Тәңір ісі, Тәңір жазса, Тәңір жарылқап, Тәңірді тұт, Тәңірдің ісін танымай кету [15] сияқты табыну мазмұндас тіркестер де кездеседі.

2 Тіл танымындағы дүниенің мифологиялық және тілдік бейнелері

Тіл біліміндегі зерттеулердің негізі бүгінгі таңдағы жаһандану процесіне төтеп беруге қарсы ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып түсіну үшін, тілдік бірліктерді тіл мен танымның тұтастығы, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы тұрғысында тілдік емес лингвофилософиялық мәнділіктермен өзара сабақтастықта «ғаламның тілдік бейнесі» деген күрделі теорияның ыңғайына сай негізделіп зерттеу ісін жүргізу бағыты кеңінен етек алуда.

Тіл – адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.

Дүниенің тілдік бейнесі жөніндегі мәселе көптеген зерттеушілердің зерттеу нысанына айналып отыр. Атап айтар болсақ, дүниенің тілдік бейнесі туралы зерттеулер шетел ғалымдары Ю.Н.Караулов, А.А.Уфимцева, В.И.Постовалова, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, т.б. еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келсе, қазақ тіл білімінде Э.Сүлейменова, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Ғ.Сағидолда, А.Ислам, Б.Ақбердиева, Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Б.Тілеубердиев, Г.Имашева және басқалардың еңбектерінде әр түрлі аспектіде қарастырылып келеді.

Дүние бейнесі деген ұғым адам баласының қоршаған орта мен дүниеге деген өзіндік көзқарастарын зерттеуге негізделеді. Айнала қоршаған дүние немесе адам мен оның өмір сүретін ортасы өзара байланысты. Дүние бейнесі – өте күрделі, үнемі қозғалыста болатын, тұрақсыз ауыспалы процесс. Онда адамдардың бір-бірімен тіл табысуын, ортақ шешімге келуін қамтамасыз ететін жалпы халықтық сипаты да болады.

Дүние бейнесі жайлы В.Н.Телия: «ғаламның тілдік бейнесі-көріністері әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүние-ғаламның түрлі- түсін өзінше мүшелей тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде өзгеше болып өріледі» – дейді.

Б.С.Жұмағұлованың пайымдауынша: «Дүниенің тілдік бейнесі екі негізгі қызмет атқарады: біріншіден, дүниенің ғылыми бейнесінің негізгі элементтерін білдіреді, екіншіден, тілдік тәсілдердің көмегімен дүниенің ғылыми бейнесін түсіндіреді.

Құрамы мен құрылымы немесе тектік бірлестігі әр алуан тілдерде де ғаламның тілдік бейнесі өзгеріп ауысып отырады. Бұл адам баласына тән құбылыс. «Дүниеге көзқарас, дүние бейнесі жайлы сөз өрбітіп отырған уақытта тілдік тұлға туралы ұғымға көңіл аудармай кетуге болмайды. Себебі адамның жеке санасы, дүниетанымы мен рухани құндылықтар дүниесінде өз орнын табу мәселесімен, қалыптасқан дүниеде бағыт-бағдар алуымен тығыз байланысты»

«Тіл ұлттың, халықтың өзіне тән ерекшеліктерін білдіреді және оны қалыптастырады, дүниені танудың ұлттық сипатын бейнелейді, сондықтан да түрлі ұлттардың дүниетанымының негізін, олардың тілінен іздеу керек» деген де пікірмен санасу керек.

Дүниедегі заттар мен құбылыстар, уақыт пен кеңістік жер бетіндегі тіршілік ортасы адамзатқа ортақ болғанымен, әр этнос сол заттар мен құбылыстарды, уақыт пен кеңістікті өз мәдениетіне, танымына, болмыс- бітіміне сай қабылдайды. Мәденитанымдық өзгешеліктер адамзаттың таным процестерінде шартты түрде ғана бөлінеді. Себебі дүниені қабылдау, ой түйіндеу секілді процестер барша этностық топтарға ортақ.

Әрбір тілдің өзіне тән ерекшелігі болғандықтан, ұлт өз болмысын «ғалам бейнесінде» өзінше қалыптастырады. Ғалам бейнесі мен ғаламның тілдік бейнесін қалыптастыруда ұлттық сипат өзіндік орын алады.

Адамзат баласының дүниетанымындағы әлемді бағалау, оған деген өзіндік көзқарас ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау мәнері, қоршаған әлемді танып білу процестерінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар әлемімен өлшенеді. Адам баласы дүниедегі бар затты тілдегі сөздермен белгілейді оған атау береді. Ал бейнесі жоқ тосын дүниені немесе затты қабылдау оған атау беру санаға ауыр соғады. Осыдан келіп дүниенің адам санасындағы бейнесі тілдегі бейнелермен сәйкес келеді. Әрбір ұлттың немесе халықтың санасында ғалам бейнесі сыртқы және ішкі факторлардың негізінде әр түрлі болатындықтан, тілдегі ерекшеліктерде сан түрлі болады. Сыртқы факторларға аралдық аймақ, табиғат жағдайы, әлеуметтік ерекшелік, қоғамдық құрылыс, шаруашылық, діннің ықпалы, саяси тарихи, т.с.с. жағдайлар жатса, ішкі факторларға тілінің генологиялық тегі, типологиялық ерекшелігі, әдет-ғұрып, салт-сана, менталитет, ұлттық дүниетанымды жатқызуға болады.

Дүниенің тілдік бейнесі, тілдік көрінісі дегеніміз – тілдің лексикасында, грамматикасында таңбаланған, бекітілген, сақталған тіл иесінің күллі дүние, әлем, ғалам туралы білімдерінің жиынтығы. Сыртқы дүниедегі құбылыстар мен заттар, шындық болмыс адам танымында мәндік өріс, мағыналар жүйесі ретіндегі ішкі образдар түрінде орнығады. Олай болса дүние, дүние бейнесі, дүние көрінісі дегеннің өзі – образдар жүйесі.

Мифологиялық образдар біздің өмірімізде ана тіліміздің көмегімен әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мақал-мәтелдер арқылы қолданылып келуде. Көптеген сөздер мен әсерлі түсініктер бізге көне заманғы тарихымыз мен мифологиялық өткенімізден жетіп, тілімізде көрініс тапқан, біз олардың ертеректегі мазмұнын ескермей күнделікті өмірде қолданып жүрміз. Ғасырлар тоғысынан жеткен аңыз персонаждары арқылы табиғат, жер бетіндегі тірлік, адам өмірі үйлесімді өрнектеліп, дүниетанымның ерекшеліктері жеткізіледі.

Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адамға тән көңіл-күй, іс-әрекетпен көрінуі, көне мифтік тұрғыдағы бүткіл құбылыс пен заттардың рухы, жаны бар деген сенімнен туған нанымның жемісі.

Мифология жеке халықтардың тарихын зерделеуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір қайнар болып табылады, себебі мифтерде ғасырлар қойнауына сіңген оқиғалар көрініс тапқан [17].

Ағылшын жазушысы Джон Толкиннің «The Hobbit, or There and Back Again» повесінен ағылшын дүние бейнесінің айқын көрсеткішін төменгі перілікті білдіретін мифологемаларды таба аламыз. Төменгі мифологияға тәңірлік мәртебесі жоқ мифтік тіршілік иелері жатады.

Эльфтер Ұлыбританияға ағылшындық сакстармен бірге келген және перілерді біртіндеп алмастырған табиғаттан тыс тіршілік иелерінің жалпы атауы болып табылады.

Үлкен Эддалар Liosalfar халқы – жағымды және қайырымды жарқын эльфтар туралы және Dockalfar халқы - жер асты озбыр, қара пиғылды эльфтарды тілге тиек етеді. Alfr скандинавтық кірме сөзі көне ағылшын тіліне (древнеанглийский) aelf түрінде кіріп, кейіннен elf болды. Elf зат есімі скандинавтық түптамырынан эльф табиғатының екі жақты –жағымды және жағымсыз – мағыналарын иемденді. Германдық пұтқа табынушылықты алмастырған христиан діні де эльфтерді жоя алмады, олар тек бұрынғысынан қатерлірек, табиғаты шайтани болып өзгерді. 1000 жылдары эльфтердің сиқыршылығынан емдейтін дәрілер және «A salve against the race of elves» – «эльфтерден құтқару» ескі емдік кітаптағы олардан қалған ауруларға байланысты оларға байланысты алғашқы жазба деректері қалған. Онда Elf disease (aelfsagatha) – адамның көздерінің сарғаюы немесе water-elf disease (waeteraelf-add) – тырнақтардың жұмсаруына және көздің жасаурауына әкелетін эльфтерден келетін ауруларға сипаттама беріледі.

Ағылшын тілінде бүгінгі күнге дейін Alfred, Alfric сияқты ескі скандинав тілінен шыққан есімдер өте танымал.

Эльф зат есімінің elf, elv – көне сібірлік «су», валлий тіліндегі el сөзі рухты білдіруінің байланысты болуы мүмкін. Британия аумағына сырттан келу көзі болып табыла отырып, эльф сөзі барлық скандинав тілдеріне тарады. Сонымен бірге, эльф сөзінің alp – «сұмдық» және латынның albus –«ақ» сөздерімен байланысты болуы да мүмкін. Оған қоса alp пен alf тауды және тау рухын білдіреді, ал көне ағылшын тілінде ielfety – «аққу» зат есімі, грек тілінде alphas – ақ дақтар шығатын тері ауруы, санскритте ribhu – «жарқыраған» дегенді білдіріп, мейірімді рухтарды көрсетсе, үнді-европалық lobh түбірі – зұлым рухтармен байланысты – «алдау» мәнімен беріледі. Сөйтіп,рух, тіпті жарқыраған рух та эльф сөзі мағынасының негізін құрайды.

Ағылшын тілінде elf – locks – «эльф бұрымы» – шатасқан шаштар, elf – arrows – «эльф жебесі» – тас үйінділер, elf – shot – «сиқырланған» мәніндегі эльф атысы сөздері elfтен шыққан туынды сөздер.

Ертегі мәнмәтінінде elf мифологемасы адамдардан алыс тұратын керемет ғажайып тіршілік иелерін суреттеу үшін пайдаланылады. Мәтінге жүгінсек:

«So they laughed and sang in the trees; and pretty fair nonsense I daresay you think it. Not that they would care they would only laugh all the more if you told them so. They were elves of course. Elvish singing is not a thing to miss, in June under the stars, not if you care for such things» [18].

«Elves know a lot and are wondrous folk for news, and know what is going on among the peoples of the land, as quick as water flows…» (Tolkien).

Эльфтер уайым-қайғысыз өмір сүреді: олар өлең айтады және ағаштар арасында билейді. Солай бола тұра эльфтер ақылда халық және олар адамдар дүниесінде болып жатқанның бәрін бақылап отырады.

«His house was perfect, whether you liked food, or sleep, or work, or story-telling, or singing, or just sitting and thinking best, or a pleasant mixture of them all. Evil things did not come into that valley» (Tolkien).

Сонымен, эльфтің үйі жолдан келгенде тамақ жейтін, демалатын, ескі әндер мен аңыздар тыңдайтын тамаша орын. Эльф үйін бейбіт өмір мен тыныштық жайлаған. Зұлымдық оның үйін айналып өтеді.

Сонымен, ертегі мәтінінде elf мифологемасы уайымсыздық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттердің бейнесі болып табылады.

Кез келген көне мифологияда адамды қоршаған әлем белгілі бір атрибуттар, қызметтер және қасиеттер аямай берілген, ғажайып күш түрінде беріледі. Dwarfтар – «ергежейлілер»-германдық пұтқа табынушылық мифологиясының маңызды құрамдасы. Кішкентай пе

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 645 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

  • 26.11.2019
  • 355
  • 6
«Английский язык. Часть 1», Афанасьева О.В., Михеева И.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2019 5303
    • DOCX 836.5 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ұзақ Айгүл Жолдасбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ұзақ Айгүл Жолдасбекқызы
    Ұзақ Айгүл Жолдасбекқызы
    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5381
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 232 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 250 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек