Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Мінез-құлық мәдениеті» үйірме отырысынң жоспары

«Мінез-құлық мәдениеті» үйірме отырысынң жоспары

Скачать материал

«Мінез-құлық мәдениеті»

 

Ұйымдастыру формасы: Дөңгелек үстел

Өту әдісі: Түсінік беру.психологиялық ойындар.

Құрылымы:

 1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Алғы сөз:

- Дәйексөз:

2. Тренинг «Тілек шоғы»

3. Жаттығу  «Күн шуағы»

4. Пікірлесу сұрақтары: (Айтылған ойға қаншалықты келісесіздер? Үйірме мүшелері айтылған ойларымен бөліседі, пікірлерін айтады)

5. Үйірме мүшелерінің өзіндік жұмыстарын ұйымидастыру

Мінез-құлық ережелері, адамгершілік, имандылық (əдеп) /әңгімелесу

6. Мәдени мінез-құлықтың ережелері

-  Жеке бастың гигиена, жинақылық пен тазалық ережелері.

- Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ережелері

- Дәлдік пен міндеттілік ережелері.

6. Қортынды:

 

Үйірме отырысының барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Алғы сөз: Мінез дегеніміз – кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез адамның әр қырынан көрсетіп тұрады. Жақсы мінез адамды жақсы көрсетеді. Адам мінезінің жақсы қалыптасуына әлеуметтік орта, оқу, жанұя тығыз байланыста. Ең алдымен адамның өзіне байланысты, қандай мінезі болатына. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің кейбір нашар жақпайтын қасиеттерді өзгертіп отыруға болады. Тұлға бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдары.

Дәйексөз:

Дүниедегі ең үлкен нәрсе –Кеңістік.

Бәрінен жүйрік – Ой.

Бәрінен- Уақыт.

Бәрінен жеңілі –Басқаға ақыл айту.

Бәрінен қиыны - Өзіңді өзің тану                              (Фалес)

2. Тренинг «Тілек шоғы»

Мақсаты: адамның жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға бағыттау.

Ақ параққа қаламмен күн бейнесін жасау. Енді түрлі түсті гүлдер жасап, әр гүлге ерекше жақсы тілектерді атап, жақындарымызға сыйлық берейік. Мысалы: Жүрегің  жылы болсын! Ғұмырың ұзақ болсын! Сен бәрінен көркемсің! т.б.

3. Жаттығу  «Күн шуағы»

Мақсаты: Психосезімдік ахуалдарын жақсарту; баланың өз сезім, әрекетін түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту.  

Барысы: Қатысушылар қарама қарсы отырады.

Жүргізуші: Күн шуағы, сендердің көздеріңе қарайды.

   Кәне, көзімізді жұмамыз. Енді күн шуағы беттеріңе қарай жылжиды. Алақаңдарыңмен сипандаршы. Ол ары қарай, маңдайыңа, мұрныңа, ауызына бетіне, иегіне түсті. Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа, мұрныңа, аузына бетіңе, иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңды, иегенді, қолынды, аяғыңды, арқаңды сипап өтіп, желке тұсына барады.Күн шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған көніп қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.

4. Пікірлесу сұрақтары: (Айтылған ойға қаншалықты келісесіздер? Үйірме мүшелері айтылған ойларымен бөліседі, пікірлерін айтады)

1. Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.

2. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет.

3. Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық.

4. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді.

5. Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын.

6. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.

7. Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы

баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы

қайшылықтар негізінде іске қосылады.

8. Әлеуметтік–педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез–құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді.

9. Ауытқушы (девианттық) мінез- құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И.Невский).

10. Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады.

11.  Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді.

12. Жасөспірімдерде мінез-құлық мәдениетін қалыптасттыру мәселесіне аса көңіл қойьш, онда мұғалім мен ата-атаның бірлескен еңбегі мінез-құлық дағдыларының дамуына әсер етеді.

13.  Адамгершілік тәрбиесінің ең көп тараған формасы – этикалық әңгіме, пікірталас, дискуссия, кездесудер, оқырман конференциялары т.б. этикалық әңгімелерді адамгершіліктің кез-келген қағидасы бойынша жүргізуге болады.

14. Оқушыларды жақсы мінез-құлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі, сыпайы ісі, жақсы әдеттері, қолдай отырып, оған қарама-қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу арқылы жүзеге асырылуы қажет.

15. Адамдар арасындагы этикалық қарым-қатынас, жақсы мінез-құлық, үздіксіз тәрбиенің, өзгелердің үлгі өнегесі арқылы біртіндеп қалыптасатын қасиет.

16. Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөліктерінің бірі – мінез-құлық мәдениеті болғандықтан,   жасөспірімдерден адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, осы мәселеге көңіл бөлінеді.

17. Қазіргі қоғамдары мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің әлеуметтік негіздері өткен ғасырдағы негіздерден принципті түрде өзгеше және олар адамның тілектестік, қайырымдылық, сезімталдық, әділеттік, жолдастық және ұжымшылдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға сүйенеді.

18. Біздің адамгершілік тұтасымен және оның құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мінез-құлық мәдениеті түрлі формада жататын қызу күрестің алаңы болып табылады.

19. Бізге жат адамгершілік қасиет жиі-жиі жалған сезімталдықты, көз бояушы елгезектікті жамылады.

20. Өзімізбен бірге жүрген, ұжымшыл әрі қоғамдық істерге белсене араласатын жолдасымыздың күнделікті қарым-қатынаста өрескел, әдепсіз, ықылассыз болатын жағдайларын елемей де өте алмаймыз.

21. Мұнда адамның қоғамдық мәні мен оның көріну формаларының сай келмейтіні анық көрінеді. Мұндай адам не көпшілік қабылдаған мәдени мінез-құлық нормаларын менсінбейді, ие оның мұндай мінез-құлық дағдылары әлі де толық қалыптаспаған.

22. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен дөйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде шұғылдану қажет.

23. Мінез-құлық мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен.

24. Бұл үнемі сананың бақылауын қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер солардың арқасында адам көптеген қылықтарды тез де жеңіл орындайды.

25. Оқушылардың мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас процесс.

26. Табысты тәрбиенің, оның ішінде мінез-құлық мәдениетінің де қажетті шарты барлық мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне, үзіліс кезіндегі мектеп асханасындары, көшедегі т.б. қоғамдық орындарындарындағы мінез-құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы тиіс.

27. Балалардың мектегі мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс жүргізгені жөн.

28. Ата-аналардың мәдени деңгейі жеткіліксіздеу отбасынан шыққан, бірақ мектепте жақсы тәрбиеленген балалардың өзі де мәдени мінез-құлықты үйге жеткізушілер қатарына қосыла алады.

5. Үйірме мүшелерінің өзіндік жұмыстарын ұйымидастыру

Мінез-құлық ережелері, адамгершілік, имандылық (əдеп) /әңгімелесу

6. Мәдени мінез-құлықтың ережелері

1. Жеке бастың гигиена, жинақылық пен тазалық ережелері.

Ø  Күн сайын бір мерзімде тұрып бөлмеңді желдетіп ал және ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жаса.

Ø  Ертеңгілік жуыну, тісті тазалау, құлақ пен мойындарын жуу керек.

Ø  Ұйықтар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алу керек.

Ø  Тамақ ішер алдында, жұмыстан соң және дәретке барғаннан кейін қолынды жу.

Ø  Бет орамалды пайдалан, мұрныңның әр кез таза болуын қадағала.

Ø  Түкіргенде және жөтелгенде ауызыңды бет орамалмен жауып, теріс қара.

Ø  Шашыңды тәртіпті ұста: ол әр қашан жақсы қырқылған, таралған және өрілген болуы керек.

Ø  Төсекті әдемілеп жинау, ақ жаға тігу, оны жуып үтіктеп, алу, түйме қадау, бәтеңке тазалау сияқты жұмыстарды үйрен, мұны әрқашан өзің істейтін бол.

Ø  Стол жасауды, стол басында дұрыс отыруды, құралды пайдаланып, мәдениетті тамақтануды үйрен.

Ø  Әр кез жинақты, таза киініп жүр. Киім таза, үтіктелулі болуы тиіс.

Ø  Мектепте мектеп формасын, үйге арналған киімді кию керек.

Ø  Қонаққа барганда ерекше жинақы, мерекедегідей, әдемі киінеді.

Ø  Үйден шығарда айнаға қарап ал: Бәрі орнында ма екен?

Ø  Өз киімін мен аяқ киіміне ұқыпты бол, олардың тазалығын өзің қадағалап жүр.

Ø  Киімді әдемі киюге үйрен, киімің қыспайтын болсын, таза және үтіктеулі болсын.

Ø  Өзіңнің үйіңдегі және мектепке апаратын заттарыңды дұрыста.

Ø  Өзіңнің жұмыс істейтін бұрышыңды таза ұста: шаңын сүртіп отыр, кітаптарын мен дәптерлеріңді сабақтан кейін ылғи да бір орынға қойып жүр.

Ø  Алған барлық заттарыңды: қайшыны, инені, тарақат, кітапті өзінің тұрақты орнына қойып үйрен.

Ø  Сырт киіміңді стол үстінде тастай салмай, өз ілгішіңе іліп қой. Үйге киетін киімің әр қашан өз орнына жатуға немесе форманың үстіне ілінуге тиіс.

Ø  Ойыншықтарыңды да ретті ұста. Ойнап болған соң олардың бәрінде орны орнына қой.

2. Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ережелері

Ø Сыпайылылық арқылы өзінің басқа адамдарға қатынасын біледі. Сыпайы адам басқаларға ыңғайсыздық жасап өкпелетпейді.

Ø Сыпайы адам ылғи да сәлемдесіп қоштасып жүреді. Сәлем жауап бермеу әдепсіздікке жатады.

Ø Сен отырған бөлмеге үлкен кісі кірсе, оған сәлем беру үшін орныңнан тұр.

Ø Үлкен кісіге бірінші болып сәлемдесу керек, бірақ бірінші болып қол ұсыну дұрыс емес. Егерде үлкен кісі қол ұсынса, сенде қолыңды бер. Сәлем бергенде амандасқан адамның бетіне тура қарап тұру керек.

Ø Үлкен кісі саған қарап сөйлесе отырған орныңнан тұр да тұрегеп тұрып сөйлес.

Ø Өз жолдастарыңмен сыпайы бол оларға ат қойып, айдар тақпа, айқаламай сөйлес, «Сыйқырлы сөздерді» («Рақмет», «рақым ет») айтуды ұмытпа. Дөрекі болма, айқалама. Жолдастарыңмен ұсақ-түйекке дауласпа, ұрысып-керіспе, жұмыс, ойын үстінде тату болуға тиіс. Өсек айтпа. Досың қателік жасаса, бірден өзіне айт. Сыпайы адам дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермейді.

 

Ø Сыпайы адам басқаларымен жылы шырайлы, ілтипатты болады. Егер одан басқа біреу бір жайды сұраса немесе әлде қандай көмек беруін (бірдеңе әкелу, әперу, біреуге көмектесу т.б.) өтінсе, ол мұны құлшына орындайды.

3. Дәлдік пен міндеттілік ережелері.

Ø Сен бұл жарық дүниеде жалгыз емессің, адамдар арасындасың. Сондықтан сенің қылықтарың біреулерді қуаттанып біреулерді ренжітіп жатуы мүмкін.

Ø Онсыз өмір сүру қиынға түсетін, жалпыға ортақ ережелерді әр адам орындауға тиіс.

Ø Жұмыс, ойын, ойын сауық көп ретте ұйымдасқан тұрде болады. Мұндайда жалпы тәрбие табыс әр адамға байланысты, сондықтан да жолдастары жерге қаратпау үшін ортақ ережелерді міндетті тұрде орындау керек. Өз уақытыңды және басқа үлкендер мен жолдастарыңның уақытын бағалай біл.

Ø Кез келген істі бастай отырып уақытыңды дұрыс есептей біл, сабаққа дайындалуға, үйірмелер жұмысына, ата-аналарыңа көмектесуге, саяхатқа, жолдастарыңмен ойнауға, кітап оқуға, теледидар хабарларын көруге қанша уақыт кететінін біліп ал.

Ø Күн тәртібін орындауға тырыс. Дер уақытында ұйықтап, орныңнан тұр. Оқу-оқуға бір мезгілде отыратын бол, саяхатқа шығатын, ойын сауық пен спортпен айналысатын уақытты біл.

 

6. Қортынды: Кез келген адам баласының мінез-құлқы көп жағдайда ұжым мен жанұяның үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты. Ата-аналар балалардың тәртібіне қандай талаптар қойылып отырғанын, олардың бойында қандай мәнер тәрбиеленіп жүргенін, ең маңыздысы нелер екенін білуге және үйде, жанұяда сол бағытта жұмыс істеуге байланысты.

 

Әдебиеттер:

1. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу 
жолдары. - А., Өнер.

2. М.Мырзахметов «Абайдың адамгершілік мұраттары», Алматы, «Рауан»,1993 ж.

3. Қазақстан мектебі журнал «Саналы тәртіп және мінез-құлық мәдениеті»,№5, 2001

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», «Санат», А., 1995 ж.

5. Дүйсенбинова Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт //Қазақстан мектебі. 7-1991

6. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 1991.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мінез-құлық мәдениеті» үйірме отырысынң жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2017 2897
    • DOCX 28.8 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабимолдина Айгуль Кайрбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 156440
    • Всего материалов: 52

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе